81
р/б
№
Индикатордың атауы
Көзі
факт
жоспар
Жауап
тылар
2014
жыл
2015
жыл
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
2019
жыл
2020
жыл
кәсіпорындар
бойынша), %
17.
Салықтық және
салықтық емес
түсімдер өсімінің
қарқыны, %
Ведомс.
деректе
р
115,6
117,5
103,1
105,3
107,2
107,5
107,7
МКД,
ББӘ
18.
ШОБ саласында
тіркелген салық
төлушілер санының
өсім қарқыны, %
Ведомс.
деректе
р
119,8
101,4
104,0
105,5
106,0
106,2
106,5
МКД,
КӨБ
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Астананы бәсекеге қабілетті дамыған экономикасы бар заманауи қалаға
айналдыру бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді шығару есебінен жалпы
қосылған құнды құрайтын 5 негізгі сауда секторының негізінде жұмыс
орындарын құруды және өсімнің жаңа көздерін дамытуды көздейді, олар:
1. «ақылды қала» үшін шешімдерді қоса заманауи өндіріс;
2. құрылыс (материалдарды, технологияларды, жобалауды қоса алғанда);
3. халықаралық қаржы орталығы және қаржы технологиялары;
4. туризм (оқиғалық және іскерлік);
5. сауда және дистрибуция.
Заманауи өндіріс.
Жоғары технологиялық өнеркәсіп кластерін құру өндіріс объектілерін
барлық қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілген және оңтайлы
кеңістіктік жоспарлау қағидаттарына сүйене отырып жобаланған арнайы бөлінген
Индустриялық аймақтардың аумағында орналастыруды қарастырады.
Машина жасау, құрылыс индустриясы және логистика кластерлерінен
тұратын № 1 Индустриялық паркте 2020 жылға қарай шамамен 40 жаңа өнеркәсіп
өндірістері енгізілетін болады, бұл фармацевтика, тамақ және химия өнеркәсібі
секторлары есебінен салалық мамандандыруды кеңейтуге мүмкіндік береді.
№ 1 Индустриялық паркті құру тәжірибесін ескерумен № 2 Индустриялық
паркті ашу кезінде инфрақұрылымдық, ұйымдастырушылық және экономикалық
сипаттағы барлық проблемалы мәселелер талданып, ескеріледі, инновациялық
бағыттылық және инвестициялық тартымдылық факторларының есебімен
инвестициялық жобаларды іріктеу және салалық бағыттылық өлшемдері қайта
қаралады.
№ 2 Индустриялық паркке инвестициялық жобаларды іріктеу және қарау
сатысында басымды салалар ретінде машина жасау, фармацевтика, тамақ және
химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары және логистикалық кешен айқындалды.
Келешекте
бұл
тәсіл
бюджеттік
инвестицияларды
салудан
мультипликативтік әсерді қамтамасыз етуге, халықтың өнімді жұмыспен
қамтылуының қосымша көздерін құруға, қаланың инновациялық әлеуетін
ұлғайтуға және салықтық түсімдердің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді.
82
Ақылды және инновациялық қала
Қаланың «ақылды» маманданылуын дамыту қажетті ғылыми-зерттеу базасы
бар жетекші университеттермен ынтымақтастықты ұйымдастыру негізінде
ақылды қала үшін құрылыс технологиялары, технологиялық шешімдер және
агротехнологиялар саласында салалық құзыреттілік орталықтарын құру есебінен
қарастырылды.
Astana BusinessCampus ғылыми паркін құру есебімен «Назарбаев
Университет» АҚБ ғылыми-білім беру кластерімен технологиялық кәсіпкерлікті
дамытуға және елорда экономикасының басымды секторларында инновациялық
құрамдастарды арттыруды ынталандыруға бағдарланған ынтымақтастық
бағдарламасы әзірленетін болады.
SmartCity
тұжырымдамасы
шеңберінде
елорда
тұрғындары
мен
қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға, көрсетілетін әлеуметтік
қызметтердің сапасын жақсартуға, инфрақұрылымдық кешенді және көшелік
желілерді ақпараттандыруға, әкімдік органдары мен азаматтар арасында
интерактивті, ашық диалог қамтамасыз етуге бағытталған басымды жобалар
қоржынын іске асыру қарастырылады.
Келешекте МЖӘ тетігі арқылы «ақылды» қаланың технологиялық
шешімдерін қолдану қалалық қызметтердің қызмет тиімділігін жақсартуға, өмір
сүру сапасын арттыруға, бюджетке қаржылық жүктемені төмендетуге, ШОБ
дамытуға ынта беруге, заманауи қалалардың халықаралық аренасында елорданың
имиджін жақсартуға мүмкіндік береді.
Құрылыс, жаңа құрылыс технологиялары, инжиниринг және жаңа
құрылыс материалдары
Девелопмент секторын дамыту ішкі нарықтың жаңа тұрғын үйдегі ұлғайып
жатқан қажеттілігімен, сондай-ақ Елорданы дамытудың 2030 жылға дейінгі бас
жоспарына сәйкес қалалық аумақтарда пенрспективалы құрылыс салумен өзара
байланысты.
Бұл бағыт бойынша қаланың ірі құрылыс салушыларымен және Назарбаев
Университетімен бірлесіп жаңа құрылыс технологиялары мен инжиниринг
бойынша құзыреттілік орталығын құру, сондай-ақ қала құрылысы кадастрын және
бас жоспарды цифрлі форматқа ауыстыру және оларға онлайн платформалары
арқылы еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету көзделеді.
Жеке құрылысшыларды ынталандыру және осы салада кәсіпкерлікті
дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында әкімдік мерзімдерді және қажетті
құжаттаманы ресімдеу алгоритмін қысқарту бөлігінде сәулет және құрылыс
қызметі саласында әкімшілік-рұқсат беру үрдістерінің реттемелерін қайта қарап,
оңтайландырады. Жеке алғанда, қолданыстағы ҚНЖЕ жаңа технологиялар мен
материалдарды қолдануды және индустриялық үй құрылысы технологияларын
дамыту мақсатында құқықтық тосқауылдарды жоюға бағытталатын өзгерістер
енгізілетін болады.
МФЦА дамыту және қалаға халықаралық және өңірлік ұйымдарды және
ТНК штаб-пәтерін тарту жөніндегі бастамалар шеңберінде қаланың арнайы
бөлінген аудандарында ҚР бейрезиденттерінің тұрғын үй және коммерциялық
Достарыңызбен бөлісу: |