Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет96/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   207

193 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психикалық  дамуы  əлеуметтенумен  байланысты,  бала  еліктеу 

арқылы дүниені тануға ұмтылады. Баланың дүниетанымдық ұмтылысын жақсы бағытта дамыту үшін 

компьютерлік 3D дидактикалық  симуляторларды  қолдануға  болады.  Мұны  психологиялық  тұрғыда 

негіздейік. 

Дамудың  бірінші  жылында  сəби  манипулятивтік  қозғалыстар  жасай  бастайды,  көптеген 

зерттеушілер  оны  ойынның  генетикалық  бастапқы  формасы  деп  қарастырады [4, Б.30]. 

Манипулятивтік  қозғалыстар  зейінді  шоғырландыру,  көзбен  аңду,  қармалау,  сипалау,  тыңдау,  яғни 

бір  сөзбен  айтқанда,  көру,  есту  жəне  тактильді  сезімнің  бағытталған  белсенділігі  негізінде 

үйлестірілген  қозғалыстың  тұтастай  дамуы  нəтижесінде  пайда  болады.  Шап  беріп  ұстап  алу  жəне 

кеңістікте  өз  бетінше  қозғалу  нəтижесінде  сəбидің  бағытталған-зерттеушілік  аясы  кеңи  түседі. 

Осымен  бір  мезгілде  өзіне  туыс  ересек  адаммен  қарым-қатынас  сипаты  өзгеріп,  əлеуметтік  жағдай 

тұтас дами бастайды. Пəндік əрекеттің негізгі даму көздері – сенсорлық, моторлық даму жəне қарым-

қатынастың, сөйлесудің дамуы. 

Сəбилермен ойналатын ойындар психиканың осы салаларын дамытуға бағытталуы тиіс. Баланың 

есту жəне тыңдау арқылы қабылдауы əлі ой елегінен өткізілмегендіктен жəне оларды мақсатты түрде 

басқару  қажет  болғандықтан,  сəбилермен  сенсорлық  дамыту  ойындары  ойналуы  қажет.  Баланың 

көрнекілік-əрекеттік  ойлауын  дамытуға  негіз  болатын  сенсорлық  эталондарды  заттың  түсі  мен 

көлемін  қабылдау  ойындары  қалыптастырады.  Ересектермен  бірге  сəби  образдардың,  түр-түс 

реңктерінің, заттардың көлемі мен өлшемін таниды. Ойын мотивациясы шеңберінде белсенді, қызыға 

қабылдау  пəндік  əрекеттің  дамуына  ықпал  етеді.  Ересекпен  бірлесе  əрекеттене  отырып,  бала  затты 

түйсіне зерттеудің тиімді  əдістерін меңгереді,  заттың əртүрлі сапасын көру арқылы қабылдайды [5, 

Б.23]. 

Абстракцияларды  компьютерлік  визуализациялау  кезінде  бейнелі  ойлауды  модельдеу 



дидактикалық  нысандарды  репрезентациялау  арқылы  іске  асады.  Кез  келген  визуалды  ақпарат 

проблемалық  сипатқа  ие  болады.  Өйткені  визуалды  ақпаратта  "бейненің  ішіне  сыйыстырылған 

мəлімет,  ой"  бар  болғандықтан,  сұрақты  шешу  қажеттігін  туындатады,  танымдық  қызығушылықты 

оятады.  Осылайша,  визуалдау  компьютерлік  ойындар  арқылы  оқытуда  проблемалық  ұстанымды 

жүзеге асыру мысалы болып табылады [6, Б.480]. 

Ересектермен  жəне  өз  құрдастарымен  тілдесу,  сөйлесу  де  өте  маңызды.  Екі  жасар  сəбилік 

кезеңнің  өзінде  балалар  арасында  ойнау,  бір-бірінің  əрекетін  қадағалауға  ұмтылу  байқалады. 

Дегенмен,  бірлескен  əрекет  əлі  де  пайда  болған  жоқ.  Американдық  зерттеуші  К.Гарви  мұны 

балалардың бір-біріне еліктеуін олардың қоршаған ортаны бақылауға, қадағалауға ұмтылуы, ойынға 

қуануы деп бағалайды [4, Б.31]. 

Сонымен  қатар, 3 – 5 жасар  баланың  əлем  картинасы  ақпараттық  технологиялар  əсерімен 

моноонтикалық  дүниетанымнан  полионтикалық  ұстанымға  алмасуда [7, Б.14].  Виртуалды  əлемдегі 

сценарийлердің  алмасуы  баланың  бірнеше  тілді  қатар  меңгеруіне  мүмкіндік  береді.  Өйткені, 

ақпараттық  технологиялар  баланың  зерттеу  əрекетін,  сөйлесу  əрекетін  қанағаттандыратын  құрал 

болуымен  шектелетінімен  байланысты.  Бала  теледидар  экранының  виртуалды  екендігімен  танысып 

үлгерді,  бірақ  теледидар  балаға  ойын  еркіндігін  бере  алмайды.  Сондықтан  ойынның,  компьютерлік 

симулятордың басымдығы – балаға іс-əрекет еркіндігін беруінде. 

Unity 3D бағдарламасында дидактикалық ойын ұстанымдарымен компьютерлік 3D дидактикалық 

симуляторларды  құрастыруға  болады [8, Б.63].  Егер  анимациялық  фильмнің  сапасы  төмен  əрі 

персонаждары  өте  қорқынышты  болса,  балалар  үрейленіп,  оны  көргісі  келмейді.  Сондықтан,  тілді 

үйретуші  компьютерлік 3D дидактикалық  симуляторларды  қайырымды  əрі  суреттеуі  ғажайып, 

сюжеттері қызықты болуына мəн беру қажет. 

Балаға бір мезгілде үш тілді үйретуде компьютерлік 3D дидактикалық симуляторларда мыналар 

ескерілуі тиіс: 

- 3 – 5 жастағы баланың тілін дамыту сенсорлық, моторлық дағдыларын дамытумен бір мезгілде 

жүруі тиіс жəне экран міндетті түрде сенсорлық болуы керек; 

-  байланыстырып  сөйлеуді  дамыту  "Табиғат  құбылыстары" (жануарлар,  өсімдіктер  əлемі,  ауа 

райы  құбылыстары), "Ата-анамен  қарым-қатынас", "Ата-əжемен  қарым-қатынас", "Бейтаныс 

ересектермен  қарым-қатынас", "Өз  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас", "Дүниені  тану", 

"Заттардың  қасиеттерін  тану" (көлемі,  түсі,  физикалық  күйі,  дыбысталуы  т.б.)  жəне  сол  сияқты 

тақырыптық симуляторларда жаттығу арқылы дамуы тиіс; 

-  лексикалық  сөздік  қорды  үш  тілде  бір  мезетте  байыту  жағдаяттық  қызықты  сюжет  сценарийі, 

дыбыстық  жəне  анимациялық  сүйемелдеумен,  диалогқа  негізделген  жарыс  формасында 

ұйымдастырылуы қажет.  




194 

Қазіргі жас баланың үштілділікті қатар игеруі оның психикалық дамуына кедергі жасамауы үшін 

ойын  формасында  атқарылуы  тиіс,  сонымен  бірге  жаңа  ақпараттық  технологияны  тек  қана 

дүниетанымдық дамыту құралы ретінде қабылдатуды мақсат етуіміз керек. 



 

Əдебиеттер 

1. 


Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. – Москва: Академия, 2011. – 288 с. ISBN978-5-7695-7747-5. 

2. 


Веракса  А.Н.,  Веракса  Н.Е.  Дошкольная  педагогика  и  психология.  Хрестоматия. – М.:  Мозаика-синтез, 

2014. – 560 с. ISBN 9785431505089 

2. 

3.Веракса  А.Н.,  Веракса  Н.Е.  Зарубежные  психологи  о  развитии  ребенка-дошкольника. – М.:  Мозаика-



синтез, 2008. – 144 с. ISBN 9785867753979 

1. 


Авдулова Т.П. Психология игры: современный подход : учебное пособие для суд.высш.учеб.заведений. – 

М.: Издательский центр "Академия", 2009. – 208 с. ISBN978-5-7695-5451-3. 

2. 

Касаткина Е. И. Игровые технологии в образовательном процессе ДОУ. //Управление ДОУ, 2012, №5. – 



C. 23 – 27. 

3. 


Карауылбаев С.К.Сущностные характеристики компьютерных учебно-деловых игр. // Сборник научных 

трудов  участников  ІІ  Международной  научно-практической  конференции  "Актуальные  проблемы 

психологии и педагогики в современном мире". – Москва: РУДН, 2015. – 667 с. 

4. 


Мартыненко  Л.А.Коммуникативная  компетентность  дошкольников.  Сборник  игр  и  упражнений. -М.: 

Национальный книжный центр, 2016. – 124 с. ISBN: 978-5-4441-0009-7. 

5. 

Санина  Е.И.,  Карауылбаев  С.К.  Теория  и  практика  создания  и  применения  компьютерных  учебно-



деловых игр. Монография / Под ред. Е.И.Саниной. – Тула: Тульский полиграфист, 2014. – 151 с. 

 

 



Kassymova G., Sangilbayev O. 

(Kazakhstan, Almaty,Abai Kazakh National Pedagogical University)

 

 

COPING WITH STRESS DURING EDUCATIONAL PROCESS 

 

Stress impact on the brain during educational process. When teachers use strategies to reduce stress 

and build a positive emotional environment, students gain emotional resilience and learn more efficiently and 

at higher levels of cognition [1, p.2].Exams, tight deadlines and interpersonal conflicts are just a few 

examples of the many events that may result in high levels of stress in both students and teachers. A 

multitude of exams, evaluations and deadlines, which are at the heart of our educational system, create an 

enormous pressure and stress during the learning and teaching processes. Reasons, which will create stress, 

may be useful in some situations, but it is highly detrimental in the classroom. If fear stems from test taking 

or from an unstable home environment, the brains of students experiencing high levels of stress look 

different than those who are not – and those brains behave differently as well. A multitude of exams, 

evaluations and deadlines, which are at the heart of our educational system, create an enormous pressure and 

stress during the learning and teaching processes. 

 

 

Figure 1. Anxiety before exams (Hans Schachl) 

 

What happens to the brain during a stress response. The body and the brain respond to stress with a 

complex cascade of hormones and neurotransmitters. When a child’s senses perceive danger, their 

hypothalamic-pituitary-adrenal (HPA) system releases steroid hormones (glucocorticoids). This includes the 

primary stress hormone, cortisol, which has a direct effect on the heart, lungs, circulation, metabolism, 

immune system and skin. The HPA also stimulates the release of catecholamine neurotransmitters like 

dopamine, norepinephrine and epinephrine (adrenaline), which activates the amygdala, which in turn triggers 

a fearful response [2, p.1]. 



How Stress inhibits a brain’s ability to learn. As a neuroscientist, Leah Levy states that together, the 

HPA system will keep the brain stimulated and ready to run. But while this may be good for truly life or 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау