Арпаны жууға және жібітуге арналған қондырғылар. Пневматикалық уыт өндіру қондырғылары



жүктеу 6,84 Mb.
бет4/18
Дата09.01.2022
өлшемі6,84 Mb.
#32133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ашыту курал жабдық лек

Бақылау сұрақтары
1. Ашыту өндірісіндегі құрал-жабдықтары қалай жіктелуі.

2. Уыт өндірісінің машиналы-аппаратуралық сызбанұсқасын сипаттап беріңіз.

3. Арпаны жууға және жібітуге арналған қондырғылардың жұмыс жасау принципі.

4. Пневматикалық уыт өндіру қондырғыларына сипаттама беріңіз.

5. Уытты кептіруге арналған құрал-жабдықтарды сипаттаңыз.
Лекция №3

Сыра қайнату өндірісінің технологиялық құрал жабдықтары
Жоспар:

1. Сыра өндірісінің машиналы-аппаратуралық сызба нұсқасы

2. Қайнату агрегаттары
Сыра технологиясы келесі процестерден тұрады: уытты және уытталмаған материалды ұнтақтау; сусла мен ашытудың таза культурасын дайындау; сыраның негізгі ашыту және ашуын жеткізу; сыраны сүзу және жарықтандыру; сыраны ыдыстарға құю және жуғыш еріткіштерді дайындау; көрсетілген процестерді орындау үшін түрлі техникалық құрал жабдықтарды қолданады.
1. Қоймада жатқан уыт ауалы-електі сепараторға 1 жіберіледі (сурет 3.1), содан соң шнекпен 2 тазаланған уытты жинағышқа барады. Арпа шнекпен 2 қайта ауалы-електі сепараторға 1 беріледі, содан соң кариямен арпа жинағышқа 15 беріледі. Уыт пен арпаны магнитті колонка 4 арқылы өткізеді, автоматты таразыда өлшенеді және ұнтақтайды: уытты ылғалды ұнтақтау қондырғысында 6, ал арпалы диірменді станокта 16 су технологиялық қажеттілікке жинағыштарға 10 және 11 келеді. Ысқылауды іркінді-қайнату аппаратында 7 жүргізеді, оған ұнтақталған уыт өзіндік ағумен келеді, ал ұнтақталған арпа жинағыштан 17 шнектің 2 көмегімен келеді. Осында реакторда 9 дайындалған және ұстағыш 8 арқылы сүзілген қант ерітіндісі келеді. Мөлдір сусло және шайынды сулар насоспен 13 сусла қайнату аппаратына 18 айдалады, мұнда сусло берілген бастапқы концентрацияға дейін буланады. Құлмақ қоймадан шығынды жинағышқа 12 келеді, осы жерден берілген құлмақ порциялары орама арқылы сусла қайнату аппаратына 18 келеді. Сыра дробинасын насоспен сату үшін шығынды жинағышқа айдайды. Сусла қайнату аппаратынан 18 ыстық сусла өзіндік ағынмен құлмақ жинағыш аппаратқа бағытталады, ол жерде жарықтандыру үшін гидроцикланды аппаратқа насоспен айдайды. Жарықтандырылған сусланы насос 20 пластикалы жылуалмасқышқа 29 айдайды, мұнда ол 0°С дейін суытылады, содан соң негізгі ашыту апппаратына 34 келеді.

Ашытудың таза культураларын дайындау үшін сусла зарарсыздандырғыштарынан 25,27 ашытудың ашуын жеткізуге арналған цилиндрден 26 тұратын қондырғы қарастырылған.

Ашыған ашытудың таза культуралары сығылған уаумен ашытуға келе жатқан сусла ағынына жылжиды. Артық ашытқылар

негізгі ашыту аппаратынан 34 вакуум көмегімен вакуум-монжюге 31 жиналады. Ұрықтық ашытқыларды тазалау үшін ауа мен тербелмелі елекке 30 сығылады. Тазаланған ашытқылар өзіндік ағынмен сақтау үшін монжюге 31 жіберіледі. Вакуум насостың 32 көмегімен олар өндіргішке жіберіледі. Ашытқыларға жіберілетін суды бакта 24 суытады. Артық ашытқылар, монжю 31 арқылы өтіп, сығылған ауамен жинағышқа 33 жіберіледі, одан насоспен 20 сатуға айдайды.

Дезинфекциялаушы еріткіштерді жинағыштарда 19,21 және 22 дайындайды. Сүзгіште 23 сүзілген соң олар құж-ды дезинфекциялауға жіберіледі.

Жас сыра аппараттан 34 насоспен 20 ашуын жеткізу және жетілдіру (лагерлі танктер) аппаратына 35 жіберіледі. Ашуы жеткен сыра араластырғыш фонарь 36 арқылы насоспен 37 суыту үшін пластиналы жылуалмастырғышқа 37, содан соң сүзу үшін длатомитті сүзгішке 39 беріледі. Сұрыпты сыра қосымша картонды сүзгіш 40 арқылы сүзіледі және жылуаларастырғышта 41 1° С дейін суытылады, көміртегі оксидімен (ІV) карбонизаторда 42 қалықтырады және жинағыш өлшеуіштерде 43 жинайды, осы жерден құюға жібереді.


2. Сыра сусласын дайындау үшін негізгі аппараттарға іркінді қазаны, сүзу аппараты және сусло қайнату қазаны жатады. Кәсіпорын өнімділігіне байланысты қайнату агрегаттары екі, төрт және алты аппаратты болып шығарылады, негізінен үздікті жұмыс істейді, бір мезгілде 500ден 5000кг дейін дәнді өнімдерді өңдейді. Екі аппаратты қайнату агрегаты ысқылауға және сусланы қайнатқышқа арналған бір аппараттан және бір сүзу аппаратынан тұрады. Төрт аппаратты қайнату агрегатында екі іркінді аппаратты, бір сүзу және бір сусла қайнату аппараты болады. Алты аппаратты қайнату агрегаты екі іркінді аппаратынан, 2 сүзу және екі сусла қайнату аппаратынан тұрады.

Дайын сыра бойынша қайнату цехының өнімділігі (дал/айына).




Мұнда, Gз – бір мезгілде агрегатқа салатын дән өнімі,кг;

nц –бір қайнату аппаратының қайнату тәулігіне цикл саны;

zс –қайнату аппаратының айына жұмыс тәулігінің саны (zс = 28,5, оның ішінде 1,5 тәул. Қайнату жабдығын дезинфекциялау және профилактика жүргізу уақыты);

Gз1 - 1 дал дайын сыраны өндіруге шығындалған дән өнімі кг/дал.

Іркінді дайындау аппараттары ұнтақталған уыт пен уытталмаған материалды сумен араластыруға (ысқылауға), қыздыруға, қайнатуға және іркінді массасын қайнатуға арналған. ВК3-1, ВК3-1,5, ВК3-3 және ВК3-5 сәйкесінше 1000, 1500, 3000 және 5000 кг дән өнімдеріне арналады.

Іркінді дайындау жабдығы (3.2 сурет) екі шар тәрізді табаны бар, цилиндр ыдыс тәрізді, іркінді массаны қайнатуға және жылытуға арналған рубашкасы бар жабдық. Жабдықта судың қатты булануы мен су буының түзілуі белсенді түрде жүреді, ол пайда болған қайнату цехының төбесіндегі сорғыш құбыр 2 арқылы жүзеге асады. Іркінді жабдығы іркіндінің сұйық бөлігін декантациялауға арналған жылжымалы люкпен 1, қалақшалы араластырғышпен 7, қыбырмен жабдықталған. Қазандығ құбыр 8 арқылы бекітіледі. Майдаланған уыт құбыр 3 арқылы жабдыққа келіп түседі, жолда 5 араластырғыштан берілетін жылы сумен жібітіледі, жабдықта дайын болған іркінді массаны көрші сүзгі жабдыққа беруге арналған таратқыш кранмен 6 жабдықталған. Іркінді масса көрші жабдықтан құбыр 4 арқылы қайта келеді.


Сурет 3.2 –Іркінді дайындау жабдығы

Іркінді дайындау жабдығы мен сусла қайнататын жабдық бір бірінен конструкциялық ерекшеліктері бойынша айырмашалыққа ие. Сусла қайнататын жабдықтың беті жалпақтау, ол өз кезегінде 1 сағат ішіндесудың біраз бөлігін буланып шығуға мүмкіндік береді (қазандықта бар сусланың 8-12% кем емесін). Сонымен қатар қазандықтың мұндай конструкциясы қайнап тұрған сусланың циркуляциясының тұрақты түрде жүзеге асыуна мүмкіндік береді.

Іркіндіні сүзу. Іркіндіні сүзу үрдісі екі кезеңнен тұрады: біріншілік сусланы, яғни іркіндіні сүзу барысында пайда болған сүзу және де бытыраны (дробина) құрамындағы экстрактивті заттарды ажырату үшін ыстық сумен жуу. Соның нәтижесінде жуынды су пайда болады.

Қолданылатын жабдығының түріне байланысты іркінідіні сүзу сгзгіш жабдықта және де сүзгіш-прессте сүзгілеу деп жіктеледі.

Іркіндіні сүзгіш жабдықта сүзу. Жабдық (3.3 сурет ) жылумен оқшауланған, жалпақ табаннан 6, шар тәрізді қақпақтан және де сорғыш құбырдан 3 тұратын цилиндр тәрізді ыдыс болып табылады. Табанынан 15 мм қашықтықта жеке сегментті құрайтын алынып-салынбалы сүзгіш елегіш 4 орналастырылады. Елегіште қалып қойған бытыраны алу үшін електің түбінле арнайы саңылау 5 болады. Сүзгіш жабдықтың табанында сусланың ағып шығуына арналған құбыр 8болады. Осы құбырдың ұштарында сүзу үрдісінің жылдамдығын реттеп отыруға арналған крандар орнатылған. Сүзгіш жабдықтың түп жағындағы құбыр жинағыш астауға жалғанады. Жинағыш астаумен кран екеуі бірге сүзгіш батареяны 9 құрайды. Жабдықтың ішінде қопсымалы механизм 1 және сегнеров сақинасынан 2 тұрады. Қопсымалы масса жылдамдық қорабы мен редуктор арқылы электр қозғалтқыш арқылы айналады, гидравликалық көтергіш 7 көмегімен жоғары көтіріліп, төмен түсіріледі.

Сурет 3.3 – Сүзгіш жабдық

Іркіндіні сүзу келесідей ретпен жүреді. Жуылған жабдыққа елегіш орналастырылады және елегіштің астындағы кеңістікті температурасы 75-78 0С температурадағы сумен толтырылады, ол електің астындағы кеңістіктегі ауаны ығыстыру мен сұйықтықтың бірыңғай қабатын тудыру үшін қамтамасыз етеді. Елегіш табаны 1,0-1,5 см көлемінде сумен толтырылуы шарт. Ары қарай іркіндіні үздіксіз түрде араластырылы отырып сүзгіш жабдыққа айдалады. Бытыра сүзгі елегішінің бетінде бірыңғай орналасуы үшін қорпсыған механизм үздіксіз түрде қозғалып отырады, содан соң барып бытыраның бетін тегістеу үшін қопсыған механизмды бірнеше рет айналдырады.

Електер арасындағы кеңістікте іркіндіні айдау барысында бытыраның бір бөліктері сүзу батареясының құбырында жиналады. Оларды алып тасту үшін сүзу батареясының бір немесе бір неше кранын ашады. Сүзгі батареясының кранынан ағып шығатын тынық емес сусло насос арөылы сүзгыш жабдыққа қайта айдалады. Бұл үрдіс кранан тынық сусло ақпайынша қайталана береді.

Сүзу барысындағы іркіндінің температурасы 75-780С болуы керек. Ал сүзу жылдамдығы кранның ашу деңгейі бойынша реттеліп отырады.

Сүзу барысында бытырада экстрактивті заттардың бір бөлігі қалып қояды. Оларды жою үшін бытыраны температурасы 78-80 0С болатын сумен жуады. Жууды елек аралық кеңістік біріншілік сусломен толтырылған кезде бастайды. Бытырадан экстрактивті заттардың толық бөлініу үшін бытыраны өопсымалы механизмге орнатады.

Бытыраны жуу жуылған судағы құрғақ заттардың салмақтық үлесі 0,5% болғанға дейін жүргізеді.

Сүзу циклының жалпы ұзақтығы (ыдысты дайындау, іркіндіні тұндыру, біріншілік суслоны сүзу, бытыраны жуу және оны жою) шамамен 3,5-6 сағ құрайды.



Сүзгі престе іркіндіні сүзу.

Кейбір кәсіпорындарда сүзу аппаратының орнына сүзгі престерді пайдаланады. Оларға сүзгі қоршауы болып сүзгіш матасы немесе синтетикалық мата қызмет атқарады.

Сүзгі-пресс станинадан, тік бұрышты рамалар мен плиталардан тұрады, олар станинаның балкасына тік орналастырады.

Сүзгі-престердің сүзгі аппараттарынан артықшылықтары, жақсы ұнтақталуына байланысты экстрактінің шығуы жоғары (1% дейін); негізгі сусло шамамен 1сағ. ерте сүзіледі; дробинаны шаю үшін судың шығындалуы аз болады. Соңғы кезде жаңа іркінді сүзгілері пайда бола бастайды.

Сүзгі және дробинаны шаю циклының барлығы 100-110 минутқа созылады, бұл шамамен 12 іркіндіні сүзуге мүмкіндік береді.

Іркіндіні сүзу үрдісіне бір қатар факторлар әсер етеді. Сүзу үрдісі ұзақ үрдістердін қатарына жатады. Оның ұзақтығы уыт сапасына, майдаланған уыт құрамына, бытыра биіктігіне, іркінді температурасына байланысты болады. Сонымен қатар бытыраны сулауға жұмсалатын судын сапасыда әсер етеді. Алайда, сүзу үрдісіне әсер ететін басты факторға тұтқырлық жатады. Іркіндінің тұтқырлығы оның құрамында жоғары молекулалы ақуызды фракцияның, декстриндердің, в-глюканның, коллоидтың және т.б. заттардың болуына байланысты.

Суслоны құлмақпен қайнату.

Суслоны құлмақпен қайнату өндірісінің технологиялық тәсімі келесідей операциялардан тұрады: суслоны құлмақпен бірге қайнату; құлмақ бытырасынан ажырату; тұндыру (түссіздендіру) және салқындату.

Суслоны құлмақпен бірге қанату оны қажтті ығыздыққа дейін концентрлеу, құлмақ құрамындағы құнды заттарды ерітіндіге өткізу, ферменттердің инактивациясы, ақуызды заттардың коагуляциясы мен сусланы стерилдеу мақсатында жүргізіледі.

Біріншілік сусло мен жуылған су сүзгіш жабдықтан сусло қайнататын жабдыққа беріледі, бұл жерде температура 63-75 0С аралығында болуы шарт.

Құлмақты сусло қайнату жабдығына қайнату басында немесе қайнату барысында салуға болады. Суслоның барлық мөлшерін сүзгіш жабдықтан алған соң барып ғана қайнатуды бастайды.

Суслоны құлмақпен қайнатудың ұзақығы 1,5- 2 сағ. Суслоны құлмақпен қайнату үрдісі белсенді түрде жүреді, оның себебі құлмақ құрамында тез ұйыйтын ақуыздар мен ащы заттардың болуына байланысты. Суслоны құлмақпен қайнату қалыпты атмосфералық қысымда жүргізіледі.

Суслоны қайнатудың аяқталғаның келесідей көрсеткіштермен бағалайды: сусло құрамындағы құрғақ заттардың салмақтық үлесімен, сондай-ақ мөлдірлілігі мен ақуыздардың ұюымен. Суслоны құлмақ қайнату кезінде құрғақ заттардың мөлшері шараптың әрбір сұрыпына бекітілген стандартқа сай болуы керек.

Жақсылап қайнатыған суслоны ыдысқа құйған кезде жарық түскен кезде жылтыр, ақуыздық ұйыған үлпектері тез тұнуы керек. Жеткілікті дәрежеде тынық емесе сусло оның құрамында іркіндіні сүзу барысында қоспалардың түсіп кеткенін білдіреді.

Экстракт шығымы – бұл майдаланған дәндерден ыстықсусло құрамына өткен экстрактивті заттар мөлшері, ол %мас түрінде өлшенеді. Бұл көрсеткіш сусло мен шарап өндірісіндегі дәндердің құрамындағы экстрактивті заттардың пайдалану дәрежесі мен одан алынатын дайын өнім шығымын көрсетеді. Экстракт шығымы шикізат сапасына, суслоны дайындайындаудың режимін дұрыс таңдауына байланысты болады.

Экстракт шығымы келесі формуламен анықталады, %мас:


Э = 0,96*VEd/P
Мұндағы, 0,96 – суслоны 20 0С температурада салқындату барысында оның көлемінің 100 ден 95 ке дейін азаюын ескеретін және құлмақты суслоға қосу салдарынан оның көлемінің өзгеруін ескеретін түзету коэффициенті; V – сусло қайнату жабдығындағы сусло көлемі; Е – суслодағы құрғақ заттар мөлшері, %; d - 20 0С температурадағы суслоның тығыздығы кг/л; Р – сусло дайындауға жұмсалған дәнді дақылдар салмағы, кг.

Суслоны құлмақпен қайнату аяқталған соң суслоны құлмақты бөліп алатын жабдыққа бағыттайды. Құлмақты бөліп алатын жабдық құлмақ бытырасын ұстап қалатын алынып-салынбалы елегі бар ыдыс болып табылады. Сусланы бөліп алған соң қалған бытыраны ыстық сумен жуады (1 кг 6-7 л сумен); жуылған суды суслоға қосады.

Құлмақты бөліп алатынжабдықтан шыққан сусло салқындатуға жіберіледі.



жүктеу 6,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау