56
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы
азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан
Республикасының Конституциясында толық жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «ең қымбат – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп белгіленген. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік
беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп
танылған. Одан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің
мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген. Адамның және азаматтың өз
құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық
имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ) [1].
Конституциясының II бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен
міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне,
ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына, тағы басқа да белгілеріне қарамастан
құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Азаматтық
құқық пен бостандыққа, саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық және әлеуметтік
құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда
жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық
заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды.
Сонымен қатар, табиғи ажырамас адам құқығы идеялары Ж.Ж. Руссоның, Г.
Гроцияның, Д. Локктың, Ш.Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті.
«Заң, жалпы айтқанда, - деп жазды Ш.Монтескье, - адам ақыл-ойы, өйткені ол жер
бетіндегі бар халықтарды басқарады, ал әр халықтың саяси және азаматтық заңдары осы
ақыл-ойға қосымша жекелеген оқиғалар ретінде ғана болуы тиіс...» [3, 255]. Д. Локктың
айтқаны: «Адам, бұрын дәлелдегендей, толық бостандық пен табиғи заңның барлық
құқықтары мен артықшылықтарын барлық басқа адамдар сияқты шексіз пайдалануға құқылы
болып туады» [4, 155].
Мемлекеттің басты байлығы адам деп негізге алынғандықтан да Конституцияның
құқық қорғаудағы күш-қуаты өте жоғары болады. Қабылданған заң актілерінің барлығы
дерлік осы қағиданы ұстанып, осы ережеден бастау алатынын мақтанышпен айтуға болады.
1995 жылғы Конституция ең алдымен, Қазақстан қоғамының ерікті нормативі
негізінде жүзеге асырылған елдің егемендігі мен мемлекеттік биліктің бірыңғай организмі,
адам және азаматтың құқығы мен бостандығының тұтас жүйесі мен Қазақстан қоғамының
болашаққа бастаған өз жолы. Оның конституциялық негіздемелері мен нормаларының
бірлігі құрамында бір мезгілде обьективті және оң құқықтарды ұстай отырып, Қазақстан
Республикасының барлық территориясында Конституция мен оның жоғарғы заңдылық
күшінің тура әркет етуін көрсетуімен олардың синтезін күшейте түседі.
Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында
орнықтырылған
құқықтық
мәртебесі
адамдар
мен
азаматтардың
құқықтары
тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі
қағидаларынан туындайды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне
сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен
бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына
қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз
алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең
дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін
алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының
денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім
алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең
жоғары құндылық деп таниды.
57
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
Ата Заңның басты мақсаты – адам құқығын қорғау десек, аса маңызды бұл міндетті
қамтамасыз
ету
Конституцияның
13-бабында
«әркім
өзінің
құқықтары
мен
бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» [1] – деп көрсетілген.
Конституциялық ереженің мұндай ерекшелігін барлық адам бағалай білуі керек. Бұл
құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен елімізді одан әрі дамыту барысында күшті де
тәуелсіз сот билігін қалыптастырды. Оған шынайы негіз қалайтын және азаматтық қоғам мен
мемлекет арасындағы үйлесімдікке бірден-бір кепілдік беруді азаматтардың конституциялық
құқығын қорғаудың басты құралы болып табылады. Дәлірек айтсам, мемлекет адам құқығын
қорғау функциясын орындаудағы еліміздегі қоғамдық құрылыстың арқауы – азаматтардың
негізгі ұстанымы еркіндік пен бостандығын заңдылықпен сенімді түрде қорғай білуді
басшылыққа алып, бүгінде өзіне жүктелген бұл функцияны тыңғылықты атқаруда.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен бостандығына қатысты сот қорғауының
тиімділігін арттыруда конституциялық құқық ережелерін бұдан әрі де бұлжытпай жүзеге
асыра беруі қажет [5, 125].
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық
құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа
қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге
тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады» [1]. Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар
көзі болып табылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген II тарауының
мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы
айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,
міндеттер атқарады» [1]. Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң
тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы»
ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам.
Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған,
абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық
Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен
бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген.
Қазақстан Республикасының конституциялық даму тәжірибесі көрсеткендей,
қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық режим ретінде конституциялық заңдылық өзінің
қалыптасу кезеңінде тұр және Конституцияның нақты қолданылуы нығайған сайын, ол
елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, азаматтық келісімді қамтамасыз ететін билік
институттары мен мекемелері жүйесінде ерекше мәртебеге ие болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 жылы қабылданған //
«Параграф» ақпараттық жүйесі.
2. Мальцев Г.Н. Конституционные права человека. –М., 2014. -233 с.
3. ASEAN and evolving power relations in East Asia: strategies and constraints
Author(s): Yoshimatsu, Hidetaka. Source: CONTEMPORARY POLITICS Volume: 18
Issue: 4 Pages: 400-415 DOI: 10.1080/13569775.2012.728030 Published: 2016.
4. The Prospects of Economic Reform in North Korea: Comparisons with China, Vietnam
and Yugoslavia. Author(s): Szalontai, Balazs; Choi, Changyong. Source: EUROPE-ASIA
STUDIES Volume: 64 Issue: 2 Pages: 227-246 DOI: 10.1080/09668136.2011.642584
Published: 2015.
5. Аманбаев А. На защите конституционных прав и свобод граждан.// Заң және
Заман. №5, 2017. –Б.45.
Достарыңызбен бөлісу: |