Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 007 жылғы қарашадағы №1061 Қаулысы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»



жүктеу 160,5 Kb.
Дата11.01.2020
өлшемі160,5 Kb.
#26270

Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:



1. Қоса беріліп отырған Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 8 қарашадағы

№1061 қаулысымен

Бекітілген

 

Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль



көлігімен тасымалдау ережесі

 

Жалпы ережелер

 

1. Осы Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі – Ере­же) Қазақстан Республикасының астанасында жолау­шы­ларды және жүкті авто­мобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.



2. Ереже Қазақстан Республикасы астанасының ау­ма­ғында қол­данылады.

3. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

жүк – буып-түйілген және осы Ережеде белгі­ленген нор­малар ше­гінде автобуста, сондай-ақ та­сы­малдаушымен қосымша келісім негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі;

билет – жолаушының жол жүруді жүзеге асыру құқығын куә­лан­дыратын және жолаушыны авто­мо­бильмен та­сымалдау шар­тының жасалғанын растайтын құ­жат;

борт журналы – оған автокөлік құралының рейс алдындағы тех­никалық тексеруден және жүргізушінің рейс ал­дындағы (ауысым алдындағы) медициналық тек­серуден өткені туралы белгілер қой­ылатын, авто­көлік құралында болатын, нөмірленген және тігілген журнал;

жол полициясы – астанада жол қозғалысы қауіп­сіз­­дігін қам­тама­сыз ету саласындағы арнайы функ­ция­ларды жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органы;

бағыт – жолаушыларды және жүкті автомо­биль­мен тұрақты та­сымалдауды ұйымдастыру үдерісінде анық­талған, белгіленген бас­тапқы, аралық және соңғы пунк­ттер мен қозғалыс кестелерінің ара­сында жүретін жол; жаппай тасымалдау – екі немесе одан да көп кө­лік құралдарының тобы жүзеге асыратын, көлік легіндегі қоз­ғалыста, не белгіленген режимде бағыт бой­ынша және соңғы пунк­ттерде қозғалысты қосымша ба­қылау арқылы ұйымдастырылатын тасымал;

қауіпті учаскелер – жүріп өтуі жол-көлік оқиғасына әкеп соғу­дың жоғары қаупі бар немесе қозғалыс ре­жимінің елеулі өзгерістерімен байланысты автомобиль жолдарының учаскелері;

астананың көлік органы – астана аумағында кө­лік сала­сындағы реттеуді жүзеге асыруға Астана әкімі уәкілеттік берген жер­гілікті атқарушы орган;

көліктік бақылау органы – көлік саласындағы арнайы функ­­цияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көл­ік және ком­муникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің ау­мақтық органы;

жолау­­шыларды отырғызу және түсіру пункті (аялдама пункті) – осы Ереженің талаптарына сәйкес жайлас­ты­рыл­ған, жолау­шы­лар­ды отырғызу және түсіру мақсатында авто­көлік құралдарының аял­дауына арналған орын;

қозғалыс кестесі – жолаушыларды және жүкті авто­мо­биль­мен тұ­рақты тасымалдау бағытының әрбір аял­дама пункті бойынша авто­бустардың, шағын авто­бустардың қоз­ға­лыс орны мен уақыты тур­а­лы мәлі­меттер қамтылған кесте;

рейс – автобус, шағын автобус бағытының бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі жолы;

бағыттың схемасы – аялдама пункттері, олардың ара­сын­да­ғы арақ­ашықтық, сондай-ақ оларға тән бағ­дар­лар (жол айрықтары, қиылыстар, темір жол өтпелері, көпірлер, тоннельдер және т.б.) көрсетіле отырып, бағыт­ты гра­фи­ка­лық түрде шартты бейнелеу.

4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолау­шы­лар­ды және жүк­ті автомобильмен тасымалдау тұрақты әрі тұ­рақ­ты емес болып бөлінеді.

5. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды астананың көлік органы бекіт­кен ба­ғыттар бойынша автобустар мен шағын автобустар жүзеге асы­рады.

Қалалық бағыттарда жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде та­сымалдауды жү­зеге асыру үшін пай­дал­ан­ылатын көлік құ­ралдары (автобустар не­месе шағын авто­бустар) күні бұрын бел­гіленеді.

6. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасы­малдаушы жүргізушінің рейс ал­дындағы (ауысым ал­дын­дағы) меди­ци­налық тексеруден және ав­токөлік құ­ра­лының тех­никалық тексеруден өткені туралы бел­гілері бар жол қаға­зының автокөлік құралында болуын қам­тамасыз етеді.

7. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты емес та­сымалдау тасымалдаушылардың жеке бас­та­масы бойынша ұйымдастырылады және осы Ереже талаптарына сәйкес келетін автобустарды, шағын автобустар мен жеңіл автомобильдерді пайдалану ар­қы­лы жүзеге асыр­ы­ла­ды.

8. Жолаушылардың және жүктің тұрақты емес тасы­малдары бір жолғы сипаты бар тасымалдау, тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл авто­­мобильдермен тасы­мал­дау, сон­дай-ақ таксимен тасымалдау болып бөлінеді.

9. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасы­малдауға Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес тех­никалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі.

10. Жо­лаушыларды және жүкті тасымалдаудың тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдала­ны­ла­тын авто­бус­тар мен шағын ав­тобустар тиісті техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуі тиіс, бұл ретте кемінде екі жолау­шы есігі бар қалалық автобустар ғана пайдаланылады;

11. Астананың тұрақты қалалық бағыттарында қызмет көр­сету мерзімі 14 жылдан аспайтын автобустар пайдаланылады.

12. Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдала­ны­латын автобустардың салонында мыналарды қамтитын ақпараттық тақ­тайша болуы тиіс:

1) тасымалдаушының толық атауы;

2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті аумақтық басқар­ма­ла­рының (бұдан әрі – жол полициясы орган­дары) байланыс телефондарының нөмірлері;

3) бағыт схемасының көшірмесі мен қозғалыс кестесі;

4) бағыт бойынша жол жүруге және жүкті алып жүруге арналып белгіленген тариф;

5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе жүкті ал­ып жүр­гені үшін белгіленген айыппұлдың мөлшері;

6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттері;

7) тыйым салулар туралы ақпарат және арнайы орындардың белгілері бар пиктограммалар.

Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустар бағыттағы диспетчерлік сүйемелдеу жүйе­сінің аялдамаларды жариялайтын, дау­ысы қатты шы­ғатын автоматтандырылған құрылғысымен және же­лідегі жұмысты бақылау үшін жо­лаушылар ағынын есе­птеудің авто­маттандырылған құрылғысымен (тасымалдауды ұйымдастырушының тиісті талабы болса) жабдықталады.

13. Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын ав­тобус­тар­дың алдың­ғы және артқы жақтарында бағыт нөмірі көр­се­тіле отырып, белгі­ленген үлгідегі трафареттер орнатылады.

Бағыттың нөмірі ашық сары түсті аяда қара түспен (қаріптің биік­тігі кемінде 120 мм). жазылуы тиіс. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте бағыт нөмірінің астында қыз­ыл түсті (қаріптің биіктігі кемінде 60 мм) «Жедел» деген жазу болуы тиіс.

14. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қала­лық бағыттардағы автомобиль тасымалдарында пай­да­ланылатын автобустар сало­нының оң жағында жо­лаушы есіктерінің бірінің жанында бағыттың нөмірі мен мем­лекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша сипаттамасы (бағыт өтетін аралық және соңғы аял­да­ма­ла­р­дың, қоғамдық маңызы бар орындардың) бар трафарет ор­натылуы тиіс.

15. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық бағыт­тардағы автомобиль тасымалдарында пай­да­ла­ны­латын авто­бус­тардың алдыңғы жағында, жанында және артқы жақтарында белгі­ленген нысандағы гараждық нөмірлері қойылады.

16. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдау кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, бұл автобустардың алдында және артын­да «Ба­ла­ларды тасы­мал­дау» деген айырым бел­гілері мен сары түс­ті жарқырауық шамдар орнатылады. Ұйымдас­тырылған ба­лалар топтарын тасы­малдауға жасы кемінде жиырма бестегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл жұ­мыс өтілі бар жүр­гі­зу­шіге рұқсат етіледі.

17. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар са­лонының алдыңғы бө­лігінде мүгедектерге, зейнеткер­лер­ге, жүкті әйелдерге және мектеп жа­сына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар кө­зделеді. Осы орын­дардың жанында олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақтайша орнатылуы тиіс.

18. Қалалық автобустар, таксилер мен қалалық эл­ектр кө­лігі са­лондарында белгіленбеген орындарда темекі ше­гу заң­намаға сәйкес жауапкершілікке тартуга әкеп соғады.

 

Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау бағыттарын ашу,



жабу және өзгерту тәртібі

 

19. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау тұрақты қалалық бағыттарын ашу, жабу және өзгерту мәселелері бойынша мүдделі жеке және заңды тұлғалар астананың көлік ор­ганына тиісті ұсыныстарын жібереді.



20. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау тұрақты бағыттарын ашу жөніндегі мәселелерді шешу үшін мүдделі же­ке және заңды тұлғалар бағыт схемасы мен ол бойынша қоз­ғалыс кестесін әзірлейді және оларды астананың көлік органына жібереді.

21. Жолаушыларды және жүкті тұрақты тасымалдау, егер:

1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті белгілі бір бағыттар бойынша автобустардың тұрақты қоз­ға­лысын жүзеге асыруға мүм­кіндік берсе;

2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің та­лап­та­рына сәйкес келсе, ұйым­дастырылуы мүмкін.

22. Жолаушыларды және жүкті автомобиль көлі­гімен тұрақты та­сы­мал­­даудың бағыттық желісін қа­лып­тас­тырған кезде мынадай қа­ғи­даттардың орындалуы қам­тамасыз етіледі:

әрбір бағыт бойынша халықтың тасымалдауға қажеттілігін қана­ғаттандыру;

белгіленген нормалар бойынша автобустар сыйым­дылығын ұтымды пайдалану;

жүру жолында жолаушыларға қажетті жағдайлар жасау;

жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфра­құ­рылымның басқа да объектілерін сақтау;

автобустарды пайдалану нормативтері мен ережесін, жол қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

сапардағы жолаушылардың уақыт шығынын барынша азайту;

барлық түйіндес бағыттар бойынша автобустар қозғалысының кезеңділігі;

жүргізушілердің еңбек режимі мен демалысын сақтау.

23. Жолаушылардың және жүктің тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарын ұйымдастыру мен есепке алуды жоспарлау мақсатында астананың көлік органы жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары бағыт­та­рының тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

24. Тізілімдерде бағыттардың мынадай негізгі сипаттамалары: жү­рудің бастапқы және соңғы пункттері бойынша бағыттардың нөмірі

және атауы;

тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы аралық пункттер саны және атауы;

тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыт ұзақтығы;

тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы қоз­ға­лыстың орташа пайдалану жылдамдығы;

бағытқа қызмет көрсету кезеңі: жыл бойы, қосымша (белгілі бір күндерде және тәулік кезеңдерінде қолданылатын (қалалық бағыт­тарда демалыс, мерекелік күндер немесе “қауырт” сағаттар), мау­сымдық (алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қол­да­нылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары жұмыс істеген кез­де, жолаушылар ағыны көбейген кезеңде);

бағыттар бойынша қозғалыс кестесі;

жолаушылар ағыны және жолаушылар айналымы;

жолаушыларға және жалпы отыруға арналған орындар бой­ынша бағыттағы автобустардың, шағын автобустардың сыныбы және паспорттық сыйымдылығы (жинақтау алаңшасының сый­ымдылығын ескере отырып);

резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып, бағытта қыз­мет көр­сету үшін қажетті автобустардың, шағын автобустардың са­ны;

тасымалдаушы туралы мәліметтер (атауы, мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты, тасымалдауды ұйым­дас­тыратын жауапты басшының және тұлғаның телефоны) және оған берілген рұқсат ету құ­жаттарының қолданылу кезеңі қамтылады.

25. Ашылатын, сондай-ақ қолданыстағы ас­тананың жолау­шы­ларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау ба­ғыттары автомобиль жолы инфрақұрылымының техникалық жай-күйі мен ұстау деңгейі тасымалдау қауіпсіздігінің талаптарына сәй­кестігін бағалау мақсатында тексерілуі тиіс.

Бағыттарды тексеруді құрамын астананың көлік органы бе­кітетін комиссия өткізеді.

26. Әрбір тексеру мен қозғалыс кестелерін келі­су­дің нә­ти­же­лері қолданыстағы және болжамды жолаушылар ағынын ескере отырып, қозғалыстың белгілі бір кестелері бойынша бағытттарды ашу мүмкіндігі, одан әрі пайдаланудың немесе жабудың орындылығы туралы қорытындысы берілетін актімен ресімделеді.

27. Тексерудің актілері бағыттарды ашу, өзгерту немесе пай­да­лануды жалғастыру, тасымалдардың қау­іп­сіздігін арттыру, анықталған кемшіліктердің жойылуын бақылауды ұйымдастыру жөнінде шара­лар қолдану мәселесін шешу үшін астананың көлік органына тапсырылады.

28. Астананың көлік органы аялдау пункттерін орнатуды, ауыс­тыруды және ұстауды іске асырады.

Көлік жүйелерінің алуан түрлері үшін ғимараттарда және құрылыстарда құрамдастырылған аялдау пункт­терін ұйымдастыруға жол беріледі.

 

Автобустар қозғалысына диспетчерлік



жетекшілік жүргізу

 

29. Тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық, қалаара­лық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) астанамен қосатын бағыттарға диспет­черлік жетекшілік жүргізуді автовокзалдың диспетчерлік қызметі немесе бірыңғай диспетчерлік қызмет қана жүзеге асырады.



30. Астанада автовокзалдың, автостан­ция­лар­дың және тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері мы­надай функцияларды:

1) бағыттағы, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа да жағдайларға байланысты қоз­ғалыстың ерек­шеліктері туралы жүргізушілерге нұсқау беруді;

2) жүргізушілерде нақты бағыт бойынша жолау­шы­ларды та­сы­малдауды жүзеге асыруға арналған қа­жетті құжаттарының (куәлігінің немесе рұқсатының, техникалық білім минимумы оқу кур­сынан өткені туралы анықтамасының, бағыттар схемасының, жол қағазының) болуын бақылауды;

3) кондукторда бағыт бойынша жолаушыларды тасы­мал­дауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжат­та­рының (техникалық білім минимумы курсынан өткені туралы анықтамасының, бір­жолғы билеттердің) болуын бақылауды;

4) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

31. Астананың қалалық бағыттарына жалпы диспетчерлік жетекшілік жүргізуді астананың көлік органымен және тұрақты қалалық бағыттардың барлық тасымалдаушыларымен шарт негізінде бірыңғай диспетчерлік қызмет жүзеге асырады.

32. Бірыңғай диспетчерлік қызмет мынадай функцияларды:

1) тасымалдаушылар мен олардың диспетчерлік қызметтерін бағыт бойынша жүрудің қиындықтары, оның ішінде ауа райы-кли­маттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қоз­ғалыстың шектелуі немесе тыйым салу туралы хабардар етуді;

2) бағыт бойынша жүрудің қиындықтары туралы жол органдарын, төтенше жағдайлар жөніндегі, жол полициясы ор­гандарын, оның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа да жағдайларға байланысты қозғалыстың шектелуі мен жүрудің мүм­кін еместігі туралы хабардар етуді;

3) астананың көлік органын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымал­да­рын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қозғалыс кес­телерін (графиктерін) әрі осы Ере­женің шарттарын басқа да бұзғаны туралы хабардар етуді;

4) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орын­дайды.

 

Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдаудың бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және оларды өткізу тәртібі



 

33. Бағыттарға қызмет көрсету құқығына конкурста (бұдан әрі – конкурс) жеңген тасымалдаушылар, олардың және астананың көлік органы арасында жасалатын жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру шарт­тарының негізінде жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырады.

34. Конкурсқа меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде автобустарға, шағын автобустарға иелік етуші, осы Ереженің та­лап­тарына сәйкес тасымалдауды ұйымдастыруға және автобустарға, ша­ғын автобустарға заңнама талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуге қабілетті, мен­шік нысанына қарамастан кез кел­ген жеке немесе заңды тұлға қа­­тыса алады.

35. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары тасымал­дау­шылардың арасында конкурс негізінде бөлінеді. Кон­курс­қа жекелеген бағыт та, бірнеше бағыт та бір лотпен шығарылуы мүмкін. Лоттарды қалыптастыру ке­зінде олардың маңыздылығы мен рентабельділігі ескеріледі. Лотқа рентабельділерімен қатар, рентабельді еместері де, бірақ бір лот­қа екеуден аспайтын бағыттар енгізілуі мүмкін.

36. Астананың көлік органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

37. Нақты бағытқа (лот бағыттарына) қызмет көрсету құ­қығына конкурстың жеңімпазы болып, жо­лау­шыларға сапалы қызмет көрсетуді және осы бағытта (лот бағыттарында) тасымалдау қау­іпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, көлік талаптарына сәйкес келетін әрі тасымалдаудың неғұрлым жақсы жағдайларын ұсынған және тиісті бағалау шкаласы (қосымша) бойынша есеп­телген баллдардың неғұрлым көп санын алған қатысушы танылады.

38. Астана әкімдігі жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыт­тары бойынша конкурсқа қатысушылар ұсынған тариф­тен төменірек әрі тиісті жолау­шы­ларды және жүк­ті тасымалдаудың тарифтерін есептеу әдістемесіне сәй­кес анықталған тарифтер белгілеуі мүмкін.

Астана әкімдігі белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тас­ымалдардың шығындарын жаппаған жағдайда, астана әкімдігі тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы жергілікті бюджет каражатының есебінен өтейді.

39. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары бойынша жол жүру тарифтері өзгер­ген жағдайда, астана әкімдігі аталған өзгерістер туралы халыққа бұ­қаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тарифтер бойынша та­сымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейінгі он күн­тіз­белік күн­нен кешіктірмей хабарлайды.

40. Конкурстың ұзақтығы, оны жариялаған күннен бастап жә­не конкурстың нәтижелері туралы хат­тамаға қол қойылған күн­мен аяқталып, кемінде 30 жә­не ең көп дегенде 60 күнтізбелік күнді қам­туы тиіс.

41. Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды ба­ғалау және кон­­курстың жеңімпаздарын анықтау үшін құ­рамы астана әкімінің өкі­мімен белгіленетін кон­курстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

42. Комиссияға:

1) астананың көлік органының;

2) көліктік бақылау органының;

3) жол полициясының өкілдері кіреді.

Комиссияның құрамына астананың көлік орга­нына тиісті өті­нім берілген жағдайда, жолау­шы­ларды автокөлікпен тасымалдау қоға­м­дық бірлестіктерінің өкіл­дері енгізіледі.

43. Комиссия құрамында конкурстық ұсыныстар­ды бағалау құ­қығынсыз комиссия жұмысын ұйым­дас­тыру қызметі жүктелетін комиссия хатшысы көзделуі тиіс.

44. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамды құрауы тиіс.

45. Конкурсты өткізу алдында астананың көлік органы комиссиямен келісілген лоттарды қалыптас­ты­рады және конкурстық құжаттаманың жиынтығын дай­ын­дайды.

Бұл ретте қалыптастырылатын лоттарды келісу жөнінде шешім қа­былдауды отырыс хаттамасында шешімді бекіте отырып, ко­мис­сия жүзеге асырады.

46. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы өзіне:

1) конкурсқа шығарылатын жолаушыларды және жүкті қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары бағыттарының негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ оларға қоса берілетін бағыттардың схе­малары мен козғалыстар кестелерін, жылжымалы құрамды жаңар­ту кажет­тілігінің кестесі, экологиялық талаптар, жүргі­зу­ші­лер (кондукторлар) мен диспетчерлердің арнайы киім-кешегі мен киім нысанының қажеттілігін;

2) конкурсқа шығарылатын жолаушылардың жә­не жүктің тұ­рақты қалалық автомобиль та­сы­мал­дарының бағыттарына қыз­мет көрсетуге конкурстық ұсы­ныстар толтырылатын нысандарын (бұдан әрі – конкурстық ұсыныстар) комиссия мүшелері санына тең мөлшерде;

3) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартының жобасын;

4) қатысушы туралы ақпарат бланкісін;

5) бағалау шкаласын;

7) конкурстық ұсыныстарды беру үшін бір үлкен конвертті (егер конкурсқа бағыттар бір лоттан артық шығарылса, онда әрбір лот­қа жеке конверттер болуы тиіс) қамтиды.

47. Конкурстық ұсыныстар, комиссия конкурстың қорытындысы бойынша қатысушыларды бағалауды жүргізетін мынадай өлшемдердің жинағын өзіне қамтиды:

1) ұсынылып отырған жылжымалы құрам (авто­бустардың, ша­ғын автобустардың түрі, санаты мен саны, пайдалану мерзімі, пас­порттық сыйымдылығы);

2) көлік құралдарының тиесілігі;

3) жылжымалы құрамды сақтауға, оған тех­ни­калық қызмет көр­сетуге және жөндеуге арналған өн­ді­рістік-техникалық базаның бо­луы (меншікті немесе шарт бойынша пайдаланылатын);

4) үміткердің басшылық буынының қалалық бағыттардағы жұмыс тәжірибесі;

5) жүргізуші персоналының жолаушылар тасы­малы сала­сын­дағы жұмыс тәжірибесі;

6) желіден шығып қалған жылжымалы бірлік­терді ауыстыру жө­ніндегі шаралар жүйесі;

7) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қосымша ұс­ы­ныстар.

48. Конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір бағыттан артық, осы бағыт кіретін лот бой­ынша конкурс аяқталғанға дейін қайталап көрсетуге жол беріл­мей­ді.

Осы бағыт қамтылған лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін конкурстық ұсыныстарда қатысу­шылар жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір бағыттан артық көрсету фактілері анықталған жағдайда, неғұрлым кештеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып саналады.

49. Қатысушы конкурстық ұсыныстар бойынша толық және сенімді ақпаратты ұсынуы тиіс.

50. Астананың көлік органы конкурс өткізілгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстың өткізілетін күнін, орнын және уақытын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттарды, өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімдерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

51. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жария­ланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдын­дағы конференция өткізеді.

52. Комиссия төрағасы конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің шынайылығын орнына барып тексеруді (бұдан әрі – тексеру) ұйымдастыру үшін комиссия құрамына кірмейтін астана көлік ор­га­нының, көліктік бақылау және жол полициясы ор­ган­дарының өкілдерінен конкурс алдындағы комиссия құрады.

Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешімді уақтылы қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, комиссия конкурс алдындағы комис­сия құрамын алқалы түрде анықтай алады.

53. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер кон­курстық құ­жат­таманың жиынтығына жазбаша түрде өтінім береді және оның құ­нын төлейді. Конкурстық құжаттама жиынтығының құны, кон­­курс өткізуге байланысты шығындардың калькуляциясына сәйкес бо­луы тиіс, бірақ конкурс өткізу туралы хабарландыру шығатын күн­ге бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінен а­спауы тиіс.

54. Осы Ереженің 47-тармағының 1), 3) және 5) тар­мақшаларында көрсетілген құжаттар, конкурсқа қатысушылар үш­ін дайындалған конкурстық құжаттаманың жиынтығы астананың кө­лік органының мөрімен куәландырылуы тиіс.

55. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс туралы хабар­лан­д­ыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін бес жұмыс күні бұрын аяқталады.

56. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін тиісті лот бой­ынша конкурсқа қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) комиссияға кон­курстық құжаттамаға қоса берілетін конвертке салынған мы­на­дай құжаттарды:

1) қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісін;

2) заңды тұлғаның немесе өз қызметін заңды тұлғаны құр­май жүзеге асыратын кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куә­ліктің көшірмесін;

3) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жау­ап­­кершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және жолаушылар алдында тасымал­даушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелерін;

4) конкурс кезеңінің алдындағы жарты жылдағы тасы­мал­дау­ға ұсы­нылатын бүкіл жылжымалы құрамға техникалық пас­порт­тардың және мемлекеттік техникалық тексеруден өткені туралы куәліктердің көшірмелерін;

5) конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандар санына тең санда қатысушының қолымен толтырылған әрі оның мөрімен куәландырылған конкурстық ұсыныстарды табыс етуі қажет.

Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетілмей және былғамай ресімделеді.

57. Комиссияның хатшысы мерзімінде берілген өтінімдерді қабылдайды және қатысушыға құ­жат­тар­дың қабылданғаны туралы хабарлама (анық­тама) бе­ріледі, содан кейін конкурстық ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсе­тілген мерзімдерді бұзып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарамайды.

58. Өтінімдерді қабылдау осы Ереженің 56-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргізіледі.

59. Қабылданған өтінімдермен қатар конкурс алдындағы комиссия тексеру жүргізу кестесін жасайды және 3 күннен кешіктірмей әрбір қатысушыны тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Қатысушы тексеру өткізілетін күні конкурс алдындағы комиссияға барлық қажетті материалдарды ұсынады және оларды талап етілетін объектілермен таныстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

60. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері ұсы­нылған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжат­тар көшірмелерінің шынайылығын, конкурстық қо­сым­шаларда көрсетілген автокөлік құралдарының сыныптарының, модельдері мен тіркеу нөмірлерінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарда көрсетілген өндірістік-техникалық базада жылжымалы құрамды сақтау, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндігін тексереді.

Конкурс алдындағы комиссия тексеру қорытын­дылары бойынша қатысушы туралы ақпарат тол­тырылған бланкіде конкурстық ұсыныстарда ұсы­нылған мәліметтердің шынайылығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныс­тарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) қоса береді.

Уақытты оңтайландыру үшін конкурстық ұсыныс­тарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы пікірлер білдіру мақсатында тексеру объектілері және түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге жол беріледі.

Көрсетілген құжаттар қатысушы ұсынған өтінім­мен және құжаттармен бірге тиісті конвертте мөрмен бастырылады.

61. Конкурс өткізілетін күні комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжат­тар бар конверттерді кезекпен ашады және кон­курстық ұсыныстарды қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес қарайды.

Комиссия мүшелері бағалау шкаласына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды жеке қояды.

62. Конкурстық ұсынымдарда көрсетілген авто­бустардың, шағын автобустардың (резервтік жыл­жымалы құрамды ескере отырып) сыныбы, жолаушылар сыйымдылығы және саны осы Ереженің талап­тарын және бағыттардың негізгі сипаттамаларын қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ конкурсты өткізу туралы хабарлан­дыруға сәйкес келетін конкурсты ұйымдастырушылар айқындаған қосымша та­лаптарды орындауға сілтемелер кон­­курстық ұсыныстарда көрсетілмеген жағдайда, өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарауға қабылдамайды.

63. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттарымен бірге барлық конверттер қаралғаннан және баға­лан­ғаннан кейін комиссия мүшелері тиісті қатысушылар бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парақ­тарының қорытынды баллдарын қосады және жалпы жиынтық баллды анықтайды, ол хаттамада тіркеледі.

64. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижесі бой­ынша комиссия мүшелері барынша жоғары жалпы жи­ынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның ішін­де анықтамасын қарайды.

Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиісті лот бойынша конкурстың жеңімпазы деп танылады.

Конкурс алдындағы комиссия теріс қорытынды жасаған жағдайда, комиссия мүшелері жоғарылығы бойынша келесі жалпы жиынтық балл алған қаты­су­шының құжаттарын осылайша қарауға көшеді.

65. Егер қандай да бір лот бойынша бір де бір қат­ысушы тіркелмесе, астананың көлік органы осы лот бойынша негізгі талаптарды өзгертуі немесе басқа лот қалыптастыруы және оны келесі конкурсқа шығаруы тиіс.

Егер лот бойынша екі конкурсқа екі рет бір қатысушы өтінім берген жағдайда, сол қатысушыны конкурстық комиссия комиссия мүшелерінің жалпы санынан 1/2 кем емес дауыс беруі жолымен лот бойынша осы қатысушыны жеңімпаз деп анықтауы мүмкін.

66. Өткізілген конкурстың нәтижелері хаттама­мен ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қояды және комиссия төрағасы бекітеді. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруі және оны хаттамаға қоса беруі мүмкін.

Егер оның отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, комиссияның шешімі заңды деп танылады.

67. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өздері ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижесін барлық қатысушыларға жазбаша түрде жібереді.

68. Конкурс нәтижесіне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.

69. Конкурс нәтижелерін сот жарамсыз деп таныған жағдайда, қайталама конкурс алдыңғы конкурс нәтижесінің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

Бұл ретте алдыңғы конкурстың қатысушыларына конкурстық құжаттама тегін беріледі,

70. Хаттаманың негізінде астананың көлік ор­ганы конкурстың жеңімпазымен жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымал­дарын ұйымдастыру шартын (бұдан әрі – шарт) жасайды. Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады.

71. Шарт жасасқан конкурс жеңімпазына шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне бағытта жұмыс істеу құқығын растайтын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарына қызмет көрсету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) беріледі. Көрсетілген тасымалдарды куәліксіз жүзеге асыруға жол берілмейді.

72. Куәлікті астананың көлік органы типогра­фиялық тәсілмен дайындайды, оның кемінде 4 қорғаныш дәрежесі бар және қатаң есептілік бланкісі болып табылады және онда мынадай ақпарат:

тасымалдаушының атауы; бағыттың нөмірі; берілген күні; қолданылу мерзімі;

астана көлік органы лауазымды тұлғасының қолы және мөріне арналған орын қамтылуы тиіс.

73. Конкурстық ұсыныстарда конкурс жеңімпазы ұсынған бағытта пайдалануға арналған автобустар (шағын автобустар) көрсетілген, оның ішінде резервтік жылжымалы құрам көрсетілген куәліктер тасымал­дау­шыға, бағытта пайдаланылатын автокөлік құрал­дарының тиісті санына сәйкес мөлшерде беріледі және тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілерінде болуы тиіс.

74. Бағытта (бағыттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.

75. Шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, астананың көлік органы тасымалдаушыдан куәлікті қайтарып алады және осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін бағыттарға жаңа конкурс жариялайды.

76. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен шарт бұзылған жағдайда, ол бұл туралы астананың көлік органын 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.

 

Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалы



 

 

77. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалы астананың көлік органы бекіткен бағыт желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлігін дамытудың бекітілген кешенді схе­масы және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар ағынын талдаудың негізінде қалыптастырылады.



Бұл ретте қала маңындағы бағыттың қала ішіндегі қозғалыс схемасы мейлінше қысқа болуы тиіс.

78. Халықаралық, облысаралық қалааралық, облысішілік қалааралық және елді мекендерді: кент­терді, ауылдарды (селоларды) астанамен жалғастыратын, астана ішінде жүретін тұрақты бағыттардың қозғалысы астананың көлік органы бекіткен астананың карта-схемасы бойынша жүзеге асырылады.

79. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағыттық желісі белгілі бір бағыттарды қайталау, сондай-ақ бір бағыт басқасының елу пайыздан астам аялдама пункттерін қайталауын болдырмайтындай етіп қалыптастырылуы тиіс.

80. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағытында шағын автобустарды пайдалануды айқындау жолаушылар ағынының төмен болуымен негізделеді, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын бағыттардың ұзақтығы жолаушыларды және жүкті қалалық тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттық желісі ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиіс.

81. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдаудың бағыттарына мынадай режимдердің бірінде қызмет көрсетіледі:

1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қала­аралық автобустармен тұрақты автомобиль тасы­мал­да­рының бағыттарында, бағыттың схемасында көр­сетілген, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метрге дейін болуы тиіс барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі бағыттар;

2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық авто­бус­тармен бағыттың схемасында көрсетілген, олардың арасындағы қашықтық 800-ден 3000 метрге дейін болуы мүмкін барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел бағыттар.

82. Халыққа қызмет көрсету ерекшелігіне сәйкес ас­танада жолаушылардың және жүктің тұрақты қа­лалық автомобиль тасымалдары мынадай сипатта болуы мүмкін:

1) тәуліктің бүкіл белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;

2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезең­дерінде қолданылатын қосымша (демалыс, мерекелік күндер немесе «қауырт» сағаттар);

3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын маусымдық (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде);

4) уақытша, қысқа уақытта қолданылатын уақытша (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған кезде).

83. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай ретпен жүргізіледі:

1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;

2) екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру – алдыңғы есіктен басқа барлық есік арқылы, ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүргізіледі.

84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектер ғана пайдаланады.

85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.

86. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қала­лық автомобиль тасымалдарының бағыттарында жол жүру және жүк алып жүру төлемін жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) немесе жол ақысын төлеудің бірыңғай электронды жүйесі арқылы отыру кезінде береді.

Автобустың салонында өлшемі 60x40x20 см және сал­мағы 20 кг дейінгі бір орындық қол жүгін, сондай-ақ қаптамасы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын не­месе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат еті­леді (автобустарда ғана).

87. Тұрақты қалалық бағыттарда айлық жолақы билеттері және төлемақының тікелей байланыссыз электронды карталарын сату жолақы билеттерін тарату пункттерінде жүргізіледі. Жеңілдікті жолақы билеттерін беру жергілікті халықты әлеуметтік қорғау орган­да­рында жүзеге асырылады.

88. Байланыссыз электронды карталардың шот­та­рын толықтыру мамандандырылған электронды қондырғылар желісі арқылы жүзеге асырылады.

89. Қалалық қатынаста жол жүру, белгіленген нормадан асқан қол жүгін алып жүруге қолма қол ақ­ша төлеу фактісі мынадай:

сериясы және нөмірі; жол жүру құны;

билеттің шығарылған жылы сияқты ақпарат қам­тылған біржолғы жалпы билет жолаушыға беріліп, тір­келеді.

90. Байланыссыз электронды карта арқылы жол жүруіне ақы төлеу фактісі тиісті сәйкестендіру нөміріндегі байланыссыз электронды картаның электронды шотында тіркеледі.

91. Байланыссыз электронды карталарды пайдалану тәртібі қолданылатын жүйелердің тех­но­логиясымен регламенттеледі, бірақ қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

92. Жол жүргені үшін ақы төлеудің екі немесе және одан да көп технологиялық жүйелерін бір мезгілде қолдануға жол берілмейді.

93. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеттерінің қолданылуы белгіленген нормадан асатын жүкті және қол жүгін алып жүруге қолданылмайды.

94. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеті бар жолаушы оны кондукторға (жүргізушіге) автобусқа, шағын автобусқа мінген кезде көрсетеді.

95. Егер жолаушы жеңілдікті жол жүру билетін пайдаланса, онда ол сондай-ақ оның жеңілдікке құқығын растайтын құжатты да ұсынады.

 

Жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдау



 

96. Такси автомобильмен жолаушыларды және жүкті тасымалдауға астанада жолаушылар мен жүкті тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетуге астананың көлік органымен шарт жасасқан жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жіберіледі.

97. Шарт кемінде бір жыл мерзімге жасалады. Шарт жасасқан тұлғаға шартқа сәйкес әрбір көлік құралына (шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне) куәлік беріледі.

98. Тасымалдаушылармен шарт жасасу және бұзу туралы мәліметтерді астананың көлік органы астана аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында жариялайды.

99. Астанада жолаушылар мен жүкті тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасау үшін (бұдан әрі – шарт) мүдделі тұлға тиісті өтініммен астананың көлік органына өтініш жасайды.

100. Өтініш және қоса берілген құжаттар негізінде астананың көлік органы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды.

101. Өтініш берушінің ұсыныстарын қарау нәтижесі бойынша астананың көлік органы:

шарт жасасу немесе жасасудан бас тарту туралы;

құжаттарды қайта қарау жөнінде қосымша мерзім тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Мүдделі тұлға осы Ереженің талаптарына сай келмеген жағдайда шарт жасасудан бас тартуға жол беріледі және ол жазбаша нысанда бас тарту негізі көрсетіліп, ресімделеді.

102. Тасымалдаушылар:

Ереженің талаптарына сәйкес келетін және техни­калық жарамды такси автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырады;

тапсырыстарды қабылдау және тапсыру қызмет­терін көрсету үшін диспетчерлік қызметпен немесе диспетчерлік сүйемелдеуге диспетчерлік қызметпен шарты болуы тиіс;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі;

Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар алдында та­сы­­малдаушылардың азаматтық құқықтық жауапкер­шілігін сақтандыру шартын жасайды;

Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес жоспарлы-алдын ала техникалық кызмет көрсету, жылжымалы құрамды жөндеу және рейс алдындағы бақылаудан өткізуді жүргізу үшін жағдайлар жасайды. Осындай база немесе оның жеке­леген ком­по­ненттері болмаған жағдайда тасы­мал­даушылардың тиісті жұмыстар мен қызметтер түрлерін жүзеге асыруга рұқсат құжаттары бар қызметтерді орындаушы субъектілермен шару­а­шылық шарттары болуы тиіс;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ме­дицина қызметкері осы қызмет түріне рұқсат еткен кө­лік құралдарының жүргізушілерін, олардың жұмыс күні (ауысымы) қашан, қайда басталатынына қара­мас­тан, мерзімді және рейс алдындағы медици­налық тек­серуден міндетті түрде өтуін және рейс алдын­дағы меди­ци­налық тексеруден өтпеген жүргі­зушілердің кө­лік құ­рал­­дарын пайдаланбауын, сондай-ақ таксилерді бұ­зылған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;

жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтайды;

жүргізушілер персоналын белгіленген үлгідегі нысанды киіммен қамтамасыз етеді;

қаланың және көшелердің орналасуын;

Жол қозғалысы ережесін және осы Ережені;

қауіптілігі жоғары жиі ұшырасатын жол-көліктік жағдайларын, қиын жол және метеорологиялық жағдайларда көлік құралын қауіпсіз басқару негіздерін;

зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін;

жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларды көшіру тәртібін жүргізушілердің білуін көздейтін, жолаушылар көлігінің кәсіптік оқу-білім беру орталықтарында кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Такси автомобильдері шанақ периметрі бойынша шаршылы белдеумен және 500 метр қашықтықтан жақсы ажыратылатын төбесінде орналасқан айыр­ым­дық белгімен, алдыңғы есіктері жүргізушінің лого­ти­пімен, артқы есіктері қызмет көрсететін диспетчерлік қызметтің нөмірлерімен және шанақтың артқы бүйір жақтары такси автомобильдің жеке тіркеу нөмірімен (гараж нөмірімен) жабдықталуы тиіс. Айырымдық белгіде «ТАХІ» (такси) деген жазу немесе тәуліктің қараңғы уақытында жанып көрінетін оған тән «шаршылы белдеу» бейнелеуге тиіс.

103. Такси автомобиль астананың көлік органы бекіткен нысандағы бірыңғай түсті гаммада болуы тиіс.

104. Такси автомобиль жарамды жағдайдағы таксометрмен жарақтандырылуы және белгіленген тәртіппен салық органында тіркелуі тиіс.

105. Такси автомобильдер радио құралдарымен және диспетчерлік қызметпен өзге де байланыс жасау түрімен жабдықталуы тиіс.

106. Такси автомобильдің салонында жолаушылардың көз алдында:

жүргізушінің фотосуреті бар, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы көр­се­тілген шарттың болуын растайтын куәлігі;

тасымалдауға, сондай-ақ белгілі бір жағдайда қолданылатын арнайы тариф (әрбір жүк орнына, әрбір жануарға және т.б.).

астананың көлік органының, тасымалдаушы диспетчерлік қызметінің және «051 қызметі» мемлекеттік мекемесінің телефон нөмірлері болуы тиіс. Такси автомобильдің салонында қол жететін жерде:

тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру полисі;

тасымалдау үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бөлігіндегі Ережеден үзінді көшірме;

қаланың (астананың) картасы болуы тиіс.

Осы тармақтың ережелері тіл туралы заңнамаға сәйкес орындалуы тиіс.

107. Такси автомобильде:

1) қажетті дәрілер жиынтығы және медици­налық заттар салынған медициналық қобдиша;

2) апат жағдайында тоқтау белгісімен;

3) жүргізуші тез қол жеткізетін орында бекітілген өрт сөндіру құрал­дары болуы тиіс.

108. Такси автомобильдің алдыңғы орындықтары бас тіреуіштермен және қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталуы тиіс.

109. Такси автомобильдер астананың Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасында тұрақты есепте тұруы тиіс.

110. Такси автомобильдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқсан сайын мемлекеттік техникалық тексеруден өтіп тұруы тиіс.

111. Такси автомобильдің жол қозғалысы және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі бөлігіндегі тех­никалық жай-күйі мен жабдықталуы олардың техникалық пайдаланылуы жөніндегі тиісті стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруі тиіс.

112. Такси автомобиль салоны күн сайын дымқылдап сүртіліп тұруы тиіс.

113. Такси автомобильмен астанада жолаушыларды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерде:

тиісті санаттағы жүргізу куәлігі;

5 жылдан кем емес жүргізушілік еңбек өтілі;

жолаушыларды тасымалдауға жарамдылығы көрсетілген медициналық тексеруден өткені және жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өткені туралы анықтамасы болуы тиіс.

114. Таксиге тапсырыс қабылдау жөніндегі диспетчерлік қызметтер өтініш беру жолымен астананың көлік органының тізілімінде тіркелуге міндетті.

115. Диспетчерлік қызметтер:

жолаушылардан тапсырыстар қабылдау жөнінде сапалы көп арналы және жедел радио байланысымен әрі өзге де байланыс түрімен қамтамасыз етілуге және оларды такси жүргізушілеріне хабарлауға;

тапсырыстардың уақтылы орындалуын және таксилердің жіберілуін бақылауды жүзеге асыруға;

жолаушылардан түскен тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізуге;

такси кешіккен немесе тапсырысты дереу орын­дау­ға мүмкіндік болмаған жағдайда, таксиге тапсырыс ресімдеген тұлғаға дереу оның кешігетіні туралы ес­кертуге немесе тапсырыс берушімен келісім бойынша, қыс­қа мерзімде басқа таксимен ауыстыруға;

таксиге тапсырыстар қабылдау туралы қала тұрғындарына сенімді және шынайы ақпарат беруге тиіс.

116. Такси автомобильдерінің тиімді жұмыс істеуі және оларды жолаушылардың пайдалануын қолайлы ету үшін ірі объектілердің – вокзалдардың, сауда орталықтарының, стадиондардың және басқа да қаланың жолаушылар жиналатын орындарында такси тұрақтарын жабдықтау және орналастыру ұйымдастырылады.

117. Такси тұрақтары өздеріне жүру бөлігінен оқшауландырылған 10-нан аспайтын такси авто­мобиль­ді кіргізу және тұрғызуға арналған жайластырылған аумақты, жол сызбаларын, жол белгілерін, тұрақтың атауы және нөмірі көрсетілген трафаретті, «Таксиге отырғызу» көрсеткішін қамтиды. Такси тұрақтарын ағымдағы ұстау мен оларға қызмет көрсетуді қаланың аудандық әкімдіктері жүзеге асырады.

118. Жүру бөлігінің бойында тұрақта тұрған таксилер саны жайластырылған қалтарыста бес автомобильден (қалтарыссыз жерде үштен аспайды) аспауға тиіс.

119. Такси автомобильдердің тұрақтары тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылуы тиіс.

120. Таксилер тұрақтарын пайдалану құқығына осы Ереженің шарттарына сай және куәліктері бар тасымалдаушылар ғана ие болады.

121. Такси автомобильге отырғызу арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, көше-жол желісінің учаскелерінде және жолаушылардың тапсырыстары бойынша такси автомобильдерді беру орындарында жүргізіледі.

122. Такси автомобильге отырғызу және одан түсіру әбден тоқтағаннан кейін және жолаушыларды отырғызу және түсіру жүру бөлігіне жақын жерде тек қана автомобильдің оң жағынан орындалады.

123. Жолаушыны күту қажет болған жағдайда (оның өтініші бойынша) жолаушы жүргізушімен жүріп өткен жолы үшін толық есеп айырысуға міндетті.

124. Такси автомобильдерді беруге тапсырысты тасымалдаушы телефон арқылы қабылдауы мүмкін. Жолаушы жол жүрудің құнын таксометр көрсеткіші бойынша төлейді.

125. Тапсырыстарды қабылдау және такси автомобильдерді жіберу арасындағы уақыт аралығы, сондай-ақ шұғыл тапсырыстар тәртібі мен төлемақы мөлшері диспетчерлік қызметтермен келісім бойынша белгіленеді.

126. Алдын ала тапсырыс жасалған кезде жүргізуші такси автомобильдің тапсырыста көрсетілген уақытта жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте жолаушыны күту уақыты 10 минуттан аспауы тиіс. Осы уақыт өткеннен кейін жүргізуші оған тапсырыс беруші диспетчерлік қызметке хабарлап, кетуге құқылы.

127. Таксимен тасымалдау тарифтерінің мөлшерін тасымалдаушы белгілейді.

128. Такси автомобильге жолаушы отырған соң жүргізуші таксометрді іске қосуы тиіс.

129. Жол жүру аяқталған соң таксометр көрсеткішіне сәйкес жолаушыға такси автомобиль қызметі үшін түбіртек (чек) беріледі. Жүргізушімен есеп айырысу қолма-қол ақшамен жүргізіледі.

130. Такси автомобильді бірнеше жолаушы жалдаған жағдайда төлем-ақының жалпы сомасы әрбір жолаушының жүріп өткен қашықтығына қарай жолаушылар барабар төлейді.

131. Егер такси автомобильмен тасымалдау бары­сын­да жүргізушінің еркінен тыс жағдаяттарға бай­ла­нысты қозғалыс жасау мүмкін болмаған жағдайда, он­да Тасымалдау шарты дереу үзілді деп есептеледі және жолаушы жүрілген қашықтыққа жол құнын төлейді.

132. Таксидегі жол жүру ақысына жеңілдіктер жа­сау­ды тасымалдаушы көздейді.

133. Такси автомобильдің жүк бөлімшесінде жал­пы салмағы автомобиль шығарушы регламенттеген сал­м­ақтан аспайтын жүкті тасымалдауға және жүк бөлімшесінің қақпағы жабық болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

134. Такси автомобильдің салонында есік арқылы еркін сиятын, салон қаптамаларын және оның жабдықтарын бүлдірмейтін әрі былғамайтын, жүргізушіге автомобильді жүргізуге және артқы айнаны пайдалануға кедергі келтірмейтін әртүрлі нәрселер мен заттарды тасымалдауға рұқсат етіледі.

135. Такси автомобильдерде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттерде, торларда немесе түбі бүтін сөмкелерде тасымалдауға рұқсат етіледі. Такси авто­мо­бильдерде иттерді тасымалдауға тек жүргізуші мен ба­сқа жолаушылардың келісімі болған кезде ғана рұқсат етіледі.

136. Такси жүргізушілер:

жүру жолында алдын ала қозғалыс жолын таң­дау­ды, жылдамдық режимін реттеуді және көлік құра­лының мейлінше қауіпсіздігін және бірқалыпты жүруді қамтамасыз ететіндей маневр жасауды жүзеге асырады;

көлік құралының жолаушылар өмірі мен денсаулығына және жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндей техникалық ақауы болған жағ­дайда, көлік құралын тоқтатып, оның барлық есіктерін аша­ды және жолаушыларды шығарады;

шұғыл жағдайларда 01, 02, 03 немесе 051 мамандандырылған қызметтерімен дереу байланыс жасайды;

жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда окиғаның сипаттамасы туралы тиісті қызметтерге хабарлау үшін дереу шаралар қабылдайды және мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді, шұғыл медициналық жәрдем пункттеріне олардың жеткізілуін ұйымдастырады;

жолаушының байқамауынан көлік құралында ұмыт қалған заттар болса, оларды тасымалдаушы әкімшілігінің жауапты қызметкерлеріне немесе «табылған заттар» үстеліне сақтауға қысқа мерзімде тапсырылуын қамтамасыз етеді;

такси автомобильде ақаулар анықталған жағдайда, бұл туралы диспетчерлік қызметке дереу хабарлайды және жолаушының баратын жеріне немесе жолаушылар көлігінің ең жақын аялдамасына дейін тез жетуіне көмектеседі;

жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігімен және қызмет көрсетудің жоғары мәдениетімен қамтамасыз етеді;

жолға шығу алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексереді;

жүргізушінің ауысым алдындағы медициналық тексеруден және такси автомобильдің ауысым алдындағы техникалық тексеруден өткені туралы белгі қойылатын жол парағы немесе борт журналы онда болуы тиіс;

музыка ойнатқышты немесе радио қабылдағышты жолаушының келісімімен қосады және жолаушының талабы бойынша сөндіреді.

137. Тапсырыстың орындалуына жеке өзі немесе телефон арқылы шақырылатын такси автомобильдегі жүргізуші мынадай себептер бойынша:

егер адамды құқық қорғау органдары қудаласа;

жолаушылардың саны автомобильдегі отыратын орындардың санынан асқан кезде;

жолаушының өміріне қауіп төнетін жағдайлардан басқа, жолаушы мас күйде немесе есірткіден уытталған күйде болған жағдайда;

жолаушының киімі, оның жүгі немесе ол алып жүретін жануарлар басқа жолаушыларға немесе авто­мо­биль салонына зиян келтіруі мүмкін болған жағ­дай­да;

қозғалысына тыйым салынған немесе апатты жағдайдағы жолдармен жүріп, қызмет көрсетуге ша­қыр­ған кезде оны орындаудан бас тартуға құқылы.

138. Жүргізуші, егер жолаушылардың жүгі жүк бөлімшесіне сыйса және оған зиян келтірмесе, оны тасымалдауға тыйым сала алмайды.

139. Егер зақымдалуы Жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің бұзылуынан туындаса, тасы­малдаушылар материалдық жауапкершілік тартады және жолаушылар денсаулығына, сондай-ақ олардың тасымалданған заттарына келтірілген зиянның орнын толтырады.

140. Астанада таксиде жолаушылар мен жүкті тасы­малдау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарт астананың көлік органының бастамасы бойынша:

жол полициясында осы жүргізушінің бір айда үш реттен артық Жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы туралы ақпарат болған кезде;

жолаушылардан жүргізушіге Таксиде жолаушылар мен жүкті тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартты орындауға қатысты бір айда үш реттен артық негізделген шағым келіп түскен кезде бұзылуы мүмкін.

 

Осы Ереженің сақталуын бақылау



 

141. Осы Ереженің сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Астанада жолаушыларды



және жүкті автомобиль

көлігімен тасымалдау



ережесіне қосымша

 

Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында қызмет көрсетуге арналған конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

 


Р/с



Көрсеткіш

Балл саны

1

2

3

1.

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі, (әрбір автобус үшін):

3 жылға дейін;

4-тен до 7 жылға дейін;

8-ден 10 жылға дейін;

10-нан 14 жылға дейін.


 

1

0,7



0,4

0,1


2.

Жылжымалы құрамның тиесілігі:

жеке меншік құқығындағы;

жалдау құқығындағы.

Ескертпе: аралас меншік тиесілігі кезінде  бағытқа қызмет көрсету үшін қажетті көліктің жалпы санынан тиесілік пайызына барабар балл алынады.


 

5

3



3.

Жылжымалы құрамды сақтауға арналған

өндірістік базаның болуы:

өз меншігіндегі жылытылатын гараждардың

болуы кезінде;

жылытылатын гараждарды жалға алу кезінде;

өз меншігіндегі жылытылмайтын гараждардың

болуы кезінде;

жылытылмайтын гараждарды жалға алу кезінде;

ашық алаңдарда сақталған кезде.


 

5

4



3

2

0



4.

Техникалық қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге арналған өндірістік базаның болуы:

өз меншігіндегі қажетті жабдықтар жиынтығы мен персоналы бар техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймақтарының болуы кезінде

осындай база жалға алынған кезде;

өз меншігіндегі жылытылатын базаның болуы;

10 көлік бірлігіне 2 пост есебінен көтергішпен немесе қарау арығымен жабдықталған, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған ең аз қажетті цех­тар, учаскелер жиынтығымен;  

осындай база жалға алынған кезде;  

жо­ғарыда аталғандар болмаған кезде. 

Ескертпе: техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймағы агрегаттарды, электр жабдықтарын жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету, шина жөндеу, дәнекерлеу, бояу орындары, ТО-1 және ТО-2 постылары бар цехтардың, учаскелердің жиынтығын, 100 көлік бірлігіне 20 машина орны есебімен қажетті көтергіш көлік жабдықтарымен агрегаттарды шығарып алу және қоюға арналған аймағымен бірге қамтиды.


 

 

 



 

 

5



3

 

 



4

2

0



5.

Аялдамаларды жариялауды жүзеге асыру нұсқалары:

көлік бірліктерін хабарлаушы құралмен 100 пайыз жабдықтаған кезде;

автоматтандырылған дауыс шығарғыш құрылғы арқылы;  

жүргізуші немесе кондуктор хабарлайды;

арба креслоны пайдаланатын мүгедектерді тасы-малдауға бейімделген жылжымалы құрамның болуы.


 

7

3



1

+0,1 әр автобус үшін

 


6.

Басшылық жасаушы буынның жолаушылар тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі:

3-тен 5 жылға дейін;

5-тен 8 жылға дейін; 

8 жылдан аса.



 

 

2



4

6


7.

Жүргізуші персоналдың жолаушылар тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі:

3-тен 5 жылға дейін;

5-тен 8 жылға дейін;

8 жылдан аса.



Ескертпе: жүргізуші персоналдың жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде бағытқа қызмет көрсету үшін қажетті жүргізушілердің жалпы санынан орташа балл есепке алынады.

 

 

2



4

6


8.

Желіден шығып қалған жылжымалы бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі:

желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 0,5 сағат ішінде қамтамасыз ететін резервтік көлік пен ұтқыр байланыс құралдары (радиостанция, ұтқыр

телефон) бар желі персоналының болуы кезінде;

желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 1 сағат ішінде қамтамасыз ететін, байланыс құралы жоқ желі персоналынсыз резервтік көлік болған кезде;

жоғарыда санамаланғандар болмаған кезде.


 

 

 



 

5

 



 

3

0



9.

Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар:

тиісті бағыттағы автобустардың немесе шағын автобустардың түрлері мен сыныптарының біртектілігі.



 

 

+0,5



 

Комиссияның қарауына «Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар» деген 9-бағанаға 6 баллға дейінгі бағамен қосымша өлшемдер (жылжымалы құрамды жуу мен жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі диспечерлік қызметі бар байланыс жүйесі, рейс алдындағы автобустарды техникалық бақылауды қамтамасыз ету, жол жүрі тарифі) енгізілуі немесе тасымалдаушылардың жол үстіндегі сервистік қызметтер бойынша қосымша ұсыныстарды 1 баллға бағалаумен ескерілуі мүмкін.



 

 

 



 

 
жүктеу 160,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау