205
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
да керік, шалқи күліп өтетін пәк те тәкаппар Ләйлә бейнесін ақын
бір сәт төмендетпей, биіктете, асқақтата жырлайды.
Өлең нақты құбылыс емес, сол құбылыс, көріністің ақын
санасына әсерінен туатыны аян. Тебіреніс-толғаныс та сол әсерден
барып пайда болатын көркемдік эстетикалық қорытынды түйінді
жеткізу басым. Ақынның «Ләйлә» циклды өлеңдерінде лирикалық
қаһарманның сыршылдығы мен жеке басының көңіл-күйлерін
үзбей, желілей толғауы арқылы оқырманның да ортақ ой-сезім отын
маздатуы–поэзияға тән қасиет. Жұматайдың бала махаббатының,
балауса сезімінің баламасы, құштарлық символы – Ләйлә бейнесі
жеке жан дүниенің арнасынан асып, жағалаудағы жырға сусаған
жандардың жүрегінен де жылға тауып, моральдық, эстетикалық
проблемаларымен де ұштасады.
Қисық, қыңыр болса да мен жүрген жол,
Бақыт үшін күреске таптырмайды.
Әңгіме өсер менің әрбір ізіме,
Соны көрем мен көре алмас көп күннен.
Қара көзің және нұрлы жүзіңе,
Мәңгі бақи борышты боп кеттім мен.
Жұматай өлеңдерін оқу үстінде біз жаңа оралым, тың тіркес-
термен қатар, ерекше лирикалық күй кештірер сезімтал
дықты,
психо
логиялық иірімдерді, детальдарды, ассоциацияны айқын
аңдай
мыз. Жұматайдың дәстүрлілігі халық поэзиясының інжу-
маржанын, жазба поэзияның жауһарларын жадында сақтап, қазақ
тілі
нің оралымдылығын, образдылығын жаңғыртуында Шығыс
қаси да, ғазалдарын жаттап өсіп, өз өлең өрнегінде жаңаша өруінде.
Ақын үшін уақыт – тарих, уақыт – шежіре, уақыт – өмір баян.
Жұматай ақынның уақыт ажарына, тарих бедерлеріне таңыр-
қай, там сана жырлауы – уақыттың табиғатын динамика, тіршілік
заңды лы қ тары тұрғысынан қарастыруында. Сондықтан Жұматай
жырла ры нан уақыт ізі, ұрпақтар тағдыры, тарих тынысы шынайы
терең ой, шы мыр логикаға құралғанын аңғару қиын емес. Бүгінгі
поэзия үшін білімділік, таным ең басты қасиет болса, ақын дүние-
таны мының аясы кеңейген сайын оқырманға салар ой да орасан.
Лирикаға шежіре-тарихты, ұлы тұлғаларды, ерек оқиғаларды
сыналау арқылы поэзияның интеллектуалдығын арттыру, ұлттық
реңк, бояу нақыштарын молайту, патриоттық пафос дарыту, аз сөзге
көп мағына сыйғызу – Жұматай жырларының да басты қасиеті.
О.Сүлейменовке арнаған «Аға» деген өлеңінде ақын:
Арттыра берсін білгеннің қадірін өлең,
Марғұлан айтса ақылы, сабыры кенен.
Богдыхан қызын беретін Үйсіндер кеше,
Елге таң, ірі ұланын Тәңірі деген, –
206
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
деп тарих тағылымын бүгінгі күнге өнеге етіп, өзекті өртер
шындықты бірлік жоқ, береке жоқ алауыздықты, ерлерін етектен
тартар мінімізді ашына ақтарады. Ақынның «Ғұндардың жүрегі»
(Ж.Жабаев туралы), «Қасоқ ғазал
дары» циклы, «Басында тәж,
алтын қамқа кигені». «Ғұнстан–колейдаскоп» өлеңдері көне тарих
тағылымдарын алға тартса, «Да рабоз Қабанбай батыр», «Мерген
мәрмәр» (Ш.Уәлиханов туралы), «Махамбет әні» (монолог),
«Қазанғаптың құрдасы ай
тыпты деген сөз» ұлы тұлғалардың
өмірінен үзік сыр суыртпақ таған, жалаң дәріптеуге, дидактикаға
ұрынбаған өміршең өлеңдер.
Туған жер табиғатына махаббаты ерек ақынның поэзия
дағы
сезімі де, шабыты да бөлек. Лирикалық шығармада ойды сөз-
бен жеткізеді, бірақ ол ой тікелей бой көрсетпей, адамның дү-
ниені сезінуі арқылы аңғарылады. Сондықтан өлең сезімге толы,
мейлінше әсерлі, көркем, бейнелі болып келеді. Өмірді көркем дік
жолмен қабылдап, сезіну, эстетикалық, ақындық сезім, айрық ша
эмоционалдық, сезімталдық – поэзия тілінің басты ерекшеліктері.
Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі болып келуі поэзиядағы ой-
сезімнің көркемдігін, бейнелілігін, сұлулығын арттырған.
Сарыныңмен елеңдетіп,
Өзің де ағып, жұрт аққанда.
Зулай-зулай менен де өтіп,
Жетерсің сен ұрпақтарға. (Қаратал)
Туған жерім, әлемдегі ел түрлі,
Таңдай қаға қарауы үшін мың сан күн.
Әспеттеуге, бейнелеуге көркіңді,
Тілімнің бар акварелін жұмсармын. (Туған жерге)
Туған жерге деген перзенттік махаббатын, ақындық пары зын
«тілінің бар акварелін» жұмсай толғануы тосын, әсерлі. Таза лири-
калық шығарма сурет-картина тәрізді, алайда, ондағы негіз гі нәрсе
– картинаның өзі емес, біздің көңіліміздегі ол туған сенім. Туған
елінің өнерін, дәстүр-салтын, ғұрпын, этнографиясын құрмет тұт-
қан ақын өлеңдерінде қазақтың делебесі қозар бәйгені, көк парды
ұлт тық рух дарыта динамикалы суреттеген.
Қағысып астындағы жылқы малы,
Көкпарға тебініп жұрт ұмтылады.
Тақымға орай басып тартқан кезде,
Көк еті көк серкенің жыртылады. (Көкпар)
Құндыз түктеніп, құлпырмай терісі қапты,
Шапқан ат жетпес, екпінді, желісі қатты.
Кекілін түйген, қаншырдай, жанары жайнап,
Шеки де басып кермеге барады бәйге ат баяғы... (Той. Саржайлау)
207
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Ауыл баласының бозбала шақтан санасына сіңген суреттер ді сол
қалпында сезім көрігіне суарып, көз алдыңа ұлттық бояуы қанық
Қастеев полотноларындай құдіретті поэзия тілімен өрнектейді.
Алдынан сөре, артынан қиқу таялса,
Бұзау тіс қамшы бұтынан шақса шаянша,
Құлажиерн ат құйқылжып шығып баянша,
Құла бір дөңнен құлдырар еді қоянша. (Кенежирен)
Ер қанаты болған аттың ауыз әдебиетінен бері поэзия мызда
жырланып, дәріптеліп келе жатқаны белгілі. Тұлпарлар ба-
тырдың серігі болса, сәйгүліктер ақын, сал-сүлейлердің көңі лінің
көркі болған. Абай «Разы емен осындай ат мінбесем» деп, «жүрісі
тымақты алшы кигізгендей» жылқыны армандаса, Ақан Құла-
герді, Маңмаңгерді әнге қосты. Ақын «Кенежиренді Шора сатып
жібергенде» деген өлеңінде:
Құбыладан қайтқан атты тосарда,
Қуаныштан көңіл енді босар ма?
Аламанға ат қосқанда жігіттер,
Жиренім жоқ, қара итті енді қосам ба? – деп қамығуында
атқұмар ауыл баласының наласы ғана жатқан жоқ, жүйрік
тікті,
сұлулықты пір тұтқан ақын көңілінің риясыз шындығы жатыр.
Қазақ жаны, мінезі, тірлігі, наным-сенімі, бәрі де –Жұматай жыр-
ларының өзекті арналары. Поэзиядағы азаматтық әуен, аза
мат-
тық жан дүние сырлары тек патетикамен, дидактикамен ғана ше к-
телсе, жалаң, қарадүрсін сипат алар еді, ішкі тазалық, шын дықтың
бетіне тіке қарау, ащы ақиқатты ашына айта білу – ақынның аз а-
маттық кредосының басты белгісі. Адамдықтың асыл қасиеті – жан
дүниенің, тән мен сезімнің тәуелсіздігі, бостандығы үшін күрес.
Ақын адам жанының еркіндігін, еркін рухын жырлаушы, «Ақын
өлтіру ойыны» (Гарсиа Лорканың сөзі) заман трагедиясы, әкі мінен
ақынын жоғары қоятын елдің кері кеткен тірлігі. Сөз бостан дығы
идеология иірімінде цензурамен тұншыққан кезеңді ақын:
Еліне даусын жеткізбей,
Аузы мен мұрнын тығындап.
Сыртынан сұмдар сыбырлап,
Ойнайды келіп той ұлы,
Ақын өлтіру ойыны, – деп жырлайды. (Ақын өлтіру ойыны).
Қазақ поэзиясына тосыннан қосылған үндей естілетін Жұ-
матай Жақыпбаев поэзиясынан біз замана күйін күйттеген, идео-
логияға икемделген өлеңдер кездестірмедік. Халық тілінің қай на-
ры нан мейлінше сусындаған ақын тілінің образдылығы да ай рық-
ша. Таптаурын поэтикалық таңбаларда ада, артық ақтарылу, жайы-
ла жайдақталу жоқ. Жаттанды эпитет, өңі оңа бастаған теңеу, троп
Достарыңызбен бөлісу: |