Атырау мұнай және газ институты


/1/ 83-92 бет /2/ 86-95 бет./5/ 79-88 бет



жүктеу 3,72 Mb.
бет11/30
Дата14.12.2017
өлшемі3,72 Mb.
#4413
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

/1/ 83-92 бет /2/ 86-95 бет./5/ 79-88 бет.
13-ші дәріс
Тақырып. Орыс философиясы
Негізгі мақсаты: Славян философиясының бастауы болып табылатын орыс философиясының қалыптасуымен дамуына түсінік беру.

Негізгі түсініктер: славянофилшілдік, батысшылдық, космизм, христиандық экзистенциализм, діни-идеализм, мистикалық философия, еретикалық философия.
1. Ресейдегі философияның қалыптасу ерекшеліктері және дамуы.

2. XIX ғасыр орыс философиясы.

3. Діни философиялық дәстүрлер.
XIX ғасырдың орта шеніне таман Ресейде буржуазиялық - демократиялық қозғалыс үдей түседі. 1861 жылғы басыбайлық құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, ол қанатын кең жая бастайды да оның басына орыс қоғамының зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капитал истік қоғамдық зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып, дами бастаған болатын. Орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған еді. Бірақ Ресейдің әлеуметтік қоғамдық өміріндегі қайшылықтар тым шиеленістіп кеткен, өндірістік қатынастар тым шиеленісіп кеткен, өндірістік қатынастар дағдарыс жағдайында болатын. Бұған Ресейдің орыс - қырым соғынындағы (1853 - 1856ж.ж.) жеңілісе де әсер еткенді. Бұл кезде Полынада, Финляндияда, Казказда, Орта Азия мен Қазақстанда да патшалық езгіге қарсы бағытталған көтерілістер жүріп жатты. Патшалық ресей оларды жаныштап, қарудың күшімен басып отырды. Көтерілістердің қатарына Қазақстандағы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмүхамедүлы бастаған ұлт - азаттық сипаттағы қарулы көтерілістерді жатқызуға болады.

1849 жылы Фейербахтың «Христиандықтың мәні» деген еңбегімен танысқаннан кейін материалистік философияның дұрыс бағыт екендігіне Чернышевскийдің көзі әбден жетеді де, бұрынырақ қалыптасқан Гегельдік философияның ықпалында болушылық қасиеттерінен біржолата арылады. Ал, кейіннен ол өзін Фейербахтың



32

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
шәкіртімін деп те жариялайды.

1856 - 1862 жылдары Чернышевский «Замандастар» журналын басқарып, оны төңкерісшіл демократтардың органына айналдырады.

Н.Г. Чернышевскийдің материалистік философиясы А. И. Герцен мен В. Г. Белинский салып кеткен жолымен Фейербах философиясын нақтылау және ілгері дамыту барысында қалыптасады. Идеализмге қарсы күрес оның ғұмырлық ісі болды. Ол философия тарихымен ертеден танысты, Платон, Кант, Гегель сияқты идеалистердің негізгі қағидаларын жоққа шығарды. Ол гегельдік диалектиканың тұжырымдары мен гегельдік саяси көзқарастың арасындағы қайшылықты жіті көре білді және Гегельді сонысы үшін қатты сынға алды.

Чернышевский өзінің негізгі философиялық шығармасы «Философиядағы антропологиялық қағидасында» үстем тап арасында кең таралған идеалистік теорияларды және орыстың зиялылары арасында қанат жая бастаған позитивистік ілімді қатты сынға алады.

Чернышевкий өз заманың жаратылыстану ғылымдарының табыстарымен де жете таныс болды. Чернышевскийдің философиялық шығармаларында болмыстың санаға қатынасы туралы негізгі мәселе материалистік тұрғыдан шешіледі. Ол, әсіресе, Кантты агностицизм және адамзат білімін «өзіндік заттан» шығара алмағандығы үшін мықты сынайды.

Чернышевский материалистік таным теориясын дамыта отырып, алғаш рет практиканы ақиқаттың өлшемі ретінде таным теориясының құрамына енгізді. Сонымен қатар, ол басқа материалистер сияқты практиканы сезімдік тәжірибе ретінде емес, адамдардың табиғатты өзгертуге бағытталған іс әрекеті ретінде қарастырады. Ол өз шығармаларында басыбайлыққа қарсы күрескен қалың шаруалар бұқарасының арман - тілегі бейнелейді.

XIX ғасырдағы Ресейдегі идеалистік философия Иван Киреевский, Алексей Хомяков және тағы басқа славянофилдердің аттарымен тығыз байланысты. Олардың христиандықты орысша түсінуге негізделген идеалистік философиясы өз алдына философияны түсіндірудің неміс типінің Ресей үшін пайдасыз екендігін ыспаттау мақсатын қойған. Олар бұл ретте орыс рухани өмірінің ұлттық ерекшеліктеріне және шығыс шіркеуінің белсенді ғұламаларының шығармаларына арқа сүйеуге тиісті болды. Бірақ, Киреевский де, Хомяков та ешқандай да философиялық жүйе құрып, арттарына қалдырған жоқ. Дей тұрғанмен, олар философиялық қозғалысқа рух беретін бағдарлама жасап, зиялы қауымға ұсынды. Ал, бұл орыс ойының сол кездегі Ресейде христиандық көзқарасты насиқаттаудағы

33

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
қолы жеткен табысы болды.

Жалпы алғанда, бүгінгі ресейлік философтар практика мен қазіргі заманғы ғылыми танымның байланысын зерттеу үстінде. Сонымен қатар олар материалистік диалектиака құрылымын бүтіндей қарастыру мәселесін де өз алдарына қойып отыр.

Философия әрдайым дамыған және алға қарай да дами бермек, ол еш уақытта бір орында тұрған жоқ. Ол үнемі өткеннің тарихи фактірлерін, бүгінгі күннің шындығын және болашақтың қажеттерін ескере отырып дамуға тиіс. Және солай болып та келеді. Оған ешбір күмән болуға мүмкін емес.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары;
1. Орыс философиясының ерекшелігі.

2. XIX ғасырдағы орыс философияның маңызы.



/1/ 93-102 бет /2/ 96-105 бет./5/ 89-98 бет.
14-15 ші дәріс.
Тақырып. XX – ғасыр философиясы.
Негізгі мақсаты: Философия тарихының ең соңғы демі ХХ ғасыр философиясының тұтастығын құрайтын философиялық бағыттардың мән-мағынасын терең талдау.

Негізгі түсініктер: позитивизм, постпозитивизм, прагматизм, структурализм, постструктализм, экзистенциализм, герменевтика.


  1. Иррационализм және оның негізгі бағыттары .

  2. Ғылыми – техникалық ойдың XX ғасырдағы өрістеу және неопозитивизм.

  3. Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм постпозитизм.

  4. Білім мен тіл мәселелері.

  5. XX ғасыр философиясының көптеген идея, әдіс, ұғым, танымы, көзқарастарының маңызы т.б.


жүктеу 3,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау