Ақтөбе облысы Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы



жүктеу 116,66 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі116,66 Kb.
#3505

Ақтөбе облысы Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы

Учитель начальных классов Бабатайской средней школы Темирского района Актюбинской области Акимгалиева Акарыс Кадировна
Тақырыбы: С. Оспанов Сегізінші наурыз күні.

Мақсаты. 1. Оқушылардың өлеңнің мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқу қабілетін арттыру.

2. Ой – өрістерін дамыту, тілдік, сөздік қорларын байыту, мәнерлеп оқуға үйрету. Шығармашылық ойын, танымдық қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке, әдептілікке, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі. Жаңа сабақ

Әдісі. Баяндау, ой түйіндеу, шығармашылық тапсырмалар орындау.

Көрнекіліктер. үн таспа, мақал – мәтелдер, слайд.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Зейінін сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық.

1слайд

1дегенім- жаман баға, алады оны жаман бала.

2дегенім - нашар баға, інішегім нашарлама.

3дегенім – орта баға, сапасы да орта ғана.

4дегенім – жақсы баға, алады оны жақсы бала.

5дегенім- үздік баға, оқимыз тек үздік қана



Үй тапсырмасы.

Үйге берілген « Көртышқан» мәтінінің мазмұнын сұрап, қосымша сұрақтар қою арқылы бағалау.



2слайд

  1. Көртышқан қандай жағдайға ұшырады?

  2. Көртышқанға қандай ақыл кеңес берер едің?

  3. Мәтінде қандай табиғат құбылысы туралы айтылған?

Жаңа сабақ

1.Қызығушылығын ояту.

Көктем мезгілі жайлы әңгімелеп, оның айларын атау. Наурыз айына тоқталу. Наурыз айындағы мерекелі күндерді, соның ішінде 8 наурыз мерекесі жайлы әңгімелеу.

3-слайд.Сөз жұмбақ шешу.


  1. 10 - 8 = 2 қандай амал

  2. Далада жүр шапқылап

Керемет тым сақ құлақ

Тек есектен басқа да

Оған ұқсар жоқ құлақ


  1. Қасиетті тағам

(Ерекше жазуды оқу.)









А

з

а

й

т

у

қ

о

я

Н



















н

А

н





4-слайд Суреттер көрсету.

Оқулық пен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқу.



Сұрақтар мен тапсырмалар.

8 – наурыз қандай мейрам?

Сіздер өз аналарыңа қандай сый – құрмет көрсетесіңдер?

Мәтінді талдау.

5- слайд
Жылы сөзі

Мейірім толы көзі


Еркелете сөйлеуі

балаға жүрек жылуы

баласын ерекше нәзік сезімі

жақсы көруі

бесік әлдйі түн ұйқысын төрт бөлуі




Ой толғаныс.

Ана кім? Оқушылардың ойын тыңдау.



6-слайд Оқушылар ойын толықтыру.

аяулы жан қамқоршы

пана ақылшы

дос Ана мейірімді жан

ұстаз жарық өмір сйлаушы

Шығармашылық жұмыс.

Өлең құрастыру.

Ақ сүт берген аяулы-----------

---------------------данасын

--------------------панасын

------------------------баласын

------------------------анашым

7-слайд Сабақты қортындылау.

Бала жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейді?

Дүнйедегі ең қымбат адам кім?

Ана неден қымбат?

Сен дүниеге кім болып келесің?
адам

Жан саналы адам

тіршілік иесі

Ананың аялы алақанына, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін жалпақ дүниеден де үлкен. Анаға деген махаббат қай күннен басталады?

(құндақта жатқан кезде)

Ананың жолы басқа. Бұл – ананың өмір жолы басқа деген сөз. Яғни ол бәрінен ерекше ешкімге ұқсамайды. Ол бізге өмір сыйлады, сондықтан өмірде ананың орны бөлек. Ананы ешкіммен теңестіре алмаймыз. Ана – құдірет иесі.

8-слайд

Ана – жүрек, жүректі құрметте

Ана – тірек, тіректі құрметте

Ана – шыңның, шыңына сағынып жет,

Ана – күнің, күніңе табынып өт.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Сегізінші наурыз күні өлеңін жаттау. Ана туралы мақал – мәтелдер жазып келу.



Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Мақсаты: 1. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.

2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

3. Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8- ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.

1.слайд І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»

Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз 2- слайд. «Днеі саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.

Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?

Әрине, Денсаулық.



3-слайд

Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.

Денсаулық дұрыс тамақтану.

Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

Денсаулық таза ауада көбірек жүру.

Денсаулық тазалық сақтау.

Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Көрніс.

Қоян.

Ой, тісім қақсап барады

Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім.

Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты

Қоянға не болған?

Қоян жылама, жылама.



Қасқыр.

Не болды жасырма, айтшы өзің

Неліктен ісінген бас – көзің

Қоян.

Енді не істеймін

Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.

Қасқыр.

Онда дәрігер шақырайық

Дәрігер дәрімен емдейді

Ауырса адамды, аңды да емдейді

Кәдімгі мейірімді дәрігер

Шақырсақ қалай келмейді.



Дәрігер.

Кәне аузыңды аш көрейін

Кәмпит жесең көбірек

Тісің жүрер мазалап

Не жесең де күніне

Екі рет жу тазалап

Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін

Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.



Мұғалім.

  • Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?

Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.

Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.



Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?

( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)

Адам денсаулығына қас.

( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)

Слайд арқылы көрсету.



5-слайд

ақша машина



Байлық

мал үй


тазалық Денсаулық тамақ

денені шынықтыру

Денсаулық болса бәрі болады тазалық , дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

Тазалық денсаулық кепілі

Шынықсаң - шымыр боласын

Оқушы. Шығу үшін шымыр боп

Шынығамыз шаршамай

Бұлшық еттер шымыр боп

Аламыз сосын тыныс жай



Оқушы. Жалқаулықты тастаймыз

Жаттығуды бастаймыз

Қиынсынып қашпаймыз

Шынығамыз жастай біз



Оқушы. Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан



Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір

Сағаттыңтіліндей

Иіліп солға бір

Сағатқа қарап ап

Жаттығу оңай ақ

Қақпаға туралап

Теп допты оң аяқ

Теп допты сол аяқ

Жаттығу, сол аяқ

Жаттыға оңай – ақ


Ал балалар, бір ауық

Әріп сырын ұғайық

А дегенде отырып

Б дегенде тұрайық

А-Б, А – Б, А – Б.

Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды



6слайд. «Ас адамның арқауы»

Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.



(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)

Сұрақтар.

1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?



(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)

2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?



(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)

Оқушы.Тойып ішсен қаншама

Ауырасын соншама

Асқазанды бүлдірсең

Жазылмас қанша күн жүресің.

Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа.

Оқушы.Денсаулықтың дауасы

Даланың ауасы.

Көк өзен, күмбез тау.

Ну орман ағашы.



Жұмбақтар шешу.

  1. Одан кір қорқады

Судан бұл қорқады. (сабын)

  1. Дәміде жоқ, түсіде жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. (су)

  1. Жуынып болғанда

Жүреді қолында. (орамал)

  1. Түйістіреді көзіңді көзіңе

Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)

  1. Қалтамда жатыр

Тістері бар батыр. (тарақ)
Бәтеңкесін, полтосын

Өзі кие білмейді

Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді

Балалардан шетпейді

Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге

Үсті басы кірлейді

Бұл баланы кім дейді? (салақ)

Мақал – мәтелдер

(Оқушылар денсаулық туралы мақал – мәтелдер айтады)



«Кел ойнайық» Сөзден сөз шығару «Денсаулық»

Қортынды

  1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?

(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)

  1. Адам не үшін жуынады?

  2. Тазалықтың достары мен қастарын ата?

Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.
жүктеу 116,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау