Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет93/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   207

187 

 

 

Иманалиева К.Е. 

(Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қайнар Академиясы) 

 

ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КƏСІПТІК БАҒДАРЛАУЫ МЕН ТҰЛҒАЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ 

 

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны 



қалыптастыру.  Қазіргі  заман  талабына  сай  мамандықтарды  игерген  жастарға  сұраныс  жоғары. 

Нарықтағы  бəсекелестік  күннен-күнге  артып  келеді.  Бүгінгі  заман  талабы  кəсіптік  білім  беру 

саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сəйкес мыңдаған мамандықтар мен кəсіптерге дайындау 

–  кезек  күттірмейтін  талап.  Соңғы  он  жылда  жаңадан  пайда  болып,  дамып  отырған  жаһандық 

тенденциялар  Қазақстандық  жоғары  білім  жүйесінің  алдында  жаңа  тосқауылдар  қойып  отыр. 

Сұранысқа  ие  мамандықтар  бойынша  кадрларды  сапалы  түрде  дайындау,  түлектердің  жұмысқа 

орналасуын қадағалау жалпы міндеттер қатарында.   

 

 



 

 

 



 

  Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді  дамытудың 2011 – 2020 жылдарға  арналған 

бағдарламасының мақсаттары қатарында жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми – педагог кадрларды 

даярлау, педагог мамандығының беделін көтеру мəселелері қарастырылған. Міне, осыған орай, бүгін 

қойылған мақсатқа жету үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес [1] 

Қазіргі  жаңа  кезеңдерде  ғылымдар  жүйесінде,  кəсіби  өзіндік  анықталу  мəселесін  зерттеу 

өзектілігі  қоғам  талаптарына  орай  еңбек  сипаты  мен  мазмұнының  аумақты,  жылдам  өзгеруіне 

байланысты  кəсіби  бағдар  мен  мамандық  таңдауға  психологиялық  дайындықты  қалыптастырудың 

теориялық  жəне  əдіснамалық  өңдеулерін  жүзеге  асыру  мəнді  сұрақтардың  бірі.  Кəсіби  бағдарлану 

мен  кəсіби  анықталу,  соған  байланысты  іс-əрекетті  саналы  өзіндік  реттеу  мəселелерінде  дəстүрлі 

жəне диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, 

мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды 

күшейтіп негіздейді. 

Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кəсіби іс-əрекет пен мамандық таңдауға саналы 

дайындығының  ішкі  субьективті  факторын  зерттеу  қажеттілігі  психология  ғылымы  үшін  əрқашан 

маңызды  болып  табылады.  Біздің  зерттеудің  негізгі  мəселесі,  кəсіби  өзіндік  анықталу  процесіндегі 

оқушылардың  тұлғалық  ерекшеліктерін,  өзіндік  реттеу  жүйелерінің  қалыптасу  ерекшеліктері, 

тұлғаның кəсіби өзіндік анықталуының позитивті жақтарын дұрыс ашып көрсете алады. 

Осы  кезеңдегі  оқытудың  негізгі  мақсаты – болашақ  мамандығына  байланысты  əрбір  балаға 

тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын  қалыптастыру. 

Сондықтан  қазіргі  қоғамның  өзекті  мəселелерінің  бірі – əлеуметтік-экономикалық  өзгермелі 

жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін 

жеке  тұлғаға  қойылатын  бірінші кезектегі  нақты  талаптар: шығармашылық, белсенділік, əлеуметтік 

жауаптылық,  жоғары  интеллектілік,  терең  білімділік,  кəсіби  сауаттылық.  Осы  орайда  жеке  тұлғаға 

бағдарланған  оқытудың  тұжырымдамасының  негізгі  бағыты  баланы  жан-жақты  дамытуымен  бірге 

жеке  жəне  жас  ерекшелігіне  қарай  қоғамдағы  өзгерістерге  бейім  даму  мүмкіндігін  айқындауды 

қарастырады. 

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне əсер етеді. Өз кəсібін дұрыс 

таңдай білген оқушы оған əр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі 

белгілі  бір  кəсіп  саласына  сай  қалыптасқанда  ғана  сапалы  маман  болатыны  белгілі.  Сол  себепті 

қазіргі  таңда  түлектерге  кəсіби  бағыт-бағдар  беру,  кəсіби  ақыл-кеңес  беру  мəселесіне  аса  назар 

аударғанымыз жөн. Кəсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мəселе. Өзінің 

əдістемесі  жəне  мазмұны  жағынан  оның  психологиялық,  педагогикалық,  физиологиялық  жəне 

əрекеттік аумағы жағынан əлеуметтік сипаты болады. Нəтижесі қоғамның экономикалық өміріне əсер 

етеді. Сонымен қатар, кəсіби бағдар беру қоғамның жұмыс  күшін қайта өндірудің маңызды құралы 

болып  табылады.  Білім  беру  бағытындағы  кəсіби  бағыт  беру  саласы  күрделі  де  алуан  түрлі.  Кəсіби 

бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан əрі жетілдірумен 

тығыз  байланысты.  Көптеген  жоғары  оқу  орындарында  аталмыш  үрдіс  бойынша  арнайы  пəндер 

жүргізіледі. Бұл пəндердің негізгі мақсаты – техникалық жəне кəсіби білім беретін оқу орындары мен 

жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кəсіби бағдар беру болып табылады [2, 7б.].  

Оқушылардың кəсіби бағдар себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры 

В.И.Ковалев  пен  Дружинин  В.Н.  болды [3, 36б.].  Оның  жұмыстарында  жастардың  мамандық 

таңдаудағы  түсініктері  төмен  жəне  олар  болашақ  мамандықтың  айналасындағы  адамдардың 

ақылымен таңдайды деп көрсетілген. 




188 

 Кəсіби  бағдар  себептерін  тереңнен  зерттеген  Климов  Е.А.  болды [4, 400б.],  ол  себептерді 

дифференциалды  қарастырды,  яғни  жасына,  жынысына,  тұрмыс  жағдайына,  ата-анасының 

мамандығына  т.б.  байланысты.  Кəсіптік  бағдар – адамның  қоғамда  қалыптасуының  негізгі  жəне 

өмірде  қабылдаған  маңызды  шешімдерінің  бірі.  Жалпы  мамандық  таңдау  бұл  адамның  қоғамнан 

белгілі  бір  орын  алуымен,  өмірлік  шешімімен,  сана  сезімімен  байланысты.  Жəне  де  кім  боламын? 

Қандай əлеуметтік топқа қараймын? Қайда жұмыс істеймін? т.б. сұрақтармен байланысты. 

Көптеген ғалымдар бұл мəселені қарастырған: 

А.М. Кухарчуктің пікірінше, кəсіби өзіндік анықталу – мамандықты тəуелсіз таңдау жəне талдау 

нəтижесінде ішкі ресурстарды жүзеге асыру болып келеді. Осы сұрақтың маңыздылығын түсінсе де 

жас  өспірімдер  бұл  сұраққа  немқұрайлықпен  қарайды.  Олар  үшін  бастапқы  кезеңде  өз  қатарынан 

қалмай, жоғарғы оқу орнына түсу маңызды болады [5, 12б.].  

Қазіргі  кезде  адамның  белгілі  бір  кəсіп  түрін  таңдау  жəне  осы  мамандықты  игеруге  деген 

ұмтылысы  мен  болашақ  кəсіпке  деген  жағымды  қатынастық  мəселелері  зерттеушілер  тарапынан 

ерекше  қызығушылық  тудырады.  Бұл  мəселе  алғаш  рет  жеке  бағыт  ретінде  Н.В.  Кузьмина 

еңбектерінде қарастырылған.   

 

 

 



 

 

 



Мəскеулік  психолог  Мудрик  А.В.өзінің  еңбегінде: «Жасөспірімдердің  мамандық  таңдауға 

тұлғалық қатынасы дара – психологиялық ерекшеліктерімен байланысты», – дей отырып, мамандық 

таңдауды жасөспірімдер субьективті бағалаумен алғаш көрсетеді дейді [6, 58б.].  

 

Əлемде 80 мың  мамандық  болса,  елімізде 8 мың  мамандық  бар  екен.  Əлем  бойынша 



зерттеушəлердің  деректеріне  қарасақ  жыл  сайын  үш  жүз  жаңа  мамандық  пайда  болып,  үш  жүзі 

жоғалады екен. 

Бұрын  мамандық  таңдауға  ата-ана,  мұғалімдердің,  оқушылардың,  достарының  кеңесі  жеткілікті 

болатын,  ал  қазір  бұл  жеткіліксіз.  Қазір  мамандық  таңдауға  психолог  мамандардың  көмегі  ауадай 

қажет. Сонда біздің еліміздің жастары өмірде өз мамандықтары мен кəсіптерін дұрыс, адаспай тауып, 

сапалы мамандық иесі жəне дипломмен жұмыссыздардың қатарын азайтатын еді. 



 

Пайдаланған əдебиеттер 

1.  ҚазақстанРеспубликасындаБілімберудідамытудың 2011 – 2020 жылдарғаарналғанбағдарламасы. – 

Астана. 

2.  Тұлғаның кəсіби бағыттылығын дамыту үрдісінің моделі // Мереке-праздник для всех. – Алматы: – 7 б. 

3.  Ковалев В.И., Дружинин В.Н. Мотивационная сфера личности и ее динамика в процессе 

профессиональной подготовки. М., 1981.  

4.  Климов Е.А. Психология профессионала. – М.: Изд. Институт практической психологии. Воронеж: 

НПО «МОДЭК», 1996. – 400 с. 

5.  Кухарчук А. М., Ценциппер А.В. Профессиональное самоопределения учащихся. – Минск., 1986. 

6.  Мудрик А.В. Современный старшеклассник: проблемы самоопределения. – Москва: Знание, 1987. 

 

 

Карабалина А.А. 



(Республика Казахстан, г. Актобе,  

Казахско-Русский международный университет) 

 

ПСИХОЛОГИЯ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ И РАЗВИТИЯ ОБЩЕСТВА 

 

В процессе культурно – исторического развития общества представления о социальных функциях 



человека  изменяются,  что  в  свою  очередь,  опосредует  социальные  требования,  которые 

предъявляются к личности. Под влиянием этих факторов формируется две важнейшие составляющие 

образовательного  процесса – структура  и  содержание  образования.  Образование  в  современном 

обществе – это  общественно  организуемый  и  нормируемый  процесс  (и  его  результат)  постоянной 

передачи знаний и социально значимого опыта, в ходе которого происходит становление личности.  

В  современном  мире  увеличивается  значение  образования  как  важнейшего  фактора 

формирования нового качества не только экономики, но и общества в целом. Казахстанская система 

образования сегодня способна конкурировать с системами образования передовых стран.  

Реализация  современного  стратегического  курса  гражданского  образования  в  нашей  республике 

осуществляется  сегодня  в  соответствии  с  Конституцией  Республики  Казахстан  и  Посланием 

Президента страны Назарбаева Н.А. народу Казахстана, где четко определен и представлен комплекс 

мер  по  его  осуществлению,  рассчитанный  на  долгосрочную  перспективу,  где  главным  критерием 

успеха образовательной реформы является достижение такого уровня, когда любой гражданин нашей 

страны,  получив  соответствующее  образование  и  квалификацию,  может  стать  востребованным 

специалистом в любой стране мира [1, c. 1].  



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау