Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет32/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   96

96
болып  келеді.  Сонымен  бірге  мұндай  жағдаят  тек  әрбір  нақты 
тілдер  жұбы  үшін  ғана  ұтымды  деуге  болады.  Әзірше  екі  тілдің 
лексикалық  бірліктері  мен  синтаксистік  құрылымдары  бойынша 
басым көпшілік тілдерге жоғарыда аталғандай тұспа-тұс сәйкестік 
жайлы айту қиын. Оған себеп – әртүрлі тілдердегі көп мағыналы 
сөздер көлемінің сәйкес келмеуі. Лексикалық сәйкестіктің ең соңғы 
бұзылу жағдайы – қайсыбір тілдерде баламасыз лексиканың болуы. 
Әдетте,  олар  тұрмыстық  бұйымдарды,  мәдениетті  сипаттайтын 
сөздердің  екінші  (аударуға  қажетті)  тілдің  лексикалық  қорынан 
орын  алмайды.  Мұндай  жағдай  лексикалық  элементті  сипаттау 
немесе  калькалау  үшін  оның  мәнін  дұрыс  түсінуді  қажет  етеді. 
Басқаша  айтқанда,  мағынаға  сәйкес  келтіру  үшін  қажетті  деген 
өзгертулерді (өңдеулерді) жүргізу керек болады.
Егер  аударма  мәселесін,  автоматты  аударманы  қоса 
есептегенде,  тіларалық  сәйкестіктің  бұзылуы  тұрғысынан 
қарастырсақ,  онда  оның  мақсатын  екі  тіл  жұбы  мәтіндерін 
мағыналық  сәйкестікке  келтіру  деп  ұғыну  қажет.  Яғни  екі  тіл 
арасындағы  әртүрлі  элементтердің  (сөздік,  құрылым,  сөздер 
тәртібі және т.б.) мазмұнды ашу құралдарын сәйкестікке келтіру 
деп  түсіну  керек  болады.  Мұндай  сәйкестікке  келтіру  мәселесін 
шешу  жоғарыда  көрсетілген  сызбадағы  топтамалар  қызметінің 
барлық машиналық аударма жүйесінде орындалуын қажет етеді. 
Сәйкестікке  келтіру  мүмкіндігі  және  аударманың  принциптік 
жақтарының барлық тілдерге ортақ болуы тілдің сызықтық және 
таңбалық сипаттарына негізделеді (Ф.  де Соссюр).  Ал  таңбалық 
қасиеттің  негізінде  (мағыналық  тұрғыда)  барлық  халықтардың 
ойлау қызметін таңбалау мен қоршаған ортаның физикалық ортақ 
қасиеттерінің жататыны белгілі. 
Машиналық  аударманың  «өмірге  келуіне»,  біріншіден,  ХХ 
ғасырдың екінші жартысынан бастап әр елдерде (континенттерде) 
бірнеше  тілдегі  ақпарат  ағымының  қарқындап  өсуі,  екіншіден, 
ғылыми-техникалық  прогресс  үшін  оларды  меңгеру  қажеттігіне 
қатысты  әлеуметтік  себептер  негіз  болды.  Осыған  байланысты 
машиналық  (автоматты)  аударма  жұмысының  даму  барысына 
қатысты кейбір жайттарға тоқталайық. 
Аталған  әлеуметтік  себептер  аударма  мәселесінің  шешімін 
табуды және оның ұтымды жолдарын іздестіруді қажет етті. Бұған 


97
ең алдымен аудармашының тілдік қызметінің ерекшеліктері ішінен 
шеттілдік мәтіннің құрылымын зерттеудегі таза формалды талдау 
жолын  жатқызуға  болады  [21].  Мысалы,  аудармашыға  мәтіннің 
грамматикасы  және  лексиканың  көмекші  сөздері  мен  есімдік 
сөздері және басқа да осы сияқты функционалды грамматиканың 
элементтері  белгілі  болғанымен,  салалық  мәтіннің  арнайы 
лексикасы таныс болмауы мүмкін. 
Шеттілдік  мәтінді  аударудағы  оның  тұрпаты  (формасы) 
бойынша  мән-мағынаны  ашу  ерекшеліктерін  модельдеу,  ең 
алдымен, аудармашының іс-әрекетін зерттеу нысаны ретінде алуға 
бірден-бір себепші болды. Сонымен, мұндай модельдеу шеттілдік 
мәтінді  аударуда  тілдің  ақиқат  деректерін  «шеттетіп»,  тілдің 
семантикасын  арнайы  талдамай-ақ,  формалды  тұрғыда  аударма 
баламасын табуға мүмкіндік жасайды. 
Автоматты аударма жасаудың бастамасы ретінде ресми түрде 
1949 жыл саналады. Тілді формалды тұрғыда қарастыра отырып, 
электронды-есептеу  техникасының  көмегімен  аударманы  жүзеге 
асырудан бұрын оны механикалық машиналар жолымен іске асыру 
идеясы  аталған  мезгілден  де  көп  бұрын  бастама  алғаны  белгілі. 
Мысалы,  А.Кахердің  ойлап  тапқан  аударма-жазба  машинасы 
жайлы мәлімет «Үава таа» газетінде 1924 жылдың 24 ақпанында 
шағын хабарлама ретінде жарық көрген болатын [22]. 1933 жылы 
Кеңес  Одағында  П.П.Смирнов-Троянскийге  бір  тілден  екінші 
тілге  аудару  машинасын  ойлап  шығарғаны  үшін  арнайы  патент 
тапсырылғаны да жұртшылыққа мәлім [23].
Аударма  жасауда  екі  немесе  одан  да  көп  тілдердің 
бірліктері  арасындағы  мағына  сәйкестігін  анықтау  үшін 
алғашында  механикалық  тәсілдер  қолданылды.  Сондықтан 
аударма  жұмыстарының  жетістіктері  әлемдік  ғылымға  тек 
ХХ  ғ.  50-жылдарында  ғана  белгілі  бола  бастады.  Ең  алғашқы 
машиналық  аударма  жүйелері  АҚШ-та  пайда  болды.  Тарихи 
тұрғыдан қарастырғанда машиналық аударма жүйесін құрастыруға 
жалпытілдік  көзқарастағы  криптография  (шартты  белгілермен 
жазылған құпия жазу) саласының теориясы мен практикасы негіз 
болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әр елдерде, әсіресе Англия 
мен АҚШ-та құпия хаттардағы шифрлы жазуды үйреншікті жазуға 


98
ауыстыру (дешифровка) жұмысын машинасыз да және машинамен 
де  әрекет  ету  арқылы  көптеген  нәтижелерге  қол  жеткені 
белгілі.  Мысалы,  гитлерлік  басқару  орындарының  шифрланған 
бұйрықтары мен хабарларын жай жазуға айналдыратын «Ультра» 
атты  дешифровалды  машинаның  құрастырылғанын  айта  кетуге 
болады. 
Лингвистикалық  тұрғыдан  қарастырғанда,  шифрланған  (код-
талған) хабарды дәстүрлі жазуға келтіру дегеніміз, ол лексикалық 
қоры  белгісіз  және  грамматикалық  ережелері  әлі  анықталмаған 
шет  тілінде  жазылған  мәтінді  аудару  жағдаятымен  барабар  деуге 
болады.  Мұндай  аударма  жұмысы  бір  кодтағы  жүйеден  екінші 
кодтағы жүйеге ауыстыру әрекетімен бірдей келеді. 
Дешифровщиктер  мамандардың  пайымдауынша,  шифрланған 
(кодталған)  хабарды  жай  жазуға  келтіру  әрекетіне  қарағанда  бір 
табиғи тілдегі мәтінді екінші табиғи тілге аудару әрекеті жеңіл деп 
бағаланады. Себебі, қазіргі табиғи тілдерді сипаттайтын көптеген 
сөздіктер  мен  грамматикалардың  негізінде  тілдің  өзіне  ғана  тән 
лексикалық,  морфологиялық  және  синтаксистік  ерекшеліктері 
алдын  ала  белгілі  деуге  болады.  Ал  есептеу  техникасы  ондай 
сөздіктер  мен  грамматикаларды  қалаған  тәртіпте,  бағдарламаға 
сай өз жадында орналастыра алады. 
1946-1947  жылдары  ЭЕМ  арқылы  машиналық  аударма  жасау 
идеясы  Принстонның  ғылыми-зерттеу  институтында  арнайы 
мәселе ретінде талқыланады (У.Уивер, А.Л.Бут және т.б.). Ең алғаш 
бұл идея дешифровка ісінің америкалық маманы Уоррен Уивердің 
меморандумында  бірізді  шешімге  келтірілді.  Ал  1949  жылдың 
15  шілдесінде  атақты  ғалым  өз  меморандумында  көтерілген 
мәселелерді  тіл  және  есептеу  техникасы  мен  дешифровка 
салаларындағы екі жүзден астам мамандарға жария етті. 
У.Уивер  машиналық  аударманың  принциптік  мүмкіндігін 
мүлде  бөлек  тілдердің  ұқсас  қасиеттерімен  және  әр  тілдің  өзіне 
ғана  тән  формалды  сипатта  болуымен  байланыстырады.  Қорыта 
айтқанда, У.Уивердің пікірі бойынша, қытайша жазылған кітапты 
қытайша  шифрланған  (кодталған)  ағылшынша  немесе  басқа 
ұлттық тілдердегі кітап деп түсінген жөн [24, 33-45-бб.].
Сонымен машиналық аударманың өзінше бөлек ғылыми бағыт 
ретіндегі  даму  кезеңі  Уивердің  меморандумынан  бастама  алады. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау