2016 жылдың 5 айында Ақтөбе облысы бойынша МТД сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік табыстар департаментінің (әрі қарай – Департамент) қызметіндегі басым бағыттардың және маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады, және Мемлекет Басшысымен қойылған негізгі міндеттерді, Қазақстан Республикасының Сыбайластыққа қарсы стратегиясын, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2015-2017 жылдарға шаралар жоспарын (ҚР ҚМ 20.07.2015 жылғы №417 бұйрығымен бекітілген), 2015-2017 жылдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік табыс органының жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту бойынша шаралар жоспарын және 2015-2017 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша Ақтөбе облысының басқа аймақтық жоспарларын орындауға негізделеді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі Департаменттің негізгі күші сыбайлас жемқорлық қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, алдын алу шараларын өткізуге, Департамент бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықтың көрінуінің кез келген формаларына төзімсіздікті құруға бағытталды.
Мемлекеттік табыс органдарының жұмыскерлерінің сана-сезіміне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексін сақтауды нығайтуға бағытталған тәрбие-алдын алу жұмысына ерекше көңіл бөлінді.
Алдын алу жұмысының маңызды элементі ішкі қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің Департамент жұмыскерлерімен өткізетін жеке-алдын алу сұхбаты болып табылады. Өткен кезеңде УВБ қызметкерлерімен 37 жеке-алдын алу сұхбаттары өткізілді, оның барысында мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына, моральдық-этикалық бейнесіне, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға қатысты мәселелер қозғалды. Ұқсас сұхбаттар тікелей Департамент бөлімшелерінің басшыларымен өткізіледі.
Алдын алу шараларының басқа түрлері де кеңінен қолданылады: техникалық оқуларды, семинар-жиналыстарды, «дөңгелек үстелдерді», кеңестерді, соның ішінде жұртшылықты (сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын, салық төлеушілерді, «Нұр-Отан» партиясының, ветеран ұйымының өкілдерін) қатыстырумен өткізу.
Мысалы, 2016 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Р.Т.Бисеновтың және Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ұлттық бюро департаменті (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары К.К.Кабылбековтың, прокуратура және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексіне және мемлекеттік қызметтен өту туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы заңнамаға өзгертулер туралы» тақырыпқа «дөңгелек үстел» өткізілді.
Барлығы, Департаменттің лауазымды тұлғаларымен қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгертулерді және жаңалықтарды зерттеу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» ҚРЗ, Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін сақтау және мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына қатысты басқа мәселелер бойынша 78 техникалық оқу ұйымдастырылды және өткізілді.
Департамент қызметкерлеріне/жұмыскерлеріне тек МТД лауазымды тұлғаларымен ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік табыс органдарының басқа бөлімшелерімен жіберілген сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтардың деректері хабардар етіледі.
«www.kgd.kz» сайтында Ақтөбе аймағы тарауында және «Актюбинский вестник» газетінде МТД сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша өткізетін жұмысы туралы ақпараттар дүркін-дүркін жарияланады.
Мемлекеттік табыс органдарындағы негізгі алдын алу аспектісімен басқаратын бөлімшелердегі берілген бағытта өткізілетін жұмыс жағдайы үшін басшылардың жауапкершілігін күшейту анықталды.
Департаменттің барлық жұмыскерлеріне бағынышты адамның тарапынан сыбайлас жемқорлықтың білінуінің кез келген дерегі бөлімше басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша оған жүктелген міндеттерді орындауға қабілетсіздігі ретінде есептелетіні туралы Мемлекеттік табыс комитетінің талабы жеткізілді, бұл өз алдына оны атқаратын қызметінен босату туралы мәселені қарауға негіз болып табылады.
Сонымен бірге, Департаментте салық төлеушілердің ОГД қызметкерлерін заңсыз сыйақыларды алуға көндіру деректерін ескертуге бағытталған жұмыстың басымдығы бар.
Ақтөбе облысы бойынша МТД бөлімшелерінің жұмыскерлеріне ВБ бөлімшелерінің тікелей басшысына және қызметкерлеріне қылмыстық мүддені көздейтін тұлғалардан пара алуға көндіру әрекеттері туралы және дайындалатын және жасалған қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басқа деректері туралы міндетті хабарлаудың қажеттілігі туралы нұсқау берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру мақсатында МТД қызметкерлеріне/жұмыскерлеріне пара беру деректерін анықтауға көмек көрсеткен тұлғаларды марапаттау және қызметі бойынша көтеру шаралары хабардар етілді.
Тұрғындардың мемлекеттік табыс органдарының қызметкерлерінің және жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттеріне жүгінуінің қолжетімді әдістерінің бірі «сенім телефоны» болып табылады. Департаменттің 210-889 нөмірімен «сенім телефоны» кезекшілік бөлімде орнатылған, мұнда өтініштер мен хабарламаларды қабылдау тәулік бойы режимде жүргізіледі.
Департаменттің «сенім телефонының» нөмірі дүркін-дүркін аймақтық БАҚ жарияланады және Департаменттің әкімшілік ғимаратындағы ақпарат қабырғаларында орналасқан.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде «сенім телефонына» Ақтөбе аймағының ОГД лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттері туралы хабарламалар келіп түскен жоқ.
Азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға әсер ететін факторлардың бірі шағымдарды уақтылы және әділ қарау болып табылады. Ағымдағы жылдың 5 айында барлығы Департамент қызметкерлерінің/жұмыскерлерінің құқыққа қайшы әрекеттеріне 12 шағым келіп түсті, оның ішінде 1 шағым расталды. Келіп түскен шағымдар бойынша өткізілген тексерулер қорытындысында МТД 1 жұмыскері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін бұзғаны үшін жұмыстан босатылды.
Департаменттің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне келіп түскен шағымдарды талдау көрсеткендей, көп бөлігін (50% астамын) қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі салық қызметінің жұмыскерлерінің әрекеттеріне шағымдар құрайды, атап айтқанда: берешек туралы хабарлама шығару, әкімшілік жауапкершілікке тарту, салық жеңілдіктерін беру.
Департаменттің лауазымдық тұлғаларына қатысты 29 қызметтік тергеу жүргізілді, қорытындысында 23 қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қызметтік тергеуді талдау көрсеткендей, негізінен қызметтік тергеуді жүргізуге себеп лауазымдық міндеттерді, қызметтік және атқарушылық тәртіпті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексін орындау кезінде жіберілген бұзушылықтар болып табылды.
2016 жылдың қаңтар-мамыр айлары кезеңінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты ВБ бөлімшесімен ЕРДР сотқа дейінгі тексерудің 2 материалы тіркелді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде ВБ бөлімшесімен өткізілген оперативтік жұмыс салық қызметі қызметкерлерінің 2013-2014 жылдары «Альфа-Групп» ЖШС және «СпецЭнергоМонтажСтрой» ЖШС электрондық-сандық қолтаңбаларын үшінші тұлғаларға берген деректер қатарын ашуға мүмкіндік берді, мұның нәтижесінде ЖШС үшін қосымша декларацияларды тапсырған және осылайша шығын бөлігін көбейткен.
Мысалы, 2016 жылдың 30 қаңтарында Ақтөбе облысы бойынша МТД УВБ Ақтөбе қаласы бойынша МТБ лауазымдық тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 307 бабының 2 бөлігі бойынша (1997 жылғы редакция) ЕРДР №151500121000027 сотқа дейінгі тергеу тіркелген, олар 2013 жылдары қызметтік мүддесіне қарамастан, басқа тұлғалар үшін артықшылық және пайда түсіру мақсатымен лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып қиянат еткен, нәтижесінде үшінші тұлғаларға электрондық кілттерді заңсыз беру жолымен «Альфа Групп» ЖШС құқықтарын және заңды мүддесін бұзған.
Әрі қарай, 2016 жылдың 29 ақпанында Ақтөбе облысы бойынша МТД УВБ Ақтөбе қаласы бойынша МТБ лауазымдық тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 307 бабының 2 бөлігі бойынша (ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясы) ЕРДР №161500121000046 сотқа дейінгі тергеу тіркелген, олар 2014 жылдың қыркүйегінде қызметтік мүддесіне қарамастан, басқа тұлғалар үшін артықшылық және пайда түсіру мақсатымен лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып қиянат еткен, нәтижесінде үшінші тұлғаларға электрондық кілттерді заңсыз беру жолымен «СпецЭнергоМонтажСервис» ЖШС құқықтарын және заңды мүддесін бұзған.
Жеке қатарды мемлекеттік табыс органдарының сенімін жоятын тұлғалардан тазарту бойынша өткізілген жұмыс қорытындысында а.ж.5 айында жағымсыз себептермен Департаменттің 2 қызметкері жұмыстан босатылды.
Кедендік тексеру (қарау) кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту үшін департаментте ВБ бөлімшесінің, кадр және кедендік рәсімдеу қызметінің қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылды, олардың міндетіне кедендік тексеру (қарау) қорытындыларының фото-бейнетүсірілімдерін қарау кіреді.
А.ж.өткен кезеңінде жұмыс тобымен кедендік тексеру кезінде 2 бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша «Актобе-ЦТО» екі жұмыскері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа әрекет етуді тиімді ұйымдастыру мақсатымен, МТД 06.05.2016 жылғы №249 бұйрығының негізінде Департаментте сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне ішкі талдауды өткізу бойынша жұмыс тобының құрамы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды және қауіп-қатерлерді ішкі талдауды өткізу тәртібі бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау қорытындылары кейін МТД бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға бағытталған шараларды жоспарлау кезінде қолданылады.
Ақтөбе облысы бойынша МТД УВБ
Достарыңызбен бөлісу: |