179
көп. Оны мынадай мысалдармен көруге болады: мемлекеттiң 20-ғасырдағы үш кезеңге бөлiнетiн
даму жолы ол кеңес одағы алдындағы кезең, кеңестiк кезең, жəне пост кеңестiк.
Кеңес алдындағы кезеңде баланың құндылықтарының қалыптасуына немесе оның
интеграциясына əсер ететiн отбасы мен дiн.
Екiншi кезеңде бiлiм мен мəдениеттiң рөлi басым. Отбасы алдындағы баланы қоғамдық тəрбиелеу
орталығының ауыртпалықтарын тəрбиелеудiң отбасыдан мектепке көшуiн жариялады.
Балалар мен жастардың коммунистiк идеалдарын қалыптастыру мен насихаттауды əдебиет, сурет
өнерi, əн, кино əлеуметтiк маңызды тапсырмаларды мақсатты түрде орындауды, ал дiн сияқты
əлеуметтенудегi маңызды институттар церковтардың репрессияға ұшырауына байланысты қоғамдық
өмiрде қандайда бiр елеулi рөлiн тоқтатты.
Үшiншi Посткеңестiк кезеңде де баланың əлуметтенуiне байланысты бiлiмнiң рөлi жоғары
болады. Осылар мен қатар отбасы мен дiннiң маңызы жоғары өсе бастады. Мəдениет ролiнiң едəуiр
өзгеруi баланың тұлғасы стихиялық, аяқастылық мiнездердi иемдене бастады.
Егерде əлеуметтiк институттар өз қызметтерiн табысты орындаса, онда баланың əлеуметтену
процессi “табиғи жолмен” болады.
Бiрақта бұл процесте баланың “өзiндiк” өзiнде немесе əлеуметтiк институттарда болатын
себептер тұлғаның қалыптасуына мақсатты əсерлердi орындамауында. Мысалы, туғаннан көрмейтiн
жəне естiмейтiн немесе ақыл-ой ауытқушылығы бар балалардың əлеуметтену процесi сау балаларға
қарағанда өте қиын. Ата-анасы маскүнем балаларды керi əсерлерiн қабылдау барысында олардың
əлеметтену процесi едəуiр қиындайды. Сол немесе басқа жағдайларда балаға əлеуметтiк көмек керек
болады.
Жалпы айтқанда, жасөспірімдік кезең – өте бақытты шақ. Тұрақты эгоцентризмнің нақты қауіпі
невротизм белгісі бар жасөспірімдер де ғана байқалады. Ал мінез-құлықтың əлеуметтік нормадан
ауытқуы (кикілжіңдік, өзін-өзі сыйламаушылық, ортада адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай
алмау, мазасыздық, девиантты жəне деликвентті мінез-құлық т.б.) – əлеуметтену процесі бұзылған
немесе тұлғаның дұрыс əлеуметтенбеген жағдайларда ғана пайда болады.[3,422б] Сондықтан,
осындай жағдайдағы балаларды қиын бала ретінде емес, қайта қоғам тарапынан көмек қажет етуші
бала ретінде түсіну қажет. Баланың жан-жақты дамыған, рухани адмгершілігі мол басқаларға
сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып
қалыптасуына жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
Əдебиеттер
1.
Əтемова Қ.Т.Əлеуметтік педагогика. Оқулық. –А.,2012,-272б.
2.
Айтбаева А.Əлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құрал.-А.,2011.
3.
Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 2004. – 442 б
Жолдасова М.К.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
)
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАСЫНА
МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІҢ ƏСЕРІ
Бүгінде көгілдір экранның, бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор.
Алайда аталмыш дүние адам психологиясына, тəрбиесіне кері əсерін тигізіп жататыны жасырын
емес. Өйткені, батыстан əкелініп жатқан айқай-шуға, қатігездікке толы, мағынасын түсініп
болмайтын мультфильмдер бүлдіршіндердің санасына айтарлықтай əсер етуде. Шетелдің
мультфильмдерінде балаларды қызықтыру аясы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер
балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай.
Теледидар – уақыт өткізу құралы ғана емес, сонымен қатар маңызды тəрбие құралдарының бірі
болып табылады. Теледидардан көрілетін əр түрлі көріністер мен бағдарламалар, əсіресе балалар
көретін мультфильмдер балалардың қоршаған ортаға деген қатынасын, көзқарасын, жан-дүниесі мен
ақыл-ойын қалыптастырады.
Мамандардың пікіріне сүйінсек, балалар мен жасөспірімдер теле-аудиторияның ең белсенді
көрушілері екен. Əрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта
есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады
екен [1].
180
Шет елдік түрлі зұлымдыққа толы мультфильмдерді көру сана-сезімі толық қалыптасып
үлгермеген кіші мектеп балаларында бірнеше жағымсыз қасиеттерді туындатады.
Мультфильмнің басты кейіпкерлері басқа кейіпкерлерді аяусыз қаніпезерлікпен ұрып-соғып, тіпті
өлтіріп жатады, оның осы ашу-ызаға толы қатігез əрекеттерін егжей-тегжей көрсетеді. Мұндай
əрекеттерін бірнеше рет қайталап жатады. Мұны көріп өскен балада қаттылық, аяусыздық,
мейірімсіздік, мазасыздану қалыптасады, А. Бандур əріптестерімен бірге зерттеу барысында
теледидар арқылы көрсетілген зорлық-зомбылықты көрген баланың агрессиясы артып жаман мінез
қалыптастыратынын ХХ ғасырдың 60 жылдарының өзінде-ақ дəлелдеген, сонымен қатар мұндай
агрессиялы телебағдарламаларды ұдайы көру баланың 30 жасқа келгенде ауыр қылмыстарға баруына
себеп болады екен [2].
Мультипликациялық фильмдерге балалар ерте жастан–ақ əуес болып келеді. Олар өзіндік
дамушы, тəрбиелеуші мүмкіндіктеріне байланысты ертегіге, ойынға, кісілік тілдесуге жақын келеді.
Кейіпкерлер балаға қоршаған ортамен байланысудың сан алуан түрін көрсетіп береді. Олар баланың
бойындағы жақсылық пен зұлымдықтың, көркем жəне жаман тəртіптің алғашқы түсініктерін
ұялатады.
Мультфильмде болатын көріністер баланың көп нəрседен хабардар болуына, оның ойы мен
қиялының дамуына, дүниетанымының жетілуіне əкеледі. Заманауи мультфильмдер қазіргі өмірге
жақырын, яғни күнделікті мəселелер (ақша, экология, билікке талас, қылмыс). Шетелдік
мультфильмдердің жартысынан көбі: басталу – шарықтау – түйін, қылмыс – тергеу – жаза деген
тəртіп
бойынша
құрылады.
Шетелдік
мультфильмдердің
кейіпкерлерінің
сипаттамасы
мультипликациялық көріністер мен балалардың психологиялық қабылдауы арасындағы байланысын
көрсетеді.
Кесте 2 – Мультипликациялық көріністер мен балалардың психологиялық қабылдауына əсері
Кейіпкерлер
Ішкі жіне сыртқы факторлар
Көріністің бала психикасына тигізер əсері
Роботтар,
құбыжықтар
(покемоны)
Түсініксіз формалар, биік немесе төменгі
дауыс, үлкен көз байлайтын көздер,
адамдар жасай алмайтын нəрсені жасауға
тырысқан көптеген адамдар.
Роботтардың адам қабілеттілігімен салыстырғанда ойлауы
мен өзге де қабілеттерінің жоғары болуы, баланың ұзақ уақыт
отырып көрген сəтінде, өзіндік бағасы түсіп, адамдар
роботтан төмен деген əлемтануы өзгеріп жатады.
Кейіпкер
секілді зорлық
Айқайлар, ашуланған кейіпкерлер,
бұқаралық хаос.
Зорлық көріністері (бұқаралық соғыстар, жеке дара соғыстар),
бұл дегеніміз бала шынайы өмірінде де күнделікті көгілдір
экраннан да осындай атыс – шабыс көріністерді көруге
құмартып тұрады.
Адамдар
Басты кейіпкердің өзгелерден мықты
айырмашылықтары (Сырттай да, іштей де
өте тартымды.)
Ең басты кейіпкер қосымша кейіпкерлердің (көбіне
қарапайым халық) қасында жоғары тұрады, Сонымен қатар,
балада қоршаған ортасымен тіл-табысу қиындап кетеді.
Балалар сюжетінде соғыс, төбелес, атыс – шабыс, қылмыс, ұрлық, адам өлтіру, яғни озбыр
мінездер мен зорлықтар баланың санасына əсер ететін мульфильмдерді көп көреді. Баланың мінез –
құлқына, дамуына əсер етуші мультфильмдерге қатысты көптеген қазқарастар бар. Ресей
академиясының Ғылыми психикалық емделу орталығының клиникалық психология бөлімінің
меңгерушісі Н.Ениколопов, мультфильмдер балаға теріс əсер береді егер бала оны айнытпай салып
отырса ғана əсер ете алады дейді [3].
О.Казак, И.Гундоров, И.Медведев пікірінше, шетелдік мультфильмдерді шамадан тыс көру,
баланың психикасына кері əсер тигізеді екен, оның бойында озбырлықты, қорқынышты, дөрекілікті,
ашуланшықты туғызады, ал отандық мульфильмдер мейірімділікке, өзара көмектесушілікке,
достыққа бейімдейді [4].
Көгілдір экранның алдында өскен бала ұмытшақ, зейінсіз, жүдеу сөз қорына ие болып, болған
оқиғаны өздігінен бағала алмайтын болып өседі. Бұндай балалар өте енжар, айдаумен жүретін бала
болады. Олар өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің өмірімен өмір сүретін болады, ақиқаттан алшақ, ол
дегеніміз өз орнында баланың даму деңгейін төмендетеді.
Көрілген телебағдарламалардың, мульфильмдердің, негізгі кейіпкерлердің басты үлгілері бала
ойынының сюжетіне айналады. Қазіргі теледидар балаларға арналған каналардың сан алуан үлгісін
ұсынып жатыр. Көбіне балалар қадағалаусыз көріп отырады. Осы тұрғысындағы ғалымдардың
көзқарастары əр түрлі, мерзімді мақалаларда телевизияның мультипликациялық көрсетіліміне қатты
сындарды білдірілгені кездеседі. Ресей академиясының ғылыми психикалық емделу орталығының
клиникалық психология бөлімінің меңгерушісі Сергей Николаевич Ениколопов «Мектеп психологы»
атты журналда өз пікірін жазды, балалар бұқаралық ақапарат құралдарының кері əсеріне шалдығады,
өйткені олар ересектерге қарағанда кері нəрсені өздеріне үлгі тұтып алады [5].