Жалпы орта мектеп информатика курсында «операциялық ЖҮЙЕ» тақырыбын оқыту әдістемесі төлегенова А



жүктеу 29,71 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2017
өлшемі29,71 Kb.
#93


ӘӨЖ.  378.016.02:004.9(574) 

 

ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА  

«ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Төлегенова А.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ. 

 

Ғылыми жетекшілері:  Медетбекова Р.Ә. – ф.м.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы 



 

Жалпы  орта  мектеп  информатика  курсын  оқытуда  компьютердің  құрылысы  -  негізгі 

бөліктері:  жүйелік  блок,  монитор,  пернелік  тақта  туралы,  олардың  қызметі  жөнінде 

айтылады.  Пернелік  тақтадан  енгізілген  әрбір  әріп,  таңба  т.б.  басқа  ешбір  өзгеріссіз 

экранда  бейнеленеді.  Пернелік  тақтаның  жазу  машинкасына  ұқсастығын  айта  келіп, 

мұндағы негізгі айырмашылық қосымша түймелерінде және түймелер біріккен қызметінде 

деп  түсіндіру  керек.  Мысалы,  Alt+ҒІ,  Аlt+Ғ2,  Ctrl+Alt+Delete,  және  т.б.  Оқушыларға 

мынадай  сұрақ  қоюға  болады:  Экрандағы  сілтер  уақытша  жоқ  деп  есептеңдер  (ойша 

елестетіңдер). Сонда сілтерсіз қалай жұмыс істер едіңдер? 

Алғашқы  сабақтарда  барлық  түймелердің  қызметін  бірден  айтудың  қажеті  жоқ, 

әсіресе  белгілі  бір  бағдарламаға  қатысты  езгеріп  отыратын  түйме  қызметі  (Ғ1-Ғ10), 

ейткені оларды қызметі экранның төменгі жағында қысқаша анықтама берілген. 

Дискұяшықты  өткенде,  оның  дискетті  оқуға  арналғандығын  айтса  жеткілікті.  Ең 

басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн. 

Процессор  -  компьютердің  миы,  осында  барлық  іс-әрекеттер  түрленіп,  орындалады. 

Компьютердің  барлық  жұмысын  басқарады.  Компьютер  құрылысы  белімі  бірнеше 

деңгейлерді  қамтиды.  Атап  айтқанда:  құралдар  құрамы  және  олардың  қызметі,  ол 

құралдардың  езара әрекеті, ЭЕМ  құрылысы және компьютерде жұмыс істеу принциптері      

қарастырылады.            Оқушылардың            жұмыс          істеп  компьютердің  ішкі,  сыртқы, 

қосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, 

үрдістері  түгелімен баяндалады.  Әсіресе  оқушыларды  қызықтыратын ЭЕМ  қалай  жұмыс 

істейді? Файл (ақпарат) қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі. 

Компьютер  жұмыс  істеуі  үшін,  алғашқы  бағдарламалар  жүйесі  -  операциялық  жүйе 

жүктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін Місrosoft фирмасы Disk Operation System (MSDOS) 

операциялық  жүйесін  жасаған.  Оның  атқаратын  қызметі:  дискідегі  каталогтар  тізімін 

шығару (DIR  бұйрығы), бағдарламаны кешіру (СОРҮ), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, 

қарап  шығу  (ТҮРЕ),  бағдарламаны  орындауға  жүктеу.  Дербес  компьютердегі 

операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу үшін 

ең  алдымен:  DIR,  СОРҮ,  ТҮРЕ,  DEL,  RENAME  нұсқаларының  қызметімен  танысады. 

қазіргі  кезде  MSDOS  Місrosoft  фирмасы  жасаған  Диск  Операциялық  Жүйесі 

қолданылады. 

Операциялық  жүйелердің  бұйрықтарын  оқушылардың  компьютерде  орындайтын  іс-

әрекетіне  сәйкес  келетіндей  етіп,  ретімен  плакатқа  жазып  іліп  қою  керек.  Оның  реті: 

бағдарламаны  дискеттен  жүктеу,  нәтижені  дискетке  жүктеу,  жұмысты  аяқтау  т.с.с. 

жазылады. 

Егер  оқушылар  операциялық  жүйе  қызметін  меңгерсе,  онда  олар  мұғалімге  аса 

тәуелді  бола  қоймайды,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  кіріседі.  Ақпараттарды  уақтылы 

сақтайды (өзін еркін сезіну, қауіпсіздік, өзіне сенімін арту, іздеу белсенділіг арта түседі). 

Операциялық  жүйеде  жұмыс  істеу  ебдейлігі  қалыптасса,  онда  кәсіптіктің  белгілері 

деп  қарау  керек.  Мұндағы  практикалық  мақсат  -  оқушының  мұғалімге  тәуелсіз  түрде 

операциялық жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. 

Теориялық  білім  мақсаты  -  операциялық  жүйе  қызметі  және  оларды  қолдану  туралы 

жалпы түсінік беру. 



Оқыту  әдісі  -  мұғалім  оқушы  машинесінде  түсіндіре  отырып,  демонстрациялап 

көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді. 

Оқушы бағдарламаның жүктелгендігін, оның нәтижелерінің сақталғандығына сенімді 

болуы керек. 

Маңызды пәнішілік байланыс: - Операциялық жүйе - файлдарды орындаушы. 

NC   қабық   бағдарламаларында   жүмыс   істеу   ерскшеліктері қарастырылады. 

Norton  Commader  (NC)  қабық  бағдарламасы  көмегі  арқылы  операциялық    жүйемен  

жеңіл жұмыс  істей  алады,  өйткені NC - де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, қос 

терезеде  (панельде)  каталогтар  мен  файлдар  тізімі,  мерзімі,  өлшемі  және  т.б.  түгелімен 

экранда      беріледі.      Сонымен      бірге,      қажетті      бұйрықтар      арнайы  түймелерге 

«бекітілген».  

NC - дің MSDOS – тан  айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жазылған, сондай 

– ақ нұсқаларды пернеліктен теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы түймені бассақ (F1-F10) 

жеткілікті.  Бұл  біржағынан  нұсқауларды  енгізуде  жіберілетін  қателіктерді  болдырмайды, 

әрі  уақыт  та  үнемделеді.  Оның  үстіне  ақпараттар  тізімі  (каталог,  файлдар)  экранда 

алфавиттік  ретпен  беріледі.  Информатика  курсының  мақсаты  -  бағдарламаны  пайдалана 

алатын  қолданушыларды  дайындау  екендігі  белгілі.  Қазіргі  қолданушылар  жұмысын 

дайын  бағдарламада  (операциялық  жүйе,  мәтіндік  редакторлар,  электрондық  кестелер, 

Берілгендер базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. 

Дайын  бағдарламалық  қамтамасыздандырумен  жұмыс  істеуді  оқытудыңқұрылымы. 

Практикалық  мақсаты  -  бағдарлама  құрмай-ақ дайын бағдарламалық құралдар көмегімен 

оқушылар  өздерінің  проблемаларын  тиімді  шеше  алу  ебдейліктерін  қалыптастыру. 

Теориялық  мақсаты  -  ЭЕМ  мүмкіндігі  жайлы  түсініктерін  кеңейту  (ұлғайту)  және  ең 

маңыздысы  оқушылардың  қызметін  компьютерлсндірудегі  жеке  мүмкіндіктерін  ашу. 

Мысалы, егер сурет мүмкіндігіне ие болған кішкентай балаға ең бірінші рст қолына  қалам  

емес,  графикалық  редакторда  жұмыс  істеу  үшін «тышқан» құрылғысын ұстатсақ, оның 

қызметі,  жұмыс  істеу  ебдейлігі  қалай  қалыптасар  еді?  Дамыту  мақсаты  -  компьютерлік 

қызмет  әдістерін  қалыатастыру  және  оның  ойда  бейнеленуі.  Тәрбие  мақсаты  -  таңдаған 

мамандығы компьютерленген жағдайда оның қызығушылығын арттыру, күшейту. Оқыту 

бірізділігі.  Дайын бағдарламалық  қамтамасыздандыру  құралды  курсты  оқыту  барысында 

үш түрлі көзқараста қарастырылады: 

-бағдарлама көмегімен нақты бір жұмысты орындау барысында оның қолданушылық 

ролі (негізгі практикалық мақсат); 

-берілгендер және олармен жұмыс істеуді оқыту; 

-бағдарламалық оқыту объектісі ретінде. 

Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, 

өзара  байланысын,  оқушылардың  дайындығын  ескере  келіп,  оқыту  тәртібін  (ретін) 

мынадай  тізбек  бойынша  жүргізу  керек:  графикалық  редактор-мәтіндік  редактор-есептеу 

жұмыстары-  электрондық  кесте-берілгендер  базасын  басқару  жүйесі.  Бұл  адамзат 

тарихының  әртүрлі  іс-әрекеттерді  меңгеруімен  сәйкес  келеді:  сурет  салу  (тастарға  т.с.с), 

оқу  (хат  жазу,  кітап  жазу),  есептеу,  басқару.  Калыптасатын  білімдер.  Дайын 

бағдарламалар  мен  жұмыс  істеу  үрдісінде,  өз  кезегінде  жұмыс  тиімділігін  арттруын 

білімдер мен ебдейліктердің мынадай түрлері қалыптасады: 

-Берілгендерді өңдеуге арналғандар түрлері мен тәсілдері туралы білім; 

-Бағдарламалық  құрал  мен  жұмыс  істеу  логикасы,  алгоритмі,  бұйрығы  жайлы  білім. 

Мысалы, берілгендер базасында нәтижені қарап шығу, қандай жағдайда жұмыс аяқталады 

және т.с.с. 

 

Әдебиеттер  

1.  Медетбекова Р.Ә. Информатика. Шымкент, 2012. –Б. 450-451. 



Бүркіт Ә.Х.  Компьютерді басқару технологиясы.  Шымкент, 2010. –Б. 565-567

 

жүктеу 29,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау