Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет5/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96

15
есім түрінде де беріледі. Мысалы: Девушка из города. – Қалалық 
қыз; человек с характером – мінезді адам т.с.с.
Сөйлем  мүшелерін  ауыстыру.  Ауыстырудың  бұл  түрі  орыс 
тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездесетінін 
байқадық: Книга прочитана мною. – Мен кітапты оқып шықтым
Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені 
ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.
Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде 
аударыла  алады.  Мысалы:  В  комнате  стояла  жара.  –  Бөлме 
қапырық  болып  тұр  еді.  Бұл  ауысуға  себеп  –  орыс  тіліндегі 
бастауыш  пен  баяндауыштың  арасындағы  мағыналық  байланыс, 
қатынас қазақ тіліне сәйкес келмеуінен. 
Сөйлем  мүшелерін  ауыстыруда  сөйлемдегі  коммуникативтік 
мүддені еске ұстаған жөн болар еді. Мәселен, У них был долгий, 
душевный  разговор  деген  сөйлемді  былайша  екі  түрде  аударуға 
болар еді: 1) Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті; 2) Олардың 
әңгімесі  ашық  та  ұзақ  болды.  Егер  түпнұсқа  авторы  әңгіменің 
«өткендігіне»  ден  қойып  отырған  болса,  бірінші  нұсқа  дұрыс 
болар  еді  де,  ал  егер  өткен  әңгіменің  сипатын  көрсетуді  мақсат 
тұтса, екінші нұсқа ұтымды болып шығар еді.
Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем 
құрылысына  байланысты  синтаксистік  трансформалаулардың 
төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аудару процесінде 
жиі кездеседі екен:
1.  Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;
2.  Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;
3.  Басыңқы  сөйлемді  бағыныңқы  етіп  немесе  бағыныңқыны 
басыңқы етіп аудару;
4.  Сабақтастық  байланысты  салалас  байланыс  етіп  немесе 
салалас байланысты сабақтас байланыс түрінде жеткізу;
5.  Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, 
жалғаулықсыз байланысты жалғаулықпен жеткізу. 
Бұл  трансформалаулардың  бірінші  түрі  орыс  тілінен  қазақ 
тіліне аударуда өте сирек кездесетіні, ал қазақ тілінен орыс тіліне 
аударуда жиі кездесетіні байқалады. Мысалы: Тың жерді игерудің 
не  екенін  білемісің?  –  Ты  знаешь,  что  такое  освоение  целины? 
(М.И.) 


16
Құрмалас  сөйлемді  жай  сөйлем  етіп  аудару  орыс  тілінен 
қазақ  тіліне  аударуда  молынан  кездеседі,  әсіресе,  орыс  тіліндегі 
«который»,  «что»  т.с.с.  жалғаулықтар  арқылы  байланысқан 
құрмалас  қазақ  тіліне  көбіне  жай  сөйлем  түрінде  жеткізіледі. 
Мысалы:  В  моей  небольшой  библиотеке  сохраняются  лишь  те 
книги,  к  которым  я  постоянно  возвращаюсь  (О.Сулейменов.  Аз 
и Я). – Менің шағын кітапханамда мен әрқашан қайта қауышып 
отыратын  кітаптар  ғана  сақталады  (аударма  менікі  –  Ж.Ж.); 
Что  волки  жадны,  всякий  знает  (И.Крылов).  –  Қасқырдың 
қомағай екенін әркім біледі (аударма менікі – Ж.Ж.); Уединенный 
дом, куда мы переехали, стоял в глубине тенистого сада (Чехов). 
– Біз көшіп кірген оңаша үй бақтың ең түкпірінде тұратын еді 
(аударма менікі – Ж.Ж.).
Сөз  етіп  отырған  трансформалаулардың  ерекше  бір  түріне 
түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп 
аудару да жатады. Бұған мысал ретінде М.Әуезовтің Л.Толстойдың 
«После  бала»  атты  әңгімесінен  аударғанын  келтіруге  болады: 
Дождавшись начала мазурочного мотива, он бойко топнул одной 
ногой,  выкинул  другую,  и  высокая,  грузная  фигура  его  то  тихо 
и плавно, то шумно и бурно, с топотом подошв и ноги об ногу, 
задвигалась вокруг залы. – Мазурка күйінің басы бастала бергенде, 
ол бір аяғын екпінмен тарс еткізіп, екіншісін соза бастады. Зор, 
ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп 
кетеді.  Бір  аяғын  бір  аяғына  соғып  немесе  табанымен  тақтай 
теуіп, зал бойымен жылжып берді. Мұнда бір құрмалас сөйлемді 
үш жай сөйлем етіп берген.
Басыңқы тұрғының бағыныңқыға ауысуы. Бірден мысал-
дан  бастайық:  Разошлись  по  домам  после  того,  как  отряд 
остановился в центре города и начал размещаться по квартирам 
(Н.О.). – Отряд қалашық орталығына келіп пәтерлерге орналасуды 
бастаған соң, үйді-үйлеріне тарады. 
Бұл  құбылыс,  әрине,  сирек  кездеседі,  дегенмен  синтаксистік 
түзілімнің терең мағынасын білу – аудармашының парызы.
Сабақтастық  байланысты  салаластық  байланысқа  ауыс-
тыру.  Қазақ  тілінде  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  сыңарлары 
жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы 
байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал орыс тілінде 


17
сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  арнайы  жалғаулықтары  бар.  Орыс 
тіліндегі  осы  сипаттас  құрмалас  сөйлемдердің  кейбірі  қазақ 
тіліне  аударғанда  салаласқа  ауысып  кетеді.  Мысалы:  Она  была 
настолько красива, что никто не пытался за ней ухаживать (Д. 
Гранин). – Оның сұлу болғандығы сондай, оған қырындауға ешкім 
бата алмайтын.
Жалғаулықты  байланысты  жалғаулықсыз  байланысқа 
ауыстыру.  Қазақ  тілінде  жалғаулық  арқылы  салалас  құрмалас 
сөйлемді  құрайтын  сыңарлар  ғана  байланысады,  оның  өзінде 
жалғаулықты сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты 
анықтауда бірден-бір қызметті жалғаулықтар ғана атқармайды.
Жалғаулық  қатыспай  тұрып  та,  құрмалас  сөйлемнің  компо-
ненттерінің  арасындағы  мағыналық  қатынастарды  контекст 
көмегімен  ажыратуға  болады.  Ал  орыс  тілінде  жалғаулықтар 
құрмаластың  компоненттері  арасындағы  мағыналық  қарым-
қатынастарды  айқындап  тұрады.  Осы  себепті  орыс  тіліндегі 
жалғаулықты  байланысты  қазақ  тіліне  жалғаулықпен  жеткізу 
міндетті емес. 
Лексикалық аудару. Бұл трансформалық әрекет аударманың 
лексикалық мәселелерімен тікелей байланысты және сол бөлімде 
айтылуға тиісті. Дегенмен бір ғана мәселені көрсете кету керек.
Қандай  да  болмасын  екі  тілдегі  балама  сөздердің  мағыналық 
ауқымы,  жүгі  әртүрлі  болады,  соған  байланысты  түпнұсқа 
тіліндегі  кең  мағыналы  сөздерді  аударуда  нақтыландыруға  тура 
келеді  немесе,  керісінше,  түпнұсқа  тілдегі  тар  мағыналы  сөзді 
аударуда  кең  мағыналы  сөзбен  беретін  жайттар  болады.  Мұның 
бірінші  тәсілін  –  нақтыландыру  (конкретизация),  екінші  тәсілін 
жалпыландыру (генерализация) деп атайды.
Шендестіре  аудару  (Антонимический  перевод).  Шендестіре 
аудару  дегеніміз  –  түпнұсқадағы  болымды  мағынаны  болымсыз 
түрмен  я,  керісінше,  болымсыз  мағынаны  болымды  түрмен 
жеткізу.  Мысалы:  1)  Я  серьезно  говорю.  –  Мен  ойнап  айтып 
тұрған жоқпын. 2) Вспомнил я об этом, когда мы уже проехали 
почти весь парк. – Мен мұны бақтан өткенше есіме түсірмеппін. 
Болымдыны  болымсыз  түрмен  жеткізуге  мысал:  Астронавты 
вернутся на землю не раньше, чем февраля. – Астронавтар ақпан 
болмай жерге оралмайды.


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау