Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет23/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129

 
46 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
оны бірнеше топтарға бөлген. Мысалы: П.Г. Гора оларды: көрнекілік әдісі, ауызша баяндау 
әдісі,  практикалық  оқыту  әдісі  деп,  ал  әдістемелік  тәсілдерді:  тарихи  факті  туралы  әсерлі 
түсінік  қалыптастыру  тәсілі,  оқушылардың  есінде  фактілер,  даталар,  бекіту 
тәсілдері, 
материалды игеру мен қалыптастыру тәсілдері деп қарастырады [3, 103].
 
Ал  кейін  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдері  туралы,  оларды  сабақта  пайдалану  жолдары, 
дәріс және семинар сабақтарына қойылатын дидактикалық және әдістемелік талаптар туралы 
танымал  әдіскерлер:  Н.Г.Дайри,  А.Г.Колосков,  Ф.П.Коровкин,   Л.Н.  Алексашкина, 
Г.В.Клокова, М.Т.Студеникин және тағы басқалары еңбектер жазды. 
Замнауи  талаптарға  сай  соңғы  жылдары  ақпараттық  технологиялардың  білім  беру 
үрдісінде  кең  құлаш  жаюы  мен  жаһандану  заманында  оқыту  әдісі  мен  тәсілдері  едәуір 
өзгерістерге  ұшырап,  жаңашыл  әдістер  көптеп  қолданылуда.  Дәстүрлі  «білім  беру»  өз 
мақсаты  мен  мағынасын  нақты  белгіленген  білім  жиынтығын  игерумен  шектейді.  Ал 
инновациялық көзқарас оқу (үйренудің) негізін тек пәндер ғана емес, ойлау мен рефлексияға 
негізделген  интербелсенді  әдістер  құрауы  керек  деп  түсінеді.  Интербелсенді  әдістер 
педагогикалық  тәсілдердің  өзгеруіне  алып  келіп,  білім  алушылардың  өздік  және  өзіндік 
дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға 
жетелейді. 
Дәріс  сабағын  оқытуда  қолданылатын  әдістерге  әңгімелеу  әдісі,түсіндіру  әдісі, 
баяндау әдісі, әңгімелесу әдісі, проблемалық баяндау әдісі және тағы басқалар жатады. Тарих 
пәнінен дәріс сабағында оқиғалармен құбылыстарды оқытып үйрететін болғандықтан, оның 
әрбір  кезекті  сабағы  өткен  және  алдағы  сабақтың  мазмұны  мен  уақыты  жағынан   тығыз 
байланысып  жатады.  Жалпы  жоғары  оқу  орындарында  «Универ  жүйесіндегі»   алдын-ала  
оқу  жүктемесі  негізінде  бөлінген  пән  бойынша  ОӘК-ні,  яғни   сол  пәнінің  дәріс,  семинар, 
студенттің  өзіндік  жұмыс,  тест  тапсырмалары,  емтихан,  реферат  тақырыптары,  пәнге 
байланысты  барлық  материалдары  сайдқа  салынып,  онымен  топ  студенттерінің  әрбірі 
пайдалана  алады.  Мысалы,  Қазақстан  Республикасының  мемлекет  және  құқық  тарихы  пәні 
бойынша  барлық  материалдармен  таныс  студент  дәріс  сабағында,  оқытушының  баяндау, 
әңгімелеу  әдістері  арқылы  олардың  пәнге  деген  қызығушылығын  тудырмауы  мүмкін, 
сондықтан  оны  белсенді,  қызықты  өту  үшін  оқытушы  дәстүрлі  емес  әдістерді:  топқа  бөлу, 
тақырыпқа  байланысты  өзекті  сұрақтар  қою,  пікірталас  әдістерін  қоса  қолданса 
аудиторияның  барлығы  толық  қамтылып,  оқытушы  мен  студент,  студент  пен  студент 
арасында  қатынас  болып,  әрбір  студент  өз  ойын  толық  жеткізе  алады,  бір-бірімен  пікір 
таластыра  алады.  Сонда  ғана  дәріс  сабағы   қарым-қатынас  үрдісіне  негізделген  оқыту  - 
интерактивті  әдістер  арқылы  студенттің  белсенділігін  арттырып,  сабаққа  қызығушылығы 
мен  өз  бетінше  ізденушілігі  арқасында  жаңа  дереккөздерімен  жұмыс  жасауға  және  оның 
белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты  шығармашылық  жұмыс  жасауына  жол  ашады.  Ал 
проблемалық  баяндауда  аудиторияға  проблемалық  ситуация  жасау  арқылы,  проблемалық 
сұрақтар  мен  тапсырмалар  қою,  танымдық  тапсырмалар  беру  және  оған  студенттің  жауап 
беруге  немесе  шешуге  (әрекет  жасауы)  тырысуы  жатады.  Бұл  арқылы  студенттердің 
танымдық-шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  ықпал  жасап,  проблемалық  ситуацияда 
игерген білімі мен біліктің нәтижесінде ол жаңа әдістерді немесе жаңаны іздеуге, талпыныс 
жасайды. 
Дәріс сабағында оқыту үрдісі тиімді болу үшін 3 жақты қарым-қатынас болуы керек, 
олар:  ақпараттық  (ақпараттың  берілу  және  сақталуы),  интерактивті  (біріккен  іс-әрекетте 
өзара  әсердің  ұйымдастырылуы),  перцентивті  оқыту  (адамның  басқа  адамды  қабылдауы 
және түсінуі). 
Интербелсенді  дәріс  сабағында   оқытудың  интерактивтік   тәсілдеріне:  ашық 
сұрақтарды  қою  іскерлігі  (біріккен  дұрыс  жауапқа  алдын-ала  бағытталған  жауапта  емес, 
мәселе бойынша әр-түрлі көзқарастарды айтуы); оқытушы дәріс беріп қана қоймай сонымен 
бірге  студенттерге  сабақ  барысында  «дұрыс»  және  «дұрыс  емес»  көзқарастарын  батыл, 
қорқынышсыз  айтуларына  мүмкіндік  беретін  бейтарап   ретінде  анықтауы,  сабақтың  қалай 
және неге жүзеге асатының түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай 


 
 
47 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
жерде  өзара  әрекеттесу  «тоқырап»  қалды,  бұл  қандай  жағдаймен  байланысты  болады; 
сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу 
болып  табылады.  Дәріс  сабағында  теориялық  білімді  игерту  мен  жаңғырту  және  жаңа 
жағдайға  іс  жүзінде   лайықтап  қолдануға  үйреткенде  ғана  студенттердің  алған  білімі  мен 
біліктілігі  шынайы  да  нақтылы  қалыптасады.  Осындай  жолмен  қалыптасқан  білім  мен 
біліктіліктің танымдық маңызы да зор деген ойдамыз. 
Жоғары оқу орындарында интербелсенді семинар (практикалық) сабағын өтуде оқыту 
әдістерінің  интерактивті   түрлерін  пайдалануға  болады.  Интерактивті  оқыту  әдістерінің 
түрлері:  топтармен  жұмыс,  пікірталас  талас,  тізбектеу  әдісі,  кубизм  әдісі;  «Сократтық 
ойындар»,  ойындық  жобалау;  ми  шабуылы,  дөңгелек  үстел,  конференция  сабақ  және  тағы 
басқалар  жатады  [4,  17].  Көрсетілген   интерактивті  әдістердің  кейбірінің  семинар 
(практикалық)  сабақта  қолданылуына  тоқталып  өтсек.  Интербелсенді  семинар  сабағында 
интерактивті  оқыту  әдістерін  қолданудың  негізгі  мақсаты  оқытылып  отырған  курстағы 
мәселелерді  студенттердің  меңгеру  денгейін,  олардың  ұстанымдары  қаншалықты  нық 
екендігін  анықтау  және  бүгінгі  күндегі  күрделі,  өзекті  мәселелерді  талдауға,  өзіндік  пікір 
айтуға, іздене білу қабілеттерін шындау болып табылады. 
Сонымен интербелсенді семинар сабағында оқытушы интерактивті әдістерді қолдану 
арқылы  студенттің  еркін  ойлануына,  ақыл-ойын  дамыуға,  шығармашылық  белсенділігін 
арттыруға,  ұжымдық  іс-әрекетке,  тіл  байлығын  жетілдіруге,  жан-жақты  ізденушілігін 
арттыруға  жағдай  жасайды.  Ал  оқытушы  үшін  тиімділігі,  ол  түрлі  әдістерді  пайдалану 
арқылы  сабақтың   мәнін  терең  ашуға,  аудиторияны  толық  қамтуға,  әр  студенттің  білім 
деңгейін  анықтауға,  оларды  ізденіске,  шығармашылыққа,   өз  бетінше  жұмыс  істеуге  және 
барлығын  бағалауға  болады.  Интербелсенді  әдістер   білім  алушылардың  өздік  және  өзіндік 
дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға 
жетелейді. 
Елбасы, Н.Ә.Назарбаев: «…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры 
болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - 
бүгінгі  жас  ұрпақ,  сіздердің  еншілеріңіз…  Ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  -  ұстаздардың 
қолында»  [5]  деп,   атап  көрсеткендей,  бүгінгі  ұстаздар  қауымы  алдында  үлкен  міндет 
жүктелгенін байқаймыз. Егер, өткен  уақыттарда таным процесін біз  «білім беру»,  «оқыту», 
«үйрету»  деп  түсінсек,  бүгінгі  уақытта  бұл  түсініктерді  «білім  алу/игеру»,  «оқу»,  «үйрену» 
деп өзгерту керек. Мұндай ұстаным бүгінгі күні әлемде жүріп жатқан жоғары оқу жүйесінде 
Балон үдерісінің идеяларын толық қамтып, өзінің мазмұнын осы үдеріспен байланыстыруы 
ЖОО-ның жұмыстарына елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. 
 Білім  беру  саласының  барлық  жағына  жаңаша  көзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас 
(жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге 
көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда. Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік 
білім,  білік,  дағдылардың  белгілі  жиынтығын  меңгеруге  ғана  бағытталып,  олардың  жеке 
басының  дамуына,  тұлға  ретінде  қалыптасуына  көңіл  бөліп  отыр.  Республикамызда  білім 
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазіргі білім 
беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты 
маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  оқытушының  интеллектуалдық, 
кәсіптік  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбеттің 
қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үдерісін  тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық  қабілеттерін 
және  танымдық  үрдістерді:  яғни,  жадының  алуан  түрлерін  –  есту,  көру,  қимыл  және  т.б. 
ойлауды,  ынтаны,  қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар 
арқылы  дамытуға,  сондай-ақ  тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-өзі  өзектілендіру,  өзін-өзі  бекіту, 
қарым-қатынас,  ойын,  танымдық  және  шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға, 
белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы.  
Интерактивті оқытудың басты мақсаты  – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, 
жауап  таба  білуге  үйрету.  Еліміз  дамудың  демократикалық  жолын  таңдап  алған  қазіргі 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау