Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет88/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   207

177 

 

Жиеналиев Ж.А. 

(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,  

Қазақ спорт жəне туризм академиясы) 

 

ЖАСӨСПIРIМДЕРДI МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ƏЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ  

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI 

 

Жасұрпақтың  жан-жақты  дамуын,  олардың  бойында  қоғамдық  талаптар  алдындағы 

жауапкершілігін,  білім  алуға,  ғылымға,техникаға,  өнерге  ұмтылысын,  ұлттық  дəстүрге  деген 

құштарлық  сезімін  қалыптастыру  арқылы  қоғамдық  өмірге  даярлау  мектептің  оқу – тəрбие 

процесінің басты міндеті болып табылады. 

Əлеуметтену  ұғымы  ХIХ  ғасырда  енгiзiле  бастады.  Оны  Ф.Г.Гидденсс 1887 жылы 

“əлеуметтенудiң  теориясы”  атты  еңбегiнде  алғаш  жазған.  Гидденсс; “Əлеуметтену  индивидтiң 

əлеуметтiк  табиғаты  мен  мiнез-құлқының  дамуы  адамның  əлеуметтiк  өмiрге  дайындығымен 

бақылады”.  ХХ  ғасырдың 60 жылдарына  дейiн  ғалымдар  көбiнесе  бала  жəне  жасөспiрiмдердiң 

əлеуметтенуi туралы зерттеп отырды. 

Бiрiншi  көзқарас – субъект,  объектiлi  қарым-қатынасындағы  көзқарас.  Қоғам  ықпал  ететiн 

субъект, адам ықпалданатын объект. 

Екiншi бағыты – адам қоғамда бейiмделушi. Бұл көзқарасты Э.Дюркгейм мен Парсонс енгiздi. 

Үшiншi көзқарас – субъект жəне субъект көзқарасы. Адам əлеуметтенуде белсендi рөл атқарады 

өзгертуге де мүмкiндiгi бар (Кулей Мид).[2,45б] 

Нақты  қоғам  жағыдайында – адамның  бейiмделуi  мен  оқшаулануын  айтады.  Бейiмделу – 

“субъектпен  əлеуметтiк  ортаның  өзара  белсендiлiгiнiң  процесi  жəне  нəтижесi” (Пиаже  Мертон) 

немесе  индивидтiң  əлеуметтiк  тiрi  жан  ретiнде  қалыптасуының  үрдiсi  жəне  нəтижесi. 

Əлеуметтенудегi келесi бiр ұғым – оқшаулану, бұл адамның қоғамда автономиялану прцесi. Сонымен 

оқшаулану дегенiмiз адам жеке тұлғасының қалыптасу процесi мен үлгiсi нəтижесiнде. 

Педагогика  ғылымының  əлеуметтену  деген  ұғымы  аясындағы  міндеттері  алуан  түрлі 

əлеуметтендіруші  əсерлерді  анықтау  мен  негіздеуді  жəне  оларды  мақсатты  түрдегі  педагогикалық 

ықпалға айналдыруды көздейді. Бұл жағдайда жас ұрпақты мақсатты түрде əлеуметтендірудің негізгі 

ортасы мектеп болу тиіс, өйткені отбасы немесе басқа да əлеуметтік институт жастарды осы заманғы 

өркениет қиындықтарына қабілетсіз.  

Э.Дюркейм  мектеп  педагогикасына  арналған  өзіндік  формуласын: «Əлеуметтендіре  отырып, 

даралау»  деген  оймен  түйіндеген  екен. «Индивид  қоғамға  қандай  мөлшерде  қатысты  болса,  сондай 

мөлшерде ол ойлану үстінде де, іс-əрекет үстінде де табиғи түрде өзін-өзі өсіріп, жетілдіреді» дейді 

ол. 

Тұлғаның əлеуметтік қалыптасуы – бұл процесс, оның барысында адам өзін қоғамда тұлға ретінде 



таниды. Бұл тəрбие, білім беру жəне өзін-өзі тəрбиелеу процесі де жүреді, бұл кезде адам өз бетімен 

мақсаттарды  өзі  үшін  анықтайды  жəне  оларға  қол  жеткізеді,  бұл  кезде  өзіндік  жетістік  сезімін 

түсініп, қоғамдағы өз орнында сенімді болады. Тұлғаның əлеуметтенуі – бұл оның тұрмыстағы мінез-

құлқы, оның тіл, шығармашылыққа қабілеттілігі, өз халқының мəдениетдениетін қабылдау.[3,97б] 

Бұл  процесс  мектептегі  оқу  кезінде  жүзегеасады.  Баланың  дүниетанымы  ерте  балалық  шақта, 

үлкендермен  араласу  кезінде  біртіндеп  кеңейеді,  бұл  кезеңде  оның  мінезі  қалыптаса  бастайды. 

Өмірдің  қиын  сұрақтарына  үлкендерден  таппаған  соң,  жауапты  айналадағы  ортадан  іздейді. 

Тұлғаның  əлеуметтенуіндегі  қиыншылықтар  мүгедек  балаларда,  физикалық  дефектілері  бар 

балаларда,  соқыр,  саңырау,  психикалық  ауытқушылығы  бар  балаларда  көрінеді.  Тұлғаның 

қалыптасуына  қазіргі  заманның  бұқаралық  ақпараттар  құралдары  атқарад.  Тұлғаның  қасиеттері 

отбасында,  мектепте  тəрбиеленед,  бірақ  қазіргі  заман  талабы  адамды  туыстарынан,  жақындарынан 

көршілерінен айырып алуда. Сондықтан да мектеп пен басқа əлеуметтіе педагогикалық мекемелерден 

бөлек  қызығушылықтар  бойынша  клубтар,  түрлі  орталықтарға  бірігу  бұл  мəселені  шешуге 

көмектеседі. 

Тұлғаның  қалыптасуында  əлеуметтік  педагогтың  ролі  маңызды.  Баланың  қабілетін,  білімін, 

отбасын, қоршаған ортасын зерттеп, оның дамуына қажетті жағыдай туғызады. Мұнда баламен өзара 

түсінушілік  орнатуды  басшылыққа  алу  қажет,  тек  осы  арқылы  ғана  педагог  баланы  өзін-өзі 

білімдендіруге бағыттай алады, іске, еңбекке, спортқа, шығармашылыққа, өнерге қызықтыра алады. 

Бұған  жету  үшін  əлеуметтік  педагог  тəрбиелендіруге  сəйкес  келетін  жолдарын,  формаларын  жəне 

əдістерін іздейді. 



Əлеуметтік тəрбие – тұлғаның қалыптасуы, оның əлеуметтену əлеуметік тəрбиемен байланысты. 

Əлеуметтік  тəрбие  дегеніміз  не?  Бұл  қоғамның  өзінің  өсіп  екле  жатқан  ұрпағына  деген  қамқоры. 




178 

Тəрбие берілген қоғамда қалыптасқан нормалар мен тəртіп ержелерінеадамды үйрету, дағдыландыру. 

Тұлғаның физикалық психикалық жəне əлеуметтік дамуына қоғамдық, мемлекеттік жəне жеке оқыту 

– тəрбиелік мекемелер құрылуда. 

Əлеуметтік  тəрбие  баланың  білімімен,  ағартушылығымен,  оқыту  жəне  өзін-өзі  білімдендірумен 

байланысты.  Əлеуметтік  тəрбиені  қалай  ұйымдастыруға  болады?  Бірінші  міндет  отбасында, 

мектептегі  кризистік  жағдайларда  тұлғаға  индивидуалды  көмек,  баланың  физикалық,  психикалық 

жəне əлеуметтік жағдайын, денсаулығын қалпына келтіру қажет болғанда. Оның қоғамдағы лайықты 

өмір  сүруіне  құқықтарын  қорғауды  ұйымдастыру.  Оның  денсаулығын  қорғауды  ұйымдастыру, 

сондай  ақ  əлеуметтік  физикалық,  танымдық  жəне  шығармашылық  іс-əрекетін  ұйымдастыру.  Өз 

өмірін ұйымдастыруда жасөспірімге, жігітке немесе қызға өзбетімен шешім қабылай алуға бағыттау. 

Əлеуметтік тəрбие процесін талдай отырып, педагог тұлғаның қалыптасу процесінде балаға мыналар 

əсер ететінін ескерту қажет: 

-табиғат жəне ана тілі 

-отбасындағы, мектептегі, айналадағы ортаның қарым-қатынасы 

-бұқаралық ақпарат құралдары, өнер, əдебиет 

-баланың өзінің өмір салты, оның микроортада атқаратын жоспарлары,  

 ұмтылыстары, ролі. 

Психологтар  мен  педагогтар  зерттеулерінде  əлеуметтік  тəрбиенің  негізгі  принциптері 

жасалынған: 

Табиғилық  принципі – баланың  қабілеттері  мен  басқыштарын  зерттеу  жəне  олардың  дамуына 

көмектесу. 

Халықтық принцип – ұлттық мəдениетдениетті, дəстүрлерді жəне ана тіліді ескеру. 

Гумандылық  принципі – əр  баланың  индивидуалдылығын  мойындау,  оның  физикалық,  рухани, 

эмоциялық,  əлеуметтік  құндылықтарының  дамуын,  қайрымдылығын  жəне  кризистік  жағдайларда 

қолдау.[1,272б] 



Баланың  əлеуметтенуi – өте  ұзақ  жəне  күрделi  процесс.  Кез-келген  қоғам  өзiнiң  даму 

кезеңдерiнде  белгiлi  бiр  əлеуметтiк  жəне  өнегелiк  құндылықтарды,  өзiндiк  идалдарды,  жүрiс  тұрыс 

нормалары  жəне  ережелерi  жүйесiн  дамытады.  Өйткенi  əрбiр  бала  осы  нормалар  мен  ережелердi 

қабылдап меңгеру арқылы қоғамның белгiлi бар мүшесi бола алады. Ол үшiн қоғам сол немесе басқа 

түрде əр қашанда тұлғаға тəрбие жəне бiлм беру арқылы жүзеге асырып мақсатты түрде əсер етедi. 

Басқа  жағынан  қарағанда  оның  қалыптасуына  қоршаған  өмiрде  болып  жатқан  əр  түрлi  стихиялық 

жəне аяқастылық процестер əсер етедi. Сондықтанда мұндай мақсатты  жəне стихиялық əсер етулер 

əр  қашанда  қрғамның  қызығушылықтарына  жауап  бермейдi.  Қоғам  өзiнiң  құрылымы  бойынша  əр 

жақты өзара байланысты жəне өзара əрекеттенушi əлеуметтiк институттардан тұрады. Олар арқылы 

баланың  қоғамдағы  жүрiс-тұрысын,  нормаларымен  ережелерiн  меңгеру  процесi  жүредi.  Дегенмен 

баланың  əлеуметтенуiндегi  əр  түрлi  əлеуметтiк  институттардың  рөлдерi  бiрдей  емес.  Бұлардың  бiрi 

балаға  оның  даму  процестерiнде  жəне  əлеуметтiк  қалыптасуына  стихиялық  əсер  етсе,  басқалары 

оның тұлға болып қалыптасуына мақсатты бағытталған функциясын орындайды. Мұндай əлеуметтiк 

институттарға отбасы, бiлiм беру, мəдениет жəне дiн жатады.  

Баланың  əлеуметтенуiндегi  ең  маңызды  институт – отбасы.  Отбасы  арқылы  бала  негiзгi 

əлеуметтiк бiлiмдi, бiлiк пен дағдыларды меңгередi жəне осы қоғамдағы өмiрге керектi құндылықтар 

мен идалдарды (мақсаттар) қабылдайды.  

Баланың əлеуметтенуi үшiн келесi бiр маңызды институт – бiлiм. Бiлiм арқылы бала сол қоғамда 

үстемдiк  жасайтын  негiзгi  құндылықтарға  қатысады.  Бiлiм  алу  процесiнде  ол  тек  дамып  қана 

қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы өмiрге бейiмделедi. 

Мəдениет – бұл  өзiне,  адамзат  жасаған  материалдық  жəне  рухани  құндылықтарды  кiргiзетiн 

əлеуметтiк институт. Баланың əлеуметтенудегi мəдениеттiң рөлiн айта отырып, бiз əйгiлi ғалым, орыс 

дiн  философиясының  зерттеушiсi  П.А.  Флоренскийдiң  сөзiне  сүйенемiз  оның  айтуы  бойынша: 

мəдениет бұл “тұлғаны қоректендiретiн жəне өсiретiн орта”, бұл мағынада мəдениет баланың дамуы 

мен қалыптасу процесiне қалай əсер ететiнiн бағалау өте қиын: əдебиет, музыка, көркем-өнер, БАҚ 

жəне т.б. 

Дiн – əлеуметтiк  институт  ретiнде  күрделi  қоғамдық  құбылыс.  Шiркеулерде  айтылатын  өмiрлiк 

құндылықтар  (жақындарына  деген  махаббат  пен  қамқорлық,  шыншылдық,  шыдамдылық  жəне  т.б.) 

дiни  мерекелер  мен  салт-дəстүрлер,  дiни  əндер  жəне  тағы  басқалар  баланың  қоғамдағы  рухани 

нормалары  жүрiс  тұрыс  ережелерiн  меңгеруге  үлкен  əсерiн  тигiзедi.  Сондықтан  да  балаға  оның 

əлеуметтенуiнде маңызды рөл алуы мүмкiн. 

Жасөспірімдердің  əлеуметтенуінің  əр  түрлi  əлеуметтiк  институттардың  мəнi  тарихи  өзгерiп 

отырады. Қоғам дамуының əр сатыларында сол немесе басқа институттардың маңызы бiрде аз бiрде 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау