Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет46/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129

 
92 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
Қазақтардың  этникалық  аумағының  біртұтастығын  мойындау  өзінің  соңынан  оларға 
мемлекеттік өмірдің қандайда бір салаларында ерекше артықшылықтар мен басымдықтар беруді 
ілестірмейді. Қазақ тілін мойындау қазақ ұлтының ғана артықшылығы болып табылмайды.  
Мемлекеттік  тіл  -  мемлекеттің  ажырамас  бір  белгісі  және  де  қазақтарға  ерекше 
жауапкершілік  жүктейді  және  мемлекеттің  қызмет  істеуі  үшін  қажет.  Қазақстан 
Республикасының  зандары  ұлттық  және  нәсілдік  тегінен  тәуелді  азаматтардың  құқықтарын 
шектеуге тыйым салатын конституцияға сәйкес дамиды. Осының дәлеліне мемлекеттік өмірдің 
негізгі үш саласын реттейтін зандарға жүгінейік.  
Азаматтық  кодекс  азаматтық  заңдар  олар  реттейтін  қатынастардың  қатысушыларының 
теңдігін  мойындауға,  кімнің  де  болмасын  жеке  істерге  өз  бетімен  килігуіне  жол 
берілмейтіндікке,  азаматтық  кұқықтарды  кедергісіз  жүзеге  асыру,  оларды  соттық  қорғау 
қажеттілігіне  негізделеді  деп  белгілейді.  Заңдар  белгілеген  азаматтық  құкықтар  мемлекеттік 
басқару  органдарының,  жергілікті  өкілдік  және  атқарушы  органдардың  актілерімен,  соның 
ішінде ұлттык тегінен тәуелді шектеле алмайды. Ондай актілер жарамсыз болып табылады және 
қолданылуға тиіс емес.  
Экономикалық кеңістіктің біртұтастығы. Қазақстан мемлекетінің біртұтас экономикалық 
кеңістігін  қалыптастырудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мәселе  қоғам  экономикасының  ішкі, 
сондай-ақ  сыртқы  аспектілері  болуында.  Кез  келген  мемлекет  елдің  ішіндегі  экономиканы 
дамыту  үшін  жағдайлар  жасауға  ұмтылады.  Осындай  мақсатқа  қол  жеткізудің  шешуші 
жағдайларының бірі басқа елдермен экономикалық қарым-қатынастарды кеңінен дамыту болып 
табылады.  
Осылай  болғандықтан  экономикалық  кеңістіктің  біртұтастығы  келесі  жағдайларда 
мүмкін болады:  
а)  мемлекеттің  отанды  қөндірушілерді  қолдауы,  яғни,  мемлекеттік  экономика  саласын 
дамыту мен Казақстан Республикасы азаматтарының кәсіпкерлік қызметін қолдау;  
ә) шетелдік инвестиция үшін қолайлы жағдайлар жасау;  
б)  мемлекеттік  кәсіпорындардың,  сондай-ақ  жеке  ұлттык  өндірушілердің  де  сыртқы 
экономикалық  қызметін  қамтамасыздандыру  [2,  88].  Экономикалык  кеңістіктің  біртүтастығын 
сақтаудың негізгі тірегі құқықтык қүралдар болып табылады. Аталған жағдайларды азаматтық 
зандар жасайды. Бұл тұрғыдан алғанда Казакстан Республикасының азаматтық кодексінің келесі 
қағидасы  негіз  қалаушы  болып  табылады:  шетелдік  жеке  және  занды  тұлғалар,  сондай-ақ 
азаматтығы  жоқ  тұлғалар  егер  заңдық  актілер  өзгеше  көздемеген  болса  азаматтык  зандар 
Казақстан  Республикасының  азаматтары  мен  заңды  тұлғалары  үшін  көздеген  құқықтар  алуға 
құқылы және міндеттер орындауға міндетті. 
Мәдени  кеңістіктің  біртұтастығы.  Ол  казақ  халқының  мәдениетінің  басты  негізі 
Қазақстанның  аумағында  дамығандығын  білдіреді.  Мұндай  процестің  дәл  осы  аумақта  жүруі 
біріншіден,  қазақ  ұлттық  мәдениеті  ғасырлар  бойы  осында  қалыптасқандығынан.  Екіншіден, 
этникалық  өзегі  қазақ  ұлты  болып  табылатын  Қазақстан  мемлекеті  қазақтың  ұлттық 
мәдениетінің дамуына кепіл болады. 
Мемлекет  казақ  мәдениетініңдамуына  қолайлы  белгілі  бір  ұйымдастырушылық-
құқықтық жағдайлар жасайды. Сонымен бірге Қазақстанның аумағы онда тұрып жатқан барлық 
ұлттық  топтардың  мәдениетін  дамыту  кеңістігі  болып  табылады.  Бұл  жерде  аталмыш 
процестіңөзіндік ерекшелігі бар, ол төменде берілді. Әр ұлттық топтың мәдениетінің үш ықти-
мал даму көзі бар:  
а) Қазақстанда өмір сүрген кездегі жинақталған ұлттық мәдени даму тәжірибесі;  
ә)  шыққан  елінің  халқы  мәдениетінің  әсері.  Қазақстан  аумағында  тұрып  жатқан  кез 
келген ұлттық топ үшін табиғи және тартымды болып табылатыны соңғы дерек. Мемлекеттің әз 
қызметінде осы объективті факторды есепке алуы және байырғы ұлттык мәдениет жетіс-тіктерін 
қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасауы үлттық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз 
ету үшін өте маңызды негіздердің бірі болып табылады.  
Осы  мақсатқа  қол  жеткізудің  жолдарының  бірі    -  мемлекетаралық  келісімдер  жасасу. 
Сонымен  катар  әр  мәдениетте  қуатты  идеологиялық  өзектілік  бар  екенін  естен  шығаруға 


 
 
93 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
болмайды.  Әр  ұлттық  топ  сырттан  ұлттық  мәдениет  ықпалына  түскендіктен  ол  Қазақстанның 
біртұтас мәдени кеңістігінің шектерінен тыс шығады.  
Осының  нәтижесінде  ұлттық  топтардың  мәдениетіне  қажетсіз  идеоло-гиялық 
элементтердің енуіне мүмкіншілік туады. Ал бұл ұлтаралық келісімге қатер төндіреді. Қатер тек 
аталған  көздерден  ғана  туындамауы  мүмкін.  Қазіргі  акпараттық  революция  жағ-дайларында 
олар  үшін  аумақтық  мемлекеттік  кеңістіктер  кедергі  болып  табылмайтын  бұқаралық  ақпарат 
құралдарын  теріс  ни-етте  пайдалану  Қазақстан  халқының  мәдениеті  үшін  катер  кезі  болып 
табылады.  
Мемлекеттік  билік  органдары  жүйесінің  біртұтастығы.  Кез  келген  мемлекетте 
мемлекеттік  билік  органдары  біртұтас  жүйе  болып  табылады.  Мемлекеттік  билік  органдары 
жүйесінің осындай біртұтастығы біртұтас мемлекетке де, федеративтік мемлекетке де тән. Бірақ 
біртұтас  мемлекеттің  мемлекеттік  билік  органдары  жүйесінің  біртұтастығының  біртұтас 
қатынастардан туындайтын өзіндік ерекшеліктері бар.  
Біртұтас  қатынастар  -  бұл  жоғары  және  жергілікті  мемлекеттік  билік  органдарының 
арасында қалыптасатын ерекше мемлекеттік-құқықтық қатынастар. Демек, біртұтас қатынастар 
туралы иерархия принципі бойынша құрылатын мемлекеттік органдар жүйесіне қатысты айтуға 
болады.  Біртұтас  мемлекеттер  өзінің  құрамына  ерекше  мәртебеге  ие  субъектілерді 
(автономиялық  құрылымдар)  қоса  алады.  Осындай  мемлекеттердің  аумақтағы  өзіндік 
ерекшеліктері бола тұрып, солай болса да біртұтас мемлекеттің негізгі нышандары болады.  
Біздің  міндетімізге  олардың  ерекшеліктерін  карастыру  кірмейді.  Біз  Қазақстан 
мемлекетіндегі  біртұтас  қатынастарды  қарастырамыз  Қазақстан  мемлекетіндегі  біртұтас 
қатынастардың өзіндік көріністері бар және олар жоғары мемлекеттік билік органдарының да, 
сондай-ақ  жергілікті  мемлекеттік  билік  органдарының  арасында  да  қалыптасады.  Демек, 
горизонталдық,  сондай-ақ  вертикальдық  біртұтас  мемлекеттік-құқықтық  қатынастар  туралы 
айтуға  болады.  Заң  әдебиеттерінде  федеративтік  қатынастар  проблемасы  жеткілікті 
қарастырылған.  
Бұл  негізінен  федеративтік  мемлекеттерде  көпті-азды  дербестігі,  белгілі  бір  дәрежеде 
егеменді құқықтары бар субъектілердің болуымен, және сол себепті федералдық органдар мен 
федерация  субъектілерінің  арасында  түрлі  тектегі  федеративтік  қатынастар  туындайтынымен 
түсіндіріледі. Алайда біртұтас мемлекет проблемасы қарастырылмаған. 
С.Н.  Бабуриннің  «Мемлекет  аумағы  құқықтық  және  геосаяси  проблемалар»  кітабында 
біртұтас  мемлекетте  мәселелерді  реттеу  жалпы  қарастырылады  [37,128].  Біртұтас 
мемлекеттердің конституциялары мемлекеттердің біртұтастығы мен бұзылмастығын, сондай-ақ 
аумақтық  тұтастықты  арнайы  ескеретініне  назар  аударылады.  Автордың  пікірі  бойынша 
мемлекет  ішіндегі  реттеудің  аумақтық  қыры  біртұтас  мемлекетте  бәрінен  бұрын  зандардың 
кеңістіктік  әрекеті  нысанында,  сондай-ақ  мемлекет  органдарының  осы  мемлекет  кеңістігінде 
қызмет  етуінен  көрінеді.  Келтірілген  түйіндер  анықтығымен  ерекшеленбейді  және  біртұтас 
мемлекеттің  ерекшеліктерін  көрсетпейді.  Федеративтік  мемлекетте  де,  біртұтас  мемлекетте  де 
заң кеңістікте әрекет етеді, бұл даусыз да.  
Мәселе  біртұтас  мемлекетте  біртұтас,  «орталықтандырылған»  зандардың,  ал 
федеративтік  мемлекетте  федералдық  зандар  мен  федерация-ның  егеменді  және  автономдық 
бөліктерініц заңдары болады. Осы себепті федералдық заңдар бүкіл мемлекеттің кецістігінде, ал 
егеменді  немесе  автономдық  құрылымдардың  заңдары  тек  солардың  аумағында  әрекет  етеді. 
Біртұтас  мемлекет  органдарының  осы  мемлекет  кеңістігінде  қызмет  етуі  туралы  С.Н. 
Бабуринның сөзі анық емес [2, 89].  
Федеративтік  мемлекеттің  органдары  да  осы  мемлекет  аумағында  қызмет  етеді  ғой. 
Біртұтас  мемлекетті  кейде  «қарапайым»  мемлекет  деп  атайды,  демек  мемлекеттік  органдар 
арасындағы  қатынастар  да  қарапайым  деп  саналатын  тәрізді.  Сондықтан  біртұтас  қатынастар 
ерекше  зерттеулердіц  мәні  бола  қоймады.  Ал  негізінде  біртұтас  қатынастар  қарапайымға 
жатпайды, ал олар күрделі сипатқа ие.  
Біздің  пікірімізше,  біртұтас  қатынастардың  күрделілігі  олардыц  тек  бір  жүйе  болып 
табылатын жоғары тұрған және төменгі тұрған мемлекеттік билік органдарының арасында ғана 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау