Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ата-аналармен жұмыс «Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» демекші барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы-отбасы» деп материалист-философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да , мемлекет те үйден, отбасынан басталады. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.Сынып жетекшінің тәрбие жұмысындағы бір бағыты ата-аналармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.Сынып жетекші ата-аналармен жұмысты ең алдымен жиналыстан бастайды.Ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты мен міндеттерімен, соған орай өзінің әрекет ету бағдарламасы мен тәсілін, тәрбие жоспарымен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен таныстырады.Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Мектеп тәжірибесінде сынып жетекші ата-аналарды балалармен бірге әрекеттке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады.Саяхат, таза ауаға серуен, спорттық жарыстар,жаңа жыл шыршасы, күзгі бал мерекесі,наурыз мейрамдары,оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру т.б.Егер де сынып жетекші мен ата-аналардың байланысы өте тығыз, ұйымшыл болса,бұл шешімін табады.
Ата-ананың мектептегі алатын орны
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді.
Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
Сынып жетекшінің ата-аналармен байланыс жасау жолдары:
Достарыңызбен бөлісу: |