54
Астана қаласының Ішкі істер департаменті тұрақты негізде жол
қозғалысының қауіпсіздігі саласында жұмысты ұйымдастыруды жақсарту
бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылдайды. 2014
жылы 220 мыңнан артық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, жалпы сомасы
1776,8 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 1314,8 млн. теңге
өндірілді. Мас күйінде 2 286 жүргізуші ұсталды.
2015 жылы шамамен 220 мың әкімшілік құқық бұзушылықтар
анықталынды.
Анықталған
ЖКО
бұзушылықтардың
жалпы
санынан
процессуальды шешім қабылдау үшін 210,7 мың әкімшілік материалдар өнідіріске
қабылданды, оның ішінде 191,3 мың әкімшілік істер бойынша жалпы сомасы
1548,7 млн. теңгеге айыппұл түрінде қаулы шығарылды.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағыты бойынша
алынған есірткі мөлшерінің 2 есеге, 2012 жылғы 343,4 кг 2013 жылы 275 кг және
2014 жылы 170,2 кг дейін төмендеуі байқалады. Алынып қойған героин мөлшері 3
есеге, 7,7 кг-дан 22 және тиісінше 23,5 кг дейін ұлғайды. Есірткімен байланысты
қылмыстың жалпы саны 3% өсті, ал қылмыс жасаған адамдардың саны 46,8%-ға,
77-ден 105 және тиісінше 113 адамға дейін ұлғайды, оның ішінде рецидив
бойынша – 2,5 есеге, 4-тен 9 және 10 адамға дейін өсті.
2015 жылы 237 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде нашамен айналысатын
134 тұлғаға қатысты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша заңсыз
айналымнан 255,2 кг әр түрлі наша заттары алынды, бұл 2014 жылдың
көрсеткішінен 1,5 есеге және 2013 жылдың деңгейінен 7,2%-ға артық.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
2012-2014 жылдары төтенше жағдайлардың саны 28,4%-ға, 2012 жылғы
377-ден 2013 жылы 253 және 2014 жылы 270-ке дейін қысқарды. Оның ішінде
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 31,5%-ға, 359-дан 244-ке
және тиісінше 246 жағдайға дейін.
2014 жылдың қорытындылары бойынша төтенше жағдайлардың
құрылымында жоғары үлесті өндірістік апаттар (41,5%), өндірістік және
тұрмыстық өрттер (20%), сондай-ақ оқыс оқиғалар (9,2%) құрайды.
23 диаграмма
Төтенше оқиғалар саны, бірлік
Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қаржылық және техникалық
қолдау бойынша уақтылы қабылданған шаралар апаттар санының 8 есеге, 2012
55
жылғы 144 бірліктен 2014 жылы 18 бірлікке дейін, сондай-ақ өндірістік және
тұрмыстық өрттердің 10%-ға, 60-дан тиісінше 54-ке дейін төмендеуіне ықпал етті.
Өндірістік апаттардың саны 21,7%-ға, 2012 жылғы 92-ден 2014 жылы 112-ге
дейін, тұрмыстағы оқыс оқиғалардың 6 есеге, 4-тен 18-ге дейін ұлғайды.
2015 жыл бойы 195 төтенше жағдай тіркелді, оның ішінде 177 табиғи
(90,8%) және 18 техногенді (9,2%). 2014 жылмен салыстырғанда ТЖ 20,4%-ға,
2013 жылмен – 17,7%-ға қысқарды.
Өртке қарсы қауіпсіздік нормалары мен құралдарды пайдалануға беру
ережесін сақтауды бақылауды күшейту өндірістік апаттар санын 2015 жылы
52 жағдайға дейін төмендетуге қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады, ол 2014
жылдың деңгейінен 54%-ға, 2013 жылы – 55,6%-ға, өрт тиісінше 25,5%-ға және
18%-ға азаюмен 41 жағдайға дейін төмен.
Өмір тіршілігіе қамтамасыз ету инфрақұрылымындаға апаттылық деңгейі
2015 жылы 4 жағдайға дейін келтірілді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 4,5 есеге,
2013 жылы – 8,3 есеге төмен.
Төтенше жағдайлардан зардап шеккендердің жалпы саны 2012 жылғы 358-
ден 2013 жылы 270 адамға дейін және 2014 жылы 328 адамға немесе 8,4%-ға
дейін төмендеуіне қарамастан, қайтыс болғандардың саны 16%-ға, немесе 75-тен
71-ге және тиісінше 87-ге дейін өсті.
2014 жылы суға батып кеткен адамдардың саны 2012-2013 жылдармен
салыстырғанда 2012 жылғы 21 адамнан (2013 жылы – 22 адам) 2014 жылы 17
адамға дейін төмендеді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты бойынша өрт санының 7,3%-ға,
2012 жылғы 870 жағдайдан 2013 жылы 733 және 2014 жылы 807 жағдайға дейін
төмендеуі байқалады.
Өрттің пайда болуының себептері бойынша электр құралдарын пайдалану
ережесінің бұзылуы– 44,6% (360), отпен абайсыз болу – 22,4% (181) және
пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 17,2% (139)
жоғары үлеске ие.
Өрттің пайда болуы ошақтары бойынша тұрғын үй қоры 54,1% (437), көлік
құралдары – 22,7% (183), салынып жатқан объектілер – 6,8% (55) құрайды.
Жалпы, өрттерден материалдық зиян мөлшері 73,2%-ға, 2012 жылғы 247,8
млн. теңгеден 2013 жылы 76,1 млн. теңгеге дейін және 2014 жылы 56,6 млн.
теңгеге дейін қысқарды.
Қала құрылысы аумағының ұлғаюы, сондай-ақ, халық санының өсуі 2013-
2015 жылдары өрттер саны өсуінің негізгі факторлары болып табылады.
Сонымен, 2015 жылы 870 өрт тіркелді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 7,8%-
ға, 2013 жыл – 18,7%-ға артық. Сонымен бірге, өрт – құтқару бригадасының
шұғыл әрекет етуін көтеру есебінен материалдық зиянның жалпы сомасы 2015
жылы 19 млн. теңгеге дейін, 2014 жылмен салыстырғанда 3 есеге және 2013
жылы 4 есеге төмендеумен қысқарды.
Осылайша, Астана қаласының аумағындағы төтенше жағдайлардың,
өрттердің орташа серпінді өсімі ең алдымен қаладағы халық өсімімен және
құрылыс қарқынымен шарттасады.
56
Су тасқынының қауіпті әсері бар аймақта шамамен 1500 азамат өмір сүреді
және 291 тұрғын үй қорының объектісі орналасқан. Қала шегінде Есіл өзенінің
арнасы бойынша су тасқынының аумағы 2 км-ге дейінгі аймақты құрайды, ең
жоғары белгісі 349 метр, учаскенің ұзындығы 8 км. Есіл, Кубрин, Бейбітшілік,
Желтоқсан, Бөгенбай даңғылы, Шұбар кенті, Комсомольский кенті, Қараөткел
шағын ауданы және басқа да тұрғын үйлер су тасқынына шалдығуы мүмкін.
SWOT талдау
Күшті жақтары (S)
Осал жақтары (W)
1. Ішкі
істер органдары бөлімшелерінің
жоғары
деңгейде
материалдық-техникалық
қамтамасыз етілуі.
2. Қажетті
гидротехникалық құралдармен
елорданы қамтамасыз ететін плотинаның болуы
100% құрайды.
3. Жер сілкінісі, көшкін және селдің табиғи
қауіптерінің болмауы.
1. Көші-қонның жоғары деңгейі.
2. Халықты
төтенше жағдай қаупі
туралы орталықтандырылып хабарлаудың
моральды тұрғыдан тозған жүйесі.
3. Өрт ДЕПО-ларының жеткіліксіз саны.
4. Өртке қарсы қауіпсіздік ережесін
сақтау
қимасында
азаматтық
саналылықтың төмен деңгейі;
5. Ішкі
істер
органдарының
бір
қызметкеріне есептегендегі жүктеменің
жоғары деңгейі.
6. Бас
бостандығынан
айыру
орындарынан
босаған
тұлғаларды
әлеуметтендіру жүйесінің осал дамуы.
7. Жолдардағы апаттылықтың жоғары
деңгейі
Мүмкіндіктер (O)
Қауіптер (T)
1. Қала аумағын инженерлік-геологиялық іс-
шаралармен қамтамасыз ету бойныша жоспарды
орындау.
2. Өртке
қарсы қорғаныс объектілерінің
желісін кеңейту.
3. Азаматтық
қорғаныс
және
төтенше
жағдайлар жағдайында халыққа әрекет етуді
үйрету.
4. Қала
аумағын
бейнебақылаудың
біріктірілген жүйесімен қамтуды ұлғайту.
5. Құқық тәртібін қорғауға қоғамды тарту.
6. Құқық
бұзушылықтарға
«нөлдік
шыдамдылық»
принциптерін
сақтаудың
қоғамдық мәні туралы халық арасында
ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
1. «Талдыкөл» ағынды су жинағышы
ауданында қала аумағын, сондай-ақ, Есіл
өзені
арасының
жаңартылмаған
учаскелерін көктемде су басып кету.
2. Автокөліктер
санының
ұлғаюы,
тұрғын үй секторындағы төтенше тұрақтар
өрт сөндірудің және шұғыл медициналық
көмек
көрсетудің
мамандандырылған
көліктерінің еркін қозғалуына әсер етеді.
3. Бақыланбайтын
көші
–
қонның
жоғары деңгейі.
4. Экономикадағы
дағдарыс
жағдайларының
әсерінен
қылмыс
деңгейінің өсуі.
Негізгі проблемалар:
қоғамдық тәртіп саласында:
қарқынды көші – қон ағыны;
жұмыспен қамтылмағандардың жоғары деңгейі және кірістердің төмен
деңгейі;
Достарыңызбен бөлісу: |