Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет74/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95

252
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
көшіру барысында көріктеу құралдарына негіз боларлық өмір лік 
материалдарды табиғаттан қапысыз екшелеп ала білетіндігінің ең 
үлкен айғағы – оның пейзаждық лирикасы деп білеміз. Одан автор 
санасына тән туған жерге деген махаббатты, жалпы өмірге деген 
іңкәрлікті танимыз.
ӨМІРБАЯНДЫҚ (АВТОБИОГРАФИЯЛЫҚ) ЖӘНЕ 
АВТОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛЕҢДЕР
Ж.Жақыпбаев өнерлі ортада ер жеткен. Туған жердің сұлу-
лығымен бірге халықтық өнердің жүрек тербер ләззатын бойына 
сіңіріп өскен. Оның нағыз шығармашылық иесіне тән кіршіксіз таза 
рухани әлемі сол кезде қалыптасты. Жұматайдың жары ақын Зайда 
Елғондинованың айтқан естеліктеріне назар аударайық:
«Өз ортасының гүлі болған бозбала жігіт кезінен ат жара тып, 
төңірегіне сұлу қыз бен текті бозбаланы жинай білген ұлын әкесі 
мақтаныш тұтқан.
Жұматайдың өз әкесі Сағади қария да төңірегіне ақын, жырау 
әншілерді жинаған. Жетісу өңіріне аты белгілі әрі жырау, әрі ақын 
Темірғали Рүстембековпен Сағади қария үзеңгілес дос болған. 
Жасыл жайлауда ұзақ таңға жыр жырлаған «Ләйлі-Мәжнүн», 
«Жүсіп-Зылиқа» қисса дастандары жас Жұматайдың жүрегінде 
өшпес із қалдырған.
Жұматайдың балалық шағы осындай думанды ортада өткен. Сөз 
қадірін жастай ұққан зердесі зерек Жұматайдың табиғи дары ны ның 
ерте оянуына да сол бір айлы түндерде айтылған дастандардың әсері 
болған» [32]. 
Жас Жұматайдың жан-жақты өнер иесі болып қалыптасуға 
барынша талпынғаны ақиқат. Солай қалыптасты да. «Қазақ елі» 
газетінде ақынның 50 жасқа толған мерейтойына арнап редак-
ция алқасы атынан жазылған «Ол да жұмбақ жан еді» деген мақа-
лада былай делінеді. «Бұл (ақындық –Д.И.) – Жұматайдың бір 
ғана қыры. Ал оның сегіз қырлы, бір сырлылығы өз алдына. Тіпті 
қолына боксшы қолғабын киіп шаршы алаңда сынға түскен сәттері 
де замандастарының есінде» [33]. Мұндай жан-жақтылық өнер 
синкретизмін меңгеру көне заман сал-серілеріне тән [34.211]. Бүкіл 
болмысы сауыққой ортада қалыптасқан нәзік жанды Жұматай 
сал-серілер дәстүрін үлгі тұтты. Оның осы өмірлік тұлғасы сері мі-
незді лирикалық қаһарман бейнесінің сомдалуына негіз болды. Ал 
ақын шығармашылығындағы лирикалық тұлғаның бұл даралығы 
қазақтың ескі тұрмысымен астастырыла көрсетілгендігінің де негізгі 
сыры осында. Өйткені сал-серілік өзінің шынайы қалпын көш пелі 
көне заманда ғана таныта алған. Сондықтан лирикалық кейіп кердің 


253
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
сал-серілік мінез бітімін беруде ескі қазақ ауылының суреттерін 
пайдалану – қажеттілік туғызған көркемдік шешім.
Жан-жақты өнер иесі болып қалыптасқан автор бейнесі оның 
өз өлеңдерінде сомдалған. Бұларды шартты түрде автобиогра фия-
лық өлеңдер деп атасақ болады. Әдетте кез-келген лирика 
лық 
өлең өзге әдеби текке жататын автобиографиялық туындылар-
мен жақын болып келеді. Бірақ сонда да автордың өз бейнесіне 
өзі назар аударатын өлеңдерді ғана автобиография 
лық туынды-
лар қатарына жатқызған дұрыс. Мұндай өлеңдерде автордың өз 
бейнесі объектіге айналады да лирикалық қаһарман мен объекті-
ленген бейненің арасында біршама алшақтық пайда болады. Ол, 
әсіресе, уақыттық алшақтық түрінде айқындалады. Теориялық 
еңбектерде автобиографиялық туындылардың күнделік жаз бадан 
айырмашылығын былай көрсетеді: «Күнделік үшін (оның авторы 
да оның автобиографияның авторындай өз басынан не өтке-
нін, не жайында ойланып толғанып және нені сезінгенін айтқа-
нымен) жазылған уақыт пен жазылған жайдағы уақыт арасын дағы 
алшақтық тән емес; мұндай уақыттық ара қашықтықтың бол мауы 
өз өмірін тұтастық ретінде бағалауға мүмкіндік бермейтіндігімен де 
автобиографиядан ерекшеленіп тұрады» [29.12].
Ж.Жақыпбаевтың «Шұғынық гүл төркіні» жинағындағы «Са-
раңға малын алдырған», «Лирикалық микропоэма», «Менің атым», 
«Көктемгі хаттар» жинағындағы «Шешеме», «Көздері өткір, көңі-
ліңнің күші ересен...», «Өсімдік аты Жұматай», «Аршалы отау бояуы 
өңге, әрі өңге ...», «Таба болман табыспайтын қасыма ...» өлеңдері 
осы топқа жататын туындылар. Бұл туындылардан таны латын ең 
басты нәрсе – автордың өмірде сан түрлі өнерді меңгергендігі. Және 
бұл шығармалардың бәріне ортақ ең басты стильдік белгі автор дың 
өткен шақ формасында сөйлеуі. Өз тұлғасынан ақынның ерек ше 
ілтипатпен бөліп айтатыны – боксшылық өнері. Ақын бірде:
Бокста көзін ісіріп,
Қойғанда достың не түрлі,
Бетіне бастым қысылып,
Жапырақ қылып бетімді, [24.8] – деп, бұл қасиетін сөз арасында 
ғана, елеусіз түрде айтып өтсе, енді бірде:
Добың не кернейді де мықты үрлейім,
Қай бетпен шатақтан да бұқтым дейін.
Осы атпен басбұзардан боксшы боп,
Ақ шаршы рингке де шықтым кейін, – деп арнайы тоқталады.
Шындығында да өмірде Ж.Жақыпбаевтың бокс спортынан 
елеулі нәтижелерге жеткендігін ақынның қаламдас достары өз 
естеліктерінде жиі айтады. «Ол кейде: «Осы боксты бекер таста-
дым, жаттықтырушым сенен үлкен боксшы шығады дейтін. Егер 
ақындыққа кетпегенімде дүние жүзінің чемпионы болатын едім», – 
деп шалқып отыратын» [35], – дейді Ә.Ақпанбет өз естелігінде. 


254
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Жұматайдың өнерпаздық тұлғасының тағы да бір қыры күй шілік 
болған. Мұны да ақын тұлғасын аса жоғары бағалаушы, көзі тірі-
сінде жанында көп жүрген қалам иелері жиі айтады. Мысалы ақын 
Қ.Әлімбек: «Жұматайды біз күйші ретінде де білеміз. Оның «Ләйлә», 
«Зайда келген», «Жұматайдың жұп басары», «Қажытай» күй лерін 
қазір Секен Тұрысбеков тартып жүр. Басқа да күйлері бар еді, өзімен 
қоса кетті» [27], – дейді. Ө.Ақыпбеков» (…) Жұмағаңның домбы-
раны күйге келтіріп, баптауы ұзақ еді. Ол осы екі ортада күйшілер 
жайлы, күй табиғаты туралы біраз ойлар, толғамдар тарататын. Ол 
өз айтуы бойынша, «Қосбасарды» шертпе күй мен төкпе күйдің 
ортасынан тарайтын сұқпа күйге жатқызатын» [36], – деп оның 
орындаушылық ерекшеліктеріне, музыкаға көзқарасына назар 
аударған. Ал Ә.Ақпанбетұлының пікірін тыңдасақ, Ж.Жақыпбаев 
күйшілігінің жәй әуесқойлық деңгейде емес екенін де байқаймыз: 
«Егер «Ләйлә келгенде» күйін Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар 
оркестрі не «Отырар сазы» орындар болса, репертуарын ірілен  діріп, 
ажарын арттырар еді (...). Жұматай күйшіні кезінде білімдар Асқар 
Сүлейменов мойындаған» [35], – дейді ол. 
Жұматайдың ең жақын досы, сатирик-ақын Қажытай Ілиясов-
тың жеке мұрағатында осы күйлердің автор орындауында жазылып 
алынған үнтаспалары сақталғандығының да куәсі болдық. Мұны 
Қ.Ілиясовпен сұхбаттасқанымызда білдік.
Ж.Жақыпбаев өзіне жастайынан серік еткен осы өнер түрі-
нен өмірінің ақырына дейін жерінбеген тәрізді. Өмірден теперіш 
көрген сәттерінде күйлерін көңілдеріне медеу ете білген. Сөзіміз 
дә лелді болу үшін ақын жарының естелігінен үзінді бере кетейік: 
«Арада біраз уақыт өткенде үшінші кітабы «Шұғынық гүл төркіні» 
де жарық көрді. «Әуенге қылыш өтпейді» деп Жұматайдың өзі айт-
пақ шы, «Шұғынық гүл төркіні» туралы ешкім де, тіпті бір оқырман 
да жұмған аузын ашқан жоқ. 
Ол тағы да үн-түнсіз ойға батып жүрді де бірде: – Зайда, сен 
маған өкпелеме, мен енді күйші боламын, – деді көзі мұңайып, 
өзі жымыйып. Оның өзі күлгенімен, жанары тұнжырап тұр еді. 
Жұматайдың жүрегін сыздатқан ауыр мұңды сезген соң шыдамай 
сыртқа шығып кеттім. Іштен домбыраның әсем қоңыр үні күмбірлеп 
естіліп жатты [37]. 
Ақын өлеңдерінде жанына мәңгілік серік еткен осы өнер түрі де 
жиі еске алынып айтылады. 
Жасыл тау жадыраған күн өтінде,
Осы атым жұрт аузында жүретін де
Ат бапкер, алаяқ ат иесі боп
Жас пері жаңа күйші ретінде [24.46], – дейді «Менің атым» атты 
өлеңінде ақын. Енді бір өлеңінде лирикалық қаһарман өзін күйші 
еткен құдіретті күш махаббат екенін көрсетеді:


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау