Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет120/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   207

241 

 Мəдениет – адамзат  баласының  ұлт,  халық  болып  қалыптасқаннан  бергі  жинақ-таған  ұлы 

байлығы.  Бұл  шығармашылық  күштер  мен  адамның  адами  мүмкін-шіліктерінің  шарықтау  шегінің 

көрінісі. 

 Мəдениет  дегеніміз – адамның  ойлау,  өзіне  де,  айналасындағыларға  да  талдау  жасай  білу 

қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық міндеттемелерді мойнына алатын, сыншыл жанға 

айналдыратын  да – мəдениет.  Сол  арқылы  адамдар  құндылықтарды  ажыратып,  өзіне  талдау  жа-

сайды.  Мейлінше,  кең  мағынасында  алғанда,  мəдениет  қоғамды  немесе  əлеуметтік  топты,  ұлт  пен 

адамды сипаттайтын рухани жəне материалдық, интеллектуалдық жəне сезімдік айқын аңғарылатын 

белгілердің жиынтығы ретінде қарастырылуы тиіс. Кез-келген мəдениет өзіндік ерекшелігі бар жəне 

теңдесі  жоқ  қазыналардың  қоймасы  болып  табылады,  өйткені  əрбір  халық  өз  дəстүрі  мен  рухани 

бейнесі арқылы танылады. 

 Философияның  жəне  басқа  да  ғылымдардың  ең  негізгі  категориясы – мəдениет  категориясын 

қарастырамыз.  Өйткені  осы  ұғым  контекстінде  жалпы  білім  беру  мəселелерінің  адамға  тəрбие  беру 

жəне  оның  қалыптасуының  неғұрлым  адекватты  құрылымын  көреміз.  Білім  берудегі  мəдениеттану 

тұрғысына сүйенсек, жалпы білім берудегі ең негізгі атқарушы мақсаттардың бірі – жастарымыздың 

жалпы  мəдениетін  дамыту.  Ал,  осы  жалпы  мəдениетті  құрайтын  құрылым  бөлімдері:  тарихи, 

математикалық,  ақпараттық,  лингвистикалық,  экологиялық,  психологиялық,  валеологиялық, 

шығармашылық-эстетикалық  т.б.  Психологиялық  мəдениетті  тұлғаның  жалпы  мəдениетінің  бөлімі 

деп қарастырып, оның қалыптасып дамуына жəне диагностикасына білім беру жүйесінде жеткілікті 

назар аударылғаны жөн болар еді дейміз. 

 Тар  мағынада  мəдениет  адамның  түбір,  мəнді  күштерінің  дамуының  қандай  да  бір  деңгейі  деп 

тұжырымдалады.  Бұл  тұрғыда  мəдениет – жеке  адамның  өмір  салтының  қоғамдық  өмірдегі 

құндылықтар мен нормаларға – қоғам мəдениетінің идеалды бейнесіне сəйкестілігі туралы айтылады. 

Мəдениетті – өмір  стилі  немесе  өмірлік  іс-əрекет  ретінде  сипаттауға  болады.  Осындай  ұғымдағы 

мəдениет  (жалпы  мəдениет)  мінез-құлықты  ғана  емес,  сонымен  қатар  адамның  бүкіл  өмірлік  іс-

əрекетінің əмбебап рухани реттеушісі болып саналады (3, 12 б.). 

В.С.  Библер  мəдениетті  үш  контекстте  анықтайды:  қарым-қатынас,  рухани  құндылық, 

шығармашылық  іс-əрекет.  Олар  диалог  формасы,  тəуелсіз  шешім,  өмірлік  іс-əрекеттің  санадағы 

жетілуі мен жалпы жауапкершілік ретінде анықталады. 

«Тұлға  мəдениеті», «Адам  мəдениеті»  түсініктеріне  толық  жəне  жеткілікті  түрде  анықтамалар 

ғылыми əдебиеттерде өте аз мөлшерде қарастырылғанын айта кеткен жөн. 

 Біз  адам  мəдениетін  оның  үш  негізгі  бөлімін  біріктіру  арқылы  қарастырамыз:  аксиологиялық, 

процессуальды – іс-əрекеттік жəне шығармашылық. 

 Осы позицияға сəйкес жеке адамға тəн мəдениеттің нақты аспектілері, түрлері талдануы мүмкін 

(психологиялық,  экологиялық,  саяси,  құқықтық,  экономикалық,  педагогикалық,  адамгершілік, 

валеологиялық, дене тəрбиесі мəдениеті т.б). 

 Адамның  жалпы  мəдениетінің  көптеген  түрлері  бар.  Кейбір  зерттеу  жұмыстарында  жіктеу 

шарттары  бөлінбегені  туралы  қорытынды  жасасақ,  кейбір  тізбектерде  олардың  əр  түрлі  негіздерге 

сай  бөлінгенін  кездестіруге  болады.  Қазіргі  философиялық,  психологиялық,  əлеуметтану, 

педагогикалық  жəне  басқа  да  əдебиеттерде  «коммуникативті  мəдениет», «рухани  мəдениет», «дене 

тəрбиесі мəдениеті», «адамгершілік мəдениеті», «педагогикалық мəдениет» тағы басқа да түсініктер 

кеңінен  қолданылады.  Сондай-ақ  мəде-ниетті  бөлуде  феноменологиялық  тұрғы  кеңінен  таралған: 

«мінез-құлық мəдениеті», «қарым-қатынас мəдениеті», «ақыл-ой еңбек мəдениеті» т.б (1, 10-11 б.). 

 «Психологиялық  мəдениет»  психология  ғылымындағы  жаңа  ұғым.  Сондай-ақ,  ғылыми 

əдебиеттерде  сирек  қолданылады.  Əрине,  бұл  ұғым  психологиялық  болса  дағы,  əр  түрлі  ғылыми 

облыстар  аймағында  құрылады:  философия,  мəдениеттану,  əлеуметтану,  этика,  психология.  А. 

Зимняяның  айтуынша: «жалпы  мəдениет  адамның  əлемге,  өзіне  деген  қатынас  аймағындағы  негізгі 

бағыттарының  тұрақтылығымен,  жинақтылығымен  жəне  олардың  мінез-құлықта  көріну  сипатымен 

анықталады...  Ол  ішкі  мəдениетті  болжайды  (басқаларды  сыйлау,  жауапкершілік,  өзіндік  реттелу, 

т.б.)» (3, 18 б.). Біздің ойымызша, бұл «ішкі мəдениет» ұғымы, «психологиялық мəдениеттің» нақ өзі, 

яғни,  адамның  субьект,  тұлға  жəне  даралылық  ретіндегі  ішкі  психикалық  өмірінің  анықталған 

сапасы.  Сонымен, «психологиялық  мəдениет – адамның  жалпы  мəдениетінің  ядросы»  болып 

табылады (3, 19 б.). 

Нақ осы психологиялық мəдениет білім беру мекемелеріндегі кəсіби қаты-настарды реттейді. И.В. 

Дубровина бойынша, психологиялық мəдениет екі компоненттен тұрады: психологиялық білім жəне 

адамның  жалпы  мəдениеті (2, 12 б.).  Қазіргі  біздің  қоғамымызда  бірінші  компонент  өте  маңызды. 

Осы  контексте  педагогтың  психологиялық  мəдениетін  жоғарлату  сұрағы  ерекше  өзекті.  Бұл  жерде 

«педагог-психологтың» орыны қандай деген сұрақ туады? Педагог-психолог – білім беру мекемелері 



242 

ұжымына  кəсіби  психоло-гиялық  мəдениетті  алып  келетін  маман.  Маман  ретінде  педагог-

психологтар  процестің  жанама  түрде  де  жүруіне  себепші  болуы  ықтимал:  өз  əрекеттерімен,  мінез-

құлқымен, адамдарға, өмірге деген өз қатынастарымен. 

 Педагогтың психологиялық мəдениетін қалай жоғарлата аламыз? 

Бұл  сұрақ  бойынша  бірнеше  бағытты  көрсетуге  болады:  біріншіден,  білім  беру  мекеме 

жағдайларындағы неғұрлым адекватты мінез-құлық пен əлеуметтік өзара əрекетті қамтамасыз ететін 

психологиялық  білім  жəне  іскерліктердің  біраз  мөлшері  ретінде  психологиялық  сауаттылықты 

қалыптастыру. Педагогтарды адамдардың ғылыми психологиялық мəдениет білімі жүйесімен, өзінің 

ішкі  психологиялық  əлемі  жəне  тұлғалық  индивидуалды  сапалары  туралы  түсініктер  жүйесімен 

таныстыруды, əлеуметтік интеллектіні, креативтілікті дамытуды белсенді түрде жүзеге асыру қажет. 

Екіншіден,  мінез-құлық,  іс-əрекет  немесе  əлеуметтік  өзара  əрекеттің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 

психологиялық  құзіреттілікті  қалыптастыру.  Бақылаушылық,  адамдарға  зейін  аудара  білу, 

психологиялық қырағылық, өз-өзін адекватты түрде қабылдай алу, эмпатияның дамуы, эмоционалды 

тұрақтылыққа  талпыныс,  мейірімділік,  əр  түрлі  адамдармен  қарым-қатынастарды  орната  алу, 

ақпаратты адекватты қабылдай алып, бере алу. 

 Осы  екі  бағыт  бойынша  жоғарыда  көрсетілген  барлық  қасиеттерді  дамытуды  студент 

тұлғасында, яғни, болашақ педагогтардан бастап, дамытып, бегілі бір деңгейде тұрақтак қажеттілігі 

туындайды. Болашақ педагогтардың психологиялық мəдениетін дамытудың тиімді жолдарының əдіс-

тəсілдерінің  жүйесін  құру  шарт.  Психологиялық  мəдениетті  жоғарлатудың  қазіргі  уақыттағы  жəне 

өзекті формаларын өңдеп, қолдану қажет. Бұл жұмыстар жүйелі сипатқа ие болу үшін, іс-əрекет түрін 

сауатты  түрде  жүзеге  асырылу  тиіс.  Педагогтардың  психологиялық  мəдениетін  қалыптастыру 

жұмыстары ағартушылық та, сонымен қатар, коррекциялық-дамытушы сипатта да болады. 

 

Əдебиеттер 

1.  Зимняя И.А. Педагогикалық психология. – М.: «Логос М», 2005. – 365 б. 

2.  Колмогорова Л.С Диагностика психологической культуры школьников: Практ. пособие для школьн. 

психологов. – Изд-во Владос-Пресс, 2002. – 360 с. 

4.  Крупник  Е.П.,  Сизова  Т.Б.  Теоре-тические  аспекты  психологической  культуры  межличностных 

взаимо-действий // Мир психологии, 2001, № 3, 40-50 с. 

5.  Колмогорова  Л.С.  Становление  психологической  культуры  школьника // Вопросы  психологии.1999, 

№1. 83-91 с. 

 

 

Сакенова А.К. 

(Республика Казахстан, г. Астана, школа-лицей№72) 

 

ИНТЕГРИРОВАННЫЕ МЕТОДЫ ПРЕПОДАВАНИЯ «ПСИХОЛОГИЯ САМОРАЗВИТИЯ» 

В ПЕРИОД НОВООБРАЗОВАНИЯ МЛАДШЕГО ПОДРОСТКОВОГО ВОЗРАСТА 

 

Психологические  новообразования  младшего  школьного  возраста,  а  это  составляющее  среднее 



звено,представляют  собой  новый  тип  строения  личности  ребенка,  те  психические  и  социальные 

изменения, которые впервые возникают на данной ступени и которые в самом главном и основном 

определяют сознание ребенка, его отношение к среде, его внутреннюю и внешнюю жизнь, весь ход 

его развития в данный период [О.П Гредюшко, журнал « Вестник» №3]. Именно в процессе развития, 

а  не  роста,  возникает  качественно  новые  психологические  образования,  и  именно  они  составляют 

сущность каждого возрастного этапа [Выготский Л.В.1928]. 

Гуманистическая  парадигма  факультативного  курса  «Психология  саморазвития»,  введенного  в 

школе,  подразумевает  формирование  психологической  культуры  и  жизнестойкости  ученика,  его 

персональной  заинтересованности,  успешной  мотивации  и  актуализации  стремлений  данного 

возраста. 

Основная идея данного курса «Психология саморазвития»является формирования психологичес-

кого  здоровья  учащихся.Психологическое  здоровье  относится  к  личности  в  целом,  находится  в 

тесной связи с высшимипроявлениями человеческого духа [3,с.39–40]. 

 Психологическое здоровье данной периодизации –это адаптивность и личностное благополучие, 

повышение  уровня  культуры  общения,  степени  совершенства  в  области  внутренней  и  внешней 

коммуникации  через  развитие  навыков  рефлексии  последствий  своего  или  чужого  поведения, 

усвоение социальных норм взаимодействия людей. 

Теории А.Элли, К.Роджерс, Д.Снигг и А.Комбс дополняют критерии психологически здорового, 

«адекватного», «развивающегося»  человека  следующими  характеристиками:  положительная 

самооценка  и  самопринятие,  интерес  к  самому  себе,  общественный  интерес,  самоконтроль, 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау