ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Иммундық алдын алу
- ҚР Ұлттық алдын алу күнтізбегі
- Егу жұмысын ұйымдастыру
- Алдын ала егу жүргізуге көрсетпе және қарсы көрсетпелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Арнайы иммундық алдын алу
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы –алдын-алу, төмендету және жоюға бағытталған жалғыз тиімді шара. Кейбір жұқпалы ауруларға егу жүргізу негізгі және маңызды алдын-алу әдісі болып табылады, ол инфекцияның қоздырғышының берілу механизміне әсеретеді және инфекциядан кейінгі тұрақты иммунитетті қалыптастырады.
Вакциналар егілген адамдар ағзасында белсенді иммунитет тудыруға арналған препараттар, яғни биологиялық препараттар болып табылып, ағзаға енгізгенде белгілі бір ауруға қарсы қорғаныстық иммунитетті индукциялайды.
«Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысы (өзгерістер мен толықтыруларымен )
ҚР әр азаматы:
- Егілуге мүмкіндігі бар
- Күнтізбенің ішіне кірген егулерді мемлекет қаражаты есебінен тегін еңгізеді
- Егуден кейін асқынулар болған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі
- Қазақстан Республикасында жоспарлы егулер ұлттық егу- профилактикалық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі. Вакцинация күнтізбеге сәйкес, осы аймақта инфекция бар жоқтығына қарамастан немесе инфекцияның өршу қаупі бар болса эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
- Соңғы 20 жыл ішінде қызамықпен сырқаттанушылық 4000 еседен артық (1995 жылғы 8369 жағдайдан 2015 жылғы 2 жағдайға дейін), көкжөтел – 6,8 есеге (1995 жылғы 504 жағдайдан 2015 жылғы 74 жағдайға дейін), эпидемиялық паротит – 181,6 есеге (1995 жылғы 4541 жағдайдан 2015 жылғы 25 жағдайға дейін) төмендеді.
- Егуге дейінгі кезеңмен (вакцинация 1998 жылы басталды) салыстырғанда балалар арасында «В» вирустық гепатитімен сырқаттанушылық 482 есеге (1995 жылғы 965 жағдайдан 2015 жылғы 2 жағдайға дейін) төмендеді. Сіреспемен, А вирустық гепатитімен сырқаттанудың тұрақты төмен деңгейі қолдануда. Дифтерия, полиомиелит жағдайлары тіркелген жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |