211
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
тереңнен нәр алған ақын. Оның үстiне аузы дуалы, қайда болса да,
кiмге барса да айтқан тiлегi жерде қалмайтын атақ ты ақын Тұман бай
Молдағалиевтай аға сының жанында жүр емес пе?! Сол ағасына «үйiм
жоқ. Көмектес», – деп айтпағанын жақсы бiлемiн. Мына құйын дай
ұйтқыған заманда кiмнiң жайын кiм бiледi, сөз қоспаса. Егер Жұма-
тай емеурiн бiлдiрсе, Тұмаштың аянбасын да бiлемiн. Уыз дығы
жары ған қозыдай томпайып отырған: жұмыр денелi, орта бойлы, қы-
зыл шырайлы, қыр мұрын ды, қияқ мұртты, ойлы өткiр қара көздерi
әр кезде күлiмдеп тұратын сәл толқыны бар қара шашын оң жақ
шекесiне жыға қайырған жайдары, топан су тобығынан келмейтiн
Жұма тайды кiм көрсе де жарық дүниеде ненi iздесе де табатын,
кiм
мен болса да тiл табысатын, жанында қылаудай жа
ман
дығы
жоқ перiште дерiне сенемiн. Ол сондай адалдықтан жаралған едi.
Бiр кабинетте белгiлi жазушы, ар дақты азамат (өзiме көрсем де, көрме-
сем де туған iнiдей) Кәдiрбек Сегiзбаев, Жанар Әбдешова, Жұматай
төртеумiз он жылға жуық қызмет атқардық. Кiшi-гiрiм ұжымбыз ғой.
Басшыла ры мыз дың жақсы, парасатты болғанды ғынан шығар тұнық
болдық, әй дес пе дiк. Екi адам отырып, аңдыс қан дар ды да көрдiк.
Тегi қонаға үйдi-үйiмiзге тарағаны мыз бен бiр үйдiң баласындай едiк.
Шiркiн, сол бiр тәттi күндер-ай! Қа
зiргiдей дүние көп бол
маса
да «Ертең не болады», – деп ойламайтын «бай» едiк. Арамыздағы
жалғыз қыз Жанар та биғатынан сезiмтал да, сергек, Жұма тай екеуi
тең-тұс. Соншама қабілеттi лiгiне iзет, iлтипаты астасып тұ ратын.
Түс ауғанда шай қояды. Әдемiлеп дас тарқан жаяды. Дөң гелек қара
көздерi күлiмдеген Жұматай бәрiмiзден бұрын созалақтай тұрып,
Жанардың жанына барып жайғасып, мұртын сипап:
– Ой, осы Жанаржанның тәттi шайы-ай, – деп шынысын ұсы-
нады.
– Сен болмасаң, оның қадiрiн бiл мес едiк.
Қашан да жеңiл әзiл қыс тыратын Кәдiрбек қадалып оқып отыр-
ған қағазынан көз айырмай, еңкейiп сәл бөгелiп:
– Сол тәттi шайды бiз де iшелiк, – деп қатарға жайғасатын.
Тегi Кәдiрбек ұқыпты
лық
ты, таза
лықты жақсы көредi. Ал
ды-
мыздағы шашылып жатқан қаға зымызды жинап, кең кеудесiн керiп,
қайқайып отырып шынысын көтеретiн. Кәдiрбек те, Жұматай да
шайды асық пай ұрттап, баппен iшетiн. Алқындары басылғанда әзiл,
қалжың әңгiме қы затын. Сонда Жанар:
– Осындай көңiлдi отырысқа ән мен күй жетiспейдi – дер едi.
Бұл емеу рiнi Жұматайға күй тарт дегенi. Оны Жұматай қуана құптап:
– Жанаржан соны қаласа, орындаймын – деп, өзiнiң «жеке-
меншiк» киiм iлгiш шифоньерiндегi кiшкентай, шанағы жұқа қоңыр
домбырасын алып келiп, асықпай iшегiн күйге келтiрiп, ешкiм нiң
212
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
күйiне ұқсамайтын әуездi шертетiн. Сол сырлы әуез бәрiмiздi ға -
жайып бiр әлемге жетелейтiн. (Мен бәрiн бiлемiн дейтiн заманда дү -
ниеге келгендермiз ғой). Сонда сиқырлы, сырлы әуез аяқталған соң
Жанар:
– Бұл кiмнiң күйi? – дейтiн. Жұма тай кейде сылқ-сылқ күлетiн.
Солай кү лiп алып:
– Бұл Жұматайдың Қосбасары, – дер едi.
Шындығында да, қас-қағым сәтте бәрiмiздi рахатқа кенелт-
кен, алуан толқынды ой теңiзiнде малтытқан «Жұматайдың
Қосбасары» ел естiмеген жаңа күй едi. Сол баяғы «бiлгiш
тiгi-
мiз
ден, жақсылыққа, жаңалыққа сараң
ды
ғымыздан» таң қалып
мадақтаған жоқ пыз. Жан дүниемiздi шарпып өт кен Қос басарды
(Жұматайдың көзiнiң тiрi
сiн
де) бағалап неге жылы сөз айтпа-
ғанымызға әлi таңмын. Бәрiмiз үнсiз тыңдап, үнсiз орнымыздан
тұрып кеткен едiк. Бұл тоңдығымызды ол да кi
нә
лаған жоқ.
Сұлу лық пен сырлы сезiмдi адал дық пен әдiлдiктi пiр тұтқан адам-
ның жанына басқалардың мақтауы, мадақ тауы керек емесiн кейiн
аңғардым. Олар өзiне өзi сенедi, Жұматай бабаларынан мұраға
қалған сол серiлiктiң ХХ ғасырдағы мөлдiр бұлақтарының бiрi, әрi
бiре
гейi. Өзiн қоршаған әлемнiң тұ
манданғанына, кiрленгенiне
төз бейдi. Сондықтан да ол жыр болып буыр қанды. Қаншама күлiп
жалған пә ни дi жалпағынан басып жүрсе де, күй бо лып күңiрендi.
Ол қатты тартқан ас тыңғы iшектi шерткендегi шығатын шы мылтыр
ащы үн бос бұраған үстiңгi iшек к е күңiрене шырқырап мұң-зарын
ша ғатын. Оны Қажытай Iлиясов секiл дi достары бiлетiн, түсiнетiн.
Ал бiз, иә бiз өмiрден өткеннен кейiн өкiнiп жүр мiз. Кабинет сәл
босаса Жұма тай домбырасын алып, шертер едi. Иә, шертер едi.
Бiрде Кәдiрбектi бастықтар ша
қы
рып жиналысқа кетiп екеумiз
ғана қал дық. Жанар Боралдай елдi мекенiнде тұ ра ды. Ерте қайтады.
Мұртын сипап ма ған көз қиығын тастады. Осындай оңа ша қалғанда
қалтасында қатты қай тарымға келер көк тиыны жоқ болса да жаяу
серiнiң жор та тыны бар. «Сен кете алмай отырсың-ау», – деп iштей
ой ладым. Ол жы мың-жымың етiп тұ рып терезенiң алдына барып
керiлiп ал ды. Сонан соң:
–Дос-аға, ендiгi бастық сiз ғой, ә?–дедi. Бұл оның әзiлi.
– Иә, – дедiм жетелеп. – Не тiлегiң бар. Айт бәрiн орындаймын!
– Бастықтың бәрi сiздей болса ғой, ком мунизм әлде қашан
орнаған болар едi.– Алдыма келiп тоқтады да:
– «Жұматайдың Қосбасарын» тың дайсыз ба? – дедi. Сол сәтте
кабинеттiң есiгi ашылып: шаршы бойлы, елiк танау, қалың толқын-
ды шашы желкесiне дейiн төгiлген сiрiңке қара жiгiт көрiн дi. Жайда
кербез қозғалатын Жұматай ел пектей есiкке жеттi.
213
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
– Кел, кел, – деп жас жiгiттiң қо лын дағы қапқа салған домбы-
раны алып өзiнiң столына сүйеп:
– Дос-аға. Бұл Ермұрат Үсенов деген талантты композитор
iнiңiз. Консерваторияда оқиды. Домбыраны адамша сөйлетедi. Ол
менi таныстырмай Ермұратқа бұ рыла берiп:
– Әй, әлгi мықты қайда? – деп таңдана қарады.
– Қазiр келедi.
Ермұрат сенiмдi жауап қайырып едi, Жұматай сабасына түстi.
– Дос-аға. Ерболат Үсенов талантты композитор. Ә...ә...ә, ол
сiздiң бауы рыңыз. Бұлар менiң күйлерiмдi нотаға түсiрiп, көмектесiп
жүр. – Ол әңгiмесiн айта жүрiп электор шәу гiмдi алып шай қоюға
кiрiстi. Рас, Ерболат екеумiз бiр атаның, бiр ауыл дың баласымыз.
Оның «Көңiлдi арбакеш» деген күйiн естiгенде жетiмдер үйiн де
оқыған жылдардағы Тұйықтан арбамен қарағай тартқаным, Шыр-
ғанақтағы май зауытына сүт тартқа ным еске түседi. Ермұрат ше шiнiп
едi ауыл дың көк балауса қара баласы болды да қалды. Жұматай:
– Мен өз домбырамды алайын, – деп шифоньердi ашты. Со нан
соң орын дық қа отырып, оң аяғын тiзесiне қойып:
– Ал, Дос-аға. Жұматай iнiңнiң Қосбасарларын тыңдаңыз,–
деп, бүл кiлдетiп желдiрiп-желдiрiп алды да кеу десiн кере шiре не
шерттi дейсiң, шерт тi дейсiң... Жүрек дiрiлдеткен ыр ғақ шиыршық
атқанда оның жұмыр де
несi иiрiмдене бүктелiп, әп-сәтте иы-
ғы дауыл көтерген толқындай жел кiлдеп, желпiлдеп кеттi. Қан-
дай жағ
дай
да да асығып, саспайтын, ке
дей
лiгi
не қарамай сон-
шама кербезденетiн Жұ
матайдың домбыра тартқандағы шап-
шаң
дығын, салалы саусақтарының көз iлеспес жылдамдық
пен
қоз ға л ға нын ал ғаш рет сонда көрдiм. Ой, өнер дiң құ діретi-ай...
Қазiргi Абай даңғылы мен Гагарин көшесiнiң қиылысын дағы «Бас-
па герлер» үйiнiң бесiншi қабатындағы «Жалын» альма на ғы отыр ған
бөлмеде ес тiген «Жұматайдың Қосбасарла ры ның» си қырлы үнi әлi
жүрегiмде. Сонда сол Қосбасарларды Ерболат Үсенов нотаға тү сiрдi.
Жақында әлi көп замандастары бiл мейтiн шертпе күйдiң шеберi
Жұма тай серiнi есiме алып, композитор Ер мұрат Үс е новке теле фон
шалып: «Жұ ма тайдың Қосбасарларын» естiсек қой, шiр кiн!..», – деп
едiм. – «Иә, күйi бар. Аман дық болса естисiз, аға!»,– деп қуант ты.
«Қазақ әдебиеті»
29.07.2011 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |