Арпаны жууға және жібітуге арналған қондырғылар. Пневматикалық уыт өндіру қондырғылары



жүктеу 6,84 Mb.
бет7/18
Дата09.01.2022
өлшемі6,84 Mb.
#32133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
ашыту курал жабдық лек

Крахмалқұрамды шикізаттан үздіксіз спирт өндірудің машиналы-аппаратуралық сызбанұсқасы

Спирт өнідірісінде крахмалқұрамды шикізаттан спирт өндірудің негізгі технологиялық операциялары үздіксіз ағында жұмыс жасайды (8.1 сурет). Астық элеватормен 1 бункерге 4 беріледі. Магнитті сепараторда 3 астық ферромагниттік қоспалардан тазаланады. Автоматты таспалы дозатор 5 көмегімен астық балғалы майдалағышқа 6 беріледі де, ары қарай араластырғыш – алдын-ала қайнатқышқа беріліп, мұнда ыстық сумен араластырылады. Алынған қоспа 80-85 0С температураға дейін бу сепаратордан 16 берілетін бумен қыздырылады. Картопты жуу және қоспаларды ұстау картоп жуғышта 2 жүзеге асырылады. Автоматты таразыда 8 салмақтары өлшенген картоптар элеватор арқылы 7 майдалау үшін майдалағышқа 9 жіберіледі және араластырғыш-алдын-ала қайнатқышта 40-45 0С температураға дейін қыздырылады.

Қоспа алдын-ала қайнатқыштан плунжерлі насос 11 көмегімен қайнатқыш колоннаның 13 бірінші сатысына беріледі. Жанасу басында 12 қоспа 100 0С температураға дейін қыздырылады, ал қайнату колоннасында бумен белсенді түрде араластырылады. Содан соң барып, масса ретімен 14 колонна арқылы екінші сатыға өтеді және де деңгейді реттегіш 15 арқылы бу сепараторына 16 беріледі.

Қайнату 140-142 0С температурада 40-45 мин бойына жүргізіледі. Қайнатылған масса бу сепаратордан 102 0С температурада буландыру камерасына жіберіледі. Өздігінен булану салдарынан масса 62-63 0С температураға дейін салқындатылады және де қантсыздандырғышқа 19 құйылады. Буландыру камерасынан вакуум насос конденсирленбеген газды сорып алады. Қантсыздандыру қазандық 20 арқылы келіп түсетін уыт ферменттері немесе зең саңырауқұлақтары көмегімен жүргізіледі.

Қантсыздандырылған масса құмтұтқыш 21 арқылы насоспен 22 түтікшелі жылу алмастырғышқа 23 беріледі, мұнда олар «қатпарлау» температурасына дейін салқындатылады және де үздіксіз-ағынды әдіс көмегімен ашытылады.


Сурет 8.1 - Крахмалқұрамды шикізаттан үздіксіз спирт өндірудің машиналы-аппаратуралық сызбанұсқасы
Дрожжанкаларда 24 дайындалған ашытқылар алдын-ала ашыту жабдығына 25 беріледі де, бұл жерден басты ашытқыш жабдығына 26 үздіксіз түрде салқындатылған масса беріліп отырады. Ашытылған масса басты жабдықтан ретімен қазандық 27 беріледі, ал соңғы қазандықтан жетілген ашыған масса насос 30 көмегімен айдауға жіберіледі. Насос 28 көмегімен масса қазандықты дезинфекциялау қажет болған жағдайда айдалып отырады. Ашу барысында пайда болатын спирт спит ұстағышта 29 жиналады.

Ашымақтан впиртті бөліп алу және де ары қарай спирт-шикізатын тазалау үздіксіз әрекетті ашымақ ректификациялайтын қондырғыда жүргізіледі, ол төрт колонналае тұрады: эпюрациялық бөлігі бар ашытқыш 31, дефлегматормен 34 және конденсатормен жабдықталған колонна, дефлегматормен 38 және де конденсатормен 39 және екі ректификациялық 42, 43 конденсатормен жабдықталған эпюрациялық колонна, дефлегматормен 41 және конденсаторлар 36, 42 жабдықталған колонна.

Ашытқыш колоннаға түсудің алдында ашымақ 10-11 0С температураға дейін дефлегматордағы 35 бумен қыздырылады. Қыздырылған ашымақ сепаратор 37 арқылы ашымақ колоннаның эпюрациялық бөлігінің жоғарғы тарелкасына беріледі, мұнда ашымақтан спирт қоспасы бөлінеді. Ашытқыш колоннада спирт ашытылады және екі ағынмен тазалауға жіберіледі. Сулы-спиртті будың басым бөлігі (85 %) ұстағыш 45 арқылы біріншілік ректификациялық колоннаға 43 беріледі. Төп (барда) ашытқыш колоннадан төп реттегіш 46 көмегімен алынады. Сулы-спиртті будың басқа бөлігі (15 %) дефлегматор 34 мен конденсаторда 33 конденсацияланады және сұйық күйінде эпюрациялық колоннаға 44 келіп түеді. Колоннадан шыққан эпюрат екіншілік ректификациялық колоннаға 42 беріледі, мұнда ректификациялық спирттен, сивухалық спирттен және сивухалық майдан ажыратылады. Колоннадан шыға берісте спирт мұздатқышта 47 салқындатылады және фонарь арқылы 48 қоймаға құйылады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Спирт өндірісінде қандай шикізаттар қолданылады?

  2. Спиртті крахмалды шикізаттардан алудың технологиялық кезеңдерін атаңыз?

  3. Ректификациялану коэффициенті дегеніміз не?

  4. Спиртті бөліп алу барысында қандай қоспалар бөлінеді?

  5. Ашу неше кезеңнен тұрады?



жүктеу 6,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау