Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет73/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   207

147 

Бапаева М.К., Нарымқанова Г. 

(Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  

Қыздар педагогикалық университеті) 

 

ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЫҚПАЛЫ 

 

Қазіргі  еліміздің өркениетті нарыққа  бет  алған  кезеңіндегі туындаған  экономикалық,  əлеуметтік 



қиындықтардың тұлғаның жан-жақты дамуына, оның адамгершілік қадір – қасиетіне, салауатты өмір 

сүру  ережелерінің  қалыптасуына  өзіндік  əсерін  байқамау  мүмкін  емес.  Мұндай  жағдайда  тұлғаның 

қалыпты  өмірін  қамтамасыз  етуге  ықпал  жасайтын  –қарым-қатынас.  Əрбір  адам  өзіндік  тəрбие, 

өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. 

Б.Ф.  Ломовтың  пікірінше,  қарым-қатынас  əлеуметтік  тарихи  категория  ретінде  күрделі 

динамикалық  жүйе  болып  табылады [1]. Қарым-қатынасты  талдау  бірқатар  əртүрлі  деңгейлер  мен 

өлшемдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынас субьектілердің өзара əрекеттестігі процесі 

ретінде болады.  

Қарым-қатынас  психологиясы  жөніндегі  белгілі  маман  В.А.Кан-Калик  қарым-қатынастың  алты 

моделін  көрсетеді:  арақашықтық,  біріккен  əрекет  негізіндегі  қатынас,  диалогтық  қатынас,  достық 

негізіндегі қатынас, қорқыныш қатынас, ойын қатынас. 

Қарым-қатынас  формасының  дамуына  көңіл  бөлмейінше,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  ғылым, 

өнер, саясат, идеология жəне т.б. сияқты адам іс-əрекеті аймақтарын көз алдыныңға елестету мүмкін 

емес. Сондықтан қарым-қатынас мəселелері бойынша білімдер жиынтығын жүйелендіру формаларын 

сақтай жəне бекіте келе, олардың жаңа түрінде адам қажеттілігін зерттеу қажеттігі туындайды [2]. 

Қоғамның қарқынды дамуында жеке тұлғаның қалыптасып,жетілуі жасөспірімдік шақта қарым –

қатынас  мəселесімен  тығыз  байланысты.  Қарым-қатынасты  адамдардың  əрекеттесуі  мен  əр  түрлі 

нақты қарым-қатынас жағдайларында болатын ақпаратта көрінетін коммуникация жəне адамның ішкі 

дүниесінің  қайта  жаңаруымен  бір  уақыттағы  əлеуметтік  жəне  индивидуалды  құбылыс  ретінде 

қарастыруға болады [3]. 

М.И.Лисина  мен  Х.Т.Шерьязданованың  еңбектерінде  баланың  тұлғалық  жағынан  дамуында 

барлық  қарым-қатынас  түрлері  мен  танымдық  процестердің  өзара  біртұтастығы  жан-жақты 

зерттелген.  

Онда  қарым-қатынас  –баланың  қалыпты  психикалық  дамуының  маңызды  факторы  жəне 

ажырамайтын  шарты  ретінде  қарастырылған.Қоршаған  адамдармен  қарым  –қатынас  қажеттілігі 

адамға бастапқы мəні бар маңызды табыс болып табылады. 

Қарым-қатынасты  жүзеге  асыру  құралдары,  коммуникативті  іс-əрекеттің  эмоциялы  жəне 

интеллектілі  компоненттерінің  динамикасы,  коммуникативті  қатынастардың  тереңдігі  мен  кеңдігі 

тұрғысында оның сипаттауға болатын басқа да маңыздылығы еш кем түспейтін күрделі қырлары да 

бар.  Сондықтан,  қарым-қатынасты  реттеу  қажеттігі  туындағанда,  оның  барлық  аспектілерін 

тұтастыққа  сəйкестендіру,  үйлестіру,  біріктіру  жəне  баланың  қалыптасу  барысындағы  тұлғасының 

алдында туындаған өмірлік міндеттерді шешу қызметіне лайықты болу талабын шешуі тиіс. 

Х.Т.  Шерьязданова  өз  зерттеулерінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ересектермен 

(педагогтармен  жəне  ата-аналармен)  қарым-қатынасы  үш  кезеңде  дамып,  жүзеге  асырылады  деп 

көрсетеді:  

–  екі-үш жас  шамасында негізінен ойыншықты беру немесе тартып алу, ашу немесе іске қосу, 

құрастыру  немесе  бөлшектеу  əрекеттері  арқылы  ойыншықтармен  қатынастарының  негізінде 

сипатталады.  Осы  тектес  қарым-қатынас  едəуір  епті,  өнертапқыш  серіктес  ретінде  ересекпен 

ынтымақтастықтың барысында біріккен іс-əрекеттегі балалық қажеттіліктерді қанағаттандырады; 

–  төрт-бес  жастағы  танымдық  ақпарат  бала  мен  ересектің: «неге?», «не  үшін?»  деген 

коммуникативті өзара əрекеттестігіне негіз болады;  

–  алты-жеті  жаста  балалардың  айналасындағы  адамдарға,  өзінің  жəне  құрдастарының 

тұлғасына қызығушылығы оянады. 

 Дəл  осы  жас  шамасында  қарым-қатынастың  едəуір  жоғары  мазмұнымен  жүзеге  асатын  өз 

тұлғасын  сыйластықпен  қабылдау,  өзара  түсіну  қажеттілігі  дамиды.  Басқаша  айтқанда,  мектепке 

дейінгі  балалық  шақта  ересектермен  коммуникативті  байланыстардың  мазмұны  практикалық 

байланыстардан танымдық байланыстарға, одан тұлғалық ақпаратқа да алмасады. 

Егер  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  мінез-құлқындағы  өзгерістер  алаңдатып,  сізге  оның 

психологиялық  жайсыздығының  себебін  анықтау  қажеттігі  туындаса,  онда  оның  қарым-қатынас 

тəжірибесінің  даму  ерекшеліктеріне,  мəселен,  оның  педагогпен  коммуникативті  қатынасының 

мазмұнына,  қарым-қатынастағы  ақпараттық  қалауына  жəне  бала  танымдық  тəжірибесін  қалай 

толықтыратынына мəн берген жөн [4]. 




148 

Кеңестік  психологияда  адамның  тұлға  ретінде  анықталуының  тектік  қабілеті  биологиялық 

белгіленбей,  керісінше,  əр  адамның  əлеуметтік-тарихи  қатынастарымен  шартталатындығы  жайлы 

тезис қалыптасқан. 

Бала дүниеге шыр етіп келгенде, көп ұзамай оның болашақ тұлғасының қалыптасуына маңызды 

оқиғалар  орын  ала  бастайды.  Өмір,  баланың  ішкі  əрі  сыртқы  іс-əрекеттерінің  дамуы  тікелей  бала 

психикасының дамуына негіз болады. 

Бала  психикасының  дамуы  турасында  А.  Н.  Леонтьевтің  жетекші  іс-əрекет  жайлы  ілімінің 

маңызы  ерекше.  А.Н.  Леонтьев,  А.В.  Запорожецтің  (Т.О.Гиневскийдің,  З.М.  Истоминаның,  З.В. 

Мануйленконың,  Я.З.  Неверовичтың,  Н.Г.  Морозованың,  Л.  С.  Славинаның,  Д.  Б.  Элькониннің), 

басшылығымен орындалған көптеген зерттеулердің нəтижелерін жалпылай келе мектеп дейінгі шақ – 

тұлғаның бастапқы қалыптасу кезеңі, мінез-құлықтың тұлғалық «механизмдерінің» даму кезеңі деген 

қорытынды жасауға болады.  

Бала  дамуының  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  тұлғасының  алғашқы  түйіндері  қалыптасып,  іс-

əрекеттің,  субьектінің  жоғары  бірлігі – тұлға  тұтастығын  құрайтын  алғашқы  байланыстары  мен 

қатынастары  орнайды.  Сондықтан,  мектеп  жасына  дейінгі  балалық  шақ  тұлғаның  психологиялық 

механизмдерінің қалыптасу кезеңі болғандықтан оның маңызы зор. 

А.Н. Леонтьев тұлғаның қалыптасуын мектеп жасына дейінгі жас шамасында пайда болып, оның 

барысында  дамитын  құбылыс – мотивтердің  бағыныштылығымен  байланыстырады.  Осы  мəселеге 

қатысты  жəне  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  іс-əрекетін  сипаттайтын  деректерді  талдаудың 

негізінде А. Н. Леонтьев мектеп жасына дейінгі кезеңде орын алатын іс-əрекеттің бір-бірін бекітетін 

немесе  өзара  шиеленісетін  өзара  бағынышты  мотивтердің  жүйесімен  ерекшеленетінін 

қорытындылайды. 

 А.  Н.  Леонтьевтің  теориялық  тұғырлары  мектеп  жасына  дейінгі  шақтағы  бала  тұлғасының 

қалыптасуы  жайлы  түсініктердің  дамуына  ықпал  етті.  Оның  баса  көрсеткен  орталық  үзбелі – іс-

əрекеттегі  мотивтердің  өзара  бағыныштылығы  шын  мəнінде  орталық  қызметті  атқарып,  тұлға 

қалыптасуына тікелей байланысты болады. 

Бала тұлғасының қалыптасуында қатынастардың үш түрі:  

–  өз-өзіне,  

–  басқа адамдарға  

–  заттық əлемге қатынасы ажыратылады.  

Тұлғаның  негізін  құрайтын  қатынастардың  нұсқалған  түрлері  оны  толық  түсіндермесе  де, 

маңыздылығын жоғалтпайды.  

Адамның  қоршаған  əлеммен  өзара  əрекеттестігі  қоғамдық  өмірде  адамдардың  арасында 

қалыптасатын  объективті  қатынастардың  жүйесінде  жүзеге  асырылады.  Объективті  қатынастар  мен 

байланыстар кез келген шынайы топта міндетті əрі заңды түрде қалыптасады. Əлеуметтік психология 

зерттейтін  субъективті  тұлғааралық  қатынастар  топ  мүшелерінің  арасындағы  объективті  өзара 

қатынастардың бейнеленуі болып табылады.  

Тұлғааралық  өзара  əрекетестікті  жəне  топтың  ішіндегі  өзара  əрекеттестікті  зерттеудің  негізгі 

жолы  бұл – əртүрлі  əлеуметтік  факторларды,  сондай-ақ  аталмыш  топтың  құрамына  кіретін 

адамдардың  өзара  əрекеттестігін  терең  зерттеу  болып  табылады.  Қоғамдағы  адамдардың  арасында 

қатынас орнамаса ешбір адамдар қоғамдастығы толыққанды бірігіп іс-əрекет ете алмайды, олардың 

арасында қажет түсіністік орнамайды [5]. 

Мысалы,  мұғалім  оқушыларды  əлденеге  оқыту  үшін  олармен  қарым-қатынасқа  түсуі  қажет. 

Қарым-қатынас  бұл – біріккен  іс-əрекеттің  қажеттілігінен  туындайтын  адамдардың  арасындағы 

қатынастардың  көпжоспарлы  үдерісі.  Адамдар  қарым-қатынасқа  түскенде,  яғни  əлдекімге  сұрақ 

қойғанда,  өтініш  білдіргенде,  бұйрық  бергенде,  жазалағанда,  əлденені  түсіндіргенде  немесе 

баяндағанда алдарына өзге адамға ықпал етуді мақсат етеді. 

Балалар  қоғамы – бүлдіршіннің  жан-жақты  дамуына  қажет  жағдайлардың  бірі.  Жаңа  адамның 

бітістері  (ұжымшылдық,  еңбек  ету  міндеттерін  дұрыс  қабылдау,  ынтымақтастық,  өзара  көмек 

көрсету,  ұстамдылық)  өзге  адамдармен  өзара  əрекеттесудің  нəтижесінде  жеңіл  қалыптасады.  Бала 

құрдастарымен қарым-қатынаста қызығушылықтары мен талпыныстарына үндес тəжірибеге ие болу 

мүмкіндігіне қол жеткізеді.  

Отбасындағы  жалғыз  бала  немесе  балалар  бақшасына  бармайтын  бүлдіршін  құрдастарымен 

қарым-қатынастың ерекше қажеттілігін сезінеді. Өз кезегінде, отбасынан тыс құрдастарымен қарым-

қатынас  үлкен  ресмилікті,  қатынастарды  орнату  іскерлігін,  серіктесінің  мінезін  есепке  алуды  талап 

етеді. Жақындардың арасындағы қолайлы əрекеттер мен əдеттер бөгде адамдармен қарым-қатынаста 

қолдануға келмейді. Міне дəл осы жəйт баланы өзара қатынастардың əртүрлі формаларын қолдануға 

ынталандырады.  Баланың  құрдастарымен  қарым-қатнастарын  орнату  іскерліктерінен  оның  адамдар 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау