Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет26/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96

78
12) Калькамен аударуға рұқсат беріледі. Бірақ мағыналық калька 
басты  назарда  болуы  керек,  кей  сөзді  калькамен  аударуға  болса 
да, аударма тілдегі сөз әлеуетіне қарап, қолданбалы практикалық 
факторға сүйеніп басқа балама алуға болады.
13) Аударма өнімдері компьютерде сауатты теріліп, орындалған 
жұмыс актісімен ресімделіп, тапсырысшыға өткізілуі шарт.
Ғылыми  стильде  зерттеу  нысаны  болған  зат  пен  құбылыс 
ғылыми  негізде  сипатталып,  белгілі  теориялық  негіздермен 
дәлелденіп,  логикалық  жағынан  негізгі  ой  мен  құбылыстың 
байланысы  нақтыланып,  белгілі  жүйеге  құрылған  хабарлы, 
өзекті,  дәлелді,  ой  қисыны  қорытындыланған  ғылыми  тұжырым 
жасалынады.  Сондықтан  ғылыми-техникалық  мәтіндерде  ой 
нақтылығы,  дәлдігі,  дұрыстығы,  түсінікті  дәйектілігі  болғанын 
қадағалау қажет.
Ғылыми-техникалық  мәтіндерді  аударуда  3  критерий  бірдей 
негізге алынады: 1) лингвистикалық; 2) қолданбалы-практикалық 
және 3) әлеуметтік-психологиялық факторлар. 1-фактор бойынша 
балама  аударма  тіл  заңдылықтарына  сай  болады.  2-фактор 
бойынша түсініктілік, уәжділік, айырымдық мәнінің жеткіліктілігі, 
ықшамдық-икемділігі  ескеріледі.  3-фактор  бойынша  аударма 
мәтінді  қолданушы  адамдардың  дайындығы  есте  болған  жөн 
(Мысалы  қысқарған  атауларды  қазіргі  кезде  тарқатып  аударған 
тиімді).
Ғылыми-техникалық мәтіндер, негізінен, әдеби тіл нормасына 
сәйкес  келеді.  Сондықтан  аудармашы  нормадан  ауытқудың 
шамасын межелеп алып, сонан соң нормамен салғастыруы керек.
Ғылыми-техникалық  мәтіндерде  стереотип  көп  қолданыла-
тынын есте ұстаған жөн.
Ғылыми-техникалық  мәтінде  ауыспалы  мағына  тек  қана 
бейнелілігі көмескіленген концептуалдық метафора күйінде ғана 
қолданыла алады.
Ғылыми-техникалық  мәтіндердің  өзегі  –  терминдер.  Мұндай 
мәтіндерде  ғылымның  басқа  салаларына  да  ортақ  атаулар  мен 
тіркестер қолданыла береді.
Ғылыми-техникалық  мәтіндерді  аудару  тәжірибесіне  қара-
ғанда,  оларды  екі  топқа  бөлуге  болады:  бұрын  белгілі  ұғымдар 
қолданылатын мәтіндер және жаңа ұғымдар енгізілген мәтіндер. 


79
Бірінші  жағдайда  балама  қостілді  тезаурустан  (сөздік,  анықтама 
т.с.с.),  екінші  жағдайда  жаңа  термин  енгізу  қажеттігі  туады. 
Термин жағдайы абсольютті жағдай емес. Өйткені бір тілдегі жаңа 
сөз екінші сөзде жаңа болып есептелмеуі мүмкін. Осыған орай, екі 
бағытты ескеру қажет: 1) тілде бар дайын сөзді қолдану; 2) жаңа 
балама  жасау.  Мұндайда  мынадай  берік  шартты  ұстанған  жөн: 
прагматикалық  талапты  ескеріп,  атаудың  терминологиялық  емес 
өлшемдермен  алғанда  баламалылығы  мен  дұрыстығына  сүйену. 
Шарттылық пен дәстүрдің арасалмағы таразыланып отырады. 
Терминдегі  мағына  екіұштылығын  жою  үшін  контекст  қыз-
метін пайдаланған жөн.
Калькамен  аударуға  рұқсат  беріледі.  Бірақ  мағыналық  калька 
басты назарда болуы керек. Сөз санын сақтау міндет емес.
Кей  сөзді  калькамен  аударуға  болса  да,  аударма  тілдегі  сөз 
әлеуетіне қарап, қолданбалы практикалық факторға сүйеніп басқа 
балама алуға болады (сварка – пісіру емес, дәнекерлеу, шов – тігіс 
емес, жік т.с.с.). 
Халықаралық деңгейде кең қолданылатын, көп халыққа сіңісті 
терминдерді аударуға транскрипция әдісі қолданылады.
1.3.1 Ілеспе аударма оның Қазақстанда пайда болуы және 
дамуы
1
 
Ілеспе  аударма  туралы  зерттеу  еңбектер  қолданбалы 
лингвистикада  біздің  еліміз  түгіл,  кешегі  кеңестік  кеңістікте 
де  тым  аз  жазылған.  Оның  бір  себебі  бұл  саланы  зерттеу  үшін 
кемінде  екі  тілді  біліп  қана  қоймай,  іс  жүзінде  ілеспе  аударма 
жасап,  тәжірибе  жинақтау  керектігі  болса,  екінші  себеп 
салыстыра  зерттелетін  тілдердің  әдіснамалық  проблемаларына, 
сондай-ақ  ілеспе  аудармашылардың  жеке  тәжірибелерінің  өзара 
сәйкессіздігіне  байланысты  болса  керек.  Оның  үстіне,  зерттеу 
нәтижелерін, қолданбалы лингвистиканың тілдерді оқытудың тың 
әдістерін  және  сөйлеу  тілінің  жаңа  дағдыларын  үйренуді  қажет 
етіп  отырған  орасан  зор  аудиториямен  салыстырғанда,  санаулы 
ғана пайдаланушылар қолданатыны да зерттеу жүргізуде тежеуші 
фактор болғандай.
   1
 «Ақиқат» журналының 2008 жылғы № 3 санынан (55-59-беттер) алынды


80
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  көптеген  халықаралық 
ұйымдардың пайда болуы барлық елдерде, соның ішінде көршілес 
Ресейде  ілеспе  аударма  жасауға  қажеттілікті  күрт  арттырды. 
Алғашқы қолданылуынан бастап артықшылықтарына көптің көзі 
жеткен  бұл  аударма  түрін  дамыту  жедел  қолға  алынып,  тұңғыш 
ілеспе  аудармашылар  оның  кәсіптік  өлшемдерін  жасады.  Ілеспе 
аударма  жасаудың  алғашқы  кезеңінде  жарияланған  жекелеген 
құралдар  күні  бүгінге  дейін  классикалық  үлгі  ретінде  атап 
көрсетіледі.
Аударманың  интерпретациялық  теориясымен  шұғылданушы 
мамандар,  өздерінің  тәжірибелеріне  және  байқауларына 
сүйене  отырып,  орыс  тілінен  ағылшын  тіліне  аударатын  ілеспе 
аудармашыларды  дайындаудың  теориялық  негіздерін  жасап 
шыққан.  Олардың  пікірінше,  ілеспе  аударма  ең  алдымен  тыңдау 
барысында  сөйлеу  дағдысын  жетілдіруге  негізделеді.  Бұл  ретте 
аудармашы аудару тілін де сөйлеу тілін де таза білуі керек.
Бүгінде  ілеспе  аударма  бүкіл  дүниежүзінде  тілдік  қатынасты 
жүзеге  асыруда  пайда  болған  бірегей  құбылыс  ретінде  танылып 
отырғанымен  оны  зерттеуде  практик-ғалымдар  көптеген 
қиыншылықтарға  тап  болып,  бірнеше  теориялық  болжамдар 
жасалды.  Алғашқы  зерттеулерде  ілеспе  аударма  жасау  кезінде 
тыңдау  процесі  мен  сөйлеу  процесін  ұштастырудың  мүмкіндігі 
мол  деген  байламдар  жасалғанымен  тілдердің  арасындағы 
семантикалық  және  құрылымдық  ерекшеліктер  бұл  тұжырымды 
жоққа  шығарды.  Оның  үстіне  қазіргі  кезде  заман  талабына  сай 
қарқынмен дамыған ілеспе аударма ауызша аударманың жазбаша 
аудармадан  айырмашылығының  көптігіне  және  ол  жеке  зерттеу 
объектісіне айналуы керектігіне көз жеткізді.
Ілеспе аударма – біздің тілімізде орыс тіліндегі «синхронный 
перевод»  деген  сөз  тіркесі  беретін  мағынаны  беру  үшін 
қолданылатын,  аударманың  жаңа  түрінің  атауы.  Орыс  тіліндегі 
«синхронный  перевод»  тіркесі  гректің  «sуn»  (бірге)  +  «сhrоnоз» 
(уақыт)  деген  сөздерінің  біріктірілуінен  алынған,  екі  немесе 
бірнеше құбылысты немесе процесті олар өтіп жатқан кезде бір-
біріне дәл сәйкестікте орындау дегенді білдіреді.
Ілеспе  аударма  –  ірі  жиындар,  съездер  мен  халықаралық 
саммит, конференцияларда уақытты үнемдеу үшін қолданылатын 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау