Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет55/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95

193
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
алапат ақын Әбубәкір Қайран – Саид, біз – Нұрлан Мәукенұлы, 
Есжан Айнабеков, Светқали Нұржанов, Қайрат Әлімбеков, 
Гүлнәр Салықбай, Бауыржан Үсенов, Бауыржан Жақып, Нұрлан 
Әбдібеков, Кәдірбек Құныпияұлы, Айсұлу Рүстемова, т.б. жаужүрек 
нояндармыз. Үнемі қағанды айналып, бірге жүреміз. Жұмағаңның 
айтқанын екі етпейміз. Ал дейді – аламыз. Тарт дейді – тартамыз. 
Қуанышта, қайғыда біргеміз. Бәріміз бірге туған ағайындай болып 
кеткенбіз.
Жұмағаң жас нояндардың арасында көп жүреді. Сонысын 
байқаған Жарасқан, Жұматайды:
«Кәрілердің ең жасы,
Жастардың ең кәрісі», – деп эпиграмма жазғаны бар. Онысы 
шындыққа келетін.
Әдеби ортада көреалмаушылық, күндеу, қызғану деген 
кездесетін қызыл ит қой. Бірге жүрген достар да кейде бір-бірінен 
қызғанып қалады. Ондай жағдайды қаған тамыршыдай тап басады. 
Түсіндіріп, тоқтатып тастайды. Кейде белгілі тақырыпта көзқарас 
қайшылықтары кездеспей тұрмайды. Айтысып, тартысып қаламыз. 
Кейде келісе алмай араздасып қалатын да кездер бар. Қаған 
шақыртып алады. Асықпай аңдатады. Жарастырып жібереді.
Жұмағаң адамды сыртынан жамандамайды. Көзіне айтады. 
Қағанаттағыларды да солай үйретеді. «Біреуді ғайбаттап асыл 
уақытыңды қор қылма. Негізі жақсы сөз жақсылыққа жеткізеді» 
дейді.
Қаған отырған жерде өлең оқылмай қалмайды. Жақсы өлең нен 
жаны рахат табады. Нашар өлең оқығанда сөкпейді. Ойланып, үн сіз 
қалады. Тек, «мына арақ тым ащы екен» дейді. Онысын бәріміз бі ліп 
алғанбыз. Қағанатқа кірмеген ақындар талантты болса үнемі мақ-
тап жүреді. Ондайда «мына біздің жігіт екен» дейді. Бүкіл қағанат ол 
ақынды құрметтей бастайды.
Жұматай аға Жазушылар одағына жиі барады. Өйткені, ноян-
дарының көбі сонда. Кездесеміз. «Сендерді сағындым, – дейді.
– Біраз өлең жаздым. Бір жерге барып отырайық. Өлең оқиық», 
– дейді. Нояндары жұмыстан сұранып шығады. Сол күні өлең  ге, 
әңгімеге кенелеміз.
Студент кезіміз. Көбіне ашқұрсақ жүреміз. Бір күні Одақта 
Аманхан Әлім ағамыз жолыға кетсін.
– Темірғали, қалайсың? Үй-іші аман ба? – Қашанғы әдетімен 
жадырай амандасты. Әбекеңмен атышулы «Татаркада» көрші тұрға-
нымыз бар. Әдебиетшілердің арасында «ұлы ақындардың бәрі 
Татаркадан шығады» деген сөз қалған. Татарканың талқанын біраз 
жегенбіз.
– Өзіңіз қалайсыз, аға? Өлең қалай?


194
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
– Бұрқыратып жатырмын. Сенің өлеңдеріңдегі суреттер маған 
ұнайды. Газетке жиі берсеңші.
– «Қазақ әдебиетінің» өткен санында ғана шықты ғой.
– Иә, оқыдым. Соны айтып тұрмын. 
Аманхан ағамның ойына не келгенін білдім. Кенет ол:
– Осы сен отызға толдың ба? – деп сұрады.
– Жоқ, аға, әлі қайда-а!
– Жаңағы өлеңдерің шыққан газет бар ма?
– Редакциядан алуға болады. Не болды?
– Тез алып кел. Айтпақшы, сен литфондтан ақша алып па ең?
– Қандай ақша? Ешқандай ақша алған емеспін.
– Болды онда. Тез алып кел. Мен күте тұрайын.
– Қазір, – дедім де, жоғары қабатқа көтеріліп кеттім. Газеттің бір 
данасын алып төмен түссем, Әбекең күтіп тұр.
– Жүр, барайық. Сәкен Жүнісов литфондтың бастығы. Отызға 
толмаған жас ақын-жазушыларға мемлекеттің беретін отыз сомы 
бар. Өмірде бір-ақ рет беріледі. Саған алып берейін.
– Рахмет, Әбеке!
Бағымызға қарай Сәкен аға орнында отыр екен. 
– Кел, Аманхан, не шаруамен жүрсің? – деді. 
– Аға, мына ініңіз мықты екен,Темірғали Көпбаев деген. Міне, 
кешегі «Қазақ әдебиетіне» шыққан топтамасы. 
– Мен көрдім. Өлеңдері жақсы екен. Маған ұнады.
– Онда тіпті жақсы болды. Ұнаса бұл ініңіз әлі отызға толған жоқ. 
Анау, тиісті отыз сомын берсеңіз, одан сайын жақсы болар еді.
Сәкен аға күліп жіберді.
– Тура өзің алайын деп тұрғандай жанұшырасың. Жазсын өті-
нішін. Берейік.
Даладан тауып алғандай қуанып, отыз сомды қалтаға бастым. 
Сәкен аға мен Әбекеңе рахметімді жаудырып сыртқа шықсам, 
есіктің алдында басына әдемі қара шляпа, үстіне қара қайыс плащ 
киген Жұмағаң тұр.
– Темуджин, қалайсың әкем? Қайдан жүрсің? – деді қиылған қа-
ра мұрты езуіне созылып. Жұмағаңның «әкем» деп сөйлейтін әдеті.
– Байыдық, Жұмаға. Жүріңіз, мұртымызды сыраға малайық. 
Менің қуанып тұрғанымды көріп, жадырай түсті.
– Қаламақы алдың ба?
– Одан да зорын алдым. Үкіметтің өзі берді. – Ол аң-таң, – қолы-
ңыз бос па? Жүрсеңізші! Өлең оқығым келіп тұр, – деймін қиылып.
– Екеумізге жетеді. Отыз сом алдым. Литфондтан Сәкен Жүнісов 
берді. Менің ішегім шұрқырап тұр. Жүріңізші, мына жақын жерден 
тамақтанайық, сыра ішіп, сыр ашып қайтайық.
Жұмағаң қозғала қоймады. Әлдебіреулер кезігіп, сөйлесіп тұр.


195
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
– Темуджин, сыра ішейік дейсің бе? – деді жалғыз қалған соң 
маған бұрылып.
– Жүріңіз, әбден қарным ашты.
– Біздің үйде бір қазан тамақ тұр. Жеңгең нарын жасап қойған. 
Сыра деген суық нәрсе. Өзі сасық. Қуатыны тағы бар. Ісіндіретіні 
тағы бар. Оған сен үйір болма. Ал арақтың жөні басқа. Жұқалап 
ішсең, қан айналымын жақсартады. Денеңді жіпсітеді. Басың ауырса 
жазады. Терлетеді. Арқаландырып тұратынын айтсаңшы. Қағанатқа 
барып қайтпайсың ба? Үйдегідей болмайды. Домбыра шертейік. 
Әңгімелесейік. Бүгін біздің үйде қон.
– Түсіндім, Жұмаға. Айтқаныңыз болсын.
Жолдан екі жарты ащы су алып, Тимирязев пен Марков 
көшелерінің қиылысындағы Жұмағаңның үйіне келдік. Өткен күні 
ет асқан екен. Зайда жеңешем бір қазан нарын жасап қойып ты. 
Жұмағаң Қайрат пен Есжанды шақырып алды. Әлден соң Әуезхан-
ды алдыртты. Оны сұмдық жақсы көретін. Қажытай ағам да келді. 
Жеңешем қабағын шытпайды. Өйткені, өзі де ғаламат ақын ғой. 
Жұматай ағам күй тартты. Өзінің күйлері. Сол күйлер құлағымда 
қалып қойды. 
«Қазақ әдебиеті» 
29.05.2009 жыл
Батырболат АЙБОЛАТҰЛЫ
«ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛӘСІН КӨРЕР МЕ ЕДІ...»
Кезінде жатақхананың қара нанын бөлісіп жеген сырлас, 
қаламдас дос Қазыбек Құттымұратұлының өз көңіліндегі сүйіктісіне 
арнаған студент шақтағы бір өлеңінде «Сұлулығы өзіңнен қандай 
екен, Жұматайдың Ләйләсін көрер ме еді...» деген жолдар бар-тын. 
Шынында да Жұматай Жақыпбаевтың жауһар шығармашы 
лы 
ғы-
мен таныс жанның ақынның өмірлік ғашығы һәм музасы Ләйлә аруды 
көруге, оның кім екенін білуге ынтызары аумауы мүмкін емес шығар...
Біздің студенттік кезеңіміз сол тұста аты ауыздан түспейтін 
Жұматай ақынмен жаппай «ауырумен» басталғаны – «махаббат, 
қызық мол жылдардың» бір шындығы. Біз қатарластар өзіміз 
көзімізбен көріп үлгере алмай қалған қайран Жұм-ағаңның:
– Сені, Ләйлә, қара көзді киелім,
Қайыспайтын қара жерше сүйемін! – деп, енді бірде:
...Кетер күнім... Келер, келер ол дағы,


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау