Жазылым
5-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Шешендік өнер тарихы –. . . тарихының бір бөлігі.
2. «Риторика» - тыңдаушының. . . білу, . . . білу өнері
3. Шешеннің басты парызы-. . . ұйыту, . . . келтіру.
4. Филология. . . риторика. . . теориясы деп те табылады.
5. Қазақ мемлекетінің. . . , шарықтап. . . ерекше еңбек еткен. . . би-шешендер, көреген көсемдер, көріпкел абыздар. . . атауға болады.
Назар аударыңыз!
Пунктуация
Пунктуация - латынша «нүкте»
1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы;
2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал;
3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.
Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:
Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою;
Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау;
Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.
Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:
қойылатын орны
|
түрі
|
қызметі
|
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері
|
Нүкте (. )
Сұрақ белгісі (?)
Леп белгісі (!)
Көп нүкте (. . . )
|
Даралаушы қызмет
атқарады
|
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері
|
Үтір (, )
Қос нүкте (:)
Жақша ()
Тырнақша («»)
Сызықша (-)
|
Ерекшелеуші қызмет атқарады
|
Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері
|
Үтір (, )
Қос нүкте (:)
Нүктелі үтір (;)
Үтір сызықша (, - )
|
Ойдың ара жігін ажырату қызметін атқарады
|
6-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздерден сөз тіркестерін құраңыз. Есте сақтаңыз.
тілмарлық
тапқырлық
Шешендік дарындылық
қабілеттілік
ұтымдылық
Шешендік өнердің
көздейтін мақсаты
|
сендіру
рахаттану, ләззатқа бөлеу
толқытып тебірену
|
қазақ шешендік өнерінің
даму тарихын
|
ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында (Майқы би)
ХІV-ХVІ ғасырлар аралығы
ХVІІІ ғасыр (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер)
|
Тыңдалым
7-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтіндерді тыңдап, негізгі ойды анықтаңыздар.
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді
Бірі – күн, бірі- туған айдай болып
Заманға сәйкесімен келіп еді.
Төле би
«Елінің береке – бітімін, құдіреті мен қасиетін, асқар етсем деп» толғанып армандаған, қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер, Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі, «Жеті Жарғы» заңдарын жасаушылардың көрнекті өкілі, Ұлы жүздің төбе биі, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айбын-айбатымен жеңіске жұмылдырушы, отырықшылыққа үндеушілердің алғашқысы Төле биге осылайша баға берілген «Төле бидің тарихы» дейтін дастанда.
Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында 1663- 1756 жылы дүниеге келген. Араб, парсы тілдерін жақсы білген. Өз елінің, өзге халықтардың әсіресе, шығыстың аңыз- әңгімелерін, қисса-дастандарын еркін меңгерген. Ән-күй ақындық өнерді құрметтеген. 15 жасынан бастап ел билеу ісіне ынтасы ауған. Ардақты істерімен, асыл қасиеттерімен, асқан әділдігімен, кемеңгерлік ғибрат-кеңестерімен, «даналық шешімдерімен» қазақ елін көркейтуге бар қажыр-қайратын жұмсаған ғұлама заманында «Қарлығаш әулие» атанған.
Қаз дауысты Қазыбек би
Ұлттық сана мен тілінің, рухы мен арман мұратының ұшан-теңіз ұлылық қасиеттерін ересен қуат-құдіретімен көрсете білген, тәуелсіздік жолында қабырғасы қайысып еңбек еткен көрнекті мәмлегер, арыстан жүректі ер, мемлекет қайраткері - Қаз дауысты Қазыбек би. Кемеңгер би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген, 97 жасында, яғни, 1764 жылы көз жұмған. Атақты би аумалы- төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешкен.
Қаз дауысты Қазыбек Жоңғария хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған. Дарынды шешенде білгірлік-біліктілік, алғырлық-тапқырлық, қаһармандық-қайраткерлік, зиялылық-саясаткерлік сияқты ұшан-теңіз табиғи рухани қасиет-қабілеттер мол болса, онда мемлекет жеңіске жетіп, қиындықтан, құлдықтан құтылады. Мерей-мәртебесі, даму дәрежесі жоғары болады. Бұл ретте Қаз дауысты Қазыбек бидің Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында айрықша тұлға екендігін айтуға болады.
Әйтеке би
Әдебиет, өнер тарихында рухани таза болмысымен, турашылдығымен, даналығымен, күйлі –қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл- ой алыптарының бірі - Алшын Әйтеке би. Ол ұлтының біртұтастығын сақтаған, мемлекеттің іргетасын көркейте қалаған, елінің есендігі мен еңсесі биік болуы үшін қайраткерлік, санаткерлік, мәмлегерлік, батырлық, шешендік өнерінің күш- қуатын мейлінше сарқа пайдаланған текті тұлға.
Әйтеке би Нұрата тауының Бұқарға қарай созылған Қызбибі тауының сілемінде 1644 жылы өмірге келген. Бұқар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады» деген ұлағатты сөз бар. Әділ сөйлеу, ойды шегелеп, нақты жарып айту батырлық пен батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туады.
8-тапсырма. Мәтіндердегі ойларды қиюластырып, қазақ шешендік өнері туралы өз тұжырымдарыңызды айтыңыздар.
9-тапсырма. «Қазақтың би-шешендері» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Сайт: www.google.kz,
www.yandex.kz
10-тапсырма. «Ойлы болсаң, озып көр» сөз өнері, тіл туралы мақал – мәтел айтыңыз.
Үлгі: Тіл өнері дертпен тең.
Тіл – қылыштан өткір.
Көз жетпеген жерге сөз.
Даналық мәйегі!
ТЕСТ
1. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе жоқ...» - қай шешеннің сөзі?
А) Жиренше шешен;
Ә) Досбол шешен;
Б) Бөлтірік шешен;
В) Төле би.
2. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойыңыз. Көне Грекияда риториканы «. . . » - деп атаған
А) Өнер тарихы;
Ә) Адамзат мәдениеті;
Б) Өнер теориясы;
В) Өнердің патшасы.
3. Шешендік өнер неше мақсатты көздейді?
А) 3;
Ә) 4;
Б) 2;
В) 5.
4. Риторика неше бөліктен тұрады?
А) 3;
Ә) 5;
Б) 4;
В) 2.
5. Шешеннің басты парызы –. . . аяқтаңыз.
А) Ойлау;
Ә) Пікір айту;
Б) Сөйлеу;
В) Тыңдаушыларды ортақ пікірге ұйыту.
2-САБАҚ. СӨЗ СӨЙЛЕУГЕ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ДЕМОСФЕНДІК ДАҒДЫСЫ
Тілдесім
Сұхбаттасайық!
Сөйлеу үшін алдын ала дайындық керек деп санайсыз ба?
Демосфен туралы не білесіз?
Жалпы шаршы топта сөйлеп көрдің бе?
Оқылым
Достарыңызбен бөлісу: |