Ата-аналар мен оқушыларға арналған нұСҚаулық 2017-2018 ОҚу жылы



жүктеу 351,3 Kb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата16.05.2018
өлшемі351,3 Kb.
#14159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

компьютерін қолдану ережесін бұзу. 

46. Елеулі тәртіпсіздікке жататындар: 

1) Жеңіл-желпі тәртіпсіздікке жататын тәртіп бұзушылықтың қайталануы;   

 

2)  сабақты,  элективті  курстарды  және  үйірмелер  мен  секцияларды, 



клубтарды себепсіз босату (тоқсанына 3 реттен көп)   

2) мектеп әкімшілігі мен куратордың рұқсатынсыз мектептен кету; 

3) құмар ойындар

4)  Зияткерлік  мектептің  мүлкін,  заңды  және  жеке  тұлғаның  мүлкін 

байқаусызда бүлдіру; 

5)  мемлекеттік  рәміздерді,  мемлекеттік  әнұранды  білмеу  және  оны 

орындаудың ережесін сақтамау;   

6)    мектеп  қауымдастығы  мүшелері  мен  Зияткерлік  мектептің 

қонақтарының ары мен намысына тию;   

7) ерсі сөздер мен базыналық, қалыпты емес лексиканы қолдану;   

8)  Зияткерлік  мектеп  пен  оның  оқушылары,  жұмысшыларының  арын 

таптайтын материалдар тарату; 

9)  жеке  мәліметтерді,  фотосуреттер,  аудио,  бейнежазылымдарды  тарату, 

түсіру,  сақтау,  оқушылар  арасында  және  өзге  адамдармен  желісіз 

құрылғылармен  (ИК-порт,  Bluetooth,  радиожиілік  т.б.),  сондай-ақ  ақылы 

бұқаралық  ақпаратқа,  соның  ішінде  осындай  әрекеттен  құқығы  бұзылатын 

бүкіләлемдік  жаһандық  желіде  оқушылардың,  жұмыскерлердің,  Зияткерлік 

мектеп  әкімшілігі  мен  өзге  де    заңды  және  жеке  тұлғаның  алдын  ала 

келісімінсіз ақпарат беру. 

10) Зияткерлік мектептің академиялық адалдық Ережесін сақтауды бұзу; 

11) міндетті қоғамдық-пайдалы жұмыс пен шаралардан (сынып бөлмесін, 

аумақты жинау,әлеуметтік тәжірибелер) бас тарту. 

47. Маңызды тәртіпсіздікке жататындар: 

1) Елеулі тәртіпсіздікке жататын тәртіпбұзушылықтың қайталануы; 

2) біреулерді тілі, гені, ұлты, діні және басқа да белгілерімен кемсіту

3)  діни  көзқарасын  таңу  және  көзін  жеткізу,  ұлтаралық  жауластыруды 

өршіту, үгіт пен зорлық; 

4)  Шылымға,  ішімдікке  немесе  нашақорлыққа  деген  қандайда  бір 

қатысының барлығы, сабаққа мас, наша шеккен және уланған қалыпта келу; 

5)  қару,  жарылғыш  зат,  пиротехникалық,  химиялық,  өрт  туғызатын  заттар, 

темекі  өнімі,спирттік  ішімдіктер,  наша,  уландырғыш  заттар  мен  улар, 

жануарлар, жәндіктер әкелу; 

6)  құны  5  АЕК-тен  көп  бағалы  заттар  (мобильді  аппараттар,  фото  мен 

бейнекамера, бағалы заттар, кесек ақша) әкелу; 

7)    Зияткерлік  мектептің,  мектеп  қауымдастығы  мүшесінің,  заңды  және 

жеке тұлғаның мүлкін қасақана бүлдіру; 

8)  мектеп  қауымдастығы  мүшесіне,  өзге  де  заңды  және  жеке  тұлғаға 

психологиялық және физикалық зиян шектіру




9)  ұрлық,  бөгде  біреудің,  мектеп  қауымдастығы  мүшесінің,заңды  және 

жеке тұлғаның заттарын рұқсатсыз пайдалану; 

48.  Тәртіп  бұзушылықтың  алдын  алу  жұмыстарын  ұйымдастыру,  Зияткерлік 

мектепоқушылары  арасында  тәртіпті  нығайту  мақсатында  Тәртіп  комиссиясы 

құрылады. 

49.  Тәртіп  комиссиясы  құрамы  мен  жұмыс  уақыты  Зияткерлік  мектеп 

директорының бұйрығы негізінде әр оқу жылында бекітіліп отырады. 

Тәртіп  комиссиясын  төраға  басқарады,  оның  құрамына  мұғалімдер, 

кураторлар, ата-аналар комитетінің өкілдері кіре алады. 

Тәртіп  комиссиясы  мүшелеріөздерінің  қызмет  әрекетін  1  жыл  өтеусіз 

негізде атқарады. 

Тәртіп  комиссиясы  құрамына  тағайындалған  адам  тағайындалу  мерзімі 

аяқталғаннан  кейін  Тәртіп  комиссиясы  құрамына  қайтадан  тағайындала 

алмайды. 

50. Тәртіп комиссиясы қажет болған жағдайда Төрағаның шақыруымен өз 

мәжілістерінде құзырына жататын мәселелерді талқылайды.   

Тәртіп комиссиясы төмендегі сұрақтарды қарастырады: 

Оқушылар  арасындағы  тәртіп  бұзушылықты,  тәртіп  бұзушылықты 

ескертуге  бағытталған  тәрбие  және  алдын  алу  жұмыстарының  жағдайын 

зерттейді және талдайды; 

  Мектеп  оқушыларының  тәртіп  бұзушылығына  байланысты  кикілжің 

жағдайларды қарастырады;   

Оқушылардың  тәртібін  нығайту,  ішкі  тәртіп  Жарғысы  және  Ережесін 

сақтау сұрақтарын қарастырады; 

Оқушылардың жеке істерін – тәртіп бұзушылықтарын қарастырады және 

сәйкесінше шара қолдануға байланысты тәртіптік жазаға пікір ұсынады; 

Зияткерлік  мектеппен  оқушылардың  заңды  өкілі  арасындағы  байланыс 

негізінде  кураторлардың  тәртіпті  нығайту  мен  алдын  алу  бойынша 

жұмыстарының жағдайын тыңдайды; 

Кәмелеттік  жасқа  толмағандар  ісі  бойынша  есепке  алынған   

жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылайды; 

Тәртіп  бұзуға  бейім  жасөспірімдерді  спорттық  секцияларға,  үйірмелерге 

т.б. тартады; 

Қиын жас өспірімдермен жеке жұмыс ұйымдастырады

Жайсыз отбасылармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді. 

51.  Тәртіп  комиссиясының  мәжілісі  мүшелерінің  үштен  екісі  қатысқан 

жағдайда толық құқылы болады.   

          Тәртіп  комиссиясының  шешімі  мәжіліске  қатысқан  оның  мүшелерінің 

көпшілік дауысымен қабылданады. 

52. Тәртіп бұзушылықты қарастырудың негізі болып табылады: 

 

Зияткерлік  мектеп  директорының  атына  оқушылардың,  педагог  – 



қызметкерлердің,  жәбірленген  жақтан  немесе  басқа  да  тұлғалардың  атынан 


түскен шағым, хабарлама; 

 



Тәртіпсіздік әрекет жасаған оқушылардың өтініші (хабарламасы). 

53.  Тәртіп    комиссиясы  оқушының  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылуы 

мүмкін  екендігі  туралы  заңды  өкілдерінің  біріне  ескертуге  және  оқушының 

жазбаша  түрде  1  (бір)  күннің  ішінде  түсініктеме  жазуын  талап  етуге  міндетті, 

оны  оқушы  заңды  өкілімен  бірге  1  күн  ішінде  тапсыруға  міндетті.Оқушы 

түсініктеме беруге қарсы болған жағдайда Зияткерлік мектеп қызметкерлерінен 

үш тұлғаның қол қоюымен расталған акт жасалады. 

54. Оқушы жазбаша түрде түсініктеме беруге қарсы болған жағдайда оған 

тәртіпсіздігі жөніндегі шараны қолдануға кедергі жасалмайды. 

55. Зияткерлік мектеп қызметкерінің (мысалы, тәртіпсіздік әрекетжасаған 

оқушыға    қатысты) тәртіпсіздік әрекетті қарауына оның нәтижесінетура немесе 

жанама  қызығушылық  қатысы  бармүдделі  тараптарға  жол  берілмейді. 

Көрсетілген  талаптарды  сақтамаған  жағдайда  тәртіпсіздік  әрекетті  қарастыру 

нәтижесі жарамсыз деп есептеледі.   

56.  Жасалған  тәртіпсіздік  әрекетін  қарастыру  барысында  Тәртіп 

комиссиясы келесі жағдайларды тағайындайды: 

    тәртіпсіздік әрекеті (тәртіпсіздік фактісі) шынайы орын алды ма;     



2)  ол  қайда,  қашан,  қандай  жағдайда  және  қандай  мақсатпен  (орны, 

уақыты, жағдайы) жасалды; 

3) ол неден көрінді; 

4) тәртіпсіздік әрекетін жасаған тұлға

5)  нақты  оқушының  әрекет  (әрекетсіз)  кезіндегі  кінәсі,  тәртіпсіздікті 

бірнеше тұлға жасаған жағдайдағы әр оқушының кінәлілігінің түрі мен деңгейі; 

6) тәртіпсіздік әрекеттің салдары қандай; 

7)  оқушының  жауапкершілік  кінәсін  жеңілдететін  және  ауырлататын 

жағдай;   

8) оқушыны тәртіптік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін жағдай; 

9) оқушының бұрынғы және бұдан соңғы тәртібі; 

10)  тәртіпсіздік  әрекетінің  жасалуына  мүмкіндік  жағдай  туғызған 

себептер мен жағдайлар; 

11) тәртіпсіздік әрекетін дұрыс және әділ тұрғыда қарастыру үшін маңызы 

бар басқа да фактілер.   

57.  Тәртіп  мәселесіне  қатысушыларының  біреуі  келмей  қалған 

жағдайқарастыруды  кейінге  қалдыру  үшін  негіз  бола  алмайды.Бұл  жағдайда 

басқа тұлғалардан алынған түсініктемелер мен бар материалдар қарастырылып 

зерттеледі.   

58.  Тәртіп  комиссиясы  кез  келген  тәртіпсіздік  әрекетті  істеу  белгілерінің 

болуы  немесе  болмау  жағдайына  қатысты  маңызы  бар  дәлелі  ретінде 

мәлімдеулер, факт мәліметтердің негізінде тәртіп бұзушылықты тағайындайды. 

59. Дәлелдер ретінде рұқсат етіледі: 

1) оқушының түсіндірмесі; 




жүктеу 351,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау