233
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Немесе:
Ақ көңіл самал аңқылдай сөйлеп сайларда,
Алдынан жайлау астарсыз кілем жайғанда.
Белбеуін шешіп бесінде кімдер түспеді,
Бекбауда жатқан белгісіз мына қайнарға, – дейді.
Қандай теңеу! Қандай әдемі сурет!
Жалпы, Жұматай табиғат тылсымдарын суреттеуге келгенде
алдына жан салмайды. Оның әрбір сөзі көненің көзіндей, ше-
шеннің сөзіндей жарасымдық тауып, жымдасып жатыр. Тіптен
әр сөзіне үңілсеңіз алтынмен аптап, күміспен күптеп қой
ған-
дай. Айналасы теп-тегіс, жұп-жұмыр келеді. Мысалы, «Мамы рым
менің», «Көктемге хат», «Ойсазда», «Той. Саржайлау», «Өл кемде
өсімдіктің ырғыны – гүл», «Сарноқай саздары» және т.б. көптеген
өлеңдері соның айғағы.
Жұматай оқырман жүрегінен жол тапқан, олардың сүйіспен-
шілігіне бөленген ақын. Ол тірі кезінде-ақ өзінің ақындық қары-
мына, талантының қырына сенген еді.
Ақын ауылға келгенде
Әлі есімде. 1964-1965 жылдар болу керек. Сіз Алматы шаһарына
оқуға түсіп, студент атанып жүрген кезіңіз болатын. Жаздың
бір шуақты күндерінде астанамыз Алматыдан Жұматай ағамыз
ауылға келді. Ата-анасы, бауырлары, қарындастары, көрші-қолаң
Жұмекеңнің келгеніне қуанысып, шүйіркелесіп қалдық. Ол кезде
Алматы астана болып дүрілдеп тұрған кез. Ауыл балалары біздер
үшін астанадан келген адамдар да өзгешелеу ме, қалай, әйтеуір мәде-
ниетті, ерекше көрінетін. Жұматай ағамыз да бұрынғылардың сал-
серісіндей, өте байсалды, аяғын сылтып басатын, қою қара мұртты
әдемі-тұғын. Ағамыз келген күннен бастап, Сағади ақсақалдың үйі
кішігірім той-думанға ұласатын. Домбыра, баян, гитара сияқты
аспаптармен қосылып, шағын ғана оркестр құрылатын. Баянда –
бауыры Самархан, домбырада – Жұматай ағамыз, гитарада – Марат
інісі ойнаса, әнді – қарындасы Мәнтай мен Бөкен орындайтын, биді
– қарындасы Бақтай билейтін. Арасында Шора бауыры да, әкесі
Сағади марқұм да қосыла ән салып кетуші еді. Әкесі өте сауық қой,
қалжыңбас, домбырашы, аңқылдаған адал әрі аңғал жан бо латын.
Сол кезде ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарушы
еді. Көзі ашық, көкірегі ояу, хат танитын. Астынан сұлу ақ боз аты
түспеуші еді, жарықтықтың.
Қай жылы екені есімде жоқ, Жұмағам Алматыдан ауылға келген
бір сапарында талантымен елге танымал болған, (өмірден ерте
234
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
кеткен) ғажап ақын – Марат Отарәлиевті ерте келгені бар. Марат
ақын өзімен бірге жаңадан жарық көрген жұқалау ғана «Қалампыр»
атты өлеңдер кітабын ала келіпті. Тірі ақынды бірінші көргендіктен
бе, біз сол кітапты қолдан-қолға түсірмей, таласа оқып шыққанымыз
есімде. Бірнеше күн Жұматай ағамыздың үйінде қонақ болып, анасы
Сара апамыздың қолынан дәм татқан Марат ақын шашын артына
қайырған, қара торы, қыр мұрынды, арықтау келген жігіт еді. Оның:
«Көмбеңдер мені өлгенде, көмуге сірә, бола ма? Шалықтап жатқан
өр кеуде, сыйар ма мынау молаға? Рас-ау, сөнер күн сәулем, бірақ
та қайдан от өшсін! Өкіріп көрден тұрсам мен, өзің де шошып
кетерсің» – деп басталатын үш-төрт шумақ өлеңінің осы екі шумағы
есімде қалыпты. Қайран ақын, талантын толық аша алмай дүниеден
ерте озды.
Көкпар. Кенежирен және Жаукен дос
Жұматай аға! Сіздің жаныңызды түсінетін, шынайы жан досыңыз
Жаукен (шын аты Жайлаубай) болғанын білетінбіз. Екеуіңіз егіз
қозыдай қатар жүргенде ауылдың қыз-жігіттері қызыға қараушы еді.
Сіздердің достықтарыңыздай достықты көрмедім десе де болады.
Олардың бір-біріне деген сыйластығы мен адалдығын бүгінгі
көзі тірі азаматтар растайтынына күмәнім жоқ. Әсіресе, көптен
көрмей қалса қатты сағынысып, бірін-бірі іздеп тұратын. Соның
бір айғағы Жұмекеңнің «Досқа сыр» деген өлеңі Жаукен досына
арнап қалдырған мәңгілік ескерткіші іспетті. Ал олардың Сарноқай
жайлауында тойларда болып, талай рет нағыз додаға түсіп көкпар
тартқандары менің де көз алдымда. Қорым тас, тік жарқабақ, шың-
құздарға қарамай талай көк серкені ауылға әкеп түсіретін. Артынша
бұл ауылда сол күні кіші-гірім той-томалақ болатын.
Жұмекең аттын сырын жақсы білген адам. Жан досы Жаукеннің
бәйгеге қосып жүрген құла қасқа аты болған еді. Соны бір тойда
бәйгеге қосу үшін жаратып әкелгенде, Жұмекең кермеде байлаулы
тұрған аттың алды-артына шығып, сын көзімен қарап тұрып
айтқаны:
– Мен білсем, Жәке, осы жолы құла қасқа бәйгеден бірінші
келеді, – дегені бар. Айтқандай құла қасқа сол бәйгеден алдына
жан салмай жеке дара келді. Сөйтсек Жұматай ағамыз жылқы
малының сырын терең зерттеп, іштей түйіп жүреді екен. Кейін келе
аттың сыры, Кенежирен туралы, көкпар жайында керемет тамаша
теңеуге толы өлеңдерін жазып қалдырғаны да белгілі. Мысалы,
«Кенежирен», «Сауал», «Көк жорға», «Ат туралы», «Ат жаратқанда»
өлеңдері осы ойларымызды нақтылай түседі. «Кенежиренді Шора
сатып жібергенде» өлеңі эфирден оқылып, құлақтан-құлаққа
235
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
жеткен кезде алғаш рет ағасы Шора естіп атша тулағаны бар. Ол
кезде Кенежирен Шораның қолынан өтіп, басқа біреуге сатылып
кеткен кезі еді. Шора да мықты футболшы, атқұмар болған азамат.
Кейіннен Жұматай інісіне деген Шора бауырының қара қазандай
өкпесі жазылып орнына келген. Өйткені бауыры Шора Жұматай
інісін қатты сыйлайтын, қатты құрмет тұтатын.
Бір қызығы, Жұмекеңнің бала кезден-ақ өнерге деген
құмарлығы, талпынысы өте мықты еді. Ағаштан бір нәрсені жонып
жасай қою немесе қолдан садақ ию, кептірілген алма ағашынан
домбыра жасау сияқты істерге шебер-тұғын.. Домбырамен ән айту,
күй шерту Жұмекеңнің бойына ерте кезден дарыған өнер. Әсіресе,
шертпе күйді мәнеріне келтіріп тартушы еді. Содан болар, ақынның
артында бірнеше туынды күйлері қалды.
Ал енді «Көкпар» туралы өлеңі бір төбе десек артық айтқандық
емес. Адамның қанын қыздыратын қазақтың тамаша салт-ойынын
сол қалпында тірілтіп, көз алдыңызға әкеле суреттеуі ақын тілінің
шеберлігі демеске хақыңыз жоқ. Өлеңді толық шумағымен оқып
көрейікші:
Қағысып астындағы жылқы малы,
Көкпарға тебініп жұрт ұмтылады.
Тақымға орай басып тартқан кезде,
Көк еті көк серкенің жыртылады.
Жұлқынып пырақтар да күш қылады,
Келгендей түу аспанға ұшқылары.
Сатырлап сауырына қамшы тисе,
Тұлпарлар тұяқ тіреп ышқынады.
Жігіт пе атқа топты жарғызбаған,
Әнекей, көкпар кетті андыздаған.
Дүркіреп тартып берді қуып соны,
Қала ма мұндай кезде қан қызбаған.
Жайлаудың айқай басып ойы-көгін,
Бұл көкпар алып кетті той ілегін.
Жығылып жатса да адам қарамаған,
О, көкпар, өр халқымның ойыны едің.
Дода боп әдет жанды қысты ма екен,
Қасиет қанға сіңген ыстық екен.
...Көкпарда қазақ өзін сынайтұғын,
Әйтпесе, көк серкеңіз ныспы ма екен?! («Саратан» кітабы. 40-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |