Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет39/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96

117
айналып  отыр.  Мұндай  тәсіл  нақты  тілдік  жұпқа,  яғни  қос 
тілдерге  бағышталады  (GAT,  SYSTRAN  жүйелері  және  олардың 
дереваттары  Бүкілодақтық  аударма  орталығында  зерттелген 
АРМАС жүйесі). Бинарлық аударма әрекеті кезінде сегменттердің 
шекарасын анықтау мен омонимияны мәнмәтінге қатысты ажырату 
негізінде  сөйлемдерге  қарапайым  өзгертулер  (трансформация) 
жүргізіледі.
Бұрынырақ зерттелген машиналық аударма жүйесін құрастыру 
тәжірибесі  мен  оны  пайдалану  тиімділігі,  олардағы  аса  күшті 
сөздіктер  қоры  мен  арнайы  түзету  (редакциялау)  тәсілдерінің 
негізінде  деуге  болады.  Оған  Джорджтаун  университетінің 
GAT  жүйесі  мен  оның  түрлі  варианттық  жүйелері  мысал  бола 
алады.  Бірақ  жеке  лексика-морфологиялық  және  семантика-
синтаксистік  ішкі  құрылымдар  (подструктуры)  негізінде  іске 
асатын тікелей бинарлық сәйкестендіру жүйенің лингвистикалық 
және  программалық  жабдықталуын  тек  нақты  тілдер  жұбының 
ерекшеліктеріне  ғана  бағыштап  қоймай,  сонымен  бірге  ішкі 
тілдердің  (подъязык)  айырым-белгілеріне  де  қатаң  түрде  көңіл 
бөлуді қажет етеді. Егер тіл жұптарының бір сыңары басқа бір тілге 
ауыстырылса,  іле-шала  лингвистикалық,  ал  кейбір  жағдайларда 
программалық жабдықтауларды да қайта құру қажет болады. 
Трансформациялық  машиналық  аударма  (трансфер 
арқылы  аударма)  әдісі  де  машиналық  аударма  дамуының  екінші 
кезеңінде қолданылып, сынақтан өтті. Трансферді пайдаланатын 
бұл  стратегияны  қолдану  –  түрлі  тілдердің  мәтіндеріне  тікелей 
қатысы  бар  жазбаларды  жүзеге  асырудың  мүмкін  еместігі 
жөніндегі  теориялық  болжамға  негізделеді.  Мұндай  байланыс 
түрі әртүрлі деңгейдегі жалғас жұмсалымдар жолымен анықталуы 
мүмкін:  лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  құрылымдар 
деңгейінде  (конфигурациялық  және  реляциондық  синтаксис 
терминдерімен)  және  синтаксис  деңгейінде  сипаттау.  Түрлі 
деңгейдегі  талдаулар  кезінде  «кіретін»  сөйлемнің  құрылысын 
сипаттайтын  трансферді  пайдалану  бағыныңқы  таралымнан 
базалық  грамматикалық  бірліктер  ретіндегі  басты  астырт 
құрылымға  (к  глубинной  ролевой  структуре)  біртіндеп  өтуді 
көздейді және одан әрі «шығатын» бағыныңқы таралымға өтеді. 
Мұндай  кезде  тек  белгілі  бағыныңқы  таралымға  қатысты  қайта 


118
құру әрекеті сөйлемнің толық түсінігінің моделін құрастырмай-ақ 
машиналық аударма жасауға мүмкіндік тудырады. Бұл мәселенің 
шешімін табу машиналық аударма кезінде міндетті емес, өйткені 
астырт  (глубинной)  семантикалық-синтаксистік  құрылымдарға 
түсініктеме  беру  тұтынушының  үлесіне  қалдырылады,  яғни 
ЭЕМ-нан шыққан аудармамен әрі қарайғы жұмыс істейтін маман 
аудармашының  үлесіне  тиеді.  Трансферді  қолданудың  мұндай 
тәсілі  көптеген  шетел  ұжымдарымен  бірге  машиналық  аударма 
жүйесін  қолданатын  бірқатар  ресейлік  ұжымдарға  да  тән  болып 
келді. 
Аталған  жүйелерде  аударманың  негізгі  үш  сатысын  бөліп 
айтуға болады: талдау (анализ), трансфер және жинақтау (синтез). 
Әрбір  саты  жүйелі  субпроцестер  түрінде  орындалады.  Мәселен, 
жоғарыда аталған SUSY атты жүйеде талдау әрекеті 8 субпроцесті 
қамтиды.  Нәтижесінде  талдауға  қатысты  «кіретін»  сөйлемнің 
таралымы құрастырылады және «шығатын» сөйлемнің таралымы 
жайлы  мәлімет  8  субпроцессордан  тұратын  трансфер  түрінде 
көрініс  табады.  Талдау  кезеңінде  бұл  таралым  үш  субпроцестің 
өзара  әрекеттесуінің  нәтижесінде  аралық-тілдегі  сөйлем  түріне 
қайта келтіріледі. Осыған ұқсас тәсілдер трансфермен әрекет ететін 
басқа да жүйелер түрлерінде қолданылады: CADA, GETA, TAUM-
METEO,  жапон  жүйесі,  EUROTRA  жүйесі,  Ресейдегі  СИЛОД 
(MULTIS)  жүйесі,  А.И.Герцен  атындағы  РГПУ-да  зерттелген 
ФРАП, АРАП, ЭТАП, ЭТАП-2, STYLUS және т.б.
Еуропалық  экономикалық  бірлестіктің  айрықша  комиссиясы 
жанында 1982 жылы машиналық аударманың дамуының үшінші 
кезеңінде ұсынылған EUROTRA жүйесінің негізі қаланды. Аталған 
жүйенің  тілдері:  ағылшынша,  французша,  немісше,  итальянша, 
испанша,  португалша,  голландша,  датша,  жаңагрекше.  Бұл  жоба 
БЭЖ (ЕЭС) елдерінің тоғыз ресми тілі үшін машиналық аударма 
жүйесін  құруды  және  72  тілдің  жұбы  бойынша  аударма  жасау 
қарастырылды. 
Аталған тілдердің қайсысын болса да аударуға қажетті талдауда 
интерфейстік  көрініс  деп  аталатын  синтаксистік  қатынастардың 
семантикалық  түсінігі  беріледі.  Мәтін  семантикалық  бағының-
қылықтардың  түзілістері  арқылы  көрініс  табады.  Мысалы,  олар 
астырт септігі типінде (типа глубинных падежей) болуы мүмкін. 


119
Бұл  жерде  арнайы  атап  кетуге  тұрарлықтай  жайт  –  бір  тілдің 
интерфейстік құрылымының басқа тілдегі осындай құрылыммен 
сәйкес келмеуі және осыған қарамай трансферді қолдануға қажетті 
мүмкіндіктің туатындығы. Сонымен, ана тілінің аясында аударма 
жасайтын  әрбір  маман  талдау  мен  жинақтау  тәсілдерінен  басқа 
трансфердің 8 түрлі процедурасын да құра білуі қажет.
Жобаның мақсаты – өндірістік машиналық аударма жүйесінің 
бастапқы  үлгісін  жасау.  EUROTRA  жүйесінде  іске  асатын 
трансфердің  ерекшелігі,  оның  қадамдап  әрекет  етуі.  Әрбір 
қадамды жасаудан бұрын алдыңғы қадамдағы әрекеттердің бұрыс 
нәтижелері «тазартылады». 
Трансферді  пайдаланатын  жүйелерге  ЭТАП-2  атты  жүйе  де 
жатады [27]. Бұл жүйе ағылшынша-орысша машиналық аударма 
жасай  алады.  Бұл  идеологиялық  тұрғыдан  қарастырғанда 
ИНФ-ЭЛ  жүйесінің  жетілген  түрі  және  айрықша  сөздіктермен 
жабдықталған  –  нақты  бір  пәндік  салаға  арналған,  ұластыруға 
негізделген  (комбинаторлық)  автоматты  сөздік.  Зерттеушілер 
мұндай  «тәуелсіздік»  мүмкіндігін  тілдік  модельдің  жан-жақты 
зерттелуімен байланыстырады. 
Трансфердің барлық ережелері жүйе ішінде жалпылықжекелік 
(трафареттік)  және  сөздіктік  деп  үшке  бөлініп  қарастырылады. 
Жүйеде  45  жай  (элементарлық)  предикат  пен  5  синтаксистік 
қатынас орын алған. Сүзгіден өткізу тетігі (механизмі) мен жоғары 
баға  беру  ережелері  ұсынылған  синтаксистік  болжамдар  ішінен 
тек біреуіне ғана артықшылық беруге мүмкіндік туғызады. 
Трансферді  қолдану  талдаудың  әртүрлі  деңгейінде  «кіретін» 
сөйлемнің  құрылымын  сипаттайтын  ішкі  тармақтардан 
(поддеревья)  базалық  грамматика  берілісін  қолданатын  астырт 
басты құрылымға (к глубинной ролевой структуре) жүйелі түрде 
көшу жолы мен одан әрі қарай «шығатын» ішкі таралымдарға көшу 
әрекеті қарастырылған. Осындай жағдайда белгілі ішкі тармақтар 
үшін  қайта  құру  әрекеттері  сөйлем  түсінігін  модельдемей-ақ, 
машиналық  аударма  жасауға  мүмкіндік  тудырады.  Ұғынуды 
модельдеу міндеті машиналық аударма мәселесінен тыс жатады, 
өйткені  машиналық  аударма  мәселесіндегі  астырт  (глубинный) 
түсініктеме  алу  адам  үлесіне,  яғни  нақты  пәндік  сала  маманына 
жүктелетіні жоғарыда айтылды. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау