245
5. Абрамова Г. С. Возрастная психология: Учебное пособие для студентов вузов – 4-е изд., стереотип. –
М: Издательский центр «Академия», 1999. – 624 с.
6. Божович Л. И. Этапы формирования личности в онтогенезе. Хрестоматия по детской психологии:
Учебное пособие для студентов / Сост. и ред. Г. В. Бурменская. – М., 1996. – С. 187-213.
7. Бродская С. Л. Возрастная психология в вопросах и ответах: учебное пособие. – М.: КНОРУС, 2006. –
256 с.
8. Возрастная психология: Детство, отрочество, юность: Хрестоматия: Учебное пособие для студентов
пед. вузов. Составитель и научный редактор Мухина В. С., Хвостов А. А.
9. 9.[https://samopoznanie.ru/articles/o_treningah_lichnostnogo_rosta ].
10. 10.Халперн, Д. Психология критического мышления / Д.Халперн. –СПб: Питер, 2000 –(серия "Мастера
психологии").
Сангилбаев О.С., Жарболина С.З.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ƏРЕКЕТІ МЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ
Білім берудің кез келген бағытының буынындағы көрінетін, ең маңызды рөл атқаратын –
педагогикалық іс-əрекет «
қарым-қатынас» заңына бағынады. Педагогикалық қарым-қатынас
дегеніміз – белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жайлы, жайдары психологиялық климат
құруға, оқу іс-əрекетін, педагог пен білім алушы арасындағы баянды қарым –қатынасы. Əрине
«қарым-қатынас» жəне «іс-əрекет» категорияларының əрқайсысы болмыстың əр жағы ретінде
дербестікпен сипатталады. Алайда, олардың арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Сонымен
қатар, қоғамда қарым-қатынас заңдарына бағынатын іс-əрекет түрлері көп. Білім берудің кез келген
буынындағы педагогикалық іс-əрекет – солардың бірі. Осы орайда қарым-қатынастың маңызын
В.А.Кан-Калик: «Педагогикалық процесте өзара қатынасқа оқытушы мен тəрбиелеудің көп
құрамды пирамидасы тұрғызылады», – деп түсіндірген. Расында педагогикалық іс-əрекеттің негізгі
формалары қарым-қатынас жағдайы болып табылады. Педагогикалық оқыту формаларының,оның
ішіндегі лекция, семинар, емтихан, курстық жұмысты, диплом жұмысын қорғау – бəрі оқытушы мен
студенттер арасындағы өзара əрекеттесу педагогикалық қатынас арқылы жүзеге асырылады. Л.А
Коломинский қарым-қатынас туралы: «Бұл процесс барысында жүзеге асып жалғасатын,
қалыптастыратын хабарламаның жəне заттың өзара əсері» -деп анықтама берген болатын. Осы
кезде тəлім-тəрбие ісіндегі шəкірттермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа
ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен əсіресе шəкірттердің даралық ерекшеліктері мен
санасып отыру қажеттігіне баса мəн береді. Осындай талапты анықтап, оны жүзеге асыру жолында
ұстаздың бойында «өзіндік сапа, ұстаздық қасиет жəне арнайы білім болу керек» деген міндет
қойылады [1, 126-129 бб.].
Жоғары мектептерде білім берудің көптеген жаңа тұрғыларының психологиялық мазмұны
«субъект-объект» негізінде емес, «субъект-субъект» негізіндегі өзара əрекетесу мен өзара
қатынастың приоритетті болуымен ерекшеленеді. Педагогикалық қарым-қатынасты алғаш болып ХХ
ғасырдың екінші жартысында Ресейлік ғалымдар: Л.И. Новикова, А.В. Мудрик, А.А. Леонтьев
анықтап, психология, педагогика ғылымдарына енгізген болатын. Жоғары мектептегі қарым-қатынас
дегеніміз – педагогикалық іс-əрекет мақсатына байланысты педагогтың полифункционалды əрі
комплекті міндетін орындап, нақтылы ғылымдарды оқып ғана шектелмей өзі білім алушыға оқыту
əдістері жайында хабардар етіп, білім алушының қызығушылығын арттыру болып табылады. Жоғары
мектептегі қарым-қатынастың үш қыры: біріншіден, оқу міндеттерін шешу құралы ретінде, екіншіден,
тəрбие процесін ұйымдастырудың əлеуметтік-психологиялық жүйесі ретінде, үшіншіден, студент
маманның жеке тұлға ретінде дамуының психологиялық, педагогикалық ықпалы ретінде, –
анықталады. Жоғары мектептегі қарым-қатынастың үш қырынан оқытушылардың іс-əрекетінің
мазмұнының функциялары келіп шығады. Олар: оқытушы, тəрбиелеуші, ұйымдастырушылық жəне
зерттеушілік. Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың барлығын шартты түрде үш топқа бөліп
көрсетуге болады: педагогикалық бағыты басым оқытушылар, зерттеушілік бағыты басым
оқытушылар, педагогикалық жəне зерттеушілік бағыттары бірдей басым болып келетін
оқытушылар. Сонымен қатар, педагогикалық қабілет пен педагогикалық іс-əрекет құрылымында
келесі компоненттерді көрсетуге болады: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық жəне
коммуникативтік [2, 98-99б].
246
Педагогикалық іс-əрекеттерін нəтижелі жүзеге асыру үшін қазіргі педагог педагогикалық іс-
əрекеттің мəні мен құрылымын, оның негізгі компоненттерін, педагогикалық əрекеттерді жəне кəсіби
маңызды іскерліктер мен сапаларды түсініп меңгеруі қажет.
Жоғары оқу орнының оқытушысының педагогикалық іс-əрекеттегі кəсіпқойлығы-педагогикалық
жағдайларды талдау негізінде педагогикалық міндеттерді көре білуі мен құрастыра алу, оларды
шешудің тиімді əдіс-тəсілдерін таба алу іскерлігінен көрініс табады. Е.А.Климов бойынша кəсіби
саланың адамдарына төмендегілер тəн: жетекшілік ету, басқару, үйрету, тəрбиелеу іскерліктері,
«адамдардың түрлі қажеттіліктерін қанатағаттандыру бойынша пайдалы əрекеттерді жүзеге
асыру» қабілеттілігі, тыңдау жəне тыңдай білу қабілеті, сөйлеу мəдениеті, басқа адамның сезімі
мен мінезін түсіне алу қабілеті, адамға жобалаушылық тұрғыдан қарау, ол адам əр кезде одан да
жақсы адам бола алатынына сенімділігі, бірге уайымдау қабілеті, байқағыштық, халыққа қызмет
көрсетудің дұрыстығына сенімділік қабілеті, өзін-өзі реттеудің жоғары дəрежесі.
А.К.Маркова бойынша педагогтың кəсіби маңызды сапаларының құрылымы төмендегідей:
объективті сипаттамалар: кəсіби білімдер, кəсіби іскерліктер, психологиялық,педагогикалық
білімдер; суъективті сипаттамалар: психологиялық позициялар, ұстанымдар, тұлғалық ерекшеліктер
Ал педагогтың кəсіби маңызды сапалары ретінде келесілер танылады:
Педагогикалық эрудиция, педагогикалық мақсатқа бағдар, практикалық жəне
диагностикалық ойлау,
педагогикалық интуиция, педагогикалық им–провизация, педагогикалық
байқағыштық,
педагогикалық оптимизм, педа–гогикалық тапқырлық, педагогикалық көрегендік,
педагогикалық рефлексия.
Жаңа замандағы, нақтырақ айтсам жаһандану үдерісіндегі тұлғаның кəсіби қалыптасуы – əрбір
адамның балалық шағынан бастап тұлғалық кезеңге дейінгі алған білім мен тəрбиесінің негізінде,
жалпы қоғам мойындаған қағидалар мен заңдылықтарға сай заманауи қалыптасуы. Ендеше, тұлғаның
қалыптасуы əр адамда əртүрлі жолдармен жəне ықпалдарының əсерінен жүзеге асады деген сөз.
Э.Ф.Зеер, О.Н.Шахматова зерттеулерінде кəсіби білім беруді жүзеге асыратын оқытушы
тұлғасының төрт бөлімнен тұратын құрылымы тағайындалған. Осыған орай авторлар педагогтың
психологиялық тұрпатының жалпыланған формасын былайша келтіреді:
1. Əлеуметтік-психологиялық бағыттылық – оқытушының кəсіби іс-əрекетті жүзеге асыруға
тұрақты ұмтылысы, өз білімін жəне қабілетін жүзеге асыруға бағдарлануы
2. Кəсіби құзыреттілік – білім, дағды жəне қабілеттер жүйесін қамтитын маман тұлғасының
ықпалдасқан қасиеті.
Осындағы «құзыреттілік» ұғымы үшке бөлінеді: а) Педагогикалық құзыреттілік, ə)
Психологиялық құзыреттілік, б) Əлеуметтік-коммуникациялық құзыреттілік.
Əлеуметтік коммуникациялық құзыреттіліктің бірнеше қызметі кездеседі:
Əлеуметтік коммуникативтік тұрғыдан бейімделе алу,
келісімге келуге əрқашан дайын болу,
екі ұшты, тұрлаусыз жағдайларға төзе алмау,
сəтсіздіктен қашқақтау,
фрустрациялық толеранттылық.
Кəсіби-педагогикалық маңызды сапалар – оқытушының білім беру процесін тиімді жүзеге
асыруына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерін, когнитивтік сипаттарын, психикалық кейпін
ықпалдастырып күрделі психологиялық құрылым. Оған: Логикалық ойлау, шығармашылық əлеует,
эмпатия, субъективті байқау, əлеуметтік интеллект [3, 130-135б].
Жоғары мектеп оқытушыларының психологиялық сипаты, тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-
əрекетке қойылатын талаптар аясында дамуы қажет. Ал əр оқытушы – жеке дара ерекшеліктерімен
сипатталатын тұлға.
Жоғары мектеп оқытушысы – арнайы даярлығы бар жəне педагогикалық іс-əрекетпен
айналысатын кəсіби адам. Оқытушы – жалпы білім беретін əр түрлі типтердегі мектептерде
оқытушылармен оқу-тəрбие жұмысын жүргізетін маман. Оның басты міндеті – білім беру, тəрбиелеу.
Жоғары мектеп оқытушысы ұйымдастырушылық зерттеу мына нəрселерді қамтиды:
Дүниедегі ғылыми дидактикалық материалистік көзқарас,
əлеуметтік,психологиялық, педагогикалық белсенділік,
жоғары адамгершілік,қоғамдық белсенділік,
білім алушыға жəне мамандыққа деген сүйіспеншілік,
дербес білім алу мен өзін-өзі тəрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген қазіргі заманның
алдыңғы қатарлы азаматы.