56
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы
азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан
Республикасының Конституциясында толық жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «ең қымбат – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп белгіленген. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік
беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп
танылған. Одан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің
мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген. Адамның және азаматтың өз
құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық
имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ) [1].
Конституциясының II бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен
міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне,
ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына, тағы басқа да белгілеріне қарамастан
құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Азаматтық
құқық пен бостандыққа, саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық және әлеуметтік
құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда
жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық
заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды.
Сонымен қатар, табиғи ажырамас адам құқығы идеялары Ж.Ж. Руссоның, Г.
Гроцияның, Д. Локктың, Ш.Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті.
«Заң, жалпы айтқанда, - деп жазды Ш.Монтескье, - адам ақыл-ойы, өйткені ол жер
бетіндегі бар халықтарды басқарады, ал әр халықтың саяси және азаматтық заңдары осы
ақыл-ойға қосымша жекелеген оқиғалар ретінде ғана болуы тиіс...» [3, 255]. Д. Локктың
айтқаны: «Адам, бұрын дәлелдегендей, толық бостандық пен табиғи заңның барлық
құқықтары мен артықшылықтарын барлық басқа адамдар сияқты
шексіз пайдалануға құқылы
болып туады» [4, 155].
Мемлекеттің басты байлығы адам деп негізге алынғандықтан да Конституцияның
құқық қорғаудағы күш-қуаты өте жоғары болады. Қабылданған заң актілерінің барлығы
дерлік осы
қағиданы ұстанып, осы ережеден бастау алатынын мақтанышпен айтуға болады.
1995 жылғы Конституция ең алдымен, Қазақстан қоғамының ерікті нормативі
негізінде жүзеге асырылған елдің егемендігі мен мемлекеттік биліктің бірыңғай организмі,
адам және азаматтың құқығы мен бостандығының тұтас жүйесі мен Қазақстан қоғамының
болашаққа бастаған өз жолы. Оның конституциялық негіздемелері мен нормаларының
бірлігі құрамында бір мезгілде обьективті және оң құқықтарды ұстай отырып, Қазақстан
Республикасының барлық территориясында Конституция мен оның жоғарғы заңдылық
күшінің тура әркет етуін көрсетуімен олардың синтезін күшейте түседі.
Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында
орнықтырылған
құқықтық
мәртебесі
адамдар
мен
азаматтардың
құқықтары
тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі
қағидаларынан туындайды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне
сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен
бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына
қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз
алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең
дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін
алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының
денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім
алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең
жоғары құндылық деп таниды.