1/ 123-132 бет /2/ 135-145 бет./5/ 119-128 бет.
20-21 ші дәріс.
Тақырып. Сана проблемасының философияда қойылуы.
Негізгі мақсаты: Тек ған адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы және оның ерекшелігін таразылау.
Негізгі түсініктер: сана генезисі, өзіндік сана, тіл, ойлау, архетип, бейсана, көпшілік сана.
Сана адам миының қызметі
Сана проблемасы туралы тұжырымдар.
Сана объективті дүниені бейнесі
Бейнелеу формаларының эволюциясы
Өзіндік сана
Сана және тіл, қоғамдық сана және оның формаларыны.
Дін, Өнер, Философия
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың “шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір
материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс.
44
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі.
Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізгеәсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім
45
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
жасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше.
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстын екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындығы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Дүние танымда адамдардың іздерісмүмкіндіктерінорасан зор дамытқанғылымкиберннетика. Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.
Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін - өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың еі жоғарғы сатысы.
Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін - өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.
Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылыды.
Дін обективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиалишылдық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниеге кез келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет).
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Сана проблемасы.
Бейнелеу формаларының эволюциясы.
Қоғамдық сана және оның формалары
46
Атырау мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |