Жұмыс 2. Өнеркәсіпте металдар алудың әдістері
І нұсқа
Жоспар бойынша шөгеннің өндірілуін жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар. Шөгеннің қолдану облысын атаңдар
6 г. құрышты сымды оттегінде жандырды. Одан 0,1 г. көміртегі ( ІV) оксиді түзілді. Құрышты көміртегінің масалық үлесі қандай?
ІІ нұсқа
Құрыштың оттекті-конверторлы әдісімен жоспар бойынша өндірудің әдістерін жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар. Құрыштың қолдану облысын атаңдар
0,4% қоспасы бар, 50 т. алюминий оксидін электролиздеген кезде алюминийдің қанша массасын алуға болады?
ІІІ нұсқа
Жоспар бойынша алюминийді өндірудің технологиясын жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар. Алюминийді қолдану облысын атаңдар
5 г. көміртегімен темірдің құймасының үлгісін күкірт қышқылының ерітіндісінде артық мөлшерінде ерітті. Реакция аяқталған соң бөлінген сутектің көлемі 1,96 л. құрады. Құймадағы темірдің масалық үлесін есептеңдер.
ІV нұсқа
Құрышты өндіруді мартен әдісімен жоспар бойынша әдісті жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар.
Шөген құрамында темір карбиді Fe2С сияқты көміртегі бар. Көміртегінің шөгендегі массалық үлесі 3,6%. Шөгендегі темір карбидінің масалық үлесін есептеңдер.
VІІ тақырып. Органикалық заттар.
Жұмыс 1. Көмірсутектер.
І нұсқа
Қаныққан көмірсутектер деп нені атайды? Олардың кейбіреулерінің молекулалық формулаларын және атауларын көрсетіңдер.
Қаныққан, қанықпаған және ароматты көмірсутектердің генетикалық байланысы немен қорытындылады?
Әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: А) бензолдың сутекпен; Б) этиленнің хлор сутекпен. Осы реакциялар типін көрсетіңдер және алынған затты атаңдар
ІІ нұсқа
Этилен мен промиленнің құрылымдық формуласын жазыңдар. Олардың құрылысында артық не? Оларды көмірсутектердің қай класына жатқызады?
Бензолдың физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?
Реакция теңдеуін құр: А) метанның жануы; Б) этанның термиялық ыдырауы. Тұрмыста адамдар бұл процестің қайсысын кең қолданады? Неге?
ІІІ нұсқа
Этиленнен адамдар көп қолданатын қандай материал алады? Осы материалдың физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?
Табиғи газ құрамына кіретін кейбір көмірсутектердің формуласын жазыңдар. Адамдар табиғи газды қалай қолданады?
Реакция теңдеуін құраңдар: А) бензолдың броммен әрекеттесуін; Б) этиленнің жануын. «а» реакция теңдеуін көрсетіңдер және алынған затты атаңдар
ІV нұсқа
Қаныққан көмірсутектер және олардың галогентудырушыларын қолдану облысы қандай?
Ацетиленнің құрылымдық формуласын жазыңдар: А) оны көмірсутектердің қандай класына жатқызады; Б) оны қалай алуға болады, көрсетіңдер
Реакция теңдеуін құраңдар: А) пропиленнің сутегімен әрекеттесуін; Б) метанның термиялық ыдырауы. Адамдар метанның термиялық ыдырауын қандай мақсатта қолданады?
Жұмыс 2. Спирттер.
І нұсқа
Этил спиртін қолдану облысы қандай?
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CH3Cl→ CH3OH→СО2
9,2г. натрий пропил спиртімен әрекеттескен кезде (қ.ж.) қанша көлем сутегі бөлінеді?
ІІ нұсқа
Біратомды қаныққан спирттердің класының жалпы формуласын жазыңдар. Олардың құрамында қандай функционалды топ бар?
Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2Н4→ С2Н5ОН→СО2
2,3 г. этил спирті жанған кезде қанша масса су түзілді?
ІІІ нұсқа
Глицериннің физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2Н5ОН→ С2Н4→ С2Н5Cl
4,6 г. этанол хлорсутекпен әрекеттесекен кезде қанша масса хлорэтан түзіледі?
ІV нұсқа
Құрылысы бойынша көпатомды спирттер біратомды спирттерден айырмашылығы қандай?
Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2Н6→ С3Н7ОН→ С3Н7ONa
23г. этанол дегидратацияланған кезде (қ.ж.) қанша көлем этилен алуға болады?
Жұмыс 3. Карбон қышқылдары және биологиялық маңызды органикалық заттар.
І нұсқа
Сірке қышқылының физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?
Төменде келтірілген схема бойынша химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) Н-СООН+Mg→
Б) CH3-CHO+O2→
«б» реакция теңдеуіне сәйкес процесті көрсетіңдер.
Картоп пен ақ нанда крахмал бар екенін тәжірибелік жолмен қалай дәлелдейсіңдер? Жұмыстың жоспарын құраңдар және байқауды жазыңдар
ІІ нұсқа
Күрделі эфирлердің физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?
Төменде келтірілген схема бойынша химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) CH3-СООН+Са(ОН)2→
t
Б) (C6H10O5)n + nН2O→
«б» реакция теңдеуіне сәйкес процесті көрсетіңдер.
Майлардың сумен гидролизі майлардың сілті ерітінділерімен гидролизі әдісінен түзілген өнімдер сипаттамасы бойынша немен ерекшеленеді?
ІІІ нұсқа
Сабын деген не? Қайда және қалай қолданады?
Төменде келтірілген схема бойынша химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) Н-СООН+ C2H5OH →
t
Б) H-CHO+Ag2 O →
«б» реакция теңдеуіне сәйкес процесті көрсетіңдер.
Ақуыздардың денатурациясы деген не?Оның болуы неде және қандай факторлар ықпал етеді?
ІV нұсқа
Майлардың физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?
Төменде келтірілген схема бойынша химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) C2H5-СООН+К2О →
t
Б) CH3-CОONa(қ)+H2 SO4 →
«б» реакция теңдеуіне сәйкес процесті көрсетіңдер.
Неге ақуызды тамақсыз жүруге болмайды? Ақуызды тамақ адам ағзасында не болады?
Жұмыс 4. VІІ тақырып бойынша қорытындылау
І нұсқа
Майлар гидролизінің қандай түрлерін білесіңдер? Олардың айырмашылығы неде?
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2Н2
СН4
СН3Br→A
А затын атаңдар.
Қандай қанықпаған көмірсутектерді білесіңдер? Қолдану облысын атаңдар
234 г. бензолды гидрлеу кезінде қанша масса циклогексан алынады? Циклогеннің шығынының массалық үлесі 65% құрайды.
ІІ нұсқа
Көмірсутектер спирттер және карбон қышқылдары арасында генетикалық байланыс немен қорытындыланады? Нақты мысалмен жауабын түсіндіріңдер
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
С6Н6В
С2Н2
С2Н6
В затын атаңдар.
Глицеринді заттардың қай класына жатқызады? Оның құрылысы мен қасиеті қандай?
Бромэтан алу үшін 23 г. этанол мен 56,7 г. бромсутегін алды, мұнда қанша масса бромэтан түзілді?
ІІІ нұсқа
Сабынды дайындау үшін қандай тұздар мен қандай қышқылдарды қолданады? Нақты мысал келтіріңдер.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
+СН2- СООН
С2Н4→ С2Н5ОН Х
Н2
Х затын атаңдар.
Бензолды қандай органикалық заттардың класына жатқызады? Оның физикалық қасиеті қандай?
5 л. этиленді толық жағу үшін қанша көлем ауа қажет? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21% құрайды.
ІV нұсқа
Адам ағзасында ақуыздар қандай қызмет атқарады?
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
+Н2 Х
СН3→ СНО−
СН3-СООН→ СН3→СООNa
Х затын атаңдар.
Қандай карбон қышқылдарын білесіңдер? Олардың қолдану облысы қандай?
23 г. құмырсқа қышқылын метил спиртімен әрекеттесу нәтижесінде 24 г. күрделі эфир алынды. Эфирдің шығымының массалық үлесін есептеңдер.
VІІ тақырып бойынша қосымша тапсырмалар.
I нұсқа
Салыстырмалы молекулалық массасы мынаған тең, қаныққан көмірсутектердің молекулалық формулаларын жазыңдар: А) оттегінің салыстырмалы атомдық массасына тең; Б) көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасына тең; В) магний гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасына тең; Г) СаS салыстырмалы молекулалық массасына тең
Мұнайдың практикалық маңызы қандай?
Қанықпаған көмірсутектерді алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар
Натуралды каучуктың құрамын, физикалық қасиетін және қолданылуын көрсетіңдер.
Метан үшін есептеңдер: А) ондағы элементтердің массалық қүлесін; Б) оның 4 г. (қ.ж.) көлемі
алыстырмалы молекулалық массасы мынаған тең, қаныққан көмірсутектердің молекулалық формулаларын жазыңдар: А) N2 салыстырмалы молекулалық массасына тең; Б) көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасына тең; В) магний гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасына тең; Г) MgCO3 салыстырмалы молекулалық массасына тең
Этанды этилен қоспасынан қалай тазартады? Жауабын химиялық реакция теңдеулері бойынша жазыңдар
Ацетиленнің және оның негізінде алынған материалдың аса маңызды қолдану облысы қандай?
Төменде келтірілген формулаларды қосылыстардың класы бойынша заттарға бөліңдер және оларды атаңдар:
А) СН3- СН3 Б) СН= СН В) СН3- СН= СН2 Г) Н3С- СН2- СН2 Д) СН2 =СН2
׀
СН2- СН3
Е) СН3- СН2
׀
СН3
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
СН4→ С2Н2→ С2Н4→ С2Н6→ СО2
С6Н6
Ацетиленнің кейбір көлемі 39 г. массасы болады. Осындай көлемдегі (қ.ж.) пропиннің массасын есептеңдер.
Келесі заттардағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер: А) Этанол; Б) Бутанол; В) Сірке қышқылы.
Төменде келтірілген заттардың формуласынан тек спирттердің формуласын теріп жазыңдар және оларды атаңдар:
А) С6Н6 Б) СН3ОН В)С2Н4 Г) С4Н9ОН Д) СН3-СНО
Спирттердің атомдылығы немен анықталады?
Ақуыз молекуласы қандай элементтер атомынан құралған? Ақуыздар қандай химиялық қасиет көрсетеді?
Ақуыздың біріншілік, екіншілік және үшіншілік құрылымы нені білдіреді? Әрбір құрылымға қандай байланыс сәйкес?
Пробиркалардың біреуінде сабын ерітіндісі, ал екіншісінде жуғыш ұнтақ бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Жұмыстың жоспарын құраңдар және болатын құбылысты жазыңдар
20 л. (қ.ж.) көлемі бар этиленді гидрлеу кезінде 18 л. этан алынды. Этанның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер.
Жауабы: 90%
Бромныі 1,6% массалық үлесі бар бром суының қандай массасы 1,12(қ.ж.) көлемі пропиленді түссіздендіреді? Жауабы: 500 г.
Этиленнің кейбір көлемінде 7 г. массасы болады. Осындай көлемдегі пропиленнің (қ.ж.) массасын есептеңдер. Жауабы: 10,5 г
92 г. таза этил спиртінен (қ.ж.) 42 л. этилен спиртін алды. Оның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер.Жауабы: 93,75%
20 л. этен қоспасын этинмен толық гидрлеу үшін қанша көлем сутегі жұмсалады? Қоспадағы этиннің көлемдік үлесі 40% құрайды. Жауабы: 28 л.
39 г. бензолдан қанша масса бромбензол алуға болады? Бромбензолдың шығымы 64 % құрайды. Жауабы: 50,2 г.
(қ.ж.) 25 л. ацетиленнен 16 г. бензол алды. Оның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер. Жауабы: 55,2%
8 г. магний сірке қышқылымен әрекеттескен кезде қанша көлем сутегі бөлінеді? Жауабы: 7,5л.
92 г. этил спирті бромсутегінің артық мөлшерімен әрекеттескен кезде қанша масса бромэтан түзіледі? Реакция өнімінің шығымының массалық үлесі 85% құрайды. Жауабы: 185,3 г.
90 г. сірке қышқылы метил спиртімен әрекеттесу нәтижесінде 100 г. күрделі эфир түзілді. Эфир шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 90%
90 г. сірке қышқылы альдегидін сутегімен тотықсыздандырған кезде 82 г. этил спирті алынды. Спирт шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 87%
Картопта крахмалдың массалық үлесі 20% 160 г. картоптан қанша масса глюкоза алуға болады? Жауабы: 360 г.
Егер шығымның массалық үлесі 75% құраса, 81 г. крахмалдан қанша масса глюкоза алуға болады? Жауабы: 67,5г.
Өндірістік және пәнаралық мазмұны бар тапсырмалар
Бейметалдар
Кремнийді өнеркәсіпте доғалы электрлік пештерде кремнеземді кокспен тотықсыздандыру арқылы алады:
t
Si2O+2C= Si+2CO↑
Массасы 80 кг кокс арқылы тотықсыздандыру үшін қанша масса кремзем алуға болады, егер кокстағы көміртегінің массалық үлесі 92% болса. Жауабы: 184 кг.
Ақ фосфорды аппатит және фосфорит құрамында бар, кальций фосфатын кокспен тотықсыздандыру арқылы электрлік пештерде ауа қатысынсыз алады:
t
2Ca(PO4)2+10C+6 SiO2= 6CaSiO3+10 CO↑+P4↑
Фосфор буын су астында конденсирлейді. 248 кг. фосфор алу үшін құрамында көміртегінің массалық үлесі 90% болатын қанша масса кокс қажет? Бұл жағдайда өлшенген қ.ж. қанша көлем көміртегі (ІІ) оксиді бөлінеді? Жауабы: 266,7 кг.; 448 м3
Фосфор қышқылы теориялық әдіс арқылы алу мынамен қорытындыланады, алынған табиғи фосфаттардан фосфорды жағады, түзілген фосфор (V) оксидін сумен әрекеттестірген кезде H3PO4 береді, суммарлық реакция теңдеуі:
4P+5O2+6Н2O=4 H3PO4
400 кг. фосфор қышқылын алу үшін қанша масса фосфор қажет, егер фосфор қышқылының шығымының массалық үлесі 80 % болса. Жауабы: 158,2 кг.
Фосфор қышқылын алуының экстракционды әдіс негізінде табиғи фосфатты күкірт қышқылымен өңдеуді жатқызамыз:
t
Ca3(PO4)2+3Н2SO4 = 3CaSO4+2 Н3PO4
Түзілген қышқылды кальций сульфатынан фильтрлейді және буландырумен концентрлейді: құрамында 60 % Ca3(PO4)2 бар, 200 кг фосфариттен қанша массафосфор қышқылын алуға болады? Шығымның массалық үлесі 80%. Жауабы: 60,7 кг.
Күкірт қышқылын көп уақыт бойы тек нитроздық әдіспен алды, оның негізі күкірт (ІV) оксидін азот (ІV) оксидімен су қатысында тотықтыру арқылы алумен қорытындыланады:
SO2+NO2+ Н2O= Н2 SO4+ NO↑
Осы әдіспен алынатын қышқылдың концентрациясы 75-76%, ондағы азот (ІV) оксиді бар болғандықтан оны қолдануды шектейді. Массалық үлесі 74 % (қыс.1,66 кг\л) болатын 100 л. күкірт қышқылы алынса, қанша масса күкірт (ІV) оксидін және суды әсер етті. Жауабы: 80,2 кг.; 22,6 кг.
Жолжелкеннің кептірілмеген жапырағында фосфордың массалық үлесі 0,38%, ал кептірілген жапырағында- 2,51 % құрайды. Жолжелкеннің жапырағын кептірген кезде суды жою нәтижесінде қанша пайыз массасын жоғалтады? Жауабы: 84%, 86%.
Металдар
Натрий гидроксидін әктасты әдіспен сода ерітіндісін Nа2СО3 сөнлірілген әктас Са(ОН)2 қыздыру кезінде алуға болады. 2 % қоспасы бар, қанша масса сода 10кг. натрий гидроксидін алу үшін қажет? Натрий гидроксидін қалай бөледі? Жауабы: 13,52 кг.
Табиғатта сынап HgS киноварь түрінде жиі кездеседі. Сынапты алу үшін киноварьді күйдіреді. Мұнда сынап пен күкірт (ІV) оксиді түзіледі. Сынап буын салқындататын қабылдағышта конденсирлейді. 10% қоспасы бар, 600 кг. киноварьді күйдіру кезінде қанша масса сынап түзіледі. Жауабы: 465,8 кг.
Адам күнделікті тамақпен 3 г. калий қоректенеді. Адамның калиймен тәуліктік қажеттілікті қамтамасыз етуге, құрамында 0,6% осы элемент бар, қанша масса картоп қажет. Жауабы: 500 кг.
Сатылым желісіне түскен ас тұзы құрамында натрий хлориді және қоспалар – су және ерімейтін қоспа бар. Натрийдің массалық үлесі 38%, тұздағы массаның массалық үлесі қандай? Таза натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесі 39,3% құрайды. Жауабы: 3,31%
Техникалық марганецті алюмотермиялық әдіспен алуға болады:
3Mn3O4+8Al=9 Mn+ Al2 O3+250кДж
Егер реакцияға массасы 458 кг. Mn3O4 түскен болса, қанша масса марганец түзіледі және қанша жылу мөлшері бөлінеді? Жауабы: 330 кг.; 1666,7 кДж
Алтын мен күміс таза күйінде –жұмсақ металдар. Механикалық мықтылығын жоғарылату үшін оларды мыспен балқытады. Алтын немесе күміс бөліктер саны құйманың 1000 бөлігіне келсе, сынама дейді. Массасын есептеңдер: А) алтынның 750 сынамасында массасы 860 г.; Б) күмістің 750 сынамасында массасы 800 г. Жауабы: А) 645 г.; Б) 700 г.
Кальцинирленген сода шыны өндіріснде қолданылады. Натрий оксидінің массалық үлесі 17% бар, 1 т. шыны алу үшін қанша масса кальцинирленген сода қажет. Жауабы: 291 кг.
Натрий гидроксидінің көміртегі (ІV) оксидімен реакциясы практикалық маңыздылығы бар: 2Na2О2+2СО2=2Na2 СО3+ О2↑. Бұл реакция изомерленген орындарда ауаны регенерациялау үшін натрий гидроксидін (К2О4 пен) қолдануға негізделген. 2,5% қоспасы бар (қ.ж.) массасы 320 г. натрий пероксидімен қанша көлем көміртегі (ІV) оксиді реакцияға түседі? Мұнда қанша көлем оттегі бөлінеді? Жауабы: 89,6 л СО2; 44,8 л. О2
Кальций гидроксидінің массалық үлесі 86 % болса, массасы 60 кг.сөндірілген әктас өндіруге кальций карбонатының массалық үлесі 95% болса, қанша масса әктас жұмсалады? Жауабы: 73,4 кг.
Өздік жұмыс
Тапсырма: Қандай заттар өзара реакцияға түседі , егер берілген болса:
Ін.
Калий, күкірт қышқылы, темір (ІІІ) оксиді, фосфор (V) оксиді , натрий гидроксиді, мыс (ІІ) хлориді.
ІІ н.
1.Темір, тұз қышқылы, литий оксиді, күкірт (IV) оксиді, барий гидроксиді, қүміс нитратыТиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.Түзілген заттарды және реакция типтерін атандар
І н.
Натрий гидроксидінің массалық үлесі 2% , көлемі 10 мл (тығыздығы 1,021г/см3 ) ерітіндісін бейтараптауға тұз қышқылының массалық үлесі 2% (тығыздығы 1,008г/см3 ) ерітіндісінің қанша көлемі қажет екенін табыңдар. Ж. 9 мл
ІІ н.
2. Көлемі 20 мл массалық үлесі 2 % , тығыздығы 1,02 г/мл натрий гидроксидінің ерітіндісін бейтараптауға күкірт қышқылының массалық үлесі 1 % , тығыздығы 1,01 г/мл ерітіндісінің қандай көлемі қажет болатынын есептендер
Ж: 50 мл
І н .
Бір элементітің оксидінің формуласы ЭО2, ондағы оттектің массалық үлесі 53,3% . Элементті табыңдар.
ІІн
Бір элемент оттектің массалық үлесі 30,5% болатын оксид түзеді. Элементтің тотығу дәрежесі +4. Осы элементтің салыстырмалы атомдық массасын анықтап атын атандар
Ін.
Алюминий , оттек және сутек атомдары массалық қатынастары 9 : 16 : 1 болатын қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар
ІІн.
4.Табиғи маржанның құрамында кальций , көміртек , оттек массалық қатынастары 10 : 3 : 12 –ге тең болады. . Маржанның формуласын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |