Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет45/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   129

 
90 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
Ключевые  слова:  единое  государство,  исторические  и  правовые  условия,  единая 
национальная правовая система, единый гражданский, единый этнический совет. 
From  this  point  of  view,  the  historical  truth  and  the  principle  of  creation  of  the  state  of 
Kazakhstan as one state are regarded. 
Key  words:  the  single  state,  the  historical  and  the  right  terms,  the  unique  national  right 
system, the single citizen, the single ethnic council. 
 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  1993  жылы    қабылданған  Конституция  Қазақ 
Ұлттық  мемлекеттілігін  анықтады.1995  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы  Қазақстандық  біртұтастықтың  негізін  анықтады.  Аталмыш  Конституцияда 
мемлекеттің унитарлық құрылымының негізгі принциптері айқындалады: 
аумақтық тұтастық және оның бірлігі; 
мемлекеттік билік органдар жүйесінің бірлігі; 
ішкі және сыртқы Егемендіктің бірлігі; 
жоғарғы  мемлекеттік  билік  органдары  мен  жергілікті  мемлекеттік  билік 
органдарының арақатынасы мен құзіреті; 
тұтас Конституциялық заңдылық;  
біртұтас ұлттық құқықтық жүйе; 
біртұтас азаматтық 
Қазақстанның  аумақтық  тұтастығы  тарихи  түрде  қалыптасты.Ол  белгілі  бір  тарихи 
фактілерге  негізделген,  сондықтанда  Қазақстан  аумағындағы    мемлекеттіліктің    құрылуының 
«кездейсоқ»  болғандағы  туралы  пікірлер    көрінеу  екендігі  анық.  Аумақтық  тұтастықты 
төмендегідей 4 аспектіде қарастырған жөн: 
Біртұтас саяси және құқықтық  кеңестік ретінде; 
Біртұтас этникалық кеңестік ретінде (Ұлттық); 
Біртұтас экономикалық кеңестік ретінде; 
Біртұтас мәдени кеңестік  ретінде. 
Біртұтас  саяси  және  құқықтық  кеңестік  ретінде  қарастыру  біріншіден  Қазақстан 
республикасының  аумағына  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  билік    органдарының  билігі 
жүретінінен  көрінеді.  Мемлекеттің  атынан  тек  Қазақстан  Республикасының  Президенті, 
Парламенті  билік  жүргізуге  құқылы.  Президенттің,  Парламенттің  нормативті  құқықтық 
актілерінің  күші  Қазақстанның  бүкіл  аумағына  таралады,  олар  барлық  мемлекеттік  органдар, 
лауазымды  тұлғалар,  азаматтар,  шетелдіктер  үшін  міндетті  болып  табылады.  Осыны  бүкіл 
мемлекет масштабында ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыратын және актілері оның 
бүкіл аумағында міндетті болып табылатын  үкімет туралы да айтуға болады.  
Екіншіден,тұтас 
саяси 
және 
құқықтық 
кеңестік 
Қазақстан 
Республикасы 
конституциясының  үстемділігінен  көрінеді.  Ол  алдымен  Республикада  конституциялық 
құрылысты бекітуден көрінеді. Конституцияның үстемділігі дегеніміз барлық жоғарғыларынан 
бастап  жергілікті  органдарға  дейін  бүкіл  аумақта    мемлекеттік  органдардың  қызметі  оның 
принциптерімен,  нормаларымен  үйлестірілуге  тиіс  болуы.  Конституцияның  үстемділігі 
аумақтық тұтастықты, біртұтас құрылыс нысанын, президенттік билік жүйесін қамтамасыз етеді.  
Үшіншіден, тұтас саяси және құқықтық кеңестік Қазақстан азаматтары құратын барлық 
саяси  партиялар,  қоғамдық,  діни  бірлестіктер  тең  құқықтар  мен  заңдық  мүмкіншіліктерді 
пайдалана отырып өз қызметін Қазақстанның бүкіл аумағында жүзеге асыра алатынын білдіреді. 
Олардың үйымдастырылуы мен  қызметіне мемлекеттің біртұтас құрылыс нысаны сипат береді, 
себебі,  олар  аймақтық  принципте  құрылып,  аймақтық  мүдделер  білдірмейді  олар  ұлттық 
принципте құрылады. Төртіншіден, Қазақстан Республикасының саяси және құқықтық кеңістігі 
басқа мемлекеттердің саяси және кұқықтық құбылыстарын қабыл алмайды [1, 78].  
Қазақстан  Республикасының  аумағында  баска  мемлекеттердің  органдары  қызметін 
жүзеге  асыра  алмайды,  сондай-ақ  шетелдік  мемлекеттердің  нормативтік  құқықтық  актілерінің 
күші жоқ. Осы жалпы ережеден шегіністер болуы мүмкін.  


 
 
91 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Біртұтас  саяси  кеңістік  камтамасыз  ету  қажеттілігіне  орай  Республикада  басқа 
мемлекеттердің  саяси  партиялары  мен  кәсіптік  одақтарының,  діни  негіздегі  партиялардың 
қызметіне,  сондай-ақ  саяси  партиялар  мен  кәсіптік  одақтарды  шетелдік  занды  тұлғалар  мен 
азаматтардың  шет  мемлекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың  қаржыландыруына  жол 
берілмейді. Алайда Конституция бұл мәселеде саяси және құқықтық кеңістік идеясын табанды 
түрде  жүргізеді  деп  санауға  болмайды.  Ол  Қазақстан  Республикасының  аумағында  шетелдік 
діни бірлестіктердін Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардын 
Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік 
органдарымен  келісу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Қазақстан  аумағын  қазақ  ұлтымен  қатар 
көптеген ұлттық топтар мекендейді.  
Олардың  Қазақстан  аумағына  қоныстану  тарихы  жақсы  танымал.  Қазақстанның 
полиэтникалық  сипаты  туралы  айта  отырып,  осы  аумакты  ежелден  мекендейтін  және  барлық 
халықаралық құқық канондары бойынша оның тұрғылықты, негізгі халқы деп саналатын қазак 
ұлтын ерекше айтқан жөн.  
Қазақстаннын аумағы қазақтарға арналған этникалық кеңістік болып табылады, ейткені 
осы  кеңістікте  өзінің  барлық  ұлттық  саяси,  экономикалык,  мәдени,  әлеуметтік  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  заңдық  негізі  бар.  Басқаша  айтқанда,  қазақтардың  дәл  осы  аумақта  ұлттық 
өзін-өзі  тану  туралы  мәселені  қоюға  және  өзін-өзі  сақтау,  даму  мен  өркендеуі  үшін  қажетті 
толык көлемде іс жүзіне асыруға ұмтылуға тарихи негізі бар. Бұл әбден дұрыс, себебі, қазақтар 
Қазақстанның аумағында қалыптасты және этнос, ерекше қазақ ұлты ретінде өмір сүреді.  
Міне  осы  себепті  де  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  егеменді  Қазақстан 
мемлекеті  ежелгі  қазақ  жерінде  пайда  болғанын  мойындайды.  Сонымен  бірге,  аталғанның 
барлығы  Қазақстанның  аумағы  тек  біртұтас  этникалық  кеңістік,  яғни,  онда  тұруға  тек 
казақтардың  құқығы  бар  кеністік  болып  табылады  деп  есептеуге  негіз  бермейді.  Қазақстан 
мемлекеті тек қазақтардың ғана мемлекеті дегенді білдірмейді. Барлык дерлік мемлекеттер оның 
аумағында  баяғыдан  мекендейтін  бір  этностың  атын  иеленеді.  Көптеген  мемлекеттерде  жеке 
ұлттык топтар тұрады.  
Егер  бұл  топтар  өздері  өмір  сүретін  мемлекеттің  азаматтары  болса,  онда  олардың  да 
тұрғылықты  ұлттардыкіндей  құқықтары  бар.  Сонымен  бірге,  аумаққа  катысты  бір  мәселе  бар. 
Бұл  кандайда  бір  ұлттықтоп  шоғырланып  тұрып  жатқан  аумақтың  ерекше  мәртебесі  туралы 
мәселе  қоюдың  құқыққа  сәйкестілігі.  Қазақстанның  жағдайларында  мәселені  осылай  қою 
құқыққа тарихи тұрғыдан сәйкессіз.  
Қазіргі Қазақстан аумағын ежелден бері қазақтың ата-бабала-ры қоныстанды, қазақ ұлты 
осында  калыптасты.  Бұл  аумақ  қазақтардың  саяси,  экономикалық,  мәдени,  тіршілік  кеңістігі 
болып  табылып  келді,  мұны  баска  мемлекеттер  занды  түрде  және  іс  жүзінде  мойындады. 
Мәселені  аталған  мағынада  қою  саяси  тұрғыдан  құқыққа  сәйкессіз.  ХVІII-ХІХ  ғасырларда 
күштеп  жойылған  қазақ  мемлекеттілігі  XX  ғасырдың  басында  жаңа  идеологиялық  негізде  дәл 
осы аумақта қайтадан пайда болды, қазак атауымен автономия, содан кейін одақтық республика 
құрылды. Бұл тарихи әділ процес ешкімге де күмән туғызған жоқ.  
Егер осы мәселеге мәдени тұрғыдан қарасақ, осы қазақ халқының өте бай материалдық 
және рухани мәдениеті оның иесі - қазақ ұлтымен бірге дәл осы орасан зор аумақтық кеңістікте 
калыптасты  және  дамыды.  Қазақ  тілінің  бірегейлігі  мысал  үшін,  қандайда  бір  жергілікті 
өзгешеліктерінің жоқты-ғынан керінеді. Бір-бірінен үш мың шақырым қашықтықта өмір сүретін 
қазақтар біртілде сөйлейді, ортақ дәстүрлері мен ғұрып-тары және т.б. бар. Аталған объективті 
факторлар болғандықтан қазақтардың этникалық аумағының біртұтастығына қарсы бағытталған 
кез келген тұжырымдар, пікірлер құқыққа сәйкес болып таныла алмайды.  
Осындай  сипаттағы  «ғылыми»  ізденістер  тарихи  шындыққа  сәйкес  келмейді, 
саясаткерлердің  осындай  пікірлермен  бой  көрсетуі  популистік  сипатқа  ие,  ал  тіпті  болмаса 
мемлекеттер  арасында  өшпенділікті  қоздыруға  бағытталған.  Сондай-ақ  мемлекеттердің, 
халықтардың арасында өшпенділік ұялататын публицистік шығармалар да бар. 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау