Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет72/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95

246
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Ал бір-екі ұрпақ ауысқан соң мұндай мүмкіндіктен айыры 
лып 
қаларымыз шындық. Біздің зерттеуіміздің өзектілігін таныта тын 
бірінші мәселе осы болса, екінші мәселе жалқы арқылы жал пы-
ны таныту, яғни Жұматай Жақыпбаев өмірі мен шығармашы лығы 
негізінде 1970–80 жылдардағы қазақ поэзиясының басты қасие тіне, 
жаңалықтарына барлау жасау. 
Аталмыш дәуір поэзиясының көрнекті өкілі ретінде өмірден 
ерте кеткен ақын Жұматай Жақыпбаевты таңдап алуымыз да тегін 
емес. Өйткені ол – тірі кезінде әдеби ортадан өзінің жоғары бағасын 
алған шығармашылық өкілі. Біздің бұл сөзімізге ақын қайтыс бол-
ғалы бері үздіксіз жарияланып келе жатқан қаламдас достары, іні-
қарындастарының, ағаларының, жарының естелік-бағалары дәлел 
бола алады. Белгілі әдебиеттанушы ғалым, академик С.Қирабаев 
60-жылдар әдебиетіндегі аса көрнекті ақындардың соңын ала 
шыққан, өзіндік қолтаңбасы бар, аз ғана таланттар шоғырының 
ішінде Ж.Жақыпбаев есімін ауызға алады [2.188]. Ал әдебиеттанушы, 
әрі әдебиет сыншысы Б.Ыбырайымов табиғат суретін бейне леуге 
шебер С.Мәуленов, Ж.Нәжімеденов, О.Асқарлардың қата 
рында 
Жұматайды да атаған және өлеңдерінен мысал келтірген [3.9]. 
Бірақ жазушылар, тіпті жалпы интеллигенция /шын мәніндегі/ 
тарапынан ерекше ілтипатқа ие болған ақын шығармашылығы 
қарапайым көпшіліктің «қолынан түспес» дүниесіне бірден айналып 
кете қоймады. Осыдан келіп, ақын шығармашылығы тағдырын сөз 
ету барысында қазіргі әдебиеттану ғылымындағы тағы бір түбегейлі 
зерттеуін күтіп тұрған зәру мәселе оқырмандық қабылдау жө нін-
дегі әңгімеге де ойысып отырамыз. Белгілі бір шығарма шы лық-
тың көпшілік алдында беделге ие болуы оқырманның нақты та-
рихи дәуірдегі эстетикалық талғамына, интеллектуалдық дең гейі-
не байланысты. Ақынның шығармашылығын талдай отырып, бұл 
мәселенің де сырларын ашу мүмкіндігі туады.
1970–80 жылдардағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкіл-
дерінің бірі ретінде де, өз алдына бөлек зерттеуге әбден лайық 
Ж.Жақыпбаев шығармашылығы біз үшін, онымен қоса, жоғарыда 
айтылған поэтикалық мәселелерді айқындауға қызмет ететін 
деректік сипатымен де құнды.
Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылығы қазірге дейін 
арнайы зерттелген жоқ. Тіпті оның өлеңдері жөнінде айтылған 
ғылыми пікірлердің өзі саусақпен санарлық. Бұл қатарда оның 
өлеңдері мен жыр жинақтарына арналған Ж.Нәжімеде 
нов 
тің, 
Б.Ыбырайымовтың, Қ.Ергөбековтің, К.Мырзабе ковтың, С.Неги-
мовтың, Ұ.Есдәулетовтың, М.Неталиевтің рецензияларын айтса 
болады [4].


247
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
Орыс және қазақ зерттеушілерінің лирика, өлең табиғаты 
жөніндегі монографиялар мен зерттеулерді жұмысымызға тая ныш 
еттік. Сондай-ақ лирикалық туындыдағы автор қолтаңбасына тән 
ерекшеліктердің қыр-сырын көрсететін зерттеулер де басты бағ дар 
етілді [5]. Әдебиет теориясына қатысты еңбектер пайдаланылды [6]. 
Жекелеген лирик ақындар шығармашылығын өзек еткен диссер-
тациялар да қаперге алынды [7].
Ақынның «Жалын» баспасынан көзі тірісінде шыққан «Сара-
тан» /1979/, «Ләйлә» /1981/, «Шұғынық гүл төркіні» /1984/, қайтыс 
болғаннан кейін ақын Зайда Елғондинованың дайындауымен 
жарияланған «Көктемгі хаттар» /1992/ атты жыр жинақтарын  дағы 
өлеңдер негізгі материал ретінде алынды. Әсіресе соңғы екі жи-
нақ негізгі дәйек етілді. Сондай-ақ туындыгердің бұл жинақта рына 
енбей қалған кейбір өлеңдері де қамтылды.
Ақын жөніндегі ақын-жазушылардың, қаламдас достары 
ның 
түрлі басылымдарда жарық көрген естелік, ой-толғамдары [8] да 
зерттеуге қажетті деректердің үлкен бір бөлігін құрайды. 
ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ  
ОҒАН ҚАТЫСТЫ САРЫНДАР
Ж.Жақыпбаев 1945 жылдың 30 қаңтарында Талдықорған облы-
сы, Талдықорған ауданы, Төлеңгіт ауылына қарасты «Жетісу» совхо-
зында туылған.
Әуел баста азан шақырып қойған аты – Жұмағұл-Шора. Бұл 
жөнінде ақын «Менің атым» деген өлеңінде 
Жұмағұл-Шора азан сап қойылғаны,
Мейірімін шешем қосып ойындағы,
«Жұматай» деп атады. Кейін қыздар
Осы атты керемет деп мойындады, – дейді.
Ол өскен жер – Жетісу өңіріндей ең бір көркемдігімен көз тартар 
өлке. Туған өлкесі ақын көкейінде мәңгі сақталып, оның жы рына 
таусылмас азық болды. Жұматай өлеңдерінде өскен өлке келбеті 
ерекше махаббатпен жырланады. Әйгілі сыншы В.Г.Белинский 
көлемі шағын лирикалық туындының ақын жанындағы, көңіліндегі 
жайттардың бәрін бірдей қамти алмайтынын айтқан [22.45]. Сонда да 
болса, Ж.Жақыпбаев өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншіліктің 
ұшқыны түрлі тақырыпта жазылған туындыларынан да аңға рылып 
тұрады. Кіндік қаны тамған өлке бейнесі Ж.Жақыпбаев өлең де рінде 
Сарноқай тауы арқылы көрініс тауып отырады. Ол барлық жердің 
табиғатын Сарноқайдай көзге елестетіп, өзге біреудің өз жеріне деген 
сағынышын өзінің Сарноқайға сағынышы арқылы ғана түсінеді. 


248
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Бұл Жұматайдың лирикалық қаһарманының ғана емес өмір 
лік 
тұлғасының да ерекшелігі болғандығын ақын Ө.Ақыпбековтің 
мына естелігінен көре аламыз: «...Бірде (...) Жұмағаңа «Баспаға 
қолжазба дайындап жүр едім, соны көзбен бір қарап көресіз бе?» 
– дедім өзімсініп. (...) «Өтеш», деді бір күні, өткендегі өтіні шіңді 
толық орындай алмаспын. Өзіңе өте ұнайтын бір өлеңіңді әкеліп 
бер, қарап пікірімді айтайын. Ренжіме ... Кешікпей «Танылмаған 
тұлпарлар» атты балладамды қолына тигіздім. Күндердің күнінде 
Жұмағаң телефон шалды: «Өлеңің шикарный өлең болып тұр, үйге 
тез жет, ақылдасайық. «Шикарный» деген Жұмағаңның аузынан 
сирек шығатын сөз, үйге бөгелмей жеттім.
Ол балладаны және бір мақтап алды да жайланған соң, өзінің 
жағымды даусымен өлең оқи бастады. Алғашқыда өзінің өлеңі екен 
деп қалғам, байқасам оқиғасы менің балладамның желісі, желдіріп 
барады.
– Өтеш, осылай болса, қайтеді, Сарноқай (астын сызған біз – 
Д.И.) дегенді өздерің жақтағы бір шыңмен алмастырарсың (...)» [23].
Жұматай қаламдас інісінің балладасын өңдеу барысында (тіпті 
қайта жазған) Сарноқай тауын көз алдына елестетіп отырғанын 
байқаймыз. Оның жүрек тебірентерлік сыршыл сезімге құрыл-
ған жырларында Сарноқай тауының аты аралас жүреді. Сарно-
қай – ақынның лирикалық қаһарманының бозбала шағының 
қимас бөлшегі. Өлеңде бұл тау көбіне той өткізілетін құтты мекен, 
шат тығы мол кеңістік ретінде алынып отырады. Шын өмірде де 
ақынның ауылда өткерген кезеңі – оның бозбалалыққа дейінгі 
шағы. Сондықтан да оның өлеңдерінде Сарноқай тауының мәңгілік 
той-думан орнындай көрінетін жөні бар. Лирикалық қаһарман 
кейде онда той үстінде көрінеді: 
Сарноқай тауда той болды – жиренім менің
Кермеде тұрды қалмақтың Бұрханы мінген
Сетері құсап (...) [24.30].
Енді бірде тойдан қайтып келе жатады:
Той тарқап;
Сарноқайдан ойға қайтқам,
Бәйгеден басқа істерге жұмысым не?! [24.55].
Жұматай жырларының тұрақты оқырманы Сарноқай тауын 
сауық ордасы, әсіресе, ат бәйгесі өтетін кеңістік ретінде қабылдайды. 
Олай болатыны, ақын өлеңдеріне бұл – тұрақты сарынға айналған 
көрініс. 
Сауыққой жұрттың тұрағы
Сарноқай деген тауыңда
Ай сайын той боп тұрады
Аспандап кеткен ауылда, – дейді ақын «Арман сөресі « атты 
өлеңінде [24.48].


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау