108
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші
қызметінің денсаулық сақтау қызметін атқарады делінген [1].
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу
қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-
дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық,
танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді. Балалармен
жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында ауытқу
байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс
жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу
негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру
жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді
қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты
жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең
дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды
әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі
шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді. Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын
және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық
шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және
оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады. Ата-аналардың мектепке дейінгі бала
тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді.
Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты
және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.
Тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін
қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген
жандар жақсы түсінеді. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп
еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет.
Тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып
жатады. Тәрбиеші балабақшадағы баланы жақсылыққа тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді
тәрбие беруге жауапты.
Тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары:
мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту – қазақстандық білім беру жүйесін өзгертудің
негізгі бөлігі болып табылады.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мектепке
дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс-тәжірибесінің қалыптасып, кәсіби шеберлігінің
шыңдалуына байланысты болмақ.
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басының дамуын қамтамасыз етуші,
маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын істердің үлгісі, бала қиялын
самғатып, арманын көкке ұмсындырушы басты тұлаға тәрбиеші. Бала тәрбиесінде тәрбиеші
жан–жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет
ғұрыппен, салт - сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым- қатынастар түрлерін кәсіби түрде
меңгеруі тиіс, осы кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең
басты негізі болып табылады. Педагогтің кәсіби біліктілігі өз кезегінде оның жеке
педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған әрбір маманның жеке мәдени деңгейі,
адамгершілігі, таным түсінігі, тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі т.б жатады. Олар
жаңалықтың жаршысы ретінде оқытудың тәсілдерін, озық тәжірибелерін сараптап, үнемі
шығармашылық ізденіс үстінде болуы талап етіледі. Тәрбиешілердің рухани адамгершілік
қасиеттері, психологиясы, кәсіби даярлығы, қарым-қатынас мәдениеті қай кезеңде болсын
білім саласының алғы шарты ретінде бағаланады. Осыған сәйкес мамандарды қайта даярлау,
біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе. Ол үшін тәрбиеші педагогтардың
кәсіби біліктілігін арттыруда олардың кәсіби даярлығын, шеберлігін, педагогтардың кәсіби
құзіреттілігін, мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету көзделеді. Мамандардың кәсіби
109
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
қалыптасуы, бағыт-бағдар алуы, балабақша өміріне бейімделуі мен машықтануы және
педагогикалық интелект, қызметтің жеке өзіндік стилі, кәсіби шеберлігінің шыңдалуы мен
еңбекке шығармашылық қабілеттері, ынта-ықыластарының арта түсуіне байланысты болмақ.
Ынтымақтастық педагогикасы негізінде тәрбие екі жақтан: отбасы және
балабақшаның бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Білім беру реформасын жүзеге
асырудағы негізгі тұлға педагог болып табылады. Мемлекеттің педагог мамандарға
бағдарланған әлеуметтік тапсырысы ең алдымен, балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз
бетімен жауапты шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына
жанашырлықпен қарайтын жоғары құзыретті адамдарды қалыптастыруды көздейді.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жоғары білімді, сауатты,
мәдениетті, оқытудың жаңа түрлерімен қаруланған, кәсіби қалыптасқан, педагогикалық
шеберлігі ұшталған, рухани дүниесі бай, жаңалыққа, шығармашылыққа құмар болуы қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі жастағы балалардың дамып-жетілуіне
жағдай жасау, білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі
жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Қазақстан Республикасының жалпыға
білім беру стандартында бес білім беру салалары (денсаулық, қатынас, шығармашылық,
таным, әлеуметтік орта) болса, оларда да бес білім беру бағыттары (тіл, қоршаған орта,
әлеуметтік қатынас, денсаулық, сезім білдіру) көрсетілген.
Балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Қоғамда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім
кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
М.Жұмабаев: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына
лайық қылып шығару керек»-деген. Бұл даналық ой бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін
айқындайды. Бала заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. «Балаға шын дұрыс тәрбие беру
үшін тәрбиешінің өз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болуы ғана жетпейді екен. Бұлар
бірбеткей, шикі тәжірибелер, бұлар сыннан өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола
алмайды. Бұлардың арасынан жақсы, жаманын, алтын мен мысын теріп ала білу үшін тәрбие
майданында шабылып ысылған тарландардың тәжірибеларімен, түрлі ұлттан түрлі заманда
шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие турасы дұрыс жолға түсу үшін
тәрбие фәнімен, «педагогикамен жақсы таныс болу керек», - дейді ғалым [2].
Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із
қалдырады. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне пікір білдіріп, қоғамдық ойдың тамызығы
болған алғашқы басылымдарға имене тұрып тұңғыш өлең-жырларын, көкейде жүрген
арманды ойлары мен тілектерін ұсынған, оқыған алғашқы қарлығаштар – сауатты қазақ
қыздары еді. Бұл қатарда: Н.Құлжанова, М.Бегалиева, т.б.
Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалауда Н.Құлжанованың еңбегі ерекше, оның
педагогикалық ойлы пікірлерінің медицина ілімімен сабақтасуы оның нағыз ғалымдылығын
дәлелдейді [3]. Оның «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Баланың аурулары», «Баланың күтімі»,
т.б еңбектері бүгінгі күнде бала тәрбиесінде маңызын жойған жоқ. Жалпы балабақшаның
алғаш дүниеге келуі шет елдерде ағылшын педагогы Р.Оуэннің (1771-1858) есімімен
байланысты. Ол 1802 жылы пролетариат балабақшаларына қоғамдық тәрбие беретін мектеп–
балабақша ашып, «қоғамдық тәрбие ғана жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруға
мүмкіндік береді» деп тұжырымдаған. Кейіннен неміс педагогы Ф. Фребель 1837 жылы
мектепке дейінгі мекеме ұйымдастырып, оны «балабақша» деп атаған. Осындай шетелдік
тәжірибелердің негізінде Ресейде XIX ғасырдың алпысыншы жылдары төлем ақылы жеке
адамның меншігіндегі ең алғашқы балабақшалар дүниеге келе бастаған [4].
Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен
ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы,
еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар
айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі
Достарыңызбен бөлісу: |