57
алдын алу іс-шараларынан күтілетін әсердің жоқтығы;
қоғамдық тәртіпті қорғауға азаматтарды тартудың осал дамыған тетігі;
қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыс санының өсуі.
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша:
өрт ДЕПО-ларының жеткіліксіз саны.
электр құралдарын қолдану және пештерді пайдалануға беруде өрт
қауіпсіздігі ережесін сақтамау;
плотинаның толып кетуі және жарылуы немесе реттеуші тетіктер жұмысы
дұрыс болмаған жағдайда негізгі қауіпті Талдыкөл булағыш-су жинағыш
(Ильинка кенті 2 сектор және Үркер шағын айданы үшін), Астана су қоймасы
(Астана қаласы үшін) және «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суы басып
кетуден қорғау» жобасы бойынша салынған плотина (Астана қаласы үшін);
көше және тұрғын үйлерді лас және
жиналған су басып кету;
судан құтқару қызметінің осал дамыған инфрақұрылымы.
2.4. Инфрақұрылымды дамыту
Байланыс
Астана қаласында ұсынылған байланыс қызметтерінің көлемі 2014 жылы
2013 жылдың деңгейіне 4%-ға өсумен 148,3 млрд. теңгені құрады. Салалар
құрылымында үлкен ең жоғары үлеске ұялы байланыс ие – 68,7 % (НКИ-99%)
немесе 101,9 млрд. теңге, Интернет үлесіне (НКИ – 127,2%) 16,2% немесе 24
млрд. теңге тиесілі.
2015 жылы байланыс қызметінің көлемі нақты мәнде 2014 жылғы 148,3
млрд. теңгеге және 2013 жылы 144,2 млрд. теңгеге қарсы 11,7%-ға 133,2 млрд.
теңгеге дейін қысқарды.
24-диаграмма
Байланыс қызметінің көлемі, млрд. теңге
Интернет желісі қызметінің көлемі 2 есеге 2012 жылғы 11,7 млрд. теңгеден
2013 жылы 19,8 млрд. теңгеге дейін және 2014 жылы 24 млрд. теңгеге дейін
ұлғайды.
59
2015 жылы компьютерлерді қолданушылар үлесі 88%-ға
дейін ұлғайды, бұл
2014 жылдың деңгейінен 24,2%-ға және 2013 жылдың деңгейінен 25,8%-ға
жоғары.
Компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша халықтың 58,3% «қарапайым
тұтынушы» тобына, «тәжірибелі тұтынушы» үлесіне 23,8%, «енді бастаған
тұтынушы» дағдысына 17,9% ие.
2012-2014 жылдары халықты сандық (компьютерлік) сауаттылыққа оқыту
бойынша жүргізілген жұмыстар шегінде арнайы ұйымдастырылған курстарда 5
мыңнан астам адам оқытылды, оның ішінде 2012 жылы – 1,5 мың адам, 2013
жылы – 2,1 мың адам, 2014 жылы – 2 мың адам.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білімді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015 жылдың басы жағдайы
бойынша «Е-learning» жобасы 41 білім беру ұйымдарында, оның ішінде 32
мектепте және 9 колледжде іске асырылуда. Әлеуметтік желілердегі
ынтымақтастық жөнінде әдістемелік жұмыстың жаңа бағыты пысықталды. 2014
оқу жылында шамамен 1300 мұғалімді жаңа нысанмен біріктіретін
Педагогикалық шеберлік орталығы сайтының базасында «Ізденіс», «Таным»,
«Табыс», «Кәсіби тәжірибе алаңы», «Жігер», «Ветер перемен» желілік
қоуымдастық және т.б. ашылды.
Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 64,3%-дан тиісінше 64,5%-ға
және 66,2%-ға дейін ұлғайды. Жастар тобы құрылымында 6 жастан 15 жас
аралығындағы жастағы балалар мен жасөспірімдер арасында өсу 2012 жылғы
40,7%-дан 2013 жылы 41,3%-ға және 2014 жылы 49,8%-ға дейін өсті.
2015 жылдың басындағы жағдай бойынша қала бойынша қаланың адам көп
жүретін объектілерінде Интернет желісіне қоғамның қол жетімділігінің 33 бекеті
орнатылды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Интернет желісін тұтыну үлесі 87%-
ға ұлғайды, бұл 2014 жылыдң деңгейінен – 20,8%-ға, 2013 жылыдң деңгейінен –
22,5%-ға жоғары.
Интернет желісіне халыққа тегін кеңжолақты қолжетімділігін ұсынуға
бағытталған «Wi-Fi Bus Astana» жобасы шегінде 4G LTE желісі базасында Wi-Fi
технологиясы арқылы шамамен 550 автобус қайтадан жарақталды. Осы жоба
бойынша ай сайын орта есппен тұтынушылар шамамен 2565 гигабайт мәліметті
пайдаланады.
Құрылыс.
Құрылыс елорданың нақты секторының негізгі саласы (71,2%) болып
табылады, оның есебінен шамамен 10% ЖӨӨ және 12% барлық жұмыс орны
қалыптастырылады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша орындалған құрылыс
жұмысының көлемі 2014 жылғы 398,9 млрд. теңгеге (НКИ – 136,4%) және 2013
жылғы 280,9 млрд. теңгеге қарсы (НКИ-88,7%) 472,2 млрд. теңгені (НКИ –
114,5%) құрады.
25-диаграмма
Құрылыстың дамуы, млрд. теңге