Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет4/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96

12
сөйлеудегі жұмсалымы. Ал аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге 
асады деген сұраққа Л.С.Бархударовтың төмендегі пікірімен жауап 
беруге болады:
1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма; 
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3) сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;
5) сөйлем деңгейіндегі аударма;
6)  мәтін  деңгейіндегі  аударма  [1,  176-184-бб.].  Бұл  пікірге 
былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға 
аударатын  тілдегі  бірліктерді  аударылатын  тілдің  фонетикалық 
заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге 
аударылатын  тілдің  морфологиялық  қосымшаларын  жалғау; 
ал  қалған  деңгейлердегі  аударма  түрлері  аударма  процесімен 
айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.
1.1.2 Аударма процесіндегі трансформалау әдісі 
Аударма  объектісі  дерексіз  жүйе  емес,  осыған  орай  нақты 
тілдік  мәтін  екеніне  назар  аударып,  зейін  қойып  отырған  жөн. 
Аудармашының  жұмысы  осы  нақты  мәтіннің  тіліне  байланысты 
істелетін  нақты  әрекеттерден  тұратынын  дәйім  ескеріп  отырған 
ұтады. Ол нақты әрекеттер қандай? Ендігі сөз солар туралы.
Аудармада  бара-барлыққа  жету  аудармашыдан  әрқилы 
тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер 
аударматануда  трансформалау  (трансформация)  деп  аталып  жүр. 
Мұндай  трансформалаулар  көбінесе  түпнұсқа  тіліндегі  хабар, 
мағлұматтарды,  ақпаратты,  мазмұнды  аударма  тіл  нормаларын 
сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
Ал  осы  деңгейлердегі  аударма  процесінде  қолданылатын 
техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады:
1)  орын  тәртібі  (сөйлем  құрылысындағы  сөздер  мен  сөз 
тіркестерінің орын тәртібі);
2)  ауыстыру  (сөздерді,  сөз  таптарын,  сөйлем  мүшелерін 
ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар; тілдік 
және контекстік нақтылау; генерализация; антономиялық аударма; 
компенсация);


13
3) қосу;
4)  түсіру  [1,  190-231-бб.].  Осы  негізгі  техникалық  әдіс-
тәсілдерді  қолдану  шеберлігіне  қарай  аударма  түпнұсқаға  дәл 
келмейтін  (недоперевод)  және  түпнұсқадан  әлдеқайда  артық 
(көркем, түсінікті, әсерлі, ғылыми) көрінетін (сверхперевод) нұсқа 
ретінде бағаланады.
Бұлай бөлуді, айта кету керек, шартты бөлу деп санаған дұрыс. 
Өйткені  көбіне  бұлар  аудару  үстінде  бір-бірімен  қоса  жарыса, 
бірігіп, араласып келіп отырады.
1.  Орын  алмастыру.  Бұл  –  аудару  үстінде  түпнұсқа  тілдегі 
элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. 
Алмастырылатын,  әдетте,  сөздер,  сөз  тіркестері,  құрмалас 
сөйлемдерді  құрастырушы  сыңарлардың  орын  тәртібі,  дербес 
сөйлемдердің тіркестегі орны.
Аудару  үстінде  неғұрлым  көп  кездесетін  жайт  –  түпнұсқа 
мәтіндегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  орын  тәртібінің  аударма 
мәтінде  өзгеріске  ұшырауы.  Мысалы,  орыс  тілінде  сөйлемдегі 
сөздердің  орын  тәртібі  еркін,  ал  қазақ  тілінде  қалыптасқан, 
тұрақты. Бір мысал: 
Не послушался стрелец своего коня,
 поднял перо жар-птицы,
привез и подносит царю в дар. 
Мерген тұлпардың айтқанына
көнбепті, зымыран құстың 
қауырсынын әкеп, патшаға 
тартыпты.
(Ауд.  –  М.Әлімбаевтікі).  Бұл  аудармада  орын  алмастыру  бір 
сөйлемнің ішінде болып тұр.
Кейде  түпнұсқада  белгілі  бір  сөйлемде  тұрған  сөзді  аударма 
мәтінде бұл сөйлемнен келесі бір сөйлемге көшіріп аударуға тура 
келеді. Мысалы:
Мен базардан сатып 
алған телпекті кидім. 
Бұл – ұзын күнқағары бар, 
аңшының қызыл телпегі еді. 
Я надел красную шапку,
которую  утром  купил  в  базаре.  Это 
была  охотничья  шапка,  с  очень-очень 
длинным козырьком.
Бұл аудармада орын ауыстыруға мүмкіндік беріп тұрған нәрсе 
– телпек сөзінің екі сөйлемде де қайталануы.
Құрмаластың  компоненттерінің  аударуда  орын  өзгертуі  – 
заңды  құбылыс. Бір  мысал:  Я  в  отчаянье,  если  бы  Вы  на  то  не 
согласислись.  Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім. 


14
Түпнұсқа мәтін құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма 
мәтінде орын тәртібінің, яғни мәтіндегі орнының өзгеруі немесе 
басқа  абзацқа  көшуі  мүмкін.  Бұған  мысалды  М.Әуезовтің  Джек 
Лондонның  «Волк»  әңгімесін  аударуынан  келтіруге  болады: 
Аударма мәтіндегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем:
– Қасқыр! Қасқыр! Кә! Кә! Қасқыр!  деп Медж итін шақырып 
тұр еді. Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып 
жіберді. 
Мұндағы бірінші сөйлем түпнұсқада алтыншы абзацта тұр:
– Волк! Волк! Сюда!  позвала Медж.
Ал екінші сөйлем сегізінші абзацта тұр:
Ирвин  сунул  себе  в  рот  оба  мизинца,  и  его  пронзительный 
свист присоединился к зову Медж.
Бір  қараған  адамға  бұл  ауыстыруда  мән  жоқ  сияқты  болып 
көрінуі  мүмкін,  бірақ  аудармашының  байқампаздығы  сонда,  ол 
кейінгі сөйлемдегі «... свист присоединился к зову Медж» деген 
бөліктің  қасқырды  шақырумен  ілесіп  тұруының  заңды  екенін, 
аударма  мәтінге  табиғилық  сипат  беретіндігін  жасампаздықпен 
түйсінген  (Бұл  айғақтар  Джек  Лондонның  Алматы,  «Жалын» 
баспасынан  1991  жылы  «Екі  тілде  еркін  сөйлейміз»  айдарымен 
шыққан «Қасқыр–Волк» атты кітабының 1, 2-беттерінен алынды).
2.  Ауыстыру.  Түпнұсқа  мәтіндегі  сөз  формаларын,  сөз 
таптарын,  сөйлемшелерді,  синтаксистік  байланыс  түрлерін  т.с.с. 
ауыстыру.
Кейде  түпнұсқаның  сөйлеміндегі  нақты  атаулар  аудармада 
есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше болуы да мүмкін. Бұл – 
бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.
Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. 
Мысалы: Свист его сильным. – Ол қатты ысқырды. Бұл жерде 
«оның  ысқырығы  қатты  болды»  деп  аударса,  түпнұсқа  мәні 
өзгеріп, оны қазақша «ашуы қатты болды» деп екіұшты түсініп 
қалуымыз мүмкін.
Орыс тілінен  қазақ тіліне аударуда сын  есімдердің зат  есімге 
ауысып  отыруы  –  жиі  кездесетін  құбылыс.  Мысалы:  Английское 
Правительство.  –  Ағылшын  Үкіметі;  серебряная  ложка  –  күміс 
қасық; мамино пальто – шешемнің пальтосы т.с.с.
Кейде орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер қазақ тіліне сын 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау