Ашық аспандағы қара бұлттар Қазақстан және атыс қаруы Николас Флоркин, Дәурен Әбен және Тахмина Каримова «Атыс қаруына шолу»



жүктеу 1,18 Mb.
Pdf просмотр
бет12/33
Дата01.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#25673
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

24  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  25

9

 мм атыс патрондарымен атуға түрлендірілген Иж-79 газ пистолетін 



тәркіледі. Тергеу нәтижесінде қылмыскер қаруды Қазақстанның Орал 

қаласынан әкелгені белгілі болды; бұл қалада Металлист зауытында 

жұмыс істейтін сыбайласы болатын, ол үйінде газ және тегіс оқпанды 

қаруларды иір ойықты қару-жараққа түрлендірумен және қаруларды 

оптикалық көздеуішпен жабдықтаумен айналысқан (Куликов, 2008). 

Ресми статистика бойынша, қаруды заңсыз жасау оқиғалары 2006–2010 

жылдары аралығында үш еседен көп артқан (ІІМ, 2010c; БП, 2011a). Бұл 

артуға байланысты талдау жасалмаған, дегенмен, оны қару-жараққа 

қатысты заңдардың қатаңдай түсуімен жартылай түсіндіруге болады, 

олар төменде талқыланады. 

 Қазақстанға шекара арқылы қару-жарақ жеткізу де проблемалардың 

бірі болып табылады. Орталық Азия Ауғанстанды Ресей Федерациясымен 

және  Еуропамен  байланыстыратын  «солтүстік»  есірткі  жолында 

орналасқан (БҰҰЕҚБ, 2008, 6-б.). Аймақта есірткі мен қару-жарақ трафигі 

бір-біріне  байланысу  дәрежесі  түсініксіз  болып  келеді,  дегенмен, 

Қазақстан билігі есірткіге қарсы қолданылған шара («Канал») және 

миграциялық бақылау («Нелегал») операциялары аясында қару-жарақ 

ұстады. «Канал» операциялары 2003 жылдан бастап жүйелі түрде 

өткізіліп келеді және ол Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы (ҰҚКҰ) 

бастамалаған аймақтық шаралардың бір бөлігі болып табылады, бұл 

шараларға  Армения,  Беларусь,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Ресей 

Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекістан елдерінің құқық қорғау 

органдары қатысады. 

 Бұл операциялар барысында ұсталған қару-жараққа қатысты деректер 

елдер бойынша берілмейді, оның орнына барлық ҰҚКҰ мүшелерінің 

барлығына тұтас беріледі. Мысалы, 2010 жылдың қыркүйек айында, 

Қазақстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан «Канал-Юг» атты есірткіге 

қарсы операция өткізді және оның нәтижесінде 1300 кг-нан астам есірткі 

мен 220 қару-жарақ тәркіленді

20

.



 

2009


 жылы «Канал» және «Нелегал» 

операцияларына қатысқан елдер жалпы 1881 атыс қаруын және 52 759 

оқ-дәрі ұстады; сондай-ақ, олар заңсыз қару саудасына қатысты 249 

қылмыстық іс қозғады

21

. 2010 жылғы қараша айының 16–22 жұлдыздарында 



ірі операция нәтижесінде 18 тонна есірткі, 1129 қару-жарақ және 17 мың 

оқ тәркіленді

22

.



24  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  25

 Бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  мәлімдемелер  бойынша, 

Қазақстанға қару-жарақтарды заңсыз жеткізудің бірнеше жолы бар, бұл 

қару-жарақтардың көбі ішкі қылмыстық топтарға арналған. Қазақстандық 

полиция қару көздері ретінде маңыздылығы бойынша Ресей Федерациясы, 

Тәжікстан және Ауғанстанды көрсетеді (Исабеков, 2008). Тәркіленген 

Калашников автоматтары мен Стечкин пистолеттері солтүстік Кавказдан 

келеді; Макаров пистолеттері Ростов, Краснодар крайы, Мәскеу және 

Санкт-Петербургтен келеді; латын әріптері және иероглифтер басылған 

Калашниковтар, Макаровтар және Токаревтер Қырғызстан, Тәжікстан 

мен Өзбекістан арқылы (есірткі тасу үшін қолданылатын жолдар арқылы) 

Ауғанстаннан әкелінеді. Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 

Батыс Еуропа мен Ресей Федерациясынан контрабанда жолымен әкелінген 

германиялық Sig Sauer, итальяндық Beretta және чехиялық CZ сияқты 

Еуропада жасалған пистолеттерді қолдануы артып келеді (Исабеков, 

2008


). 

 Көрші елдердегі оқиғалар да заңсыз қару-жарақтардың Қазақстанға 

келуіне себеп болады. 2010 жылдың сәуір айында Қырғызстанда қатты 

көтеріліс болып, президент Құрманбек Бакиевтің орнынан кетуіне және 

қарсылық білдіргендер тарапынан полиция қарулары мен әскери қару-

жарақты тонауына әкелді, осыған байланысты Қазақстан шекараны 

уақытша жапқан болатын (Kazakhstan Today, 2010a). Оған қоса, полиция 

қарулары  мен  әскери  қару-жарақтар,  оның  ішінде  пистолеттер, 

автоматтар, жеңіл пулеметтер, снайперлік винтовкалар, гранаталар және 

граната  атқыш  2010  жылғы  маусым  айында  орын  алған  оңтүстік 

Қырғызстандағы этникалық қырғыз бен өзбектер арасындағы қақтығыс 

кезінде жоғалды. Қырғыстанның жоғалған қару-жарақтар мен оқ-дәріні 

табу шараларын қолға алғанымен, Қырғызстан билігі 2010 жылдың 

қыркүйек айындағы уақыт бойынша 278 қару-жарақ ішінен 146-сы және 

43

 045 оқ-дәрі ішінен 26 344-і 2010 жылдың маусымында жоғалғанынан 



бері табылмағанын мәлімдеді (Кылым Шамы, 2011, 8-б.)

23

. Қазақстан 



жоғалған  қырғыз  қару-жарақтары  шекарадан  өтуі  мүмкін  деген 

алаңдаушылығын білдірді (СІМ, 2010)

24

. Шекарада қарулардың тәркіленуі 



туралы есептер бұл алаңдаушылықтың шын екенін айқындайды, дегенмен 

Қырғызстаннан әкелінген қарудың дәл мөлшерін анықтау қиын

25




26  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  27

Бақылау шаралары

Ұлттық заңдар

Жалпы, Қазақстан атыс қаруын сатып алу мен оған ие болуға қатаң бақылау 

жасайды, оның ішінде жеке-меншік қарулардың барлығын тіркеу, тиісті 

түрде сақтау талаптары және келешектегі иелерді тексеру

26

. Қазақстан 



заңдары аймақтағы басқа елдердің заңдарына ұқсас; көптеген элементтері 

Кеңес Одағынан қалған. Дегенмен, Қазақстан заңы сәйкессіздіктерді жою 

және қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту мақсатында уақыт өте өзгерді. 

 2010 жылдың желтоқсан айында қаруларды бақылау режимін күшейту 

үшін жаңа заңнамалық өзгерістер енгізілді (ҚР, 2010b). Оларға төмендегілер 

кіреді:


• азаматтар ие бола алатын қарулар саны бестен екіге дейін азайтылды;

• қару иелерін қаруларды ұрлау, жоғалту, тиіссіз немесе заңсыз түрде 

қолдану туралы есеп беруге міндеттеу; және 

• қару иелерін басқа мекенжайға көшкен кезде қаруларын қайта тіркеуге 

міндеттеу (ҚР, 2010b).

Қазақстан азаматтарына қару-жарақтарды тек өз-өзін қорғау, спортпен 

шұғылдану немесе аң аулау мақсаттарында ғана сатып алуға болады (ҚР, 

1998

, 5-бап)


27

. Қазақстанда қаруға ие болу үшін 18 жасқа толу қажет. Қаруға 

ие  болу  лицензиясына  өтінім  берушілер  «қасақана  қылмыстарға» 

арылмаған сотталғандығы болмауы және бір жылда екі немесе одан көп 

белгілі әкімшілік бұзушылық жасамаған болуы тиіс (ҚР, 1998, 19.2, 19.2-1, 

19

.5 баптары). Сондай-ақ, олар психикалық денсаулығын дәлелдейтін 



медициналық куәлікті тапсыруы тиіс (ҚР, 1998, 15.3 бабы). 

 Жоғарыдағы талаптарға сай келсе, қаруға ие болуды қалайтын адамдар 

бірнеше рұқсат қағаздарын алуы тиіс, олардың әрқайсысына ақша төлеу 

керек. Қаруға ие болу рұқсаты үшін 4500 теңге (30 АҚШ долл. немесе 

дәлірек айтқанда, үш АЕК

28

), қару сатып алу немесе сақтау рұқсат қағазы 



үшін 760 теңге (5 АҚШ долл., жарты АЕК), әрбір қаруды тіркеу немесе 

қайта тіркеу үшін 150 теңге (1 АҚШ долл., АЕК мөлшерінің оннан бірі) 

төлеуі тиіс (ІІМ, 2010b). Бұл рұқсат қағаздарын алмаған және қаруды 

тіркемеген адамдар 1500–15 мың теңге (10–100 АҚШ долл.) айыппұлмен 

жазаланады (ҚР, 2001, 368, 371 баптары). Оқ-дәріні алу үшін қару-жараққа 



жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау