Ата-аналар мен оқушыларға арналған нұСҚаулық 2017-2018 ОҚу жылы



жүктеу 351,3 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата16.05.2018
өлшемі351,3 Kb.
#14159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

жұмысына қатысуға; 

5)    Ақпараттық  ресурстарды,    спорттық,  оқырмандық,  акт  залын, 

компьютерлік 

сыныптарды,кітапханадағы 

оқулықты, 

оқу-әдістемелік 

кешендерді және нұсқаулықтарды    тегін пайдалануға; 

6) оқудағы және шығармашылық жетістіктері үшін марапатталуға;   

7) сабақ арасындағы үзілістерге, демалыстарға; 

8)  Зияткерлік  мектептерде  өтетін  элективті  курстар  жайлы  ақпаратжәне 

пәндік таңдауға қатысуға мүмкіндік алуға; 

9) 


Зияткерлік 

мектептердің 

мамандары 

тарапынан 

әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, медициналық көмек алуға; 

10)    Зияткерлік  мектептердің  бірінен  екіншісіне  белгіленген  тәртіппен 

ауысуға; 

11) аталмыш Ереже мәтінін пайдалануға; 

12)    лайықты  тәртіп  түрімен  және  тәртіп  бұзушылыққа  қолданылатын 

шараларментанысуға; 

20.    Оқушылар міндетті: 

1)    Бұл  Ереженің  талаптарын  сақтауға,  ДББҰ  Жарғысын,  Зияткерлік 

мектеп    Ережелерін,  Педагогикалық  кеңестің  және  Зияткерлік  мектептердегі 

оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының шешімін, қауіпсіздік техникасын, 

өрт қауіпсіздігі ережелерін, әкімшілік пен педагогикалық қызметкерлердің оқу 

үрдісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы талаптарын орындауға;   

2) Зияткерлік мектепке оның оқу тәртібіне сай келуге және себепсіз сабақ 

босатпауға; 

3)  Зияткерлік  мектептің  оқу  бағдарламасының  талаптарына  сай 

білімді,шеберлікті,тәжірибелік дағдыны, қарым-қатынасты    меңгеруге; 

4) Зияткерлік мектептердегі академиялық адалдық Ережесін сақтауға; 

5) 


Зияткерлік  мектептегі  оқушыларға,әкімшілікке,  педагогикалық 

қызметкерлерге және қатардағыбасқа қызметкерлерге мейірімді де адал болуға; 

6)    Заңды өкілдерге үлгерімі, тәртібі, сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру 

әрекеттері жайлы үнемі хабарлап отыруға;   

7)  Басқа  оқушылардың  мәртебесі  мен  тең  құқығын  құрметтеуге,қысым 

көретушілік, заң бұзушылық әрекеттерден аулақ болуға; 

8)  Зияткерлік  мектебінің  бекіткен  бірыңғай  мектеп  киім  үлгісін  сақтау, 

сырт келбетінің талапқа сай болуын қадағалауға; 

9)  денсаулығына  қамқор  болып,өзін-өзі  шынықтыру  мен  рухани 

жетілдіруге ұмтылуға; 

10)  Зияткерлік  мектеп  мүліктеріне  ұқыптылықпен  қарап,  сақтау;оқулық 

пен  оқу  құралдарын,  жабдықтарды  (музыкалық  аспаптарды,  техникалық  оқу 

құралдарын)    жұмысқа  жарамды  жағдайда  ұстап,  жұмыс  орнында  тазалықты 

сақтауға; 

11) Зияткерлік  мектеп  оқушыларының және қызметкерлерінің  өмірлеріне 

қауіп  төнетін  болса,  ол  жағдай  туралы  әкімшілікке,  мұғалімге,  кураторға 




хабарлауға; 

21. Зияткерлік  мектепте оқу  үрдісіне  қолайлы  жағдай  туғызу  мақсатында 

оқушыларға тыйым салынады: 

1) Куратордың  рұқсатынсыз  Зияткерлік  мектепке  бейтаныс  адамдарды 

ертіп келуге немесе шақыруға;   

2) Оқуға  нақты  аталған  ережелерде  бекітілгендей,  іскерлік  стильге  сай   

келмейтін  лас,  үтіктелмеген    киіммен    келуге,  түрлі  фанаттық  қозғалыстарға, 

кез  келген  партияларға,  діни  ағымдарға  және  т.б.  топтарға  жататындықтарын 

ашық түрде жариялауға;   

3) Зияткерлік  мектепте  және  одан  тыс  жерде  шылымды,  ішімдікті 

(сонымен  қатар  сыра,  джин-тоник  және  т.б),  еліткіш,уландырғыш, 

есуастандырғыш заттарды,      нормаға сәйкес келмейтін сөздерді    қолдануға;                 

4) құмар  ойындарды  ойнауға,  алыпсатарлық  тұрғыдағы  операцияларды 

өткізуге; 

5)    қаруды,  жарылғыш,пиротехникалық,  химиялық,  тез  тұтанғыш 

заттарды, темекі бұйымдарын,спирттік ішімдіктерді, есірткіні, улы және уытты 

заттарды,хайуанаттарды,  жәндіктерді  және  басқа  да  білім  беру  үрдісі 

талаптарына сай келмейтін заттарды әкелуге; 

6) бағасы    3 АЕК-тен көп тұратын қымбат заттарды (ұялы телефондарды, 

фото және бейнекамераларды, асыл заттарды, кесек ақшаны    және т.б.) әкелуге 

рұқсат етілмейді.   

Зияткерлік мектеп аталған Ережеде көрсетілген қымбат бағалы заттардың 

жоғалғаны үшін жауап бермейді.   

 

5. Оқушылардың тәртіп ережесі 

 

22.  Оқушылар  Зияткерлік  мектепке    сабақтың  басталуынан  10-15  минут 



бұрын,  сыртқы  келбеті  нақты  аталған  Ереже  талаптарына  сай  таза,  үтіктелген 

мектептің бірыңғай киім үлгісін киіп келеді.     

23.  Оқушылар  мектепке  кіргеннен  кейін  сырт  киімдерін  жеке  арнайы 

шкафтарына қалдырады және қажет болған жағдайда аяқ киім ауыстырады. 

24. Сабақтағы тәртіп: 

1)  оқушы  сабақ  басталмас  бұрын  өзінің  жұмыс  орнын  және  сынып 

жұмысына барлық қажетті заттарды    даярлап қою тиіс;     

2)  педагог  қызметкері  сыныпқа  кіргенде  оқушылар  тұрып  амандасады 

және  мұғалім  сәлемдесіп,  рұқсат  бергеннен  кейін  отырады.  Сабақ  кезінде 

сыныпқа кірген кез келген үлкен адаммен    оқушылар осылайша амандасады; 

3) оқушыларға сабақ уақыты тек оқу мақсаты үшін    жұмсалуы тиіс. 

Сабақ  кезінде  шулап  отыруға,  дауыс  көтеруге,    өзін  және  өзгені  басқа 

сөздермен,  ойындармен  және  сабаққа  еш  қатысы  жоқ  бөгде  нәрсемен   

алаңдатуға болмайды;   

4)  оқу  үдерісіне  қатысы  жоқ  ұялы  телефонды  және  басқа  құрылғыларды 



пайдалануға болмайды. 

Барлық техникалық құрылғыларды өшіріп, ал ұялы телефонның дыбысын 

сөндіріп    үстелден  алып  тастау  қажет.  Оқушы  ережені  бұзған  жағдайда 

педагогикалық  қызметкер  сабақ  кезінде  техникалық  құрылғыны  алып  қоюға 

құқылы.  Осы  талаптар  бірнеше  рет  бұзылған  жағдайда  техникалық  құрылғы 

оқушының заңды өкіліне ғана қайтарылады; 

5)  сабақ  кезінде  оқушыларға  мұғалімнің  рұқсатынсыз  сыныптан  шығуға 

болмайды. Қажет болған жағдайда оқушы педагогикалық қызметкерден рұқсат 

сұрауы тиіс. 

6)  сабақ  аяқталуы  туралы  қоңырау  мұғалім  үшін  соғылады.  Тек  мұғалім 

сабақтың  аяқталуы  туралы  хабарлағаннан  кейін  ғана  оқушыларға  сыныптан   

шығуға рұқсат етіледі. 

25. 

Үзіліс кезіндегі тәртіп: 

Үзіліс (сабақтар арасындағы уақыт):   

 

сабақ  кестесіне  байланысты  оқушыларға  басқа  кабинетке  (қажеттілік 



болғанда)ауысуға; 

 



оқушылардың  денешынықтыруына  және  демалуына  бағытталған,  осы 

мақсатта оқушыларға дәлізде асықпай жүру ұсынылады; 

3) 

тамақтануға; 



4) 

(қажеттілік болғанда) ұялы телефонмен хабарласуға;   

5) 

мектеп кітапханасына баруға арналады. 



Үзіліс кезінде: 

1) 


  өзге  адамдардың  демалуына  кедергі  жасауға,  қатты  сөйлеуге,  ұялы 

телефонмен де    дауыс көтеріп сөйлесуге, айқайлауға, шу көтеруге; 

2) 

бірін-бірі  итеруге,  туындаған  мәселені  шешу  барысында  күш 



қолдануға рұқсат етілмейді. 

26. 


Асханадағы тәртіп: 

1) 


Зияткерлік мектептің бекітілген жұмыс тәртібі бойынша тамақтану 

тек арнайы орындарда ғана    рұқсат етілген; 

2) 

оқушылар  жеке  бас  тазалық  ережесін  сақтауы  тиіс:  асханаға  сырт 



киімсіз кіру, тамақтанар алдында қолдарын мұқият жуу; 

3) 


оқушылар мектеп асханасына асықпай, итермелемей, кезекті бұзбай 

барады, асханада шуламайды; 

4) 

асханада  тазалықты  сақтау  қажет,  өзіңнен  кейін  үстелді  жинап, 



қоқысты тастамау керек; 

5) 


оқушылар  буфеттен  тамақ  алғанда  кезекке  тұрып,  асхана 

қызметкерлерінің  талаптарын  орындап,  азық-түлікті  сатып  алу  ережесін 

сақтайды. 

27. 


Сыныптан тыс шараларды өткізу кезіндегі тәртіп: 

1)  Қазақстанда  немесе  елден  тыс  мемлекеттерде  өткізілетін  шараларға 

оқушылар  қатыспас  бұрын  қауіпсіздік  техникасын  сақтау  бойынша 

нұсқаулықтан өтуге міндетті; 




жүктеу 351,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау