Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет62/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95

214
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Светлана ЖАҒЫПАРҚЫЗЫ
МАХАББАТ МӘҢГІ ЕРТЕГІ
 
Ақын Жұматай Жақыпбаев 60-қа толар еді
Жұматай ақын фәнимен 45-інде қоштасты. Байыпты мінез, 
байсалды жүрісімен асықпай келе жатқан сияқты еді, қылшылдаған 
қырық беске жетер-жетпесте неге асығыс аттанды?!.
Өмірде аз отырып, көп байқаған ақынның соңында таңғы 
шықтай мөлдір, тау бұлағындай асау, шұғынық гүлдей сұлу поэзиясы 
қалды.
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,
Мойнына жұқа алқызыл шарф байлап ап.
Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,
Алыстан тұрдың көзқарасыңмен аймалап.
Қарадың солай...обал не,
Қарамадың ба, жоқ әлде?
Бұл Жұматай ақын суреттеген махаббат ертегісі кейіпкерінің бір 
сәт жалт еткен бейнесі. Ол әрдайым сезім мен ойды негіз етіп жазды. 
Суреттерінің шынайы, жүрек қылын шертер шебер шығатыны сол 
– ақиқатында. Ойларын да, сезімдерін де мұздай етіп әсем киіндіріп 
әуре болмайды, жылтырақ сөздермен сәндендірмейді. Бірақ, өлеңі 
хас зергердің қолынан шыққан бұйымдай сұлу. Өйткені, оның әр 
сөзі сүйіспеншілікпен құралған. Ал махаббат сұлу емес деп кім айтар!
– Бірнеше жыл қызметтес болдыңдар. Жүрек шымырлатар 
ғашықтық өлеңдерін жазып жүрген кезінде Жұматайдың қасында 
бірге жүрдіңдер. Асқақ өлең зергері қарапайым өмірде, тіпті күйбең 
тірлікте қандай еді? – дейді Жұматай ақынның жанында бірге 
жүруге үлгермегендер. –Ғұмыры аққан жұлдыздай қысқа болған, 
бірақ сол аз ғұмырында жазғандары поэзия көгінде жұлдыз болып 
жарқырай бастаған ақынмен қызметтес болу тағдырдың сыйы ғой, 
естелік айтыңыздаршы, –дейді сол толқын тағы да...
«Күйбең тірлікте қандай болды?» дейсің бе? Қайдағы күйбең? 
Жүрегін әрдайым биік те сұлу сезімдер жаулаған, басқан қадамынан 
ғашықтық гүлі төгіліп, тұнжыр қара көзінде сағыныш оты жайнаған 
сері ақынның күйкі тірлікпен шаруасы болып па? Ондай күй кешсе 
ақын болар ма еді?
Иә, Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінің (кейін 
«Жерұйық») ауыл шаруашылығы бөлімінде біршама ғана уақыт 
бірге жұмыс істедік. Бұл оның отыздардағы кезі еді. Атын өзі 


215
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
аңызға айналдырған Ләйләға ғашықтық өлеңдерін алтынмен аптап, 
айшықтап жүрген кезі де шығар.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің ылғи науқанға ілесіп, алас-
күлес асығыс жүріп жататын жұмысына миығынан күліп жүріп-ақ 
араласатын, үлгеретін.
Бір күні «Егістіктен ескен леп» деген айдармен беретін мақа ласы 
да, Жұматайдың өзі де жоқ болып кетті. Шыр-пыр болып асы ғып: 
«Қайда жүр, түске дейін жоқ, міне!» деп ренжіп жатқан жұрт. Осы лай 
«күйіп бара жатқан» күйбең тірліктің отын ол өзінің салқын қанды 
жымиысымен су бүріккендей: «Саспа, міне, мақалам» –деп кіріп 
келді. Іссапардан репортажын өлеңмен жазып келіпті. Кейбіреулер 
бұған тас-талқан болып, кейбіреулер жырмен қанаттанып, қуанып 
жатты. Ресми газетке ресми емес өлең-репортаж жарқ ете қалған. 
... Ел тоғызда келетін жұмысқа сағат оннан аса келе жатады. Кейде 
қарсы ұшырасып қалған бастықтардың өзін байқамай, әлденені 
ойлаған қалпын бұзбай, қасынан амандаспай өте береді. Бастықтар 
да, басқалар да бұған ренжіп қалатын. Сөйтсек, ол айналасындағы 
өзге дүниені ұмытып, өлеңнен өрнек іздей ойланып келе жатады 
екен ғой. Мәселен былай деп:
Қиялым едің қаршадай кезден жастанған,
Көретін болдым өмірден енді түрлі сын.
Сүюден сені жоқ еді менде басқа арман,
Қызыққа сол бір қызығып, күліп жүрмісің?
Күле ғой жаным, күрсініп шыққан өр үнге,
Гәнжәуи жазған жырдағы қызбен аттас ең.
О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде,
Басқа мұратты бас қатырсам да татпас ем.
Осылай ғашықтық әлемінде келе жатқан жан айналасындағы 
күйбеңді қайдан байқасын.
– Облыстық газетке тәжірибеден өтуге келдік, –деп өзін асқақ 
ұстап жүрген бір сұлу қыз бір күні кабинетке кіріп келіп: – Апыр-ай, 
ана кісінің көзі қандай еді! –деп орындыққа сылқ ете қалды. 
– Не болыпты, көзіне? –дейміз түсінбей.
– Оның көзіне ештеңе болған жоқ, менің... жүрегіме шоқ түсті ме 
деп қорқамын. «Мың бір түндегі» сұлу падишаһтың түпсіз тұнжыр 
қара көзін көрдім. Жымиып: «Қалқам, амансың ба?» деп еді, 
арбалғандай әлгі көздерге қарадым да қалдым, –деп дегбірі қашқан 
қызға:
–  Сол көздердің түбінен Ләйләнің бейнесін көрген жоқсың ба? 
– деп әзіл-шыны аралас сұрағанбыз.


216
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең,
Қарадық та, қызығына тоймадық.
Бір көргеннен жалт қарастық, сол сәттен,
Қара көзбен сыйқырлы ойын ойнадық.
Сүйгеніңе қол созым жерде тұрып қолың жетпеуі – оның сенен 
алыстап кетуі. Жақын да болса – алыс. Қолыңа ала салып, аялап, 
жүрек тұсына басып, құштар сезіміңді суыта алмайсың. Қызығып 
қарап, үздігіп жыр жазу – үлесің осы.
– Егер Ромео мен Джульеттаның сүйіспеншілігіне тос 
қауыл 
болмай, екеуі қосылып, ыдыс-аяқ сылдырап, үйлі-баранды болса... 
Махаббат трагедиясы аңызы туар ма еді? – деп әзілдейтін бір ақын.
Тосқауыл! Құштарлық отын өршітетін, арынын ағын судай тас-
қындататын құбылыс – оның жолындағы бөгесіндер. 
«Ләйлә» деп ғұмырында жырлады ақын. Ләйләға ғашық болып
өлеңдер арнағанда ол тек өзінің сезімін ғана жыр етті ме? Өз ға-
шықтығын, сағынышын жырлай отырып, өзгелердің жүрегіне от 
тастады ма? Сүюге, сағынуға, ынтызар болуға үйретпеді ме? Дың 
ете қалар домбыра да өзін емес, өзгенің көңіл-күйін сыр ғып шер-
теді ғой. Ләйлә туралы өлеңдер де солай сүюге үйретіп, ма хаб бат 
ертегісін жырлайды.
Жұматайдың ғұмырын қос ішекті домбыра десек, қос ішектің 
бірі – Ләйлә, екіншісі Зайда емес пе? Артық айтсақ – құдай кешір-
сін... Жұматай ақын көзі тірісінде Ләйләні жырлау арқылы – маха б-
бат күйін шертіп өтті. Ұлы сезімді өзек еткен, қос шебер орындаған 
та-ма-ша күй болып шықты.
Екіншісі – Зайданың зары дер едік. Ақын Жұматайды Зайда 
тірлігінде де сүйген шығар, ал «ғарыш жаққа кеткеннен» кейінгі 
сағынышы мен мұңы, аңсауы сұрапыл болды. 
Халқымыздың дәстүрінде күйеуі өлген әйелдің бір жыл бойы 
күнде азанда дауысын шығарып жоқтау айтып іздеп, зарлануы парыз 
болған. 
Зайда он бес жыл жоқтау айтып келеді. Екпінінен дауыл ескен, 
сағыныш жасы тасты тескен, мұңның жасы тамған жерге, нарттай 
болып шұғынық өскен жоқтау өлеңдер де – махаббат сырын шертеді. 
Ертеңгі ұрпаққа бұл да жүрек өртер ертегі.Солай болып жетеді.
Басыңа келдім, құшағым толы гүл алып,
Қарсы алар ма екенсің, 
орныңнан тұрып қуанып?
Жүрегімнің мұңдарын саған арнап өсірдім,
Жанарымның жасыменен суарып.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау