Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет80/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95

270
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Ақын шеберлігі сонда, осы екі шумақтан сан алуан сырды ұға-
мыз. Ол өлең жолдарында қойылған көп нүктелер арқылы-ақ 
үздігіп шыққандай әсер туғызатын төл сөздің иесі ұяң да балаң 
қыздың бейнесін бере алған. Және мәтіннен туған мағына ол қыз 
бен лирикалық қаһарманның жас айырмашылығы едәуір мөлшерде 
екені танылады, сол арқылы негізгі ой өзегі одан әрі тереңдетіледі. 
Өлеңде Павел Василевтің Римді жаулап алған ғұндар жөніндегі 
«Азиат» өлеңінің шумағы эпиграф етіп бекерге алынбаған. Мұнда 
ғұн ұрпақтары дүниені қарусыз да махаббатпен, сұлулыққа іңкәр 
жүрекпен де жаулап ала алады деген мәтін астарынан аңғары   ла тын 
ой да жоқ емес. Бұл тұрғыдан келенде, аталмыш өлеңнің Мағж ан -
ның «Пайғамбар», Сәкеннің «Азия», Ілиястың «Гималай» өлең-
дерімен үндесетін тұстары да бар екенін байқаймыз. 
Ж.Жақыпбаевтың белгілі өнер адамдарына арналған туын-
дыларының ішінде «Махамбет әні» өлеңінің өзіндік ерекшелігі 
бар. Шығарма Махамбеттің өз атынан айтылған монолог түрінде 
көркемдік шешім тапқан. Мұнда лирикалық объект пен субъект 
бірігіп кеткен. Өлең тармақтарының буын сандары әркелкі. Бұл – 
Махамбет бейнесін оның өмірдегі түптұлғасына барынша жақын 
етіп көрсету үшін қолданылған көркемдік тәсіл. Өйткені Махам-
бет жырлары жыраулар поэзиясына тән ерекшелікпен жыр жол да-
рының буындық әркелкілігімен шығарылған туындылар. «Махамбет 
әнінде» де осы ерекшелік байқалады.
Мұнда да өнердің өлместігі, оның иесінің даңқының да өшпестігі 
алдыңғы орында көрсетіледі.
Атағы, әлі, әр түрлі аталары,
Аталары әр елдің, сақалары.
Әркім басын көтеріп өмірінде,
Әлі жеткен жеріне апарады [25.189], – деген жолдары Махамбет 
бейнесі тұрғысынан қарасақ, болашақты болжаған көріпкел 
дік 
аңғарылса, автор образы тұрғысынан келгенде, өнер адамы 
ның 
өлмес даңқын дәріптеу танылады.
Ақынның О.Сүлейменовке арнаған «Аға» атты өлеңі көп 
қасиеттер жағынан «Ғұндардың жүрегі» жырына ұқсайды. Мұнда 
белгілі ақынның бейнесі де батыр, ержүрек, өр мінезді жанның 
түркілік архетипімен беріледі.
Ж.Жақыпбаев шығармашылығындағы өнер тақырыбында 
жазылған туындылардың үлкен бір тобын құрайтын бөлігі жо-
ғарыда айтып өткеніміздей, дарынсыздар хақындағы өлеңдер. 
Ақын шығармаларында дарынсыздар бейнесі кейде көпшілік 
ретінде абстракт түрде берілсе енді бірде нақтырақ белгілі бір әдеби 
қауымдастық өкілдері сипатында бейнеленеді. 
Мәселен, біз жоғарыда тоқталған «Қазанғаптың құрдасы ай-
тыпты деген сөз» атты өлеңде өнер иесіне қаскөйлік жасаушы топ 


271
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
көп шілік ретінде әрі тым жалпылама түрде көрсетілген. Мұндағы 
лирикалық қаһарманның оларға деген налуы Абайдың «Бас-басына 
би болған өңшең қиқым» деп күйінген күйінішіне ұқсайды. Айыр ма-
шылығы Абайдың лирикалық қаһарманы сөзін арнаған топ – қоғам 
зиянкестері. Ал Жұматайдікі – өнер зиянкестері. Бірақ өмірлік 
позиция тұрғысынан қарағанда олар бір-бірінен алшақ топ емес. Бір 
топқа тән тұтас қасиеттің екі қыры. Олар – әрі психологиялық, әрі 
әлеуметтік топ. Оларға жалпылық сипат беріп тұрған да осы қасиет. 
«Бозжігіттің жеңешесіне айтқаны» деп аталатын өлеңінде өнер 
адамына қысастық жасаушылар бейнесі айқын көрінбейді, мәтін-
нің мағыналық астарынан аңғарылады. Мұнда да олар көпшілік топ 
түрінде қабылданады. 
Торығу күтер той жиын сағынған ерді,
Жеңеше, менше ешкімге жалынба енді.
Не күтпек, қайдам,
Қайтарып сапының жүзін
Бұйда пышақ беліне тағынған елді!? [25.7], – деген жолдарда бұл 
топ бейнесі біршама дәлірек көрінген. Өлең лирикалық қаһарман 
ретінде алынған Бозжігіттің, шығарма аты айтып тұрғандай, 
жеңешесіне айтқан сөзі түрінде туған. Лирикалық қаһарманның 
өмірлік түп тұлғасы – әрине, ақынның өзі. «Жұматайдың үлкен 
ағасы Шораның әйелі Салиха жеңгесі Жұматайға «Бозжігіт» деп 
ат қойған екен. Жүрегіндегі өкпесі мен наласын жақсы көретін 
жеңгесіне қаратып айтқанымен де, ол халқына айтқан назы еді», – 
дейді З.Елғондинова сөз болып отырған өлең хақында [47]. Мұнда 
ақынның лирикалық кейіпкерге сөзін жеңгесіне арнап айтқызуы 
– ерекше ұтымды ойлап табылған көркемдік шешім. Егер мұнда 
кейіпкер сөзін оқырманға тікелей қаратып айтқан болса, онда ол 
күйрек те бойкүйез жан ретінде танылып, өлеңнің эстетикалық әсері 
солғындау шығар еді. Ал жеңгесіне бар мұңын шағып, жан сырын – 
ақтару қазақтың ұлттық санасы үшін ең жарасымды нәрсе.
Ақынның осы топтағы шығармаларының көбінде дарынсыздар 
бейнесі нақтырақ, айқынырақ түрде көрінеді. Олар – әдебиет 
саласында өзін танытпақ болып әлекке түсіп жүрген жалған ақындар, 
жазушылар, сыншылар. Мұндай бейне, әсіресе, біз жоғарыда тоқтап 
өткен «Құрдас жұлдыздар» өлеңінде айрықша көрінеді. Мұнда 
жұлдызға айналып кеткен дарынды ақындар бейнесіне тоғы шар-
лар образы қарсы қойылады. Туындыда ақын өмір сүрген дәуір дің 
де, өз көзімен көріп жүрген шығармашылық ортаның да келеңсіз 
құбылыстары көрініс беріп отырады.
Кеңес кезінде ақын-жазушылар мемлекет тарапынан қаржылан-
дырылып тұратын еді. Осы жағдай өнерді күнкөріс көзіне айнал-
дырған дарынсыздар тобын дүниеге әкелді. 


272
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Намыссызда жүрек қайда, ми қайда 
Миы болса өз еліне қимай ма?
Ақша алғанмен 
Ел жүрегін ала алмас
Дарынсыздар суық, сұрсыз шимайға, – деген шумақтағы «Ақша 
алғанмен ел жүрегін ала алмас» деген ақынның ащы мысқылы осы 
айтылған заман шындығын танытып тұр. Әрине мұндай жандардың 
шын дарындарды түсінбеуі, оларды көре алмауы болуы тиіс 
заңдылық еді. Ұлт өнерін өшіруді мақсат тұтуы жағынан патшалы 
Ресейдің «мұрагері» болған кеңестік саясат бұл заңдылықты 
шебер пайдаланып, әлгі дарынсыздардың өсіп-өркендеуіне, әдеби 
процестердің тұтқасында отыруына жағдай туғызды. Бұл жөнінде 
Ә.Қодар былай дейді: «Егер бұрын ақын мен халық бірі-бірінің сөзін 
сөйлей беретін біртұтас құбылыс ретінде танылса, енді олардың 
арасына ЦеКа Жазушылар одағы деген ұйымдар іріткі салды, әдеби 
шенеунік деген қазақ рухани тәжірибесінде өмірі болмаған «жер 
астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты». Осы тікқұлақ тардың 
арқасында әдебиет кәсіпке айналып, жазушылар нәсіп қуушыларға 
айналды. Жақсы өлең жазатын емес, жақсы ақша табатын ақын-
дар пайда болды. Осы ақша табу, басшыға жағу қабілетіне бай ла-
нысты жазушыларды екі топқа бөлетін болды: біріншісі, «тізімде 
бар», екіншісі, «тізімде жоқ». Тізімде бардың атағы да, нәпақасы да 
зор болды, тізімде жоқтардың хәлдері мүшкіл еді. Оларды қанша 
талантты, білімді, парасатты болса да екінші сорттағы жазушы деп 
санайтын» [53]. «Құрдас жұлдыздар» өлеңі арналған Сәкен, Ілияс, 
Бейімбеттердің де түбіне жеткен солар. 
1937 жылғыдай аласапыран дауылы болмаса да, дарынсыздар 
әулетінің «әдеби үстемдігі» өлеңі жазылған 1984 жылы да бар 
болатын. Бұл кезде тамыр таныстық, ағайын туыстық, рушыл 
сыбайластық сияқты әлеуметтік кеселдер жазушылар одағын 
кеңінен жайлай бастаған. Лайықсыз адамдардың түрлі сыйлық-
тарға ұсынылуының, оқырманға қажетсіз кітаптардың баспалар дан 
қаптап шығарылуының ең басты себебі осында болатын. Ақынның 
«алпыс апаң, қырық жездең жабылып», – деп шенеуінде осы саяси 
ойынның да ізі бар. 
Өлеңнің өн бойында дарынсыздар әулетіне деген ащы мыс-
қыл әжуа бар. Жұлдызға айналған халық перзенттерін дәріптеп, 
оларды қарсы қою тәсілімен автор дарынсыздардың түкке тұр-
ғысыз болмысын әшкерелейді. Ақын осы арқылы өнердің мәңгі-
лігін, өлместігін айқын көрсетіп берген. «Шендестіру, яки анти теза 
(грекше апtіttsіs – қарама-қарсылық) – бір-біріне керағар құб ы-
лыс тарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек 
нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау