208
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
түрлерін Ж.Жақыпбаевтан таппайсыз. Керісінше, тың троптар,
айшықты айқындаулар, дөп басар деталь, динамика, тағылымды
тіркестер, тосын ойдың тереңдігі мен интеллектуалды ауқымдылығы,
суреткер бояуының қанықтығы, ұлттық нақыштылығы ақын
поэзия сын ерекшелендіріп, шоқтығын биіктетіп те тұрады. Жұ-
матай архаизм, неологизм, кірме сөздерді де кіріктіріп, жым дас ты-
рып жаңа рең, өң беріп сөйлеткен – тілге бай, ойға озық ақын. Ақын
мұрасы арысы әлем, берісі Шығыс, түркі тарихының мәдениеті мен
әдебиетінің інжу-маржанын сүзіп сүйсінтуімен де құнды.
Турашыл тарих тірлігінде бақ-тәлейі жанбаған, көзі тірісінде
көзтүрткі болып, танылмаған таланттардың аз болмағанын ай ғақтап
келеді. Шырылдаған шындықты жасындай осып айтатын ал даспан
жырға сусаған халық өр ақындарын ардақтаған. Өнер құді ретінің
өміршеңдігі – тарих төрелігін айтқан аксиома. «Қақ тұрмас жерге
қасарып жалғыз өскен» мәрт мінезді, морт тағдырлы Жұма тай дың
мұрасы – өміршең, өнегелі өшпес мұра.
«Қазақ әдебиеті»
22.01.2011 жыл.
Досан ЖАНБОТА
ЖАЯУ СЕРІ
Серi атауы жайлы әркiм әр алуан пiкiр айтар. Мен ХХ ғасырдың
серiсi жайлы жазбақпын. Өз басым дүниеқоңызға мойнын
бұрмайтын, шекпендiге, шендiге жалпаңдамайтын, жаны таза,
өнерлi, өнегелi (шырайлы, сымбатты болса тегi жақсы) азаматтарды
серi деп бағалаймын. Сондай серiмнiң бiрi –Жұматай Жақыпбаев.
«Жалын» альманағында екеумiз көп жыл бiрге қызмет атқардық. Бас
редактор Тұманбай Молдағалиев, орынбасары жазушы Кәдiрбек
Се
гiзбаев, мен прозаны, Жұматай поэзияны, Жанар Әбдешова
(белгiлi журналист) қоғамдық өмiрден, өнерден очерк, мақала
даярлады. Бағзы бiреулер осындай халқы танитын, еңбегiн елi
сыйлайтын талантты адамдармен бiр кездессе де: «Дос едiм, сыйлас,
сырлас жан дос едiм», – дейдi. Талас жоқ. Мен де солардың бi рiмiн.
Сол түсiнiстiкпен салыстырсам Жұма тайдың табиғатынан, пенделiгi
мен періштелiгiнен, азаматтығынан айтарым да, жазарым да көп
екен. Жа ныңа шуақ болып құйылар өлеңi жайлы замандастары,
сыншылар жақсы бағасын берiп жүр. Рахмет. Мен сыншы емеспiн,
аға лық ниетiмдi жазбақпын.
209
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Бүгiн ол күндер де тарихқа айналды. Айта, жаза алсақ қана
сақталатыны тағы ақиқат. Жұматайдың қиналған шақтарына да
(ол ондай қиын сәттi басынан көп өткiздi. Сонда, әлдекiм дерге
ұқсап мұқалып, мұжылмайтын, күй гелектенiп әр кiмге мұң-зарын
шақ пайтын. «Аға-аға, сен болмасаң құры дым. Қамқор қолыңды
соз», – деп жылағандарды да көргенбiз. (Қазiр мойындамайды)
қуанған сәттерiне де (алқып-шалқып мақтанбайтын, кеуде қағып
дабыра дабыл етпейтiн) куәмiн. Бiр кем дүние (Ш.Мұртаза)
кiмде болмаған. Жұматай да сол кем дүние
нiң мехнатын көп
көрдi. Қаншама қарыз данып жүрсе де жомарт пейiлiн та рылтқан
емес-тi. Жоқ деген сөздi айт
пай
тын. Қиналдым деп қабағын
шытпас едi. Шылымын ширата тартып, тағдырды келеке, мазақ
еткендей миығынан күлiп тұрған шағы қазiргiдей көз алдымда.
Ол жұмыр денесiне қонымды киiм киетiн. Сәнденiп, сыланып-
сипанып жүруге ерекше көңiл бөлетiн. Қысқа жiп күрмеуге бiрде
келiп, бiрде келмей қинаса да қалпағының күнқағарын көтерiп,
қаршығасын қайырған саятшыдай жай басса да саңлақ жүретiн.
Бәрiмiзге тән пенделiктi сызып тас
тап бағаласақ ХХ ғасырдағы
серiмiз деп ел емес, өзi дабыра жасап шiрен гендер Жұматайдың
серiлiгiнiң шек пенiне астар да болмас едi. Ол жаяу жүр се де сол
замандағы атты серiлер ден артық болды десем, асылық айт қан-
дық емес. Кейбiреулердiң сырты жылтырап көрер көзге серi болып
шәнтейетiнi бар. Батылсынып, бәлдiр-батпақ әзiл ай тып жанында
жүрген жолдасын түртпектеп, өзi тапқыр, пы сық, жақсы кiсi болып
көрiн генси тiндерден де қазақ кенде емесi анық.Ал шын мәнiнде
пайда табатын, бедел жинайтын сәт кез келсе нағыз жағымпазға
айналып, серiлiгiнiң арзандап кеткенiн өздерi де байқамай қалар едi.
Ондайлар аз емес. Өзiм серi болмаған соң, ондайлардың қатарында
жоқ шығармын деп ойлаймын (Әзiл).
Серi адалдықты, әдемiлiктi, сы
пайы
лықты (мәдениеттiлiк
деп қабыл дай көрiңiздер) жанымен түсiнедi. Сұлулық пен сырлы
сезiмдi ерекше құрметтейдi. Осы қасиет жан дүниесiн кернегенде
ән болып асқақтап, жыр бо лып төгiлiп, күй болып күңiрене шал-
қыса, суретшiнi толқытқан сол әлем өмiрде ешкiм көрiп, бiлмеген
ғажайып бейнеге айналады. Демек тек ән шi, күйшi, ақын ғана серi
емес, сурет шiлер де серi (Бiр таңғалатыным су рет шiлер серiмiз деп
ойламайды. Ал шын мәнiнде нағыз серiлер солар шы ғар...). Өмiрден
өткеннен кейiн бар жақ сылықты басына үйiп-төккен Жақып баев
Жұматай ақын қандай қиын жағ дайда да, қуанышты шақтарында
да нағыз серiлерге тән осы қасиеттерге қылау түсiрмей өттi деп (өз
басым) бi лемiн. Ол серiлiктi көрсетер сән-сал танаты мол байлықты
iздеген жоқ. Жақ сы ат мiнудi армандайтын. Шiркiн-ай десеңшi,
мiнетiн-ақ ақын едi! Дүние мүлiкке толы үйлi болуға да тырысқан
210
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
жоқ. Тiптi сондай асып та сы ған тiршiлiктi армандамайтын. Оның
тұрмыс-жайын көп жылдан берi бiле тiндiктен барлық ақыл айтқыш
ағалар секiлдi, кейде: «Ей, бұл не жайма-шуақтық, басыңда әлi үй
жоқ. Жiгiт жасынан кеттiң, төрт құбылаң теңдей, қарекетсiздiгiң
жарамайды. Бай бол
май-ақ қой. Өз шаңырағың, төрт кере
гең
болсын», – дер едiм. Және бұл iшке сыймаған сөздi жазда киген
сырт киiмi кабинеттегi шифоньерде қыстап, қыста киген сырт киiмi
сол шифоньерде жайлап қалатынын көрген соң, амалсыздан айтар
едiм. Қатарымда жымиып тыңдап отырып, тамағын кенеп көзiнiң
қиығымен қарап: «Дос-аға, бәрi болады. – Әңгiме нi басқаға бұрып,
– Әлгi досыңыз Дулат Иса беков екеуiңiз барып ет жеген құжырда
(времянкiде) тұрып жатырмын. Жамбас пұлды дер уағында тө-
леймiн» – деп жайлап орнынан тұрып сигаретiн алып сыртқа
беттейтiн. Ақиқатты мойындасақ, ол заманда (бүгiн де жетiсiп
тұрған жоқ) үй алу қиынның қиыны едi. Кезекте он шақты жыл
тұратынбыз. Ақырында жоғарыға арыз жазып, ат терлетiп әлек
болатынбыз. Жақсы жолдас, жалдамалы үйде бiрге тұрған жазушы
Дүкенбай Досжанов зайыбы Мариям екеуi Мәскеуге Подгорныйға
49 рет арыз жазып жүрiп 8-шағын ауданнан әрең баспана алған-
дағы қуанғанымыз әлi есiмде (Дүкен бай ұмытса ұмытқан болар).
Ал Жұматайдың сол секiлдi Алматыда үйсiз жүргенi (өзi мыңқ
етпегенi мен) менiң қабырғама бататын. Өйтке нi үйдiң азабын көп
көрдiм. Қазiргi Тастақтың айналасындағы табаны жұмыр тастан
өрiлген 1965 жылдардағы 1 линиядан 21 линияға дейiнгi аты жоқ
көшелер тiзбегiнде кiлең орыстар тұ ратын. Сол линияларды түгел
кезiп шықтым. Үйiмiзге келетiн қонақ көп. Орыс «туысқандар»
оларды ұнатпайды. Қуады да шығады. Онда жекелiк үй салуға соларға
ғана рұқсат берген-ау, сiрә. Солардың құжырасына (времянкi-
сiне) есекпен, не қол арбамен түнi бойы арбаның доңғалағымен
тас жолды тоқылдатып көшудi Құдай бастарыңа бермесiн. Сол
көшкендегi қара терге түскен азап жүрегiмiздi әбден шайлық тырған.
Мен ең соңғы рет сегiзiншi ли нияның 49 үйiнен, көршi жетiншi
линияда тұратын бауырым, марқұм Мұқаң, Мұқағали Мақатаев –
Т.Жароковтан босаған квартирге, мен Га гарин көшесiнен Хрущевтің
қа мыстан салдырған үйiнен үй алып, көш кен күнiмiздi қалай ғана
ұмы та лық.Жұматайды көрген сайын сол күн дерiм қаз қалпында
есiме түскен дiктен түртпектеймiн. Мен көрген қиындықты көрiп
жасымасын, жабықпасын деп ойлайтын едiм. Сол уақыттағы маған
қарағанда Жұматайдың үй алардай мүмкiндiгi көп болатын. Мен
секiлдi азаптанып жаз ған әңгiмесiн газет, журналға жариялата алмай
жүрген жазғышбай емес. Ел таныған ақын. Жай ақындар аз емес
қой (әнге жазған өлеңiн сататын ақындар көп дегенiм ғой). Тамыры
Достарыңызбен бөлісу: |