48
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті
аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы
тиіс. Бүгінгі таңда құқықтық пәндерді оқытуда теориялық білімге көбірек көңіл бөлінеді. Бұл
жағдай біріншіден, білім беру мекемелеріндегі техникалық базаның әлі де болса
жеткіліксіздігінде, яғни, тәжірибелік сабақтарды IP-технологияларды қолдана отырып
өткізуге тиісті дәрежеде құрал-жабдықтар мен тиісті программалармен қамтамасыз етілмеуі;
екіншіден, оқытушылардың интерактивті әдістерді қолдануына қызығушылартарының
төмендігі болып отыр. Сабақты интерактивті әдістерді қолдана отырып өткізу үшін және
оның дайындығына жүйелі сабақты өткізу әдісімен салыстырғанда кем дегенде 3-4 есе уақыт
көп кетеді. Дегенменде студенттердің шеберлігін арттыруда аталаған әдістің берер көмегі
мол. Интерактивті әдіс кезінде:
- сабақ үстінде білім алушылар мен оқытушылар арасында тығыз қарым-қатынас
орнайды;
- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін
табуға тырысқан кезде қалыптасады;
- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны
маңызды болады. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім
алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара
қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда студенттердің бұған дейін алған өмірлік
тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен
қарым-қатынасқа түседі:
1) оқытушымен (сұраққа жауап берген кезде);
2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3) шағын топтармен (топпен жұмыс істеген кезде);
4) белгілі бір топпен, аудиториямен (сауалнама алғанда);
5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.) [6, 105].
Интерактивті әдістің ерекшелігі – студент өзгелермен араласу барысында ашыла
түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің
негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады.
Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1) олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол
ашады;
2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;
3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын
пайдалана алады;
4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады.
Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін
қолдану болып табылады. Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-
өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.
Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен студент пен оқытушының қарым-қатынасы тікелей
жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық
әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала
болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара
әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін –
ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактивтік оқыту
технологиясы деп, нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық,
интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну
ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас
құруға кепілдік беретін, оқытушы мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде
ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Қарастырылып отырған әдістер жан жақты болып
табылады және ол тек құқықтық пәндер емес, сонымен қатар гуманитарлық пәндерге де
49
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
қолдануға болады. Мұнда мынадай оқыту әдістерінің екі блогы қарастырылған: - Бірінші
блок. Мұнда мынадай әдістер қолданылады: миға шабуыл, топтық дискуссия (алдын ала
белгіленген ереже бойынша мәселені ұжым болып шешу), нақты тәжірибелік жағдайларды
талдау (тәжірибелік мәселені дұрыс шешімін табу мақсатында талдау), іскерлік ойын, рөлдік
ойындар, және т.б. [6, 104]; - Екінші блок – бұл оқу процесінде жаңа ақпараттық
технологиялар мен интернет – ресурстарды қолдану болып табылады. Осы аталғандарға
тоқталып өтейік. Топтық жұмыс - бұл әлі де болса тиісті дәрежеде дамымаған. Бұл, мұндай
жұмыстарды өткізуге алдын ала дайындық жұмыстарына, оның қорытындысы мен
уақытының сәйкестендіруге уақыттының көп жұмсалатындығымен байланыстырылады.
Бірақ, мұндай сабақ түрлері студенттердің қызығушылығын арттыра түсіп, сол қаралатын
тақырып бойынша материалдарды есте сақтау қабілеті жақсы қалыптасады. Топтық
жұмыстар тек қана сабақты өткізуге дайындалу мен баға беруге көп уақыт жұмсаумен
шектелмейді, сонымен қатар, тапсырманы нақты қоюмен ұштасады. Сонымен қатар, шағын
оқытулар ұйымдастыруға болады: студент берілген тапсырманы орындайды, ал басқалары
оқытушымен бірге сол тапсырманың дұрыс шешу жолдарын қарастырады. Әдістің екінші
блогы - бұл оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар мен интернет – ресурстарды
қолдану болып табылады. Оларға: интернет желісінде орналастырылған ғылыми, оқу -
әдістемелік, анықтамалық, нормативтік құқықтық актілер, сонымен қатар, электронды
мерзімдік басылымдар, электронды кітапхана, мәліметтер жиынтығы, ақпараттық ресурстар,
ресми сайттар жатқызуға болады. Мысалы: www.egov.kz, www.stat.kz, www.zakon.kz,
www.kazneb.kz; http://lib.kazsu.kz, www.wikipedia.kz және т.б. Интернет ресурстардың
көмегімен оқытудың жаңа әдістері туындауда: яғни ол дистанционды оқыту жүйесі,
интерактивті режимде оқу, микро оқулар. Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы
- тұлғаның қызығушылығын туғызады; - әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін
кеңейтеді; - әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады; - оқу материалдарын тиімді меңгеруге
бейімдейді; - тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; - тұлғаның пікірлері мен қарым-
қатынастарын қалыптастырады; - мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі [7, 56].
Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды,
білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір
жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру
жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. –Алматы,
2009. -263 б.
2. Әбдіғұлова Б.Қ. Қазақстан тарихы сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін
пайдаланудың әдістемелік жолдары. -Алматы, 2012. -93 б.
3. Қозғамбаева Г.Б. Тарихты оқыту әдістемесі. –Шымкент: Нұрлы бейне
баспаханасы, 2008, -204 б.
4. Молдағалиев Б., Махимова А. Сатқанова Г. Интерактивті оқыту әдістері.
//Қазақстан мектебі -2006, №9.-15-17бб.
5. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
10.01.2018 ж.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» // http://www.akorda.kz/kz
6. Асанбекова Г.С., Мухтарова А.К. Интерактивные методы обучения: методическое
пособие. -Алматы: ТОО «Сиид Мастер Принт», 2005. -266 с.
7. Мирсеитова С. Успехи и вызовы активных методов обучения. –Алматы:
Издательство «Маркет», 2005. -236 с.
Достарыңызбен бөлісу: |