Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет23/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45

60 
 
 
 
2013-2015 жылдар бойы осы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 
2013 жылғы 51,5 мың адамнан (12,5%) 2014 жылы 52,4 мың адамға (12,1%) және 
2015 жылы 73,4 мың адамға дейін (15,8%) жеткендігін атауға болады. 
Өндіріс  көлемінің  өсуі  кезінде  еңбек  өнімділігінің  2013  жылғы  6,2  млн. 
теңгеден  2015  жылы  6,0  млн.  теңгеге  дейін  төмендеуі  байқалады,  бұл  маңызды 
объектілер  құрылысы  кезінде  жұмыс  күшінің  жоғары  санын  тарту  қажеттілігіне 
байланысты болды.  
 
26-диаграмма  
 
Құрылыстағы өнімділік деңгейі, бір адамға шаққанда мың теңге 
 
 
 
2013  жылы  ірі  елордалық  объектілердің  ішінде  Қазақстан  тарихының 
мұражайы,  Қазақстан  Республикасының  Бірінші  Президентінің  қоры  мен 
кітапханасы, 2014 жылы Есіл өзенінің бойындағы саябақ пайдалануға енгізілді. 
2012  жылы  пайдалануға  берілген  ірі  елордалық  объектілердің  ішінен 
«Хазрет  Сұлтан»  мешітін,  Батыс  жартылай  айналымын  құру  жобасын  аяқтаған, 
Сарыарқа және Тұран даңғылдарында тәулігіне 30 мың автомобильге дейін көлік 
ағынын  азайтқан  Есіл  өзені  арқылы  өтетін  жаңа  көпірді,  2013  жылы  «Астана 
Опера» мемлекеттік опера және балет театрын, Қазақстан тарихының мұражайын, 
Қазақстан  Республикасы  Бірінші  Президентінің  қоры  мен  кітапханасын,  2014 
жылы Есіл өзені арқылы өтетін Саябақты атауға болады. 


61 
 
Орталық саябақты және «Нұржол» сулы – жасыл бульварын қайта жаңарту 
аяқталуда. Бульварды, қаланың жаңа бөлігінің бас жоспарын да белгілі сәулетші 
Кисё Курокава (Жапония) жобағанын айтып өту қажет. 
Тұрғын  үй  құрылысы.  Астана  Қазақстан  өңірлері  арасында  2015  жылы 
тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бойынша көшбасшы болып табылады, бұл 
көрсеткіш  бір  адамға  29,0  м
2
    құрайды.  Орташа  республикалық  деңгей  –  бір 
адамға  20,8  м
2
.  Соңғы  үш  жылда  елордада  4 066,3  мың  шаршы  метр  тұрғын  үй 
немесе  35  864  пәтер  пайдалануға  берілді,  бұл  жалпы  республикалық  көлемнің 
17,5% (23 300 мың шаршы метр) және өңірлер арасында жоғары көрсеткіш болып 
табылады,  одан  кейін  Алматы  қаласы  (3  537  мың  шаршы  метр  немесе  15,2%). 
Оның  ішінде  2013  жылы  –  1 101,0  мың  шаршы  метр  (орта  есеппен  Қазақстан 
Республикасы (бұдан әрі  - ҚР) бойынша  – 427,8 мың шаршы метр) немесе 16%, 
2014  жылы  –  1  206  мың  шаршы  метр  (орта  есеппен  ҚР  бойынша  –  469,8  мың 
шаршы метр) немесе 16%, 2015 жылы – 1 759 мың шаршы метр (орта есеппен ҚР 
бойынша  –  558,8  мың  шаршы  метр)  немесе  9,8%,  бұл  орта  республикалық 
деңгейден 3,1 еседен артық мөлшерге көп. 
Тұрғын  үй  құрылысы  құрылымында  жеке  отандық  құрылыс  салушылар 
алда,  олардың  үлесі  2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  80%  құрады.  2014 
жылмен салыстырғанда енгізілген тұрғын үйдің көлемі 1,8 есеге ұлғайды. 
 
10-кесте 
Тұрғын үй құрылысының құрылымы  
 
Бағыт атауы  
2013 жыл 
2014 жыл 
2015 жыл 
Көлемі, 
млн. 
шаршы 
метр  
Үлесі, % 
Көлемі, 
млн. 
шаршы 
метр 
Үлесі, % 
Көлемі, млн. 
шаршы метр 
Үлесі, % 
Жеке 
меншік 
отандық 
құрылысшылар  
863,5 
78,4 
781,0 
64,7 
1407,0 
80,0 
Мемлекеттік тапсырыс  
59,3 
5,4 
249 
20,6 
275,1 
15,6 
Шетелдік инвесторлар  
178,2 
16,2 
176,3 
14,6 
76,7 
4,4 
 
2013 жылдан бастап елордада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы 
іске  асырылуда,  «Елорда  Даму»  кәсіпорны  құрылды,  мемлекеттік  несиелер 
бөлінді.  Құрылыс  30  %  жеңілдікті  санаттың  орнын  толтыру  және  120  мың 
теңгеден  аспайтын  (инженерлік  желілер  құнысыз)  –  4  сыныпты  жайлылық  және 
142,5 мың теңге – 3 – сынып жайлылықтың белгіленген бағасы бойынша сатудың 
70% шартымен ескі үйлерді сырумен іске асырылады. 
2013-2014  жылдар  бойы  бағдарламаны  іске  асыру  шегінде  жалпы  алаңы 
91,4  мың  шаршы  метр  1502  пәтер  пайдалануға  берілді,  оның  ішінде  652  пәтер                
42  апатты  үйлердегі  тұрғын  үйлердің  тұрғындарын  орналастыру  үшін 
пайдаланылды, еркін нарықта 850 пәтер іске асырылды.  
Апатты  тұрғын  үйлерді  сүру  жөніндегі  пилотты  жоба  Анкара  қаласының 
тәжірибесі  негізінде  әзірленді  және  апатты  үйлер  тұрғындарын  жаңа  құрылыс 
аудандарына  «шаршыға  шаршы»  қағидаты  бойынша  тегін  түрде  тұрғын  үй 


62 
 
ұсынумен тұрғындарды көшіруді қарастырады. 2017 жылға дейін 3 519 тұрғынды 
көшірумен 228 үйді бұзу жоспарланып отыр. 
 
11-кесте  
Тұрғын үй саласын дамыту көрсеткіштері   
 
Көрсеткіштер  
Өлшем 
бірлігі  
2013 жыл 
2014 жыл 
2015 жыл 
Жыл соңына тұрғын үй қорының жалпы алаңы  
млн. шаршы 
метр 
19,5 
20,3 
20,8 
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі, оның 
ішінде:  
млн. теңге 
98 651,6 
142 825,6 
161 692,6 
Мемлекеттік меншік  
млн. теңге 
11 372,8 
19 186,3 
14 042,5 
Жеке меншік  
млн. теңге 
78 253,1 
80 303,3 
114 559,7 
Шетелдік инвесторлар меншігі  
млн. теңге 
9 025,6 
43 336,0 
33 090,4 
Пайдалануға берілген алаң  
мың шаршы 
метр  
1 101
 
1 206,3 
1 759 
Тұрғын  үйлердің  пайдалануға  берілгендерінің  саны, 
оның ішінде:  
Бірлік 
361 
395 
1 008 
Көппәтерлі  
Бірлік 
82 
85 
132 
Пайдалануға берілген пәтерлер саны  
бірлік 
10 118 
10 193 
15 553 
 
2015 жылғы жағдай бойынша елорданың тұрғын үй қорындағы қажеттілігі 
38  мыңнан  артық  пәтерді  құрайды,  бұл  қажеттілік  халық  санының  өсіміне 
байланысты  2018  жылға  қарай  31,3  %  ұлғайып,  шамамен  50  мың  пәтерді 
құрайтын болады. 
 
Көлік.   
 
Астана  қаласының  қолайлы  географиялық  жағдайы  көлік  саласын  дамыту 
үшін  тиімді  жағдай  жасайды,  оның  үлесіне  ЖӨӨ  құрылымында  шамамен  8% 
тиесілі. 
 
2016  жылдың  1  қаңтарына  қаланың  көлік  жүйесі  953  көшеден  тұрады, 
жолдардың  жалпы  ұзындығы  1038,4  шақырым,  оның  ішінде  асфальт  бетонды 
жабыны  бар  жолдар  –  658,6  шақырым  (70%)  және  258,9  шақырым  жол  қатты 
жабынсыз (30%).    
Қала  аумағында  халық  үшін  қоғамдық  көлік  қызметтерін  көрсететін  9 
компания  қызмет  етеді  (оның  ішінде  1  коммуналдық  және  8  жеке),  олар  85 
бағдарға қызмет көрсетеді. Автопарктерде 1025 автобус бар, күн сайны желіге 829 
бірлік  шығады.  Қоғамдық  көлікпен  тасымалдаудың  мөлшері  сөткесіне  850  мың 
жолаушыны  құрайды.  Сондай-ақ,  560  бірлік  жылжымалы  құрам  мөлшерімен  14 
мамандандырылған  таксомотрлық  компания  қызметін  жүзеге  асырады.  Қалалық 
бағдарлық желінің ұзақтығы 3811 км құрайды. 
Көлік  әлеуеті  дамуының  негізгі  көрсеткіштері  өсудің  орнықты  серпінін 
көрсетеді. 
Сонымен, 2013-2015 жылдар бойы тасымалданған жолаушылар саны 30,3%-
ға, 2013 жылғы 1 961,0 млн. адамнан 2014 жылы 2 180,3 млн. адамға және 2015 
жылы 2 279,0 млн. адамға дейін ұлғайды. Жолаушылар тасымалы көлемі тиісінше 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау