5-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз
Мұны білгеніңіз жөн!
Дәрісханада тыңдармандармен ешқашан да жоғары үнмен сөйлеспеу. /Мәселен, «Бұның не екенін сіздер білмейсіздер, сол себептен де сіздерге түсіндіруге мәжбүрмін» деген тұрғыдағы сөйлемдерді мүлдем қолданбау. Мұның орнына «Бәріміз білетіндей...» деген тіркестерді қолданған абзал/;
Өзіндік біліміңізбен жоғарғыларға әсер қалдыруға ұмтылмау. Себебі шешім қабылдау үшін, ең керегі жай ақпарат қана. Өзіңіздің әрбір сөйлеген тұсыңызда «диссертация қорғаудың» қажеті жоқ;
Тыңдаушылардың бірін ренжітіп аларлықтай терминдерді, иллюстрацияларды не мысалдарды қолданбау.
Аудиторияны жандандырамын, қозғалысқа келтіремін деп тақырыпқа қатысы жоқ қызықты оқиғаларды айтпау. Айтар әңгімеңіздің негізгі тақырыпқа тікелей қатысы болу керек;
Күлкілі оқиғаларды айтпау. Тыңдаушылардың көңіл көтеруге емес, бір нәрсе білуге келгені аян. Бірақ та бұл тұсаукесердің ұйымдастырылуы жағынан тиімді, тыңдауға жағымды болмасын деген сөз емес, керісінше, тап солай болуға тиіс;
Егер ретін келтіре алмасаңыз, мүлдем әзілдемеу. Әзілдесу ретін екінің бірі біле бермейтінін ескергейсіз;
Тыңдаушылардың бірін ренжітіп аламын деп ойласаңыз күлкілі оқиға не анекдот айтпау, иллюстрациялар қолдануды кейінге қалдыру.
Қысқасы, бәрін де дұрыс түсінгейсіз. Біздіңше, жоғарыда айтылған кеңестерді ескергенде ғана белгілі бір дәрісханада алдына шығып сөз сөйлеуде табысқа қол жеткізеріміз даусыз.
Назар аударыңыз!
Сұрау белгісі
№
|
Қойылатын орын
|
Мысалы
|
1
|
Сұраулы сөйлемнен кейін
|
Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады?
|
2
|
Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаңа алынып қойылады
|
«...Пысық деген ат (?) шықты» - деген тармақ 1909 жылғы кітапта
«...Пысық деген ант шықты», - деп жарияланған.
|
Нүктелі үтір
№
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады.
|
Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет-ғұрыптық қағидалар қамтылған: 1. Мүлік заңы; 2. Қылмыс заңы т.б.
|
2
|
Өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына
|
Ұл мен қыздың қылығы –
Тілі анық шыққанша;
Мергендіктің қызығы –
Көздеген аңын жыққанша;
|
3
|
Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін
|
Майе. араб. 1. ағатын, сұйық; 2.сұйықтық;
Парсы. 1. сұйық, ағатын; 2. сұйықтық;
|
Жазылым
6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Сөйлеуге... бастамас бұрын, аудиторияны...... өте маңызды.
2. Тыңдаушылар... бізге беймәлім... тұрғыдағы жоспарлы, ... пікірімізге... қарсыластардың болуы мүмкін.
3. Мүлдем күтпеген... іс-әрекетіне даяр болу, қашан да.... бола білу, мәдениетті түрде...... оралуды өтіну орынды.
4.... қашан және қайда өткізсең де, онда... болатындығын ескеру.
5. Аудиторияға......кейін сөйлеу «тілімізді»... ойланып алған жөн.
7- тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, түсінгеніңді баянда.
Байдалының Шорманға айтқан төрт нақылы
Шорман 90 жастағы Байдалы биге сәлем беріп, «үлгілі сөз естиін» деп бала жігіт күнінде барған екен. Би: «О, кәрілік, мен саған не жаздым!» дей беріпті. Қонағы бір қонып ауылына қайтқалы жатқанда Байдалы қарт бала Шорманға: «Не алып қайттың?» - депті.
- «Ойхой, кәрілік, мен саған не жаздым» дегеннен басқа ештеңе естігенім жоқ, - депті Шорман. Сонда Байдалы Шорманға: - Сөздің анасы сенде еді, баласы менде еді, өзің бастамаған соң мен не айтайын, ана таппаса, бала тумақшы емес. Әдейі ат арытып келдің ғой, төрт ауыз сөз айтайын, соны алып қайт, - деп, Байдалы: - Алыста не алыс? Жақында не жақын? Тәттіде не тәтті? Ащыда не ащы? – депті.
- Алыста – жер мен көктің арасы алыс. Жақында – ерлі – зайыпты кісінің арасы жақын. Тәттіде – сол қатыннан туған бала тәтті. Ащыда – сол бала қаза тапса сол ащы, - дейді Шорман.
- Бір айтуға бұ да жарайды, бірақ анығы бұлай емес. Жер мен көктің алыстығы жоқ, көзге көрінеді. Ерлі – зайыптының жақындығы жоқ, талай қатын мен еркектің араздасып келгенін көріп, айырып жібердім. Жақын болса біреуінен біреуі айырылар ма еді? Бала да тәтті емес, айтуға ғана. Әкесімен араздасып келіп, баласын әкесінен айырып әкеткенді де көрдім. Ондай баладан айырылғанның ащылығы жоқ. Төрт сөздің шешілуі мынау:
Алыста – білімді мен наданның арасы алыс.
Жақында - өлім жақын.
Тәттіде – жан тәтті.
Ащыда – жаннан айырылу ащы
«Алтын берген дос емес, ақыл берген дос»-деп бұрынғылар осындай сөзді айтқан екен.
Тақырып бойынша тапсырма.
1-тапсырма:
Сіздің ойыңызша, бала Шорман қарттың жауабына риза болды ма?
Сіздің шешендік сөзге көзқарасыңыз?
2-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағынасын анықтаңыздар. Әрқайсысына мысал келтіріңіз.
Алыс, жақын, тәтті, ащы.
8-тапсырма. «Шешендігінің үстіне қазақ халқы – ақын халық» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер.
Сайт: www.google.kz,
www.astana.kz,
www.egemen.kz,
www.yandex. kz.
9-тапсырма Топтық жұмыс. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Үнемі алдын ала дайындалудың сәті түсе бермесі анық. Егер сізге аяқ астынан «Абай – халқымыздың данышпан ақыны» деген тақырыпта 3-5 минуттық сөз сөйлеу тапсырылса, сөзіңізді неден бастар едіңіз?
2. «Әлем және Елбасы»;
3. «Әлем көз тіккен Қазақстан».
10-тапсырма. Берілген суреттерге байланысты 3 сөйлем жазыңыз.
Даналық мәйегі
Т Е С Т
Сөз сөйлеушінің міндетін көрсет.
А. Қажеттілік тудыру;
Ә. Аудиторияны тыңдата білу;
Б. Жаңалық айту;
В. Тақырып таңдау.
Тыңдармандар арасында қандай адамдар болуы мүмкін?
А. Керағар қарсыластар;
Ә. Саяси адамдар;
Б. Шақырылған қонақтар;
В. Келген өкілдер.
Күтпеген қарсыласыңыздың іс-әрекетінде өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
А. Ескерту беремін;
Ә. Айтып тастаймын;
Б. Аудиториядан шығарып жіберемін;
В. Алдын ала даяр, салқынқанды, мәдениетті.
«Дәйексөз» дегенді қалай түсінесіз?
А. Белгілі бір ғалымның, не ақындар мен жазушылардың шығармаларынан сөзбе-сөз алынған үзінді;
Ә. Қарсы әрекет істеу, қарсы тұру;
Б. Белгілі бір істің, құбылыстың себепшісі болатын қозғаушы күш;
В. Қатқыл сөз, шапшаң әрекет, ұшқыр ой.
5. «Алыста – білімді мен наданның арасы алыс.
Жақында - өлім жақын.
Тәттіде – жан тәтті.
Ащыда – жаннан айырылу ащы» – үзінді кімнің сөзінен алынған?
А. Шорман;
Ә. Байдалы;
Б. Төле;
В. Жиренше.
5-САБАҚ. ІСКЕР МАМАННЫҢ ТЫҢДАЙ БІЛУ БІЛІГІ
Достарыңызбен бөлісу: |