90
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Ключевые слова: единое государство, исторические и правовые условия, единая
национальная правовая система, единый гражданский, единый этнический совет.
From this point of view, the historical truth and the principle of creation of the state of
Kazakhstan as one state are regarded.
Key words: the single state, the historical and the right terms, the unique national right
system, the single citizen, the single ethnic council.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, 1993 жылы қабылданған Конституция Қазақ
Ұлттық мемлекеттілігін анықтады.1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы Қазақстандық біртұтастықтың негізін анықтады. Аталмыш Конституцияда
мемлекеттің унитарлық құрылымының негізгі принциптері айқындалады:
аумақтық тұтастық және оның бірлігі;
мемлекеттік билік органдар жүйесінің бірлігі;
ішкі және сыртқы Егемендіктің бірлігі;
жоғарғы мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік билік
органдарының арақатынасы мен құзіреті;
тұтас Конституциялық заңдылық;
біртұтас ұлттық құқықтық жүйе;
біртұтас азаматтық
Қазақстанның аумақтық тұтастығы тарихи түрде қалыптасты.Ол белгілі бір тарихи
фактілерге негізделген, сондықтанда Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің құрылуының
«кездейсоқ» болғандағы туралы пікірлер көрінеу екендігі анық. Аумақтық тұтастықты
төмендегідей 4 аспектіде қарастырған жөн:
Біртұтас саяси және құқықтық кеңестік ретінде;
Біртұтас этникалық кеңестік ретінде (Ұлттық);
Біртұтас экономикалық кеңестік ретінде;
Біртұтас мәдени кеңестік ретінде.
Біртұтас саяси және құқықтық кеңестік ретінде қарастыру біріншіден Қазақстан
республикасының аумағына Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының билігі
жүретінінен көрінеді. Мемлекеттің атынан тек Қазақстан Республикасының Президенті,
Парламенті билік жүргізуге құқылы. Президенттің, Парламенттің нормативті құқықтық
актілерінің күші Қазақстанның бүкіл аумағына таралады, олар барлық мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар, азаматтар, шетелдіктер үшін міндетті болып табылады. Осыны бүкіл
мемлекет масштабында ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыратын және актілері оның
бүкіл аумағында міндетті болып табылатын үкімет туралы да айтуға болады.
Екіншіден,тұтас
саяси
және
құқықтық
кеңестік
Қазақстан
Республикасы
конституциясының үстемділігінен көрінеді. Ол алдымен Республикада конституциялық
құрылысты бекітуден көрінеді. Конституцияның үстемділігі дегеніміз барлық жоғарғыларынан
бастап жергілікті органдарға дейін бүкіл аумақта мемлекеттік органдардың қызметі оның
принциптерімен, нормаларымен үйлестірілуге тиіс болуы. Конституцияның үстемділігі
аумақтық тұтастықты, біртұтас құрылыс нысанын, президенттік билік жүйесін қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, тұтас саяси және құқықтық кеңестік Қазақстан азаматтары құратын барлық
саяси партиялар, қоғамдық, діни бірлестіктер тең құқықтар мен заңдық мүмкіншіліктерді
пайдалана отырып өз қызметін Қазақстанның бүкіл аумағында жүзеге асыра алатынын білдіреді.
Олардың үйымдастырылуы мен қызметіне мемлекеттің біртұтас құрылыс нысаны сипат береді,
себебі, олар аймақтық принципте құрылып, аймақтық мүдделер білдірмейді олар ұлттық
принципте құрылады. Төртіншіден, Қазақстан Республикасының саяси және құқықтық кеңістігі
басқа мемлекеттердің саяси және кұқықтық құбылыстарын қабыл алмайды [1, 78].
Қазақстан Республикасының аумағында баска мемлекеттердің органдары қызметін
жүзеге асыра алмайды, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінің
күші жоқ. Осы жалпы ережеден шегіністер болуы мүмкін.