Алғысөз
Бұл көмекші құралдың мақсаты - 9 сыныпта химияны оқу барысында оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеру деңгейін анықтауда мұғалімдерге көмек болу.
Мұнда органикалық емес химия курсының барлық тақырыптары бойынша бірнеше жұмыстар берілген, бұл мұғалімдерге оқушылардың жекелеген мәселелер бойынша білімін тексеруге мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар төрт нұсқада берілген, олар мазмұны мен сипаттамасы бойынша ұқсас болып келеді. Тапсырмалар өзінің дидактикалық мақсаты бойынша ерекшеленеді: олардың біреуі оқушылардан тек материалды қарапайым қайталауды талап етсе, екіншілері салыстырып, анализ жасауға машықтандырады, үшіншілері шығармашылық деңгейде ойлап, жаңа жағдаяттарда оны қолдана білу деңгейін талап етеді.
Мұндай тапсырмалар жалпылама жұмыста барлық оқушыларды бірдей жұмылдыруға да, олардың жеке жұмысын ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Әр тақырып қорытындалады, бұл барлық тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруде ыңғайлы болып табылады.
9-сынып
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы
Жұмыс 1. Заттардың электролиттік диссоциациясы жәнеион алмасу реакциясы
І нұсқа
Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:
А) темір (ІІІ) хлориді Б) калий сульфаты
В) барий нитраты Г) фосфор қышқылы Д) натрий гидроксиді
2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:
А) барий хлориді мен күкірт қышқылы Б) калий гидроксиді мен фосфор қышқылы
В) натрий карбонаты мен қорғасын (ІІ) нитраты
ІІ нұсқа
1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:
А) кальций гидроксиді Б) мыс (ІІ) хлориді
В) күкірт қышқылы Г) темір (ІІІ) сульфаты Д) калий нитраты
2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:
А) Тұз қышқылы мен күміс нитраты Б) барий хлориді мен мыс (ІІ) сульфаты
В) кальций гидроксиді мен азот қышқылы
ІІІ нұсқа
1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:
А) алюминий хлорид і Б) калий фосфаты
В) азот қышқылы Г) натрий сульфаты Д) магний хлориді
2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:
А) натрий карбонаты мен кальций хлориді Б) барий гироксиді мен тұз қышқылы
В) күкірт қышқылы мен натрий нитраты
ІVнұсқа
1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:
А) мыс (ІІ) нитраты Б) тұз қышқылы
В) алюминий сульфаты Г) барий гидроксиді Д) мырыш сульфаты
2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:
А)литий гироксиді мен азот қышқылы Б) мыс (ІІ) нитраты мен натрий гидроксиді
В) калий карбонаты мен фосфор қышқылы
Жұмыс 2. Ион алмасу реакциясы және тұздар гидроксиді
І нұсқа
Ерітінділер әрекеттескен кезде қандай заттар тұнбаға түседі?
А) AgNO3 және K3PO4 Б) CuSO4 және NaOH
В) KOH3 және HCl Г) BaCl2 және K2SO4
Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: Натрий карбонаты; калий хлориді; мыс (ІІ) нитраты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар.
ІІ нұсқа
Қай заттардың ерітінділері әрекеттескенде реакция өнімінің біреуі су болып табылады?
А) Na2 CO3 және HNO3 Б) MgCl2 және AgNO3
В) HCl және Ba (OH)2 Г) NaOH және H3PO4
Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
2. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: калий нитраты; натрий сульфаты; темір (ІІІ) хлориді? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар.
ІІІ нұсқа
Ерітінділер әрекеттескен кезде қандай заттар тұнбаға түседі?
А) FeCl және NaOH Б) HNO3 және KOH
В) Ba (NO3)2 және Na2CO3 Г) Al2 (SO4)3 және K3PO4
Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
2. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: натрий сульфаты; мырыш нитраты; калий карбонаты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар
ІVнұсқа
Қай заттардың ерітінділері әрекеттескенде реакция өнімінің біреуі су болып табылады?
А) K2 CO3 және HCl Б) Ka (OH)2 және HNO3
В) NaOH және H2SO4 Г) NaNO3 және H2SO4
Реакция теңдеулерінің молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды: алюминий хлориді; натрий хлориді; калий сульфаты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар
Жұмыс 3. Электролиттік диссоциация теориясы негізінде қышқылдардың, тұздардың және негіздердің химиялық қасиеттері
І нұсқа
Тізілген заттардың қайсысына барий гидроксидінің ерітіндісі әсер етеді: натрий сульфаты; темір (ІІІ) оксиді; мыс (ІІ) хлориді; азот қышқылы; калий гидроксиді; көміртегі (ІV)
оксиді? Орындалатын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
Темір (ІІ) сульфаты арқылы:
А) темір(ІІ) хлориді Б) темір(ІІ) нитраты? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІІ нұсқа
Тізілген заттардың қайсысына сұйытылған күкірт қышқылы әсер етеді: Сынап; натрий гидроксиді; мырыш, барий хлориді; алтын, мыс (ІІ) оксиді? Орындалатын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
Натрий сульфаты, тұз қышқылы және барий гидроксиді өзінің реті бойынша натрий хлоридін қалай алуға болады? Молекулалық және қысқаша сандық теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ нұсқа
Тізілген заттардың қайсысына мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі әсер етеді: күміс нитраты; натрий хлориді; темір, фосфор қышқылы; мырыш оксиді; калий гидроксиді? Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
А. Күкірт қышқылының қоспасынан азот қышқылын қалай тазартуға болады?
В. Калий хлоридін калий нитратына қалай айналдырады? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІVнұсқа
Тізілген заттардың қайсысына тұз қышқылы әсер етеді: кальций гидроксиді; алюминий, натрий карбонаты, күміс, магний оксиді; сынап? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Жұмыс 4. Реакция теңдеулері бойынша есептеулер, егер әсер етуші заттың біреуі артық мөлшерде берілсе
260 г. барий нитраты мен 220 г. калий сульфаты ерітінділерін қосқан кезде түзілген тұнбаның массасын есептеңдер?
42,6 г. алюминий нитраты бар ерітіндіге 16 г. натрий гидроксиді бар ерітіндіні құйды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңдер.
53 г. натрий карбонаты бар ерітіндіге 400 г. массалық үлесі 200%-тік азот қышқылының ерітіндісін қосқанда қанша көлем газ бөлінеді?
20 г. магний оксиді 94,5 г. азот қышқылы бар ерітіндісімен әрекеттескен кезде магний нитратының қандай массасы алынатынын есептеңдер.
40 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндісіне 12 г. темір опилкаларын (жаңғақтарын) қосты. Реакция аяқталған соң мыс (ІІ) сульфаты ерітіндіде қалады ма? Есептеңдер.
15 г. 5%-тік барий хлориді ерітіндісімен 10 г. 8%-тік натрий сульфатының ерітіндісін араластырған кезде түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар
400 г. 5%-тік темір (ІІІ) сульфатының ерітіндісіне 200 г. 3%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісін қосты. Түзілген тұнбаның массасын есепте.
16 г. мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне 12 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда мыстың қанша массасы бөлінеді?
200 г. 20%-тік натрий гидроксиді ерітіндісіне 3 моль мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісін қосқан кездегі бөлінген газдың көлемі қандай?
150 г. 30%-тік тұз қышқылына 0,5 моль тұзы бар натрий карбонатының ерітіндісін қосқан кездегі бөлінген газдың көлемі қандай?
40 г. 10 30%-тік күкірт қышқылының ерітіндісіне 2,61 г. барий нитратын қосты. Түзілген тұнбаның массасын тап.
10 г. магний оксидін 40 г. азот қышқылының ерітіндісімен өңдеді. Мұнда қанша масса тұз түзілді?
200 г. 7% күкірт қышқылының ерітіндісін 2 моль тұзы бар барий хлориді ерітіндісін әрекеттестірген кезде түзілген барий сульфатының ерітіндісін табыңдар.
16,2 мырыш оксидін 30 г. азот қышқылы бар ерітіндімен әрекеттестірген кезде түзілген мырыш нитратының массасын табыңдар.
Жұмыс 5. 1 тақырып бойынша қорытынды.
І нұсқа
Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:
А) калий хлориді Б) күкірт қышқылы
В) кальций гидроксиді Г) мыс (ІІ) нитраты Д) алюминий сульфаты
2. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар:
А) натрий хлориді мен күміс нитраты Б) азот қышқылы мен кальций гидроксиді
В) тұз қышқылы мен калий карбонаты
3. Бұл қатардағы қай затқа тұз қышқылы әсер етеді: кальций оксиді; мыс (ІІ) гидроксиді; натрий нитраты? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар
4. 32 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 21 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда қанша масса мыс бөлінді?
ІІ нұсқа
Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:
А) натрий гидроксиді Б) азот қышқылы
В) калий карбонаты Г) темір (ІІ) нитраты
Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық қысқаша теңдеулерін жазыңдар:
А) калий гидроксиді мен мыс (ІІ) нитраты Б) тұз қышқылы мен барий гидроксиді
В) натрий сульфаты мен барий нитраты
3. Берілген заттардың қайсысына кальций гидроксидінің ерітіндісі әсер етеді: мыс (ІІ) сульфаты; барий хлориді; сынап, калий фосфаты; көміртегі (ІV) оксиді? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар
4. 5 г. магний оксидін 40 г. азот қышқылының ерітіндісімен өңдеді, қанша масса тұз түзілді?
ІІІ нұсқа
Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:
2. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық қысқаша теңдеулерін жазыңдар:
А) темір (ІІІ) хлориді мен натрий гидроксиді Б) күкірт қышқылы мен литий гидроксиді
В) азот қышқылы мен натрий карбонаты
3. Берілген заттардың қайсысына сұйытылған күкірт қышқылы әсер етеді: алюминий, натрий нитраты; алтын, калий гидроксиді; барий нитраты? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар
4. 6,5 г. мырышты 20 г. күкірт қышқылының ерітіндісіне салды. Бөлінген сутегінің массасын есепте.
ІІ тақырып. Оттегі топшасы. Химиялық реакция жүруінің негізгі заңдылықтары
Жұмыс 1. Оттегі. Күкірт. Күкірт қышқылы
І нұсқа
Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:
А) күкірттің оттегімен Б) күкірттің литиймен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі магниймен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі кальций оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі барий гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)
2. Оттегі мен азонның молекулалық құрылысы мен қасиетін салыстырыңдар. Аллотропияның бар екенін түсіндіріңдер.
3. Пробирканың біреуінде натрий сульфатының ерітіндісі бар, ал екіншісінде күкірт қышқылының ерітіндісі бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.
ІІ нұсқа
Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:
А) күкірттің алюминиймен Б) күкірттің көміртегімен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі мырышпен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі магний оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі мысгидроксидімен (молекулалық және иондық формада)
Табиғатта күкірт қандай түрінде кездеседі? Оны қолданудың негізі облысын сипаттаңдар
Пробирканың біреуінде күкірт қышқылы бар, ал екіншісінде тұз қышқылы. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.
ІІІ нұсқа
Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:
А) күкірттің сутегімен Б) күкірттің мырышпен(элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі темірмен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі мыс (ІІ) оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі натрий гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)
Оттегі мен күкірт-химиялық элементтерін, түзетін жай заттардың атауларын жазыңдар. Бұл құбылысты түсіндір.
Пробирканың біреуінде калий сульфаты бар, ал екіншісінде тұз қышқылы. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.
ІVнұсқа
Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:
А) күкірттің натриймен Б) күкірттің фтормен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі алюминиймен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі темір (ІІІ) оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі кальций гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)
Күкірт қышқылының өнеркәсіпте және ауылшаруашылығында қолданылуының негізгі облысын сипаттаңдар.
Пробирканың біреуінде натрий хлоридінің ерітіндісі, ал екіншісінде натрий сульфаты бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.
Жұмыс 2. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.
І нұсқа
Химиялық реакцияның жылдамдығы әсер етуші заттардың табиғатына байланысты екеніне нақты мысалдармен сипатта.
Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?
СО(r) +H2O(r) СО2(r) + H2(r)+Q
А) температураны жоғарылатқанда;
Б) көміртегі (ІІ)оксидін концентрациясын жоғарылатқанда. Негізгі жауабын бер
ІІ нұсқа
Химиялық реакцияның жылдамдығы әсер етуші заттың концентрациясына байланысты екеніне нақты мысалдармен сипатта.
А) температураның төмендеткенде;
Б) Қысымды жоғарылатқанда
Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?
2H2(r) +O2 (r) 2 H2O(r) +Q
Негізгі жауабын бер
ІІІ нұсқа
Химиялық реакцияның жылдамдығы температураға тәуелді екеніне нақты мысалдармен сипатта.
А) температураның төмендеткенде;
Б) Қысымды төмендеткенде
Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?
N2(r) +3H2 (r) 2 NH3(r) +Q
Негізгі жауабын бер
ІІІ нұсқа
Химиялық реакцияның жылдамдығы катализаторларға тәуелді екеніне нақты мысалдармен сипатта.
А) температураның жоғарылатқанда;
Б) Бромсутектің концентрациясын жоғарылатқанда;
Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады?
2HBr(r) H2(r) + Br2(r)-Q Негізгі жауабын бер
Жұмыс 3. ІІ тақырып бойынша қорытындылау
І нұсқа
Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылы әсер етеді?: калий гидроксиді; алюминий, күкірт (ІV) оксиді; темір (ІІ) оксиді; барий нитраты; мыс, мырыш гидроксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
S→SO2→ SO3→H2 SO4→SO2
2 SO2(r)+ O2 (r) 2 SO3(r)+ O2
А) температураны жоғарылатқанда;
Б) қысымды төмендеткенде;
Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады? Негізгі жауабын бер
Күкіртқышқылды зауытта пиритті жаққанда реакцияның жылдамдығының артуы қандай әдіспен қолжетімді болады?
ІІ нұсқа
Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылы әсер етеді?: Сынап, темір (ІІІ) гидроксиді; барий хлориді; литий гидроксиді ; магний оксиді; мырыш, көміртегі (ІV) оксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
H2S→ S→ FeS→ SO2
↓
Na2S
Химиялық реакцияның жылдамдығы неге тәуелді?
А) температураға;
Б) Әсер етуші заттардың концентрациясына
Мысал келтіріңдер
Күкіртқышқылды зауытта қандай үрдіс жылу алмасу принципінің қолданылуына негізделген. Осы принциптің қолдануына не жеткізеді?
ІІІ нұсқа
Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылы әсер етеді?: натрий гидроксиді ; алтын, мыс (ІІ) оксиді; магний , барий хлориді; күміс, алюминий гидроксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
S→ZnS→ SO2→ SO3→H2 SO4
Химиялық реакцияның жылдамдығы неге тәуелді?
А) катализатордан;
Б) әсер етуші заттардың табиғатына;
Мысал келтіріңдер
Неге көмірқышқылды зауытта күкірт (ІV) оксидін тазартуға көп мән береді?
ІV нұсқа
1. Төменде келтірілген заттардың қайсысына күкірт қышқылының ерітіндісі әсер етеді?: мыс, кальций гидроксиді ; мырыш оксиді; темір, кремний (ІV) оксиді; барий нитраты; мыс (ІІ) гидроксиді? Орындалатын рекция теңдеулерін жазыңдар
2. SO2(r) + H2O (c) H2 SO3(с) + Q
А) температураны жоғарылатқаннан;
Б) күкірт (ІV) оксидінің концентрациясын жоғарылатқанда;
Реакцияның тепе-теңдігі қай жаққа ығысады? Негізгі жауабын бер
3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
H2S←S→ SO2→ SO3
Al2S3
Негі күкірт қышқылыды зауытта күкірт (ІV) оксидін сумен емес, концентрлі күкірт қышқылымен сіңдіреді?
ІІІ тақырып. Азот топшасы.
Жұмыс 1. Азот. Аммиак. Аммоний тұздары
І нұсқа
Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың литиймен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аллюминий тұзынан аммиакты алу;
В) аммоний хлоридінің ерітіндісі мен күміс нитратының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
2. Сутегі, хлор және азот арқылы аммоний хлорын қалай алады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Азот молекуласының молекулалық , электрондық және құрылымдық формуласын бейнелеңдер. Азоттың физикалық қасиетін көрсетіңдер
ІІ нұсқа
1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың сутегімен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аммиактың күкірт қышқылымен әрекеттесуі;
В) аммоний сульфатының ерітіндісі мен барий нитратының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
Үш номерленген пробиркаларға күкірт қышқылы, натрний сульфаты және аммоний хлоридінің ерітінділері бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар
Аммоний ионының түзілу схемасын бейнелеңдер. Азот пен сутегі арасындағы химиялық байланыстың түрін, тотығу дәрежесін және аммиактағы мен аммоний ионындағы азоттың валенттілігін көрсетіңдер
ІІІ нұсқа
1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың магниймен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аммиактың оттегінде жануын;
В) аммоний карбонатының ерітіндісі мен азот қышқылының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
2. Азот, сутегі, күкірт (ІV) оксиді және су арқылы аммоний сульфатын қалай алуға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар
3. Азот молекуласының түзілуінің схемасын бейнелеңдер. Азот атомдары арасындағы химиялық байланыстың түрін және тотығу дәрежесін көрсетіңдер
ІVнұсқа
1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың оттегімен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аммиактың хлорсутекпен әрекеттесуін;
В) аммоний сульфатының ерітіндісі мен барий гидроксидінің ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
2. Үш номерленген пробиркаларда кристалдық заттар бар: аммоний хлориді; аммоний сульфаты; натрий хлориді. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Аммиактың молекулалық, эхлектрондық және құрылымдық формулаларын бейнелеңдер. Аммиактың физикалық қасиетін көрсетіңдер.
Жұмыс 2. Азот қышқылы және оның тұздары
І нұсқа
Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) кальций оксиді; Б) натрий гидроксиді; В) калий карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Концентрлі азот қышқылы мен мыстың әрекеттесуінің реакция теңдеуін құраңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдержәне электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
N2→ NO→ NO2→Н NO3
ІІ нұсқа
Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) кальций гидроксиді; Б) мыс (ІІ) оксиді; В) барий карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Қорғасын нитратын қыздырған кезде айырылу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Үш номерленген пробиркаларда кристалды заттар бар: натрий нитраты; натрий сульфаты және аммоний нитраты. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ нұсқа
1. Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) калий гидроксиді; Б) натрий оксиді; В) натрий карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. концентрлі азот қышқылы мен сынаптың әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
KNO3→H NO3→Cu(NO3)2→ NO2
ІVнұсқа
1.Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) барий гидроксиді; Б) магний оксиді; В) кальций карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Күміс нитратының қыздыру кезіндегі айырылу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Үш номерленген пробиркаларда азот, күкірт және тұз қышқылдары бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
Жұмыс 3. Фосфор және оның қосылыстары
І нұсқа
Әрекеттесі реакция теңдеулерін жазыңдар: А) фосфордың оттегімен; Б) фосфиннің (РН3) хлорсутегімен; В) фосфор қышқылының ерітіндісі мен калий гидроксиді (молекулалық және иондық түрде)
Қызыл және ақ фосфор бір элементтің аллотропиялық түр өзгерісі болып табылатынын қалай дәлелдейсіңдер?
Үш номерленген пробиркаларда фосфор және тұз қышқылдары, натрий фосфаты ерітінділері бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІІ нұсқа
Әрекеттесі реакция теңдеулерін жазыңдар: А) фосфордың хлормен; Б) фосфордың магниймен; В) натрий фосфатының ерітіндісі мен күміс нитратының ерітіндісі (молекулалық және иондық түрде)
Неге фосфор табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, ал бір топта орналасқан азот – бос күйінде кездеседі?
Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
+Н2О
Р→Са3 Р2→ Р Н3→ Р2 О5
ІІІ нұсқа
Әрекеттесі реакция теңдеулерін жазыңдар: А) фосфордың кальциймен; Б) калий фосфаты мен күкірт қышқылын қыздыру арқылы; В) натрий гидроксидінің ерітіндісі мен фосфор қышқылының ерітіндісі (молекулалық және иондық түрде)
Бірдей жағдайда ақ және қызыл фосфорды жаққан кезде бірдей немесе әртүрлі қосылыс алына ма?
Үш номерленген пробиркаларда фосфор және азотқышқылдары, су бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар
ІVнұсқа
Әрекеттесі реакция теңдеулерін жазыңдар: А) фосфордың күкіртпен; Б) фосфор (V) оксиді сумен; В) натрий карбонатының ерітіндісі мен фосфор қышқылының ерітіндісі (молекулалық және иондық түрде)
Құрамы бойынша фосфор молекуласы (буда) азо молекуласынан қандай айырмашылығы бар?
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Р→Р2О5→ Н3 РО4→ К3 РО4
Жұмыс 4. Реакцияның өкімінің шығымы теорилықпен салыстырғандағы массалық және көлемдік үлестерін анықтау бойынша есептеулер
Керекті мөлшерде алынған натрий гидроксидіне 252 г. азот қышқылы бар ерітіндіс әсер етті. Алынған тұздың массасын есептеңдер, егер практикалық шығымы теориямен салыстырғанда 90 % болса
20 г. аммоний хлориді мен кальций гидроксидінің артық мөлшерін қыздырғанда алынған аммиактың (қ.ж.) көлемін есептеңдер, егер аммиактың көлемдік үлесінің шығымы 98% болса
280 г. кальций оксидінен 358 г. кальций гидроксидін алды. Кальций гидроксидінің массалық үлесінің шығымын есептеңдер.
20 г. аммоний хлориді мен 20 г. кальций оксидінің қоспасын қыздырғанда алынған аммиактың массасы қандай? Массалық үлесінің шығымы 98% құрайды
Аммоний нитратын NH4NO2 қыздырған кезде азот пен су төзімді. Егер азоттың көлемдік үлесінің шығымы 0,89 болғандығы, 6,4 г. аммоний нитритін айырған кезде алуға болатын азоттың (қ.ж.) көлемін есептеңдер.
Көлемі 56 л. (қ.ж.) азотқа артық мөлшерде алынған сутегімен әсер етті. Аммиактың массалық үлесінің шығымы 50 % құрайды. Алынған аммиактың көлемін және массасын есептеңдер.
107 г. аммоний хлоридін айырған кезде (қ.ж.) 38 л. аммиак алынды. Аммиактың көлемдік үлесінің шығымын есептеңдер.
200 кг. фосфор қышқылын алу үшін фосфордың қанша массасы қажет? Егер қышқылдың массалық үлесінің шығымы 90 % құрайтын болса
33г. аммоний сульфаты мен артық мөлшерде алынған кальций гидроксидінің қоспасын қыздыру арқылы қанша көлем (қ.ж.) аммиак алуға болады? Егер көлемдік үлесінің шығымы 85% құраса
4 л. (қ.ж.) азот (ІV) оксидін алу үшін артық мөлшерде концентрлі азот қышқылымен реакциялауға қанша масса мыс қажет екенін есепте.Егер азот(ІV) оксидінің көлемдік мөлшерінің шығымы 96% құрайтын болса
30 г. аммоний хлоридін артық мөлшерде кальций гидроксидімен қыздырған кезде алынатын аммиактың (қ.ж.) көлемін есептеңдер. Аммиактың көлемдік мөлшерінің шығымы 94% құрайтын болса
40 г. аммоний нитратын айырған алынатын азоттың (І) оксидінің (қ.ж.) көлемін есептеңдер, егер оның көлемдік мөлшерінің шығымы 96% құрайтын болса
20,2 г. калий нитратына концентрлі күкір қышқылын әрекеттестірген кезде алынатын азот қышқылының массасын есептеңдер, егер қышқылыдың шығымының масалық үлесі 0,98 болса
80 г. калий фосфатына концентрлі күкірт қышқылы әрекеттестірген кезде алынатын фосфор қышқылының массасын есептеңдер, егер қышқылыдың шығымының масалық үлесі 0,96 болса
Жұмыс 5. ІІ тақырып бойынша қорытындылау
І нұсқа
Молекулалық азот пен ақ фосфорға салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: А) агрегаттың күйі бойынша; Б) химиялық қасиеті бойынша; В) реакциялық қабілеті мен адам ағзасына әсері бойынша жауабын реакция теңдеуімен дәлелдеңдер.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Р→Р2 О5→НРО3→ Н3РО4→Na РО4→Ag3 РО4
37 г. калий гидроксиді аммоний сульфатымен әрекеттесуінен 15 г. аммиак алынды. Аммиактың шығынының массалық үлесін есептеңдер
ІІ нұсқа
Азот пен фосфор элементтеріне салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: А) атом құрылысында; Б) тотығу дәрежесінде; В) олардан түзілген оксидтердің құрамы мен қасиетін. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
N2→NH3→NО→ NО2→H NО3→Ba(NО3) 2
17г. натрий нитратын концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіру арқылы алынатын азот қышқылының массасын есептеңдер; егер қышқылыдың шығымының масалық үлесі 0,96 болса
ІІІ нұсқа
Азот пен фосфордың ұшқыш сутектік қосылыстарына салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: молекулалық құрылысынан, физикалық және химиялық қасиетінен. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
P→Ca3 P2→ PH3→ Р2О5→H РО3→ H3 РО4
30г. аммоний хлоридін артық мөлшерде кальций гидроксидінен қыздыру арқылы алынатын аммиактың (қ.ж.) көлемін есептеңдер, аммиактың шығымының көлемдік үлесі 0,92 болса
ІVнұсқа
1. Азот пен фосфордың қышқылына салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: молекулалық құрылысынан, физикалық және химиялық қасиетінен. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Pb(NО3) 2→NO2→HN О3→NH4 NО3→ NH3→(NH4) 2SO4
3.62 г. фосфорды оттегінде жаққан кезде 130 г. фосфор (ІV) оксиді алынды, фосфор (ІV) оксидінің шығымының массалық үлесін есептеңдер
ІV тақырып. Көміртегі топшасы.
Жұмыс 1. Көміртегі. Көміртегі оксиді
І нұсқа
Көміртегі атомының қалыпты және қозған күйдегі электрондық конфигурациясын бейнелеңдер. Неге көміртегі атомы үшін 2s22p2→ 2s12p3 схемасы бойынша электронның ауысуы болады?
Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көмірдің мыс (ІІ) оксидімен әрекеттесуін;
Б) көмірдің көміртегі (ІV) оксидімен әрекеттесуін; В) өнеркәсіптік әдіспен әктастан көміртегі (ІV) оксидін алынуын.
5 % азоты бар, 20 л. көміртегі (ІІ) оксидін толық жандыру үшін қанша көлем қажет?
ІІ нұсқа
Табиғатта көміртегі қандай жай зат түрінде кездеседі? Физикалық қасиеттерін салыстырыңдар және кристалдық тордың құрылымына байланысты екенін түсіндіріңдер.
Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көміртегі (ІV) оксидінің әктас суымен әрекеттесуі; Б) көміртегінің сумен әрекеттесуі; В) көмірдің артық мөлшеріндегі оттегінде жануын
8 % карбонатсыз қоспалары бар, 60 г. мрамордың артық мөлшеріндегі азот қышқылымен әрекеттесуі арқылы алынатын көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі қанша?
ІІІ нұсқа
Көміртегі қосылыстарда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Көміртегі атомының әртүрлә тотығу дәрежесінде болатын үш қосылысының формуласын жазыңдар.
Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көміртегі (ІІ) оксидінің темір (ІІ) оксидімен әрекеттесуін; Б) көмірдің алюминиймен әрекеттесуін; В) көміртегі (ІV) оксиді кальций оксидімен әрекеттесуі.
6% жанбайтын қоспасы бар. 400 г. көмірді жандырған кезде бөлінетін (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидінің көлемі қандай?
ІVнұсқа
Адсорбция мен десорбцияға анықтама беріңдер. Ағаш көмірінің адсорбциялық қасиеті адамдардың қандай практикалық жағдайларда қолданылады?
Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көміртегі (ІІ) оксидінің жануын; Б) көмірдің күкіртпен әрекеттесуін; В)зертханалық әдіспен мрамордан көміртегі (ІV) оксидінің алынуын;
10% карбонатты емес қоспалары бар, 500 г. әктастың термиялық ыдырауы кезінде бөлінетін көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі қандай?
Жұмыс 2. Көмір қышқылы және оның тұздары
І нұсқа
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca(HCO3)2→ CaCO3→CO2→Na2 CO3→H2 CO3
Үш номерленген пробиркаларда калий хлориді, калий карбонаты, калий фосфатының ерітінділері бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
Егер көмірқышқыл газын лакмусы бар күлгін түсті судан өткізсе, онда түсі қызыл түске боялады, ал қыздырған кезде бояу қайта күлгін түске боялады. Бұл құбылысты түсіндіріңдер
ІІ нұсқа
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
СО →CO2→КН CO3→К2 CO3→ CO2
Әк суынан көмірқышқыл газын көп өткізген кезде қандай өзгерістер байқалады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар
Натрий және калий карбонаттарының сулы ерітінділері қандай ортаны көрсетеді? Неге?
ІІІ нұсқа
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca(HCO3)2→ CaCO3→CO2→Na2 CO3→H2 CO3
Әктасты күйдірген кезде калий карбонаты ерітіндісінен қосалқы газдарды өткізе отырып, көмірқышқыл газын қосып алады. Қаныққан кейінгі алынған ерітіндіні қыздырады, сонда көмірқышқыл газынан ол босатады. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
Қандай сапалық реакциялар арқылы көмірқышқылының тұзын тұз, күкірт және азот қышқылының тұздарынан айыруға болады?
ІVнұсқа
Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
C→ CO2→ H2 CO3→Na2 CO3→ NaN O3
А) барий гидроксиді: Б) күкірт қышқылы; В) калий гидроксиді; Г) калий нитраты ерітінділеріне сода ерітіндісін қосты. Қандай
жағдайда реакция байқалады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар
Ас тұзға кальций карбонатын әсер еткенде сода алуға бола ма? Неге?
Жұмыс 3. Кремний және оның қосылыстары.
І нұсқа
Неге кремнийдің бейметалдық қасиеті көміртегіне қарағанда әлсіз екенін кремнийдің атом құрылысы арқылы түсіндіріңдер
Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
SiO2 → Si→ SiO2 →Na SiO3
5% қоспасы бар, 160 г. магний силициді Mg2Si тұз қышқылыменәрекеттескен кезде түзілетін SiН4 силанның массасы қанша?
ІІ нұсқа
Калий силикаты мен натрий силикатының сулы ерітінділері реакцияның қандай ортасын көрсетеді? Неге?
Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
NaОН→Na2 SiO3 → Н2 SiO3 → SiO2
10% қоспасы бар, 40 г. кремний (ІV) оксидін көмірмен тотықсыздандырған кезде кремнийдің қанша массасы алынады?
ІІІ нұсқа
Кремний қосылыстарда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Кремний әр түрлі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың формулаларын жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
+НCl
Si→ Mg2Si→Si Н4→ SiO2
10% қоспасы бар, 50 г. кремний (ІV) оксидін натрий гидроксидімен балқытқан кезде түзілген натрий силикатының массасы қанша?
ІVнұсқа
Кремний (ІV) оксиді қандай оксидтер тобына жатады? Неге? Жауабын реакция теңдеулерімен жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Si→ SiO2 →К2 SiO3→ Н2 SiO3
5% қоспасы бар, 60 г. кремний магнийімен әрекеттескен кезде алынған Mg2Si магний силицидінің массасы қанша?
Жұмыс 4. Қоспасы бар заттың белгілі массасы немесе көлемі бойынша реакция өнімінің масасын немесе көлемін есептеу
10% қоспасы бар, 600 г. әктасты термиялық ыдыратқан кезде алынған кальций оксидінің массасы қанша?
20% қоспасы бар, 200 г. әктасты термиялық ыдыратқан кезде алынған көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін қанша?
5% қоспасы бар, 50 г. азоттан 8 г. аммиак алды. Аммиактың шығымының массалық үлесін есептеңдер
6% қоспасы бар, 400 г. әктасты күйдірген кезде түзілген сөндірілмеген әктің массасы қанша?
8% қоспасы бар, 500 г. әктасты күйдірген кезде түзілген сөндірілмеген әктің массасы мен көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемін (м3) есептеңдер
10,8 г. сусыз натрий карбонаты артық мөлшерден азот қышқылымен әрекеттескен кезде 2,24л. (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидін алды. Натрий карбонатындағы қоспаның құрамын есепте
8 % жанбайтын қоспасы бар, 500 г. көмірді жаққан кезде (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидінің қанша көлемі бөлінеді?
187,5 көмір жанған кезде (қ.ж.) 336 л. көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Көмірдегі көміртектің массалық үлесін есептеңдер
(қ.ж.) 5% қоспасы бар, 0,6 кг. әктасты ыдыратқан кезде алынатын көміртегі (ІV) оксидінің зат мөлшерін (моль) және көлемін (л) анықтаңдар
Кальций гидроксидінің ерітіндісімен 2 м3 ауаны (қ.ж.) өткізген кезде 3 г. кальций карбонаты түзілді. Ауадағы көміртегі (ІV) оксидінің көлемдік үлесін есептеңдер
3% қоспасы бар, 80 г. барий карбонатын ыдыратқан кезде түзілген барий карбонатын ыдыратқан кезде түзілген барий оксидінің зат мөлшерін (моль) және массасын есепте
95% кальций карбонаты бар, 60 г. әктасты артық мөлшердегі тұз қышқылымен әрекеттескен кезде алынатын көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі мен зат мөлшері (моль) қанша?
54 г. әктасты күйдірген кезде 22 г. массасын жоғалтты. Әктастағы кальций карбонатының массалық үлесін есептеңдер. (әктаста кальций карбонатынан басқа ыдырамайтын заттар бар)
5% қоспасы бар, 60 г. кремний (ІV) оксидін көмірмен тотықсыздандырған кезде қанша масса кремний түзілді?
Жұмыс_5._ІV_тақырып_бойынша_қорытындылау__І_нұсқа'>Жұмыс 5. ІV тақырып бойынша қорытындылау
І нұсқа
Көміртегі (ІV) оксиді мен кремний (ІV) оксидіне салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
Төменде көрсетілген заттардың қайсысымен көміртегі (ІІ) оксидін көмірқышқыл газының қоспасынан тазартуға болады: фосфор (V) оксиді, әк суы, күкірт қышқылының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі? Болатын реакция теңдеуін жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
NaCO3→ Ca CO3→CO2→ Ca(HCO3)2→CO2
6% қоспасы бар, 400 г. кальций карбонатын ыдыратқан кезде (қ.ж.) қанша көлем көміртегі (ІV) оксидін алуға болады?
ІІ нұсқа
Кремний және көмірқышқылдарына салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
Ерітіндіде тұздар бар: натрий хлориді, калий сульфаты, кальций нитраты және магний сульфаты. Оған калий карбонатын құйды. Ақ тұнба түсті. Бұл тұнба нені көрсетеді? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CO2→ Na2 CO3→ Na HCO3 →CO2→ CaCO3
3% қоспасы бар, 30 г. кремний (ІV) оксидін магниймен тотықсыздандырған кезде қанша масса кремний түзілді?
ІІІ нұсқа
Кристалды кремний мен графитке салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
Бір пробиркада натрий карбонатының ерітіндісі, екіншісінде – натрий сульфатының ерітіндісі берілген. Әр пробиркаға барий хлоридінің ерітіндісін қосты. Екі жағдайда да ақ түсті, суда ерімейтін тұнба түзілді. Қай пробиркада натрий карбонатының ерітіндісі бар екенін көрсетіңдер? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CO2→ Сa2 CO3→ Сa (HCO3 )2 → CaCO3→CO2
Артық мөлшердегі азот қышқылы 3% қоспасы бар, 20 г. кремний карбонатымен әрекеттескен кезде (қ.ж.) қанша көлем көміртегі (ІV) оксидін алуға болады?
ІVнұсқа
Көміртегі (ІІ) оксиді мен көміртегі (ІV) оксидіне салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
Үш номерленген пробиркаларда калий сульфаты, натрий силикаты және натрий карбонатының ерітінділері бар. Қандай бір зат арқылы әр пробиркадағы қосылысты анықтауға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
SiO2 →К2 SiO3→ Н2 SiO3 → SiO2 →Si
5% қоспасы бар, 60 г. кремний жанған кезде қанша масса кремний (ІV) оксиді түзілуі керек?
V тақырып. Металдардың жалпы қасиеттері. І-ІІІ топтағы негізгі топшадағы металдар.
Жұмыс 1. Металдарды алу әдістері
І нұсқа
Мыс (І) оксиді мен мыс (ІІ) оксидінен мысты көмірмен тотықсыздандырудың реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер
Алюминді-термиялық әдіспен, 5% қоспасы бар, 90 г. марганец (ІV) оксидін тотықсыздандырған кезде қанша масса марганец алуға болады?
ІІ нұсқа
Алюминдітеримиялық әдіспен хром (ІІІ) оксидінен хромды алу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
Егер шығымның массалық үлесі 90% болса, 960 г. темір (ІІІ) оксидін көмір (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру кезінде қанша масса темір алуға болады?
ІІІ нұсқа
Көміртегі (ІІ) оксидімен тотықсыздану реакция теңдеулерін жазыңдар: А) қорғасынды оның жоғарғы оксидінен; Б) мысты оның мыс (ІІ) оксидінен Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер
Алюминдітеримиялық әдіспен 52 г. хромды алу үшін, 10% қоспасы бар, хром (ІІІ) оксидінің қанша массасы қажет?
ІVнұсқа
Молибденді оның жоғарғы оксидінен сутегімен тотықсыздандыру жолымен алудың реакция теңдеулерін құраңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
Егер мыстың шығымының массалық үлесі 85% құрайтын болса, 160 г. мыс (ІІ) оксидін көмірментотықсыздандыру кезінде қанша масса мыс алуға болады?
Жұмыс 2. Металдардың химиялық қасиеттері.
І нұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) натрийдің күкіртпен; Б) темірдің күкірт қышқылының ерітіндісімен; В) алюминийдің броммен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) мыс және темір (ІІ) сульфатының ерітіндісімен; Б) мырыш пен сынап (ІІ) нитратымен; В) магний мен қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
ІІ нұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) мыстың оттегімен; Б) темірдің хлормен; В) барийдің сумен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) мыс және күміс сульфатының ерітіндісімен; Б) темір
мен сынап (ІІ) нитратымен; В) қорғасын мен хром (ІІ) хлоридінің ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
ІІІ нұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) алюминидің иодпен; Б) мыстың күкіртпен; В) натрийдің сумен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) темірдің мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісімен; Б) күміс және кальций бромидінің ерітіндісі; В) алюминий және қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
ІVнұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) магнийдің тұз қышқылымен ; Б) мырыштың оттегімен; В) кальцийдің хлормен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) магний және сынап (ІІ) нитратының ерітіндісімен; Б) мыс және хлор(ІІ) хлоридінің ерітіндісі; В) мырыш пен темір (ІІ) сульфа тының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
Жұмыс 3. Электролиз. Металдардың коррозиясы.
І нұсқа
Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар: А) калий хлоридінің балқымасы;
Б) мырыш бромидінің ерітіндісі.
Коррозия дегеніміз не? Металдардың жемірілуін баяулататын қандай факторлар қолданылады?
ІІ нұсқа
1. Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар:
А) натрий иодидінің ерітіндісі;
Б) мыс хлоридінің ерітіндісі.
2. Қандай жемірілудің түрлерін білесіңдер?
ІІІ нұсқа
Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар:
А) калий бромидінің ерітіндісі;
Б) кальций хлоридінің ерітіндісі.
Жемірілуді тездетуге қандай факторлар әсер етеді?
Электролит қатысында қарым-қатынастағы қай металл бұрын бүлінеді: мыс және мырыш; алюминий және темір? Неге?
ІVнұсқа
1. Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар:
А) натрий хлоридінің балқымасы;
Б) темір (ІІ) бромидінің ерітіндісі.
2. Металдың жемірілуіне қарсы күрестің әдістерін тізіңдер
3. Неге мырышпен қапталған бакта сызылған жерлердегі мырыш бүлінеді, ал темір тоттанбайды?
Жұмыс 4. Сілтілік және сілтілік жер металдар
І нұсқа
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Са→ CаO→Сa CO3 →Сa (HCO3 )2
Сілтілік металдар бейметалдармен әрекеттескен кезде тотығу және тотықсыздану қасиетін көрсете ме? Жауапты дәлелдейтін екі реакция теңдеуін жазыңдар
20 г. калий гидроксидіне 25 г. азот қышқылы бар ерітіндіні әсер етті. Қанша масса тұз түзілді?
ІІ нұсқа
Әрекеттесетін реакция теңдеулерін жазыңдар: А) натрийдің күкіртпен; Б) кальцийдің хлормен; В) литийдің сумен
Неге әк суы ауада лайланады, ал калий гидроксидінің тұзы – жоқ? Барий гидроксидінің ерітіндісі ауада көп тұрса лайланады ма? Жауабын сәйкес келетін реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
8% қоспасы бар, 1 кг. әктасты күйдірген кезде қанша масса кальций оксидін алуға болады?
ІІІ нұсқа
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Na→ NaОН→Na HCO3→ Na2 SO4
Судың кермектілігі деген не және сендерге олардың қандай түрлері белгілі? Оны жойдыратын екі реакция теңдеулерін жазыңдар
11,5 г. натрийге 78 г. су әсер етті.Түзілген натрий гидроксидінің массасын есептеңдер
ІVнұсқа
Көрсетілген заттардың қайсысында натрий гидроксиді әсер етеді: тұз қышқылы, магний оксиді, кальций гидроксиді; көміртегі (ІV) оксиді, күкірт қышқылы? Орындалатын реакция теңдеулерін жазыңдар
Мәрмәр мен су сенде бар болса, онда әк суын қалай дайындайды? Реакция теңдеулерін жазыңдар
6,9 г. натрий сумен әрекеттескен кезде (қ.ж.) 3 л. сутегі алынды. Газ шығынының көлемдік үлесін есептеңдер
Жұмыс 5. Алюминий және оның қосылыстары
І нұсқа
Алюминийдің келесі заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: хлормен сұйытылған күкірт қышқылы; хром (ІІІ) оксидімен; мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісімен.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al(OH)3→ AlCl3→ Al(OH)3→ Al2O3
Қандай сыртқы белгісі арқылы алюминийден жасалған бұйымдарды басқа материалдардан жасалған бұйымдардан айыра алады?
ІІ нұсқа
Химиялық реакция теңдеулерін аяқтаңдар:
Fe2O3+ Al → Al(OH)3 +NaOH→
Al2(SO4)3+BaCl2→ Al+ O2→
Осылардың ішінен тотығу-тотықсыздану реакциясын, сонымен қатар тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al(NO3)3→ Al(OH)3 ; Al2O3→ Al2(SO4)3; Al→ AlCl3
Алюминийдің қолдану облысын жазыңдар және қолдануға негізделген қасиетін көрсетіңдер.
ІІІ нұсқа
Алюминий хлоридін алудың төрт жолының реакция теңдеулерін жазыңдар.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al→ Al2O3→ Al2(SO4)3→ Al(OH)3
Неге алюминийлі ыдыс қайнаған суда бүлінбейді және атмосфералық жемірілуге ұшырамайды?
ІVнұсқа
Алюминийдің келесі қосылыстармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: броммен, күкіртпен, сумен, нарий гидроксидімен.
Схема арқылы толық реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al+?= H2+?; ?+KOH= Al(OH)3+? ; HCl+?= AlCl3+H2O
Алюминий сымдарын өңдеген кезде балқыған алюминийді домалақ ауызынан өткізеді. Тамшыға бөлмей ағымды қатырады. Неге?
Жұмыс 6. V тақырып бойынша қорытындылау
І нұсқа
Кальций гидроксидінің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар.
Темір (ІІ) хлоридінің ерітіндісінің электролизінің схемасын құраңдар
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
алюминий оксиді→алюминий нитраты→
→ алюминий гидроксиді
алюминий
алюминий гидроксиді → алюминий хлориді
Өндірісте алюминийді неге қолданады? Алюминотермиялық деген не және оны қайда қолданады?
140 г. кальций оксидінен 182 г. кальций гидроксидін алды, кальций гидроксидінің шығымының массалық үлесін есептеңдер.
ІІ нұсқа
1.Алюминий оксиді қандай оксидтер тобына жатады? Оның қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар.
2.Натрий хлоридінің балқымасының электролизінің схемасын құраңдар.
3.Келесі айналым орындалатын реакция теңдеулкрін жазыңдар ;
Кальций →кальций оксиді→кальций гидроксиді→кальций карбонаты→кальций гидрокарбонаты→кальций хлориді.
4.Жеңіл әрі мықты кальций металы авиациялық өндірісте және көлікшығарудың басқа облысында неге қолданылмайды?
5. 5% қоспасы бар, 80г натрий карбонаты әк суымен әрекеттескен кезде қанша масса кальций карбонаты алынады?
III нұсқа
1.Алюминий гидроксидінің химиялық қасиетін сипаттайтын рекция теңдеуін жазыңдар.
2.Калий иодидінің балқымасының электролизінің схемасын құраңдар.
3.Келесі айналым орындалатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Кальций хлориді→кальций карбонаты→кальций гидрокарбонаты→кальций карбонаты→кальций нитраты→кальций карбонаты.
4.20% қоспасы бар, 500г. әктасты күйдірген кезде қанша масса кальций оксидін алуға болады?
ІVнұсқа
Кальций оксиді оксидтерінің қай тобына жатады? Оның қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар
Мыс (ІІ) бромидінің ерітіндісінің электролизінің схемасын құраңдар.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
алюминий оксиді→алюминий сульфаты
алюминий
алюминий хлориді→ алюминий гидроксиді
Алюминий табиғатта қандай қосылыс құрамында кездеседі?
Сөндірілген әкке 3,15 г. таза азот қышқылын әсер етті. Егер шығымының массалық үлесі 0,98 болса, кальций нитратының қанша массасы алынады?
VІ тақырып. Темір. Металлургия.
Жұмыс 1. Темір және оның қосылыстары
І нұсқа
Темірдің жай заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: оттегі, хлор, күкірт, бром. Түзілген заттарға атау беріңдер
Темір атомының құрылысының схемасын бейнелеңдер. Қосылыстағы темірдің тотығу дәрежесін көрсетіңдер
Екі ерітіндінің біреуінде Fe2+ ионы, екіншісінде – Fe3+ ионы бар екенін қалай дәлелдейсіңдер. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар
32 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 28 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда қанша масса мыс бөлінді?
ІІ нұсқа
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Fe(NO3)3→ Fe(OH) 3→ Fe2O3→Fe→ FeCl2
+2 тотығу дәрежесіндегі темірдің қосылысы қандай қасиет: тотығу немесе тотықсыздану көрсетеді? Неге?
Темір металын темір (ІІ) гидроксидін қалай алуға болады? Реакция теңдеулерін келтіріңдер
112 г. темір сұйытылған күкірт қышқылында еріген кезде (қ.ж.) қанша көлем сутегі алуға болады, егер сутегінің шығымының көлемдік үлесі 98% болса ?
ІІІ нұсқа
Темірдің басқа ерітінділерімен қосылу реакция теңдеулерін жазыңдар: А) күкірт қышқылы; Б) мыс (ІІ) сульфаты; В) бромсутекті қышқыл; Г) қорғасын нитраты
Темірдің (ІІ) және (ІІІ) оксидтері және оларға сәйкес гидроксидтері қандай сипатқа ие?
Үш номерленген пробиркаларда: натрий, барий және темір(ІІ) хлоридтерінің ерітінділері берілген қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар
80% FeCO3 құрамында бар, 50 г. сидерит минералы тұз қышқылымен әрекеттескен кезде бөлінген көміртегі( ІV) оксидінің көлемін табыңдар
ІV нұсқа
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Fe→ Fe SO4 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3→ F eCl3
Темір (III) тұздарының сулы ерітінділері реакцияның қандай ортасын көрсетеді? Неге?
3.Темір (II) сульфатты арқылы: а)темір (II) хлориді; б)темір (II) нитраты қалай алады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. 7г темірді 18г хлормен әсер етті. Темір (III) хлоридінің қандай массасы түзілді?
Достарыңызбен бөлісу: |